
- •Дәріс мақсаты: Имиджді қалыптастырудың теориялық негіздерін қарастыру
- •5. Өзiн-өзi бағалау
- •Қабылдау
- •Бағалау
- •Дәріс № 7. Имидждеудің технологиясы.
- •2.2. Өзіндік тиімділіктердің кезеңдері
- •I кезең
- •Мінез-құлықты қалыптастыру
- •I I кезең
- •III кезең
- •Эмоциялардың пайда болуы
- •Құлдырауды күту
- •Өзара сын және құзырлы еместік
- •Төмен күтулер
- •Тематика курсовых работ предусмотрено Темы курсовых работ по Имиджелогии
- •Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру
Дәріс №1. Кіріспе. Имидждің теориялық аспектілері
Дәріс мақсаты: Имиджді қалыптастырудың теориялық негіздерін қарастыру
Дәріс жоспары:
Имидж мәні, түсінігі және құрылымы
Өзіндік бағалаудың мәні. Джогари терезесi.
Имиджді құру және қалыптастыру алгоритмі.
* Түйін сөздер: Имидж, жеке тұлға, психоанализ, өзіндік таным, өзіндік бағалау, Мемлекеттің саяси имиджі.
Курстың өзектілігі. Имиджді құру – бұл қоғамды қызықтыратын және нақты бір міндетті (сайлауда жеңу, билік беделін арттыруда және т.б.) шешуге мүмкіндік беретін субъектінің қандай да бір қасиеті мен сапасын саналы түрде құру. Бұл мағынада имидж саясат саласының маңызды құрылымдық компонентін білдіреді, оның көмегімен билеуші субъектілер халықпен байланыс жасайды, халықпен қайтымды байланысты ұстауды қамтамасыз етеді, қоғамдық ой-санаға мақсатты әсер етуге мүмкіндік жасайды. Имидж – бұл саяси субъектілердің саяси капиталының маңызды формасы және бір мезгілде оны көбейтудің механизмі.
Имидж қалыптастыру ол адамның рухани-моральді және субъективті-жеке мазмұны мен діл (менталды) қасиеттері арқылы оның сыртқы келбетті сәйкестендіруге бағытталған. Ділдің маңызды құрылымының бірі - ұлттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктер - имидж қалыптастыруындағы басты бағыттарының бірі болып есептеледі.
Мемлекеттің саяси имиджі - бұл мемлекет пен шетел азаматтарының мемлекет жөнінде қалыптасқан елестік бейне. В.Н.Задорожный мемлекет имиджінің 4 компонентін бөліп шығарды. Мемлекет имиджі - әдейі бағытталатын бейне, белгілі бір шындық негізінде мамандардың жасаған келбеті. Имидждің деңгейі ретінде қарастыратын 4 компонентін бөліп айтуға болады. Біріншісі, жағымсыз жақтарды неғұрлым азайтуға, ал жағымды жақтарын соғұрлым көбейтуге көзделген алғашқы өнім. Екіншіден, алдын-ала дайындалған алғашқы өнім үстіне модельді орналастырады. Үшіншіден, имиджді трансляциялаудағы (таратудағы (БАҚ арқылы) және тираждау тәсілдері арқылы болатын ауытқулар. Төртіншіден, аудиторияның модель негізінде өз түсініктерімен қалыптасатын әрекеттің нәтижесі.
Мемлекет имиджінің ерекшелігі - ол екі жақты бағытталған, ішкі аудитория - бұл мемлекеттің ішкі имиджі және сыртқы имиджі - шетелде қалыптасатын имидж. Мемлекет имиджінің ерекшелігі оның екі жақты калыптастыруда. Мемлекеттің ішкі имиджі деп мемлекет ішінде қалыптасатын имиджін айтамыз. Оның басты аудиториясы халық болып саналады. Мемлекеттің сыртқы имиджі бұл - шетелде қалыптасатын мемлекеттің сыртқы бейнесі. Екі имидждің мақсаты мен аудиториясы түрлі болып келуіне байланысты оны қалыптастыру компоненттері де түрлі болып келеді. Халық үшін мемлекет жөнінде қалыптастыратын бейне көптеген жағдайда патриоттық және этно-әлеуметтік негізінде қалыптастырылады. Ал, сыртқы имиджі әдетте, саяси-экономикалық негіздерге сүйенеді. Мемлекетіміздің ішкі имиджі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Жолдаулары, доктриналар негізінде және белгілі бір құндылықтарды насихаттау арқылы жасалады. Жоғарыда атап кеткен патриоттық және этно-әлеуметтік негізде халықтың сана-сезіміне әсер етіп, оның кейінгісінде өмір салтына енеді де, әдет ретінде қалыптаса бастайды. Яғни, осы кезде имидж насихаттау арқылы үлгі қасиетін атқарады. Сыртқы имиджін қалыптастыруында басты приоритеттері ретінде көпвекторлы саясатын ұстанатын, экономикасы тұрақты дамыған, ұлттардың үйлесімді өмір сүріп жатқан, ислами бағыты мен қазіргі капитализм бағытында да қос дамыған, ядерлік қарудан бас тартқан бейіт ел имиджін қалыптастырды. Бұл жағдайда шетелде мемлекетіміздің сыртқы бейнесі сенім білдіруге тұрарлық, өзіндік ерекшелігіне қарай дамыған, дегенмен ұқсастық жақтары да бар деген пікір қалыптастыруға бағытталған. Шынайы имиджге жақындату жұмыстары нәтижесінде, қазіргі таңда, шетел компанияларының өзіндік қызығушылық білдіруінде (1994 ж. шетел инвесторларын іздеген кезбен салыстырғанда), Қазақстан Республикасының көптеген халықаралық ұйымдарда мүше болуында көрініс табады. Дегенмен, саяси имидж қалыптастыру өзіндік ерекшеліктерін құрайды.
Имидж мәні, түсінігі және құрылымы. Қазіргі таңда «имидж» сөзі құлағымызға жиі шалынады. Нарықтық қатынастардың элементі ретінде ол барлық салаларға еніп болды. Саясат саласы да осы сөздің әсеріне түсті. Қазіргі кезде ешбір сайлау, ешбір сыртқы немесе ішкі саясат имиджсіз жүргізілмейді. Ендігі, өзекті болып отырған имидждің өзі не? - деген сауалға жауап беруге тырысайық.
Имидж түсінігінің анықтамасына келсек, бұл:
Имидж (ағылш. т-де кескін, келбет, ұқсас, ойдағы бейне, символ үлгі) - саяси консалтингтің аса маңызды категорияларының, айналадағылардың пікірін, көзқарасын туғызу мақсатында субъектінің қалыптастыратын сыртқы бейнесі, субъектіге үгіт - насихат, жарнама, наным, дәстүр арқылы оған белгілі бір көзқарас тудыру мақсатында танылатын әрекеттер жиынтығы.
Ал, Е.Почепцов бұл жөнінде былай дейді: «Имидж - бұл формасы мен мазмұны сақталған символдық сипаттама. Біз сыртқы символдар арқылы белгілі имидждің мазмұнын қабылдаймыз.
Имидж, ең біріншіден, біз үшін жағымды әсер болып табылады. Яғни, күтілетін реакцияларды қалыптастыру және екі жақты мүдделі болып отырған іс-әрекеттер түрлерін жасау». Осыдан, имидж міндетті түрде белгілі бір аудиторияға бағытталуы қажет деген шешімге келеміз. Яғни, ол белгілі бағыт алған және жағымды әсер қалыптастыруға көзделген іс-әрекеттер немесе сиволдар жиынтығы.
Имиджді қалыптастыру заңдары бойынша қалыптасқан келбетті бұзудан, бұрыннан қалыптасып келген келбетке сүйене отырып жасау тиімді деп саналады. Бұл катынаста аудитория қабылдаған келбетке объектті неғұрлым сәйкестендіру болып келеді.
Әдетте, имидж екі жақта қарастырылады: сыртқы келбет немесе бейне. Бірінші жағдайда адамның ішкі мазмұнын көрсететін, соның ішінде, тұлғаның түрлі әрекеттерінде көрініс табатын қасиеттері және әрекетіне әсер ететін индивидтің психикасының ішкі фило және онтогенетикалық жақтары кіреді. Екінші жағдайда осы сәтте шешуге бағытталған бейнесі ретінде қолданылады. Яғни, имидж бұл сыртқы «мен», оның қоғамдағы «мен» келбеті.
Имидж қалыптастыру адамның рухани-моральді және субъективті-жеке мазмұны мен діл (менталды) қасиеттері арқылы оның сыртқы келбетін сәйкестендіруге багытталған. Ділдің маңызды құрылымының бірі - ұлттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктер - имидж қалыптастыруындағы басты бағыттарының бірі болып есептеледі. Осы жағдайда мемлекеттік символикаларын мысалға келтіруге болады. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранымыз осындай этнопсихологиялық ерекшеліктерімізді көрсетіп, халықтың бойында өз еліне деген ерекше көзқарасын қалыптастырып, өмір-салтымыздың құндылықтарын анықтайды.
Имиджді қалыптастыруында объекттің ішкі қасиеттеріне назар аударуымыз кажет және осы қасиеттерді неғұрлым жағымды әсер қалыптас-тыруына бағыттаймыз. Яғни, имидж әлеуметтік-саяси жағынан белгілі мақсат үшін жасалады. Осы мақсат көптеген жағдайда сұранысты көтеру болып табылады. Имиджді қай бір салада қолдануға ұмтылсақ та, ол нарық қатынасында тауарға жасалатын имидж болса да, я саяси жағынан мемлекеттің имиджін қалыптастыру мақсатында болса да объекттің сыртқы бейнесін танылатын және сенім білдтруте тұрарлық етіп жасайды.
Имидж екі түрге бөлінуі мүмкін: белгілі бір келбетке ұмтылған идеалды имидж және шын мәніндегі шынайы (реалды) имидж. Басты міндеттердің бірі - осы екі категорияны неғұрлым жақындату.
Имидж қалыптастыруында ең біріншіден идеалды имидж жасалады, бұл жағдайда күтілетін имидж деп айтуға болады. Жоғарыда айтылған ұттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, идеалды имидж жасалады да, кейін реалды имиджді осыған негұрлым жақын келбетін қалыптастыруға жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты біздің мемлекетіміздің имиджін алып қарасақ, осыдан 5-6 жыл бұрын Қазақстан Орталық Азияның бір мемлекеті ретінде қарастырылса, қазіргі таңда ол Азия мен Еуропа арасындагы көпір немесе геосаяси жағынан алғанда буфер зонасы деп те атайды. Бір ғана сөздің мағынасы мемлекеттің статусын өзгертіп, тіпті халықаралық аренада оның орнын көрсетеді. Яғни, бұл жағдайда идеалды имидждан реалды имиджге өту байқалады.
Элери Сэмпсон имидждің келесі түрлерін ажыратады:
өзіндік имидж,
қабылданатын имидж
талап ететін имидж.
Біріншісі бұл өткен тәжірибе мен оған сәйкес өзіне-өзін баға беру, екіншісі басқалардың баға беруі, үшіншісі белгілі бір мамандықпен сәйкес күтілетін имиджбен байланысты. Ең бірінші әсерді адамның келбеті қалыптастырады және де имидж сөзінің өзі ағылшыннан аударғанда «шағылыстыратын келбет» мағынасына жақын келеді.
Алайда, имиджді шындықтан алшақтатуға да болмайды, ол кері әсерін беруі мүмкін. Жоғарыдағы имидждің анықтамасына сәйкес шынайы имидж бен идеалды имидждің үйлесімділігі болуы керек.
Шынайы имидж бен идеалды имидждің үйлесімділігі объекттің ішкі қасиеттерінің құрамы мен күтілетін имидждің қатынасына тікелей байланысты. Сонымен қатар, имидждің «сәттілігі» ол бағытталған аудиториясына да тікелей әсер етеді. Мұндағы басты мақсат бағытталған аудитория мен жасалатын имидж арасында байланыстың болуында. Оны жүзеге асыру өзіндік технологиялар көмектеседі. Ол туралы төменде көрсетілетін болады. Осыдан келіп, біз саяси имидж түсінігіне жақындай келеміз. Саяси имидж - аудитория мен саясаткер арасындагы байланыс. Ол (саяси имидж) аудиторияның ғана емес, сонымен қатар саясаткердің де мүдделерін ұштастырады. Демократиялық қоғамдағы халықтың мемлекеттегі шешім қабылдау кезіндегі рөлінің маңызы зор. Яғни, имидж бұл халықтың талаптарына сәйкес келетін саяси өнім болып табылады.
Саяси имиджді қалыптастырудың негізін саяси технологиялар құрайды. «Саяси технологиялар» термины әлеуметтік-философиялық және саясаттану әдебиеттерінде кең қолданыста болып келеді. Дегенмен, әлі күнге дейін анықтамасы мен мазмұнына ғалымдар ортақ шешімге келген жок.
Саяси технологиялар - бұл билікке жетудің технологиясы. Бұл жағдайда тек қана саяси емес, сонымен қатар экономикалық, интеллекуалды, психологиялық, моралды, ұйымдастырушылық, діни, ақпараттық және т.б билікке байланысты айтылған. Осылайша, биліктің акырлығы технологиялардың түр-түрлерінің пайда болуына әкеледі.
Бұл саясат саласында көзделген мақсатқа жетуге бағытталған саяси жүйенің функцияларын жүзеге асыруындағы нақты белгіленген процедуралардың, әдіс-тәсілдердің жиынтығы деп те айтуға болады. Көптеген елдер тарихы билікті жаулап алу мен қолда ұстауы мәжбүрлі технологиялар арқылы жүзеге асырылғандығы осыған куә.
Саяси технологияларға жергілікті, аз уақыт ішінде нәтиже алу үшін (тактика) және глобальды, ұзақ уақытты қамтитын эффектке жету (стратегия) үшін қолданылатын тәсілдер жатады. Белгіленген технологияларды қолдану саяси жүйенің тұрақтылығын, саяси процесті басқаруын, саяси басқарудың эффективтілігін анықтайды. Саяси технологиялар көбінесе, қоғамдық дамуменен (эволюциялық немесе революциялық процестердің басым болуы), басқару типімен (демократиялық, тоталитарлы және т.б) анықталады.
Саяси технологиялар әмбебап қолданылмайды, әрбіреуі белгілі бір міндет шешуге багытталады. Өзінің мазмұны мен құрылымы бойынша күрделі болып келеді. Саяси технологиялардың құрылымы жөнінде айтатын болсақ, оның компоненттері түрліше келуі мүмкін. Дегенмен, оның негізгісі:
технологияның теоретикалық негіздемесі бойынша кешеннің жасалуы - технологияны жүзеге асырудағы гипотезалар шығару мен концепцияларды іздеу;
технологиялық процедуралардың кешенді жасау - технологиялық әсер ету процессін кезеңдерге бөлуді анықтау;
технологияларды жүзеге асыру құралының кешенін жасау - технологиялық әсер етудегі белгіленген құралды таңдаудағы ғылыми негізделуі;
технологиялық мақсаттың жүзеге асырылу нәтижесін өлшеу тәсілдері мен талаптарының кешенін жасау - процедураны жүзеге асыру барысында талаптар мен тәсілдердің эффективтілігі анықталады.
Саяси биліктің жағымды имиджін қалыптастыру үшін, алдымен, саяси технологияларды ғылыми жағынан дұрыс қолдану арқасында саяси процесске әсер етіп, ал оның субъектісіне өз мүддесіне жетуге көмектеседі. Қазіргі кезде имидж қалыптастыру күнделікті қажеттілік, ол өзіндік «жарнама» қызметінде істейді. Келбетін неғұрлым тартымды болса, соғұрлым сені танып сенім білдіре бастайды. Алайда, имидж қалыптастыру ол кезде процес емес. Жарнама заңдылықтары бойынша тауарды тану үшін оны жарнамалайды, бірінші рет оны танымауы мүмкін, тіпті байқамай қалуы мүмкін, екінші рет тыңдап кетіп қалуы мүмкін, алайда, жиырмасыншы рет көргенде тұтынушы қызығушылығын танытады. Имидж де сол сияқты бірінші рет нәтижесін көрсетпеуі де ықтимал, дегенмен, жоғарыда атап өткен саяси технологиялар нәтижесінде бірте-бірте көзделген формасын қалыптастырады.
Қорытындылай келе, имидж бүгінгі қажеттілік және оған назар аудармау мүмкін емес. Бүкіл сфераларды қамтыған бұл феноменды ғылыми жағынан дұрыс қолданған жағдайда, өз нәтижесін көрсетеді. Ол өз алдына экономи-калық байланыстар болса да, саяси байланыстар болса да мемлекеттің танымалдығын білдіріп, халықаралық аренада беделін анықтайды.
Өзіндік бағалаудың мәні. Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.
«Өзін-өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.
Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.
1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.
2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.
3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.
4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік.
Өзiн-өзi бағалау сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы.
Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.
3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.
С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi.
Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi.
Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi бағалау» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.
Өзiн-өзi бағалаудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi бағалау – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
- өзiн-өзi бағалау - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi бағалау - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.
З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.
Гештальттерапияда өзін-өзі бағалау адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.
1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.
3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару.
Өзіндік бағаны дифференциялауға арналған зерттеулер бойынша, өзіндік бағаның бес параметрлері (физикалық сапа, сәттілік, интеллектуалды даму, тұлғааралық қатынас және жауапкершілік) бар. Егер әр жас категорияларының өзіндік қырларын салыстырсақ индивидуалдылық вариациялар туындайды. Жас келген сайын күшейетінін байқаймыз. Жас бала барлық сапалар бойынша, өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі.
Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі.
Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.
Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.
Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).
Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.
Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын әр түрлі мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Психологияда өзін-өзі бағалау саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.
Өзiн-өзi бағалау аймағы мен саласы жайлы кең түрде Д. Лафта және Г. Интрома «Джогари терезесiн» көрсеттi.
Кесте 1. «Джогари терезесi»
|
Мен өзім жайлы жақсы білетінім |
Өзім жайлы білмейтінім |
Мен жайлы өзге адамдардың білуі |
Арена |
Соқыр дақ |
Мен жайлы өзге адамдардың білмеуі |
Жасырын аймақ |
Белгісіз |
Арена - мен өзiм жайлы бiлетiнiм және мен туралы қоршаған ортадағы адамдардың бiлуi.
Соқыр дақ - мен жайлы басқа адамдардың бiлуi, бiрақ мен өзiм бiлмеуiм.
Жасырын аймақ - мен өзiм жайлы бiлуiм, бiрақ өзге адамдар мұны байқамайды.
Белгiсiз - мен өзiм жайлы және өзге адамдарда мен туралы бiлмеуi.
Сонымен, өзiн-өзi тану пәнiнiң қорытындысы Арена терезесiн жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы және оны жетiлдiру. Осындай модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзге адамдардың тұлға жайлы не ойлайтынын бiле алады.
Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады
1. Эмоционалды құндылық қатынасы
2. Өзiн-өзi тану
3. Өзiн-өзi реттеу
4. Өзiн-өзi бақылау