Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.88 Кб
Скачать
  1. «22 Қыркүйек – Тілдер мерекесі» тақырыбына диалог құрастыр.

-22 қыркүйек қандай мейрам?

-22Қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі.

-Тілдер мерекесі қашан қабылданды?

-Ол 1989жылы 22қыркүйекте қабылданды.

-Осы жылы не қабылданды?

-Осы жылы «Тілдер туралы» заң қабылданды.

-Конститутцияда мемлекеттік тіл қандай тіл деп жазылған?

-Ата заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Қазақ тілі-деп жазылған.

-Қазақ тілі қай халықтың ана тілі

-Ол қазақ халқының ана тілі

  1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құраңыз: Ежелгі қалалар осыдан екі жарым жылдай бұрын пайда бола бастаған. Олардың көпшілігі сақталмаған.

14-билет.

  1. «Ұлттық киім» мәтінін әңгімелеп айт.

Қазақ халқының ұлттық киімдері: жейде, бешпент, камзол, шапан, тон ішік, бөрік, тымақ, қалпақ, тақия, кимешек, жаулық, сәукеле.

Қазақ халқының ұлттық киімдері үш түрге бөлінеді. Олар – бір киер киім, күнделікті, жұмыс киімдері.

Бір киер деп жиындарға, той – думанға барғанда киетін сәнді киім. Бұл киімдер сәндеп тігіледі. Жаға, жеңдерін әшекейлеп кестелейді. Олар – ашық түсті көйлек, қамзол, шапан, үкілі тақия, сәукеле бөрік сияқты көрнекті киімдер. Бұл киімдер тойдан кейін таза күйінде сақталады.

Бойжеткен қыз бен жас келіншектер сәнді киінуге, білезік, сырға, алқа салып, шолпы тағуға ерікті еді.

  1. «Еңбек етсең ерінбей» тақырыбына диалог құрастыр.

  1. Сөйлемнің сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықта: Уақытым болмағандықтан, серуендей алмадым.

15-билет.

  1. «Қаныш Сәтбаев» мәтінін әңгімелеп айт.

Қ.И. Сәтбаев қазақ халқының ұлы ағартушысы,халқымыздың тұңғыш ғалымы Шокаң Уәлиханұлы туралы біраз ізгі сезіммен жазған.

Қазак жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Кұнанбаев,ағартушы, педагог Ыбрай Алтынсарин туралы да көптеген еңбектер жазған.

Қаныштың бір ерекшелігі - ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, филологпен де өздерінің тілінде,ғылыми тілінде сөйлем білген. Замандастары осынау ұлағатты тұлғаның өз өмірінде соншалықты көп істер тындырғандығына таңғалды.

  1. «Қазақтың дастарханы» тақырыбына диалог құрастыр.

-Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?

-Қазақ халқының ұлттық тағамдары: ет,қазы, бауырсақ,шелпек.ірімшік, қымыз, айран, жал, жая, жент, т.б.

-Дастарханның басты асы не?

-Дастарханның басты асы-бауырсақ.

-Бауырсақ қандай ұннан иленеді.

-Бауырсақ жоғары сапалы ақ ұннан иленеді.

-Бауырсақ кімдерге арналып пісіріледі?

-Бауырсақ қонақтарға арнап пісіріледі.

  1. Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тап: Әбілхан Қастеев – этнограф, зерттеуші, зергер суретші, бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.

16-билет.

«Ә.Қастеев» мәтінін әңгімелеп айт.

Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

«Бейнелеу өнерінің жанрлары» тақырыбына диалог құрастыр.

-Сәлем

-Сәлем

-Сен қайда барғалы жатырсың?

-Мен көрмеге барғалы жатырмын.

-Көрме қай жерде болады?

-Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет галереясында.

-Қай суретшінің көрмесі?

-Белгілі қазақ суретшісі Гүлфайруз Ысмайылованың көрмесі.

-Жүр,онда бірге барайық.

  1. Оқшау сөздерді тауып, түрлерін анықта: Мүмкін, Астанаға бізді шақыртар. Алақай, ел ордасы – Астанаға баратын болдым! Әсел, сен де баратын болдың ба? Қап, әттеген – ай, мен бара алмаймын.

17-билет.