Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.88 Кб
Скачать
  1. «Қазақ ақындары» тақырыбына диалог құрастыр.

  2. Берілген жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрастыр: Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.

8-билет.

  1. «Киіз үй» мәтінін әңгімелеп айт.

Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп қонғанда тез жинап, тігуге ыңғайлы. Киіз үй мәдени тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа байланысты төрт түрге бөлінеді.Олар: жазғы, мереке-жиынға, қонаққа арналған, салтанатты киіз үй; абылайша немесе жолым ұй (жорыққа арналған) және асхана, қойма ретінде тігілетін киіз үй. Ақ үй, ақ орда, боз үй деп аталатын қонақ үйлер ерекше безендіріледі. Жас жұбайларға арналған отау үй жиһазға бай, сәнді болады.

  1. «Астана қаласына саяхат» тақырыбына диалог құрастыр.

-Сенің Астана қаласына барғың келе ме?

  • Иә, барғым келеді. Астананы көруді бұрынғыдан армандап жүр едім.

  • Ол қала сені нелерімен қызықтырады?

  • Қала жылдан-жылға көркейіп барады, әдемі ғимараттар өте көп.

  • Сен барған жерлерде ең әдемісі не болды?

  • Қаланың әдемілігі маған қатты әсер етті.

  • Қандай көрікті орындарын тамашаладың?

  • Демалыс саябағына барып, қайыққа барып серуендедім.

  • Маған Астана қаласы өте ұнады.

  • Рахмет, сау бол.

  • Сау бол.

  1. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, тыныс белгілерін түсіндір: Киіз үй көшпелі тұрмысқа бейімделген, ол торкөз керегелерден, уық пен шаңырақтан және киізден тұрады.

9-билет.

  1. «Ыбырай Алтынсарин» мәтінін әңгімелеп айт.

Ыбырай Алтынсарин (1841 -1889) Ыбырай Алтынсарин ағартушы, педагог, этнограф, жазушы, қоғам қайраткері, фольклорист. Ол 1850 жылы Орынбор қаласындағы жеті жылдық мектепке оқуға кірген. 1857 -1859 жылдары атасы Балқожа бидің хатшысы болған. 1864 жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан.

1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл хрестоматиядағы материалдар батыс, шығыс, орыс, қазақ тарихына, әдебиетіне жетік екендігін көрсетеді. Мұнда еңбек, өнер-білім, тапқырлық, шешендік сараңдық, байлық, адамдық, әділеттік мәселелері сөз болды.

  1. «Қазақ билері» тақырыбына диалог құрастыр.

- Қазақ билерінен кімдерді білесің?

- Қазақ билері: Төле, Қызыбек, Әйтеке, Майкы, Бәйдібек, т.б.

- Тәуке хан үш жүзге қандай билерді бекітті?

- Тәуке хан ұлы жүзге Төле биді, орта жүзге Қызыбек биді ал кіші жүзге

Әйтеке биді бекіткен.

- Бұл үш би қандай заң жобасын жасауға қатысқан?

- Бұл билер «Жеті жарғы» әдеп-ғөрып заңдар жинағын жасауга қатысқан.

- Төле бидің қоғамдық кызметі қай кезде көзге тусті?

- Төле бидің қоғамдық кызметі 1723 жылы көзге тусті.

- Төленің қандай шешендік сезін білесің?

- «Елге бай кұт емес ,би кұт» дейтін нақыл сөзі бар.

  1. Екі жай сөйлемнен себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрап жаз: Қазақ халқы ертеде киіз басу технологиясын жете меңгерген. Тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасаған.

10-билет.

  1. «Қолөнер» мәтінін әңгімелеп айт.

Қазактардың тұрмысында қолөнер ерекше орын алған.Әйелдер киіз басып,кілем,ши тоқып,киім тіккен.Еркектер киіз уйдің қаңқасын,жиһаздарын,қару-жарақтар жасаған.Киіз үй жасайтын шеберлер өте көп болды.Олар кереге,уық,шаңырақ,есік,домбыра,ыдыс-аяқ,әр түрлі құрал-жабдықтар,басқа да бұйымдар жасаған. Зергерлер күміс пен алтыннан әшекей бұйымдар соқты.Әйелдер қой жүнінен кілем,мата тоқыды,киіз басты.