
- •1.Қазақ отбасы туралы әңгімелеп бер.
- •1. Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеле.
- •« Тәрбие –отбасынан басталады» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Қазақ тілін зерттеген ғалымдар» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«Мемлекеттік Елтаңба» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Көне қалалар» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«Қазақ ақындары» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Киіз үй» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«Астана қаласына саяхат» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Ыбырай Алтынсарин» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«Қазақ билері» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Қолөнер» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«Қазақ батырлары» тақырыбына диалог құрастыр.
- •2.«Қазақ халқының ұлттық тағамдары» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Музыка аспаптары» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«Ас атасы - нан» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Ахмет Байтұрсынов» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«22 Қыркүйек – Тілдер мерекесі» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Еңбек етсең ерінбей» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Қаныш Сәтбаев» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«Қазақ тілі» мәтінін әңгімелеп айт.
- •Гульфайруз Исмаилова мәтінін әңгімелеп айт.
- •2.Қазақстан суретшілері тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Қазақтың билері» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«Қазақстанның байлығы» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Мұражайлар» тақырыбына диалог құрастыр.
- •– Билет
- •«Теледидар» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Ш.Айманов» мәтінін әңгімелеп айт.
- •«Театр» тақырыбына диалог құрастыр.
- •«Шешендік сөздердің түрлері» мәтінін әңгімелеп айт.
.
1-билет.
1.Қазақ отбасы туралы әңгімелеп бер.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Қазақ отбасында әке мен шешенің орны ерекше. әке отбасының тірегі отбасы мүшелері әкені тыңдайды, құрметтейді әке де, балалар да ананы сыйлайды. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
2. .Қазақстан менің Отаным тақырыбына диалог құрастыр.
Менің Отаным Қазақстан. Отан ол әр адамның туып - өскен жері.
-Сенің Отаның қаңдай?
-Менің Отаным-тәуелсіз, зайырлы,егеменді,көп ұлтты, өте бай мемлекет.
-Қазақстанның жері қаңдай?
-Жері өте бай, әсем, ұлан - байтақ.
-Көмірге қай жерлер бай?
-Көмірге бай Қарағанды, Екібастұз.
-Мыс қай жерлерде өндіріледі?
-Мыс алыбы - Балқаш, Жезқазган.
-Теміртауда не өндіріледі?
-Теміртауда темір өндіріледі.
-Отаның немен мақтан етеді?
-Алматының алмасы,Оңтүстіктің ақ мақтасы,ұлы ақын,жазушыларын,батырлары, ғалымдарымен мақтан етеді.
3.Берілген жай сөйлемдердің түрлерін айтылуына қарай анықта:
Біздің отбасымызда тоғыз адам бар. Сенің отбасыңда неше адам бар? Алақай, әжеммен қонаққа баратын болдым!
2-билет.
1. Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеле.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Әкесі аға сұлтан Шоқанды Омбыдағы кадет корпусына береді. Ол болашақ саяхатшы Г. Потанинмен бірге оқып, дос болады. Шоқан үздік оқыды. Жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі аңыз, әңгімелерді, жырларды жазумен айналысады. Ол, XVІІІ ғасырда Батыс Қытайға баратын экспедицияны басқарады. Қашқар сапары материалдары бойынша «Алты шаһардың жайы» деген әйгілі еңбегін жазады. Шоқан 1865 жылы сәуір айында қайтыс болады. Ол қазақ халқының рухани күшіне, өнерге, жаңашылдыққа қабілетті екеніне сенді. Ш. Уәлихановтың 170 жылдық мерейтойына көп шаралар өткізілді.
2. «Менiң бос уақытым» тақырыбына диалог құрастыр.
- Сен бос уақытыңды қалай өткiзесiң?
- Мен бос уақытымды өте қызықты өткiземiн.
- Бос уақытыңда не iстейсiң?
- Бос уақытымда киноға, кiтапханаға барамын, үй-iшiне көмектесемiн, кiтап оқімын, теледидар қараймын, спортпен шұғылданамын.
- Спорттың қай түрiмен шүғылданасың?
- Мен жеңiл атлетиканы ұнатамын.
- Сен жеңiл атлетикада немен шұғылданасың?
- Мен алысқа, жақынға жүгiру; ұзындыққа секiрумен шұғылданамын. Спорттың денсаулыққа пайдасы көп. Тарихи өзгерістердің өзгеруіне куә-уақыт. Уақыт кері жүрмейді. Халықтың тіршілігі, мәдениеті, тарихы уақыттан тыс бола алмайды: сондықтан уақытты бағалай білу керек.
3.Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, құрамына қарай түрін анықта: Менің қалам көне, бірақ жаңа үйлер көп.
3-билет
1. .Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар.
Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптардың бірі- «Құтадғу білік». Бұл кітапты 1069 жылы ірі ғұлама Жүсіп Баласағұн жазып, Сутук Бограханға сыйлаған. Бұдан кейінгі кітап- «Диуани лугат-ат-түрік» 1072-1074 жылдары араб алфавитінен жазылған. Оның авторы-ұлы ғалым Махмуд Қашқари. Осыдан бастап Орта Азияның ұлы ғалымдары мен ақындары, тарихшылары араб жазуын орта ғасырға дейін пайдаланған.Ал араб алфавиті Қазақстанда ғасырдың басына дейін қолданылды.
2- сұрақ. «Менiң сүйiктi кiтабым» тақырыбына диалог құрастыр.
- Сенiң сүйікті кiтабың қандай?
- Менiң сүйікті кiтабым Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы.
- Ол романның бас кейiпкерi кiм?
- Романның бас кейiпкерi Абай.
- Бұл романда қай кезең суреттеледi?
- Романда кеңес дәуіріне дейiнгi уақыт суреттеледі.
- Абайдың әжесiнiң аты кiм?
- Абайдың әжесiнiң аты Зере.
- Ал анасының аты кiм?
- Абайдың анасының аты Ұлжан.
- Бұл роман үшiн Мұхтар Әуезовке қандай сыйлық берілді?
- «Абай жолы» романы үшiн жазушыға Лениндiк сыйлық берілді. Роман 60 тiлге аударылған, дүние жүзiне белгiлi.
3.Сөйлемдердің құрамына қарай түрлерін анықта:Араб алфавиті Қазақстанда 900жыл қолданылды.Біз Отанды сүйеміз, өйткені ол туып-өскен жеріміз.
4-билет.
«ҚР- ның мемлекеттік рәміздері» мәтінін әңгімелеп айт.