
- •Оториноларингология мамандығы Бағалау парағы
- •Оториноларингология мамандығы Бағалау парағы
- •Мұрынның алдыңғы тампонадасын жүргізу
- •Оториноларингология мамандығы Бағалау парағы
- •Мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу
- •Тәжірибелік дағдыны орындау алгоритмі Коникотомия жасау.
- •Оториноларингология мамандығы Бағалау парағы
- •Мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу
- •Студенттерге арналған ақпарат
- •Емтихан қабылдаушы оқытушыға арналған ақпарат
- •Оториноларингология оқке хаттамасы.
АҚ «Астана медициналық университеті»
Оториноларингология және көз аурулары кафедрасы
Студенттер дағдыларын бақылау және бағалау әдісі ретінде
объективті құрылымдық клиникалық емтихан
(ОҚКЕ)
Дайындаған профессор Жусупов Б.З.
доцент Папулова Н.М.
ассистент Сатыбалдина Г.К.
Астана 2011
Оториноларингология мамандығы бойынша
ОҚКЕ бекеттерінің тізімі
Мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу
Мұрынның алдыңғы тампонадасын жасау
Құлақ құлығын жуу
Коникотомия.
Лор және көз аурулдарының ОҚКЕ бекет материальды-техникалық құрылым.
|
Бекет атауы |
Материальды-техникалық құрылым |
Дағды келісімі ТУП |
1 |
Мұрын алдыңғы тампонадасы |
Манекен (фантом), 0,1% адреналин ерітіндісі, 10%ерітіндісі (спрей), зарарсызданған май, зарарсызданған дәке, медициналық науа, мұрын пинцеті, Микулич қысқашы,қалақша,сақпан тәрізді таңғыш. Студенттерге ақпарат. Экзаменатордың бағалау парағы. |
Білу керек: алдыңғы риноскопия орындау(1орналасуы, 2 орналасуы, қорытынды баға) және мұрын қуысын тампонадасы. Сақпан тәрізді таңғышты және дәке білтені дайындау және таңу. Әдісті қолдану: Мұрын қуысына алдыңғы тампонадасын жасау. |
2 |
Құлақ құлығын тазалау
|
Манекен, құлақ воронкасы, Жанне шприці,науа, құлақ мақтаұстағыш, 3%-борлы спирт. Студенттерге ақпарат. Экзаменатордың бағалау парағы. |
Білу керек: Отоскопия жасау техникасын білу(бағалау қорытындысы) және құлақ құлығын жуу, құлақ зондына оралған мақтаны дайындау техникасын білу. Әдісті қолдану: Құлақ құлығын тазалау. |
3 |
Мұрын шырышты қабатынан сүртінді алу. |
Манекен (фантом),мұрын айнасы,білте, жағынды әйнек. Студенттерге ақпарат. Экзаменатордың бағалау парағы. |
Білу керек: Алдыңғы риноскопия жасау, мұрын шырышты қабатынан сүртінді шығару. Әдісті қолдану: мұрын шырышты қабатынан сүртінді алып шығару. |
4 |
Коникотомия |
Манекен(фантом) қандауыр, Труссо кеңейткіші, Қантоқтатқыш қысқыш, трахеостомиялық конюля, Студенттерге ақпарат. Экзаменатордың бағалау парағы. |
Білу керек: коникотомияны жасап трахеостомиялық конюляны енгізу. Әдісті қолдану: Коникотомия жасау. |
Оториноларингология мамандығы Бағалау парағы
ОҚКЕ-ның бекет №-і ----------- Студент №-і -----------
қадам №-і |
Дағдыны бағалау критерийлері |
Балл ретіндегі баға
|
||
1 |
Қолды жуып, спиртпен өңдеу |
0 |
0.5 |
1.0 |
2 |
Отоскопия жасау |
0 |
0.5 |
1.0 |
3 |
Инструменттерді дайындау |
0 |
0.5 |
1.0 |
4 |
Шприцті сыртқы есту жолына енгізу |
0 |
0.5 |
1.0 |
5 |
Құлақты жуу |
0 |
0.5 |
1.0 |
6 |
Қалдық суды тазалау |
0 |
0.5 |
1.0 |
7 |
Бақылау қарау |
0 |
0.5 |
1.0 |
8 |
Сыртқы есту жолына дәке білте енгізу |
0 |
0.5 |
1.0 |
|
Барлық балл саны |
8 балл |
Бекет рейтингі
«Өте жақсы» 7.0-8.0 балл (88-100%)
«Жақсы» 6-6.9 балл (75-87%)
«Қанағаттанарлық» 4.8-5.9 балл (60-74%)
«Қанағаттанарлық емес» 4.8 баллдан кем (0-60%)
Емтихан қабылдаушының қолы__________ Күні_______
Оториноларингология мамандығы
Студенттерге арналған ақпарат
Құлақ құлығын тазалау
Манекенде құлақ құлығын тазалау іс-әрекетін өткізіңіз.
Бекет ұзақтығы – 5 мин., нәтижені бағалау және басқа бекетке ауысу – 3 мин.
Оториноларингология мамандығы
Емтихан қабылдаушы оқытушыға арналған ақпарат
Құлақ құлығын тазалау
Бағалау парағындағы қадамдарға сәйкес іс-әрекетті орындау техникасын бағалаңыз.
Манекенде құлақ құлығын тазалау іс-әрекетін өткізіңіз.
Бекет ұзақтығы – 5 мин., нәтижені бағалау және басқа бекетке ауысу – 3 мин.
Тәжірибелік дағдыны орындау алгоритмі
Құлақ құлығын тазалау
Қадам №-і |
Қадамдар |
Қадамға байланысты орындалуы |
1. |
Қолды өңдеу |
Қолды спиртпен өңдеп, қолғап киді |
2. |
Отоскопия жасау |
Құлақ қалқанын жоғары және артқа қарай тартып, абайлап құлақ воронкасын сәл төмен және алға қарай бағыттап, сыртқы есту жолына енгізу керек. Сыртқы есту жолында құлақ құлығының бар екенін анықтау. |
3. |
Инструменттерді дайындау |
Құлақ құлығын жуу үшін 100-150 мл. көлеміндегі Жане шприцін қолдану. Дене температурасына жақын, жылы ерітінді дайындау. |
4. |
Шприцті есту жолына енгізу |
Ассистент құлақтың астында лотокты ұстау керек. Шприцті оң қолымен ұстап, ал сол жақ қолымен құлақ қалқанын артқа және жоғарыға қарай тарту керек. Шприцтің ұшын сыртқы есту жолының жарғақты-шеміршекті бөлімінің артқы-жоғарғы қабырғасына қарай бағыттап орналастыру керек. |
5. |
Құлақты жуды |
Судың ағымын сыртқы есту жолының артқы-жоғарғы қабырғасына қарай бағыттау керек. Су ағымының сәлдеу күші кезінде, құлақ құлығы жеке түйіршек ретінде жуылады. |
6. |
Су қалдығын тазалау |
Сыртқы есту жолын жуған соң, су қалдығын құлақ зондына оралған мақтамен құрғату керек. |
7. |
Бақылау қарау |
Сыртқы есту жолын қарап. Абайлап құлақ воронкасын құлақтан алу керек. |
8. |
Сыртқы есту жолына дәке білте енгізу керек |
Сыртқы есту жолына 3% борлы спирт ерітіндісімен дәке білте енгізу керек, мақтамен құлақты бірнеше сағатқа жауып қою керек. |
|
Барлығы максималды |
|
Баға_________ Емтихан қабылдаушы
оқытушының қолы_________