
- •Мемлекет тарапынан көлік саласын басқарудың ерекшеліктері Мазмұны
- •І. Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
- •1.1 Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны
- •1.2 Қазақстан Республикасы темір жол көлігін мемлекеттік басқару органдары және олардың қызметтері мен экономикалық-әкімшілік механизмдері
- •Іі. Қазақстан Республикасы темір жол көлігінң экономикалық жағдайын бағалау және даму перспективалары
- •2.1 Қазақстандағы темір жол көлігін қайта құрылымдау нәтижелері
- •2.2 Темір жол көлігінің даму перспективалары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •I. Заңнамалық және құқықтық актілер.
1.2 Қазақстан Республикасы темір жол көлігін мемлекеттік басқару органдары және олардың қызметтері мен экономикалық-әкімшілік механизмдері
Қазақстан Республикасындағы көлік туралы Қазақстан Республикасының 2001ж. 8 желтоқсандағы № 266 заңы Қазақстан Республикасы көлігінің құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметінің негіздерін айқындайды.
Жалпы көлік туралы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылған:
Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистралдық көлігі.
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін, әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші заңды немесе жеке тұлға.
Көлік кәсіпорыны - жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлікті пайдаланатын заңды тұлға немесе жеке тұлға немесе мемлекет.
Темір жолдардың қызметі аз учаскелері - темір жолдардың тұйықталған немесе жүк тасымалы сирек желілерінің біршама қысқа жалғау желілері. Темір жолдар учаскелерік қызметі аз учаскелерге жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік құралдарымен жүктерді, жолаушылармен теңдеме жүктерді тасымалдау.
Уәкілетті мемлекеттік орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Көлік қызметін мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгілеу, инвестициялық, біртұтас әлеуметтік және ғылыми - техникалық саясат жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлік кәсіпорындарының бақылау жасау жолымен жүзеге асырылады. Сондай - ақ мемлекеттік органдардың көлік кәсіпорындарының шаруашылық қызметіне араласуына, сонымен қатар көлік кәсіпорындарының пайдалану қызметкерлерін басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
Көлікті басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған және Қазақстан Республикасының Үкіметінің бекіткен ережеге сәйкес іс - әрекет жасайтын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан республикасы көлік және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырады.
Министрліктің негізгі міндеттері;
Қазақстан Республикасының көлік саласындағы экономикалық мүддені қорғау;
Көлік саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Меншік нысандарына қарамастан, көліктің барлық түрлері жұмыс істеуінің құқықтық және қалыптық тәртібін айқындайтын заңдар мен өзге де құжаттардың, стандарттардың, қалыптардың жобаларын әзірлеу;
Көліктің барлық түрлерін дамытудың мемлекеттік, ұлттық бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлеу, инвестициялық, ғылыми техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ кадрлар даярлау;
Республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға байланысты қызметтерге деген қажеттерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
Көлік қызметін пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау;
Республиканың мемлекеттік мұқтаждарының және халықтың тасамалдау қажеттеріне болжамдар әзірлеу және оларды уақытылы сапалы қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы көлік қызметі кешені қызметінің жұмысын үйлестіру және мемлекеттік реттеу ісін жүзеге асыру болып табылады.
Министірлік заңдарда көрсетілген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады.
Жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатпен стратегияны іске асыру;
Үкіметтің шешімі бойынша көліктік коммуникациялық кешеннің заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттік үлестерімен пакеттерін иелену және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
Көліктік коммуникациялық қызметті жүзеге асыратын обьектілерді жекешелендіру мәселелерін шешуге қатысу;
өз құзыретінің шегінде көліктік, коммуникациялық кешеннің дамуы мен жұмыс істеуінің маңызды мәселелері бойынша ғылыми зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
өз құзыретінің шегінде техникалық шарттар мен өзге нормативтерді бекіту, сертификаттау жүргізу, сондай-ақ, көліктік, коммуникациялық кешенде белгіленген нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
көлік пен коммуникациялар қызметтерін көрсету, қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу;
мемлекеттік тапсырысты орналастырады, мемлекеттік тапсырысқа белгіленген қаражаттың пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
өз құзыретінің шегінде көліктік, коммуникациялық кешеннің қызметіне байланысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама ұйымдастыруға қатысу;
әуе кеңестігінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы көліктік, коммуникациялық кешенінің қызметін мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыру;
көліктік, коммуникациялық кешенде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс - шараларды жүзеге асыру;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын ақысыз негізде, ал мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мамандарды ақылы негізде, сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін тарту;
өз құзыретінің шегінде министрліктің жыл сайынғы жұмылдыру жоспарларын әзірлеу;
аэроғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді;
"Байқоңыр" ғарыш аймағы обьектілерін тиімді пайдалану жөніндегі іс -шараларды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру;
өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Өздерінің тиістілігі мен меншік нысандарына қарамастан, тасымалдаушылардың көлік құралдарын пайдалану кезінде көлік заңдарын қозғалыс қауіпсіздігі мен экология талаптарын орындауын бақылауды көлік саласын мемлекеттік басқару органы және Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген басқа да мелекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы Темір жол көлігі туралы Қазақстан Республикасының 2001жылғы 8 желтоқсандағы № 266-II заңы темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк багажы және почта тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылар, темір жол көлігі ұйымдары, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жөнелтушілер, алушылар, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жалпы темір жол көлігінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар;
Багаж - жолаушылар немесе почта багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан аспайтын мүлік;
Тармақ иеленуші – меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде темір жолдың кірме жолдарын иеленуші тұлға;
Жүк – жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлік;
Жүк багаж – жолаушылар мен почта багажпоездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан артық мүлік;
Жүк жөнелтуші – тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті жөнелтуші тұлға;
Жүк жөнелтілімі – бір темір жол көлігі жүк құжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;
Темір жол қатынасы - жөнелтетін және баратын бекеттер арасында темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк, жүк - багаж және почта тасымалдау, оның мына түрлері:
Халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;
Республикалық – Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдау;
Қала маңындағы – жолаушыларды қала шегінде және қашықтығы жүз елу километрден аспайтын қала маңында тасымалдау;
Темір жолдар – жылжымылы құрамның жүруі іске асырылатын жылжымайтын мүлік обьектілері (тар және кең магистралдық, станциялық, кірме жолдар);
Темір жол көлігі - темір жол жолдарымен тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік түрі;
Темір жол көлігінің қызметіне арналған жер - темір жолдар, құрылыстар, жол желісіндегі және басқа ғимараттар, темір жол станциялары, қорғаныш екпе ағаштар және жол құрылғылары алып жатқан жол учаскелері;
Магистралдық темір жол желісі - магистралдық және станциялық жолдарды, оларды пайдалануды қамтамасыз етуге қажетті электрмен жабдықтау, сигнализация және байланыс обьектілерін қамтитын магистралдық темір жол инфрақұрылымы;
Магистралдық жолдар - Қазақстан Республкасының аймақтары арасында және басқа мемлекеттермен жол қатынасын қамтамасыз ететін темір жолдар;
Ұлттық темір жол компаниясы - меншік иесі мемлекет болып табылатын, магистралдық темір жол желісі қызметін көрсету үшін құрылған ұйым;
Магистралдық темір жол желісінің операторы - тасымалдау процесін басқаруды және магистралдық темір жол желісі қызметін көрсетуді жүзеге асыратын тұлға;
Темір жол көлігі ұйымы - тасымалдаушының және магистралдық темір жол желісі операторының қызмет көрсету жөніндегі жұмысын жүзеге асыратын тұлға, сондай ақ тармақ иеленуші;
Жөнелтуші - багажды, жүк - багажды немесе почтаны жөнелтетін және тасымалдау құжаттарында көрсетілетін тұлға;
Темір жол көлігінің қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауіпсіздігін темір жол құрылыстарының, құрылғыларының және басқа обьктілерінің сақталуын төзімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету үшін қажетті жер учаскелері;
Тасымалдау құжаттары – рәсімделу арқылы тасымалдау шарттары жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билеті) багаж бен жүк багаж квитанциясы, темір жол көлігі жүк құжаты)
Тасымалдау процесі – тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;
Жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк багажды, почтаны тасымалдауға және темір жол көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге арналған, темір жолдар мен қозғалысты жүзеге асыратын тартқыш, өздігінен жүретін және көлік құралдарының жиынтығы;
Кірме жолдар - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және магистралдық, станциялық, сондай-ақ, басқа да темір жолдарға қосылатын темір жолдар;
Тасымалдау ережелері - жолаушылар, багаж, жүк, жүк багаж және почта тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол көлігі ұйымдарының қызметін реттейтін, уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілер;
Қол жүгі - жолаушының вагонда өзімен бірге ақысыз тасымалдайтын салмағы мен көлемі бойынша белгіленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;
Арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттеріне арналған арнаулы жүктерді тасымалдау;
Станциялық жолдар - кірме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының шекарасындағы темір жолдар;
Ал енді темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік саясатқа келетін болсақ, ол;
көлік рыногының барлық субьектілерінің теміржол көлігі қызметіне еркін қол жеткізуі;
республиканың экономикалық мүдделерін қорғау;
тасымалдардың барлық қатысушылары үшін құқықтық және экономикалық кепілдіктердің бірыңғай стандартын қолдану принциптерін негізге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттің тасымалдарға қажеттігін қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
Темір жол көлігі саласындаы мемлекеттік саясаттың мақсаты:
темір жол көлігінің магистралдық темір жол көлігін дамыту;
тасымалдарды дамыту;
тасымалдардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темір жол көлігі НДС тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;
Темір жол көлігінде еркін кәсіпкерлікке жағдай жасау және тасымалдаушылар мен темір жол көлігі ұйымдарының шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол бермеу;
Бәсекелестікті дамыту, соның ішінде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестікті дамыту;
Магистралдық темір жол желісінің бірыңғай мүліктік кешенін сақтау;
Қоршаны ортаны қорғау;
Темір жол көлігін жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;
10) Темір жол көлігінің қажеттері үшін импортты алмастыратын өндірісті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің темір жол көлігі саласындғы мемлекеттік басқаруына:
темір жол көлігін дамыту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын бекіту;
Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың тасымалды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін белгілеу;
Магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерін бекіту;
Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережелерін бекіту;
Магистралдық темір жол желісіне кіретін темір жодардың тізбесін бекіту, сондай-ақ, темір жолдарды осындай тізбеден шығару;
Темір жол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың бөлу және обьектілер орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, темір жолдар арқылы жүру және өту ережелерін бекіту;
Темір жол көлігінің міндетті сертификаттауға жататын өнімінің жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту;
әскери және арнаулы тасымалдарды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
айрықша қызметтеріне қарай жүктердің жекелеген түрлерін күзетуді қамтамасыз ету тәртібін белгілеу және осындай жүктердің тізбесін бекіту;
темір жол көлігі қызметіне байланысты обьектілерді мемлекеттік әлеуметтік сала обьектілеріне жатқызу тәртібін, сондай ақ темір жол көлігі ұйымдарының осындай обьектілерді күтіп ұстауына жұмсайтын шығындарының нормативтерін белгілеу;
халықаралық, республикалық және қала маңындағы қатынастарды әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша магистралдық темір жолдарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы шешім қабылдау;
темір жол көлігінің қорғалатын аймақтарының жерін пайдалану тәртібін, мөлшерін және режимінін белгілеу;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешім қабылдау;
Тасымалдауды шектеу туралы Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багаж, жүк және жүк багаж әкелуге, әкетуге, транзиттік тасымалдауға тыйым салу туралы шешім қабылдау;
Темір жол көлігін басқару саласындағы өзге де мәселелер жатады.
Уәкілетті органның құзыретіне:
темір жол желісін және темір жол көлігін дамыту жөніндегі тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеу;
темір жол көлігіне азаматтардың өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың құқықтарын, қоршаған ортаны қорғауды, қоғамның қауыпсіздігін, сондай ақ көрсетілген қызмет саласын қамтамасыз ететін біліктілік талаптарын бекіту;
киім нысанының (пагонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, нысанды киім киіп жүру тәртібін, қамтамасыз ету нормасын және нысанды киім киіп жүруге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту;
жылжымалы құрамды тіркеу тәртібін белгілеу;
тасымалдарды ұйымдастыруға және тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгілеу;
жүру қауыпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай күйі сай келмейтін магистралдық темір жол желісінің, темір жолдар мен жылжымалы құрамның обьектілерін пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату; жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, бөлінген белдеудегі темір жол көлігінің қажетіне арналған жерді пайдалану тәртібін белгілеу;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби ерекшелік белгісімен марапаттау тәртібін бекіту;
жүру қауыпсіздігі талаптары бұзылуының мемлекеттік статистикалық есептілігін жүргізу;
өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәселелерді қарау;
Қазақстан Республикасының көлік туралы заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
Жергілкті атқарушы органдардың темір жол көлігі саласындағы құзыретіне:
қала маңында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешімді тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;
төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдау жатады.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің құзыреті шегінде темір жол көлігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, темір жол көлігінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Темір жол көлігі комитетінің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
темір жол көлігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
өзінің құзыреті шегінде темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік реттеу, үйлестіру мен бақылау;
темір жол көлігінің қызметтер көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу;
Қазақстан Республикасында, одан тыс жерлерде жүк пен жолаушыларды тасымалдау кезінде темір жол көлігін тиімді пайдалануға және магистралдық темір жол желісін дамытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
Темір жол көлігі саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеуге қатысу;
Темір жол көлігі саласында бірыңғай инвестициялық, ғылыми техникалық саясатты қалыптастыру мен жүргізуді және кадрлар даярлауды қамтамасыз ету;
өз құзыретінің шегінде темір жол тасымалындағы мемлекеттік мұқтаждар қажеттіліктерін уақытылы және сапалы қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.
Комитет тәртіп бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша темір жол көлігі туралы нормативтік құқықтық шешімдерді әзірлеу және қабылдау;
магистралдық темір жол желісіне еркін және тең қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылау;
темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу;
темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
тиісті мемлекеттік органдармен темір жолдарды және ондағы құрылыстарды салу, пайдалану және күтіп ұстау мәселелері бойынша үйлестіру және өзара іс қимыл жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
темір жол көлігі объектілері мен кәсіпорындарын жекешелендіру жөніндегі мәселелерді шешуге қатысу;
жүктелген өкілеттіктер шегінде темір жол көлігі саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру;
темір жол көлігі саласында жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік реттеуді, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;
Сонымен қатар заңға сәйкес өзге де функциялар. Көлік саясаты саланың күрделеніп кеткен ішкі ұйымдасуына және теміржол көлігі мен мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметтері мен жауапкершілігінің айқын бөлінуіне лайық бара-бар жаңа сапа деңгейіне көтерілуі тиіс.
Теміржол көлігінде терең реформалар жүргізу уәкілетті мемлекеттік органның саланы мемлекеттік реттеуін күшейтуді табандылықпен жүргізуді талап етеді. Ол мемлекетаралық келісімдерге және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы мүддесіне өкілдік етуге, теміржол саласында қауыпсіздікті инспекциялау және бақылау, техникалық стандарттарды, нормативтер мен талаптарды бекіту мәселесін қоса алғанда мемлекеттің құзыретті реттеуші органның функциясын жүзеге асыруға жауапты болуы тиіс.
Уәкілетті орган Теміржол көлігінің Орталық Кеңесінде (ТЖОК) және Темір жолдардың ынтымақтасу ұйымында (ТЖЫҰ) Қазақстан Республикасы теміржол көлігіне өкілдік етеді, сала кәсіпорындарының шаруашылық қызметін реттеуді жүзеге асырады, операторларға лицензия беруді және қауіпсіздікті бақылауды, локомотив және вагон шығару жоғары технологиялық салаларда импорт алмастыруды дамытуды жүзеге асырады.
Темір жол комитеті сонымен қатар мынадай қосымша қызметтерді атқарады:
мемлекеттік мүлікті иелену, оның реформалануын, жекешелендірілуін, мемлекеттік акциялардың сатылуын, арендаға, сыртқы басқаруға берудің ұйымдастырылуын және т.б қоса;
"Қазақстан темір жолы" АҚ-ы, басқа да негізгі және қамтамасыз етушілік қызметтердің АҚ-н қоса, мемлекеттік акциялар пакеттері Уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған теміржол саласының барлық шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты басқару;
тартымдық және басқа жылжымалы құрамды, технологиялық жабдықтар мен теміржол зауыттарға арналған жинақтауыштық және шығыстық материалдарды, жолдың үстіңгі құрылыс элементтерін өндіру жөніндегі теміржол кәсіпорнын дамыту арқылы импорталмастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, сондай ақ ғылыми техникалық базалар мәселелерін шешу;
теміржол саласының қызметін қамтамасыз ететін және реттейтін нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және технологиялық нормативтердің қажетті пакетін дайындау;
теміржол көлік саласында халықаралық құқық және халықаралық қарым қатынастар субъекті функциясын жүзеге асыру;
тасымалдау қауыпсіздігін қамтамасыз етуді мелекеттік реттеу және бақылау жасау;
инфрақұрылымға еркін және тең қол жеткізілуін қамтамасыз ету;
Жолаушылар тасымалын қайта құрылымдау үшін Уәкілетті мемлекеттік органда мына функциялар жүктелетін жолаушылар тасымалдары бойынша арнаулы бөлімше құру қажет болды:
нақты маршруттар бойынша жолаушылар тасымалы қызметіне мемлекеттік тапсырыс көлемін белгілеу және оларды сапаттау;
мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден жолаушылар тасымалын дотациялау механизмі мен рәсімдерін белгілеу;
жолаушылар тасымалы қызметіне дотациялардың жыл сайынғы көлемін белгілеу;
жолаушылар тасымалы бойынша кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасау және ревизиялау;
жолаушылар тасымалы шаруашылықтарының жекелеген сегменттерін франчайзинг механизмі негізінде жеке меншік операторларға қызмет көрсетуге беру ресімін белгілеу және тапсыру;
жолаушылар тасымалы мәселелері қатысы бар үкімет органдарымен өзара әрекеттесу;
қауіпсіздік және техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын орындау мәселелері бойынша бақылау жасауды ұймдастыру және жүргізу;
қала маңындық жолаушылар қатынасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіруші;
теміржол жолаушы компаниялармен контракталар жасау;
СМПС - қа инфрақұрылымға қол жеткізу бағасын анықтау ескерілген жолаушылар тасымалы үшін өзара есеп айырысу жүйесін өзгерту жөніндегі ұсыныстар енгізу.
Теміржол компаниясы өз қызметінің ерекшелігіне байланысты қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттелуге жатады.
Мемлекеттік реттеуді күшейтуге мемлекеттік органдар мен теміржол компаниясы менеджменті арасында қауіпсіздік, меншігін басқару және иелену, бағаны түзеу, қоғамдық қызметтер көрсету, жұмыспен қамтамасыз ету және инвестициялар саясаты мәселелерінде функциялардың, өкілеттіктер мен міндеттемелердің айқын бөлінуі кіреді.
Сондай – ақ уәкілетті мемлекеттік орган "Теміржолмашинажөндеу" АҚ-ң "Локомотивжөндеу" АҚ-ң, "Қазкөліксервис" АҚ-ң, "Теміржолсужылужабдықтау" АҚ-ң, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ң, "Жылжымалы құрам" АҚ-ң даму саясатын белгілейді.
"Акционерлік қоғам туралы" заң "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығына қарағанда меншік иесі, оның ішінде мемлекеттік және де кәсіпорын менеджменті арасындағы қарым - қатынастар жүйесін көбірек белгілейді және реттейді. Сондықтан республикалық мемлекеттік кәсіпорынды жабық акционерлік қоғам етіп қайта құру жүргізілді.
Дегенменен, бұл заң да инвестицияларды белгілеу, қоғамдық қызметтерді көрсету және жұмыспен қамтамасыз ету саясатын жүргізу жөніндегі мемлекет пен менеджменттің қарым - қатынастарына қатысты көптеген мәселелерді шеше алмайды.
Сондықтан да көптеген елдердегі сияқты контракт жүйесі енгізіледі. Контракт жүйесінің мәні уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен бизнес жоспарды орындау жөнінде кезеңдік есептер беріп отырудың орнына теміржол компаниясының менеджментіне кең шеңберде өкілеттік пен жұмыс нәтижесі үшін жауапкершіліктің берілуінде. Бизнес жоспарға өндірістік сипаттағы көрсеткіштер ғана емес, персоналды қысқарту, әлеуметтік мәні бар тасымалдар көлемі, күрделі құрылысқа қажетті инвестициялар көрсеткіші, қозғалыс қауыпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы кіруі тиісті.
Мемлекет жаңа темір жолдар мен тиісті инфрақұрылым салу және қаржыландыру үшін жауапкершілікті өзіне алады. Мемлекет әлеуметтік мәні бар, әсіресе шығынды жолаушылар тасымалын дотациялау мөлшері мен механизімін белгілейді. Теміржол көлігінің коммерциялануын қамтамасыз ететін функциялардың, жауапкершілік пен өкілеттіктердің бөлінуі заңдарда және Үкіметтің нормативтік актілерінде көрсетілуі тиіс.
Тасымалдарға тарифтерді мемлекеттің реттеуін өзгерту қажеттілігі пісіп жетілді. Жаппй үйме және құймалы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау негізінен баламасыз болып табылатындықтан, ал басқа санаттар үшін автомобиль көлігі жағынан балама бар болғандықтан бірінші кезеңде жүктерді санаттауды енгізу қажет. Жылжымалы құрам оперпторларының "Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ-тың қызметтерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақысы, клиенттер үшін тарифтердің жоғары деңгейін белгілеуді қоса алғанда мемлекеттік баға реттеуіне жатады. Демеу қаржы беру қажеттілігіне байланысты жолаушылар тасымалының тарифтерін мемлекеттік реттеу сақталады.