
- •Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан
- •Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталуы
- •Фашистік Германияның соғыс жоспары
- •Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі
- •Қаһарман партизандар
- •Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары
- •Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру
- •Қазақстан - майдан арсеналы
- •Еңбекшілердің тылдағы ерен еңбегі
- •Түркістан легионы
- •Солтүстік Қазақстан жерінде жасақталған әскери және олардың ірі шайқастарға қатысу
- •II дәрежелі Кутузов өрденді 314-Кингиспптік атқыштар дивизиясы Чехословакияның Солтүстік аудандарында жорық жолын аяқтады.
- •Қазақстан аумағына күшпен қоныс аударылған ұлттар
- •Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуы
Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия жасаған келісімді бұзып, КСРО аумағына соғыс жариялап, басып кірді. Ұлы Отан соғысының қарқыны осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын. Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық жақтары болды. Яғни, шикізат үшін азық-түлік базасы ретінде әлсіз мемлекет құру. Осы мақсатқа төтеп беру үшін соғыстың алғащқы күндерінен бастап қазақстандықтар майданда шайқасты. Қазақтар отан үшін, фашистерге қарсы бағытталған соғысқа аянбай қатысты. Яғни, қазақ халқының мақсаты ол соғысты жеңіп, тату-тәтті өмір сүру болды. Осындай мәліметтерден кейін қазақ халқының Ұлы Отан соғысына қандай үлес қосты деген сұрақ туындайды. Соғыс басталысымен Қазақстан халқы отан қорғаушылар қатарына өзі еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Мәншүк Мәметова: “Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін”, - деп әскери комитетке өтініш берді. Елімізде 2 млн-нан астам міндетті әскери даярлықтан өтті. Майдандағы қызыл армия қатарына 120000 жуық қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оқу орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16000 әскери офицер даярланды. 42000 қазақстандық әскери училищеде оқыды. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, кәсіпорынды Қазақстанға көшіру жүргізілді. Қазақ КСР әкелінген өнеркәсіптермен, кәсіпорындар Алматы, Семей және Ақтобе қалаларында орналастырылды . Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Ауыл шаруашалығының жағдайы өте ауыр болды. Жұмысшылар саны 600000 адамға кеміді. Яғни, ерлердің жаппай майданға аттануы себебінен 1942 жылы шаруашылықта әйелдер еңбегінің үлесі 75% жетт. Сонда, ауыл шаруашылығына 55000 жуық әйел механизатор даярланып аттанды. Осындай жұмыстардан кейін тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Соғыс жылдарында Ы.Жақаев, Ким Ман Сам, Ш.Берсиев, В.П.Кривич атты адамдардың ауыл шаруашылығындағы еңбегін зор бағалады. Қызыл армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет женді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі көп болды.Қазақстандық генерал-майор И.В.Панфилов пен комиссар А.С.Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызғы айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. Бірақ, өкінішке орай 1941 жылы 18 қарашада И.В.Панфилов ерлікпен қаза тапты. Кейіннен “28 панфиловшы” ерлігі аңызғы айналды. Панфиловшы, ротаның жетекшісіб қазақстандық КСРО батыры П.Б.Вихрев-те ерлікпен қаза тапты. Бауржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста үлкен ерлік үлгісін көрсетті. Москва облысыныың Бородино селосында неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т.Тоқтаровқа Кеңестер одағының батыры атағы берілді. М.Ғабдуллин ерлік көрсетіп, жау танкілерін бірнешеуін жойды, Сол үшін оған Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. Сонымен Ұлы Отан соғысы Кеңестер Одағы жеңісімен аяқталды. Шешуші Берлин шайқасына көптеген қазақстандықтар қатысты. Р.Қошқарбаев және Г.Булатов рейхстаг төбесіне жеңіс туын тікті. Ту тіккендер қатарында Р.Қаражанов пен Х.Мәденов та болды. Осылай қазақстандықтар ұлы жеңіске өз үлестерін аямай қоса білді. 500-дей қазақстандық Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Осылардың 98 қазақтар болды. Қорытындылай өтсек, Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамнан айырылды. 600000-ға жуық қазақстандық майданды қайтыс болды.