Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕСТЫ-ПФ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.22 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Жүрек патофизиологиясы-2»

67. Жүректің жедел жеткіліксіздігінің негізгі себебі:

- өкпе артериясының эмболиясы.

68. Жүректің жедел жеткіліксіздігінің патогенезі осыған негізделген:

- миокардтың жиырылу қызметтері әлсіреуіне, жүректің нервтік реттелуі бұзылуына

69. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дамиды :

- гипертониялық ауруда.

70. Жүректің солқарыншалық жеткіліксіздігінің себептерінің бірі:

– митральді қақпақшаның жеткіліксіздігі.

71. Жүректің оңқарыншалық жеткіліксіздігінің себептерінің бірі:

– өкпе артериясының шығатын тесігінің тарылуы.

72. Жүректік компенсаторлы тегершіктерге жатады:

- тоногенді дилатация.

73. Жүректің солқарыншалық жеткіліксіздігінің белгілерінің бірі:

– тұншығу ұстамасы (кардиальді астма).

74. Жүректің оңқарыншалық жеткіліксіздігінің белгілерінің бірі:

- тері мен көрінетін кілегейлі қабаттардың цианозы.

75. Жүректің оңқарыншалық жеткіліксіздігінің себептерінің бірі:

– үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі.

76. Жүректің солқарыншалық жеткіліксіздігінің себептерінің бірі:

– аортальді қақпақшаның жеткіліксіздігі.

77. Жүректің солқарыншалық жеткіліксіздігінің белгілерінің бірі:

- қан түкіру.

78. Ф.З.Меерсон бойынша, жүрек гиперфункциясының апаттық сатысында байқалады:

- АТФ( энергия) белок жаратылуының жоғарылауы.

79. Жүрек қызметінің ұзақ уақытты компенсациясын қамтамасыз етеді:

– миокард гипертрофиясы.

80. Жүйелік қанайналым бұзылыстары кезіндегі орын толтыру-бейімделу реакцияларға (серпілістеріне) тән:

- миокардтың тоногенді дилатациясы, симпатоадреналды және эндокринді жүйелердің белсенуі.

81Қанайналым бұзылыстары кезіндегі жүрек-тамырлық бейімделу реакцияларына жатады:

- тамырлар тонусының қайта өзгеруі, жүректің соққылық және минөттік көлемінің жоғарылауы.

82. Жүрек жеткіліксіздігіндегі гемодинамикалық өзгерістер сипатталады:

- жүректік индекс пен соққылық индекстің азаюымен.

83. Қанайналым жеткіліксіздігі кезіндегі бейімделудің кардиальді механизмдеріне жатады:

- тахикардия, миокард гипертрофиясы.

84. Жүректің тоногенді дилатациясына тән:

- жүрек жұмысының оның диастолалық созылуына сәйкес жоғарылауы .

85. Миокардтың патологиялық гипертрофиясы сипатталады:

-миокард салмағы мен қаңқалық бұлшық еттердің арасындағы сәйкессіздікпен және үдейтін кардиосклероз дамуымен.

86. Кардиальді астма дамуының негізгі патогенездік факторы:

- өкпе капиллярларында гидростатикалық қысымның жоғарылауы.

87. Жиі кардиогенный шок дамиды:

- миокард инфарктында.

88. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі гемодинамикалық көрсеткіштер сипатталады:

- қанның минөттік көлемі азаюымен.

89. Миокард гипертрофиясының бірінші (апаттық) сатысына тән:

- энергия түзуінің жоғарылауы және белок түзілуінің күшеюі.

90. Кардиотоксикоздың себебі:

- гиперкатехоламинемия.

91. Қанайналымның созылмалы жеткіліксіздігі дамуы мүмкін :

- кардиосклерозда.

92. Қанайналымның солқарыншалық түрі бойынша жеткіліксіздігі сипатталады:

- кіші қанайналым шеңберіндегі іркілулік құбылыстармен.

93. Қанайналымның оңқарыншалық түрі бойынша жеткіліксіздігі сипатталады дамуымен:

-үлкен қанайналым шеңберіндегі іркілулік құбылыстардың.

94. Оң қарыншаның қан көлемімен жүктеу кезінде дамиды:

- овал тәрізді (сопақ) тесіктің бітелмеуі.

95. оң жақ қарыншаның жеткіліксіздігінің себебі болады:

- Кіші қан айналым шеңберінің артериалды гипертензиясы.

96. Сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі себебінің бірі болып саналады:

- Біріншілікті артериалды гипертензия.

97. Ф.З. Меерсон бойынша жүрек гиперфункциясының апаттық сатысы сипатталады:

- Гипертрофияланбаған миокардтың гиперфункциясымен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]