
- •4 Блок Тақырыбы: «Жүйке жүйесінің патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Эндокринді жүйенің патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Ас қорыту патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
- •3.Бауырлық жеткіліксіздікте аммиактың жиналуы уытты әсерін әсіресе көп тигізеді:
- •4. Бауырлық жеткіліксіздікте көмірсулар алмасуының бұзылыстары сипатталады:
- •10. Портальді гипертензияға осының дамуы тән :
- •25. Бауырдың зарарсыздандыру (усыздандыру, бейтараптау) қызметтерінің бұзылыстары осы үрдістің бұзылуымен байланысты:
- •29. Баурішілік портальді гипертензияның себебі:
- •Тақырыбы: «Бүйрек патофизиологиясы»
- •31. Дереу дамитын бүйрек жеткіліксіздігінің преренальді (бүйрек алды, ) себебі:
- •5 Блок Тақырыбы: «Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Тамырлар тонусының патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Жүрек патофизиологиясы-1»
- •Тақырыбы: «Жүрек патофизиологиясы-2»
- •6 Блок Тақырыбы: «Қанның жалпы көлемі мен физикалық-химиялық қасиеттерінің бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қызыл қанның патологиясы»
- •Тақырыбы: «Ақ қанның патологиясы»
- •Тақырыбы: «Лейкоздар. Лейкемоидты реакциялар»
- •Тақырыбы: «Гемостаз патологиясы»
- •12. Тромб түзілуіне жағдай жасайды:
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
1.Біріншілікті бауырлық жеткіліксіздік дамиды:
- бауырдың вирустық зақымдалуында.
2. Екіншілікті бауырлық жеткіліксіздік дамиды:
- қан айналым жеткіліксіздігінде.
3.Бауырлық жеткіліксіздікте аммиактың жиналуы уытты әсерін әсіресе көп тигізеді:
- орталық жүйке жүйесіне.
4. Бауырлық жеткіліксіздікте көмірсулар алмасуының бұзылыстары сипатталады:
- глюконеогенез тежелуімен.
5. Бауырлық жеткіліксіздікте көмірсулар алмасуының бұзылыстары сипатталады:
- гликоген түзілуі азаюымен.
6. Бауырлық жеткіліксіздікте майлар алмасуының бұзылыстары сипатталады:
- фосфолипидтер түзілуі азаюымен.
7. Бауыр патологиясында қансыраудың жоғарылауы онда осының түзілуі төмендеуімен байланысты:
- фибриноген мен протромбиннің.
8. Созылмалы гепатиттің жиі себептеріне жатады:
- вирустар.
9. Бауыр цирроздарына тән :
-құрылымдық-ауытқулық регенеративті түйіндердің пайда болуы.
10. Портальді гипертензияға осының дамуы тән :
- асциттің.
11. Сарғаю – бұл
- синдром
12 Бауыр үсті сарғаю осының нәтижесінде дамиды:
- эритроциттердің күшейген ыдырауының.
13. Бауыр үсті сарғаю патогенезінің басты тізбегі:
- эритроциттердің күшейтілген гемолизі.
14. Гемолиздік сарғаюға тән:
– бос билирубиннің қанда жоғарылауы.
15. Ұзақ уақытты бауыр үстілік сарғаю кезіндегі қансырау осының нәтижесінде дамиды :
- К дәрумені сіңірілуі төмендеуінен протромбин түзілуі бұзылыстарының.
16. Қанда бос және байланысқан билирубиннің жоғарылауымен қабаттасатын гипербилирубинемия анықталады:
– вирусты гепатит кезінде.
17. Бауырасты сарғаюдың патогенезінің басты тізбегі саналады:
- өттің ағып кетуінің бұзылуы.
18. Бауырасты сарғаюға қанда осының жоғарылауы тән :
- тікелей билирубиннің.
19. Уробилиноген және стеркобилиноген зәрде анықталмайды :
- бауырасты сарғаюда.
20. Қанда өт қышқылдары тұздарының болуы шақырады:
– брадикардияны.
21. Холемия синдромы осылардың патогендік әсерімен байланысты:
– өт қышқылдарының.
22. Ахолия – бұл осы жерде өттің болмауы:
- ішекте.
23. Ахолия тән:
- механикалық сарғаюға.
24. Ахолия кезінде липаза белсенуінің бұзылуы және майлар эмульгациясының бұзылыстары қабаттасады:
- стеатореямен.
25. Бауырдың зарарсыздандыру (усыздандыру, бейтараптау) қызметтерінің бұзылыстары осы үрдістің бұзылуымен байланысты:
- глюкурон қышқылы түзілуі.
26. Бауырлық жеткіліксіздікте белок алмасуының бұзылыстары осылай көрінеді:
- альбуминдер түзілуі төмендеуімен.
27. Бауырлық жеткіліксіздікте аминқышқылдарының дезаминделу және переаминделу үрдістерінің бұзылыстары осының дамуымен қабаттасады:
- аминоацидемияның.
28. Бауырлық жеткіліксіздікте мочевина түзілуінің төмендеуі осының дамуына әкеледі:
-өнімді гиперазотемияға.
29. Баурішілік портальді гипертензияның себебі:
-бауыр циррозы.
30. Тобы сәйкес келмейтін қанды құйғанда дамиды:
-гемолиздік сарғаю.
31. Қанда аланинаминотрансфераза мен аспартатаминотрансферазаның көбеюі айқындайды :
- гепатоциттер мембраналары зақымдалуын.
32. Глюкоронилтрансферазаның тапшылығы әкеледі:
- тікелей (тура) емес билирубиннің конъюгациясы бұзылуына.
33. Созылмалы гепатиттердің патогенезі негізінде жатады:
- бауырдың иммундық қабынуы.
34. Бауыр циррозындажасушалардың күшейген регенерациясы осылардың пайда болуына әкеледі:
-жалған бөліктердің.
35.Екіншілікті бауыр жеткіліксіздігі дамиды:
-Қанайналым жеткіліксіздігі кезінде.
36.Біріншілікті бауыр жеткіліксіздігі дамиды:
- Бауырдың вирусты зақымдалуы кезінде.
37.Бауыр жеткіліксіздігінің көрінісіне жатады:
Гипопротеинемия.
38.Бауыр үсті сарғаюдың патогенезідегі бастапқы тізбек:
- Эритроциттердің гемолизге ұшырауының күшеюі.
39.Гемолитикалық сарғаюға тән:
Қандағы бос (тура емес билирубиннің) жоғарылауы.
40.Бауыр асты сарғаюының патогенезіндегі бастапқы тізбек:
- Өт шығарылуының бұзылыстары.
41.Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі көмірсу алмасуының бұзылыстары сипатталады:
Глюконеогенездің тежелуімен.
42.Холемияға тән:
-Брадикардия.
43.Ахолияға тән:
Стеаторея.
44. Механикалық сарғаю кезіндегі стеаторея байланысты:
Ішектегі майлардың сіңірілуінің бұзылыстарымен.
45. Гормондардың метоболизмі осы ағза зақымданғанда бұзылады:
- Бауыр