
- •Автомобильдердің жіктелуі
- •Автомобильдің жалпы құрылысы
- •Двигательдің жалпы құрылысыжәне жұмыс циклі
- •Кривошипті-шатундық механизмі.
- •Газ тарату механизмі
- •Салқындату жүйесі
- •Майлау жүйесі
- •Қоректендіру жүйесі. Жанғыш қоспа
- •Қоректендіру жүйесінің приборлары
- •Карбюратордың құрылысы мен жұмысы
- •Бас мөлшерлеу жүйесі
- •Карбюратордың қосымша тетіктері
- •Карбюраторлар
- •Двигательдің иінді білігінің айналу жиілігінің шектеушісі
- •Карбюраторды реттеу
Карбюраторды реттеу
Карбюраторды зая жүрістің аз айналымында реттеу. Зая жүрістің аз айналымында двигательдің тұрақты жұмыс істеуі және отынды үнемді жұмсауы жанғыш қоспаның мөлшері мен құрамына (сапасына) байланысты. Керек қоспаның құрамы мен шамасын карбюратордың зая жүріс жүйесін реттеу арқылы алуға болады. Мұндай реттеу жұмыстарын белгілі бір температураға шейін жылынған (қызған) двигательдің карбюраторының ауа жапқышы толық ашық кезінде жүргізіледі. К-126Г карбюраторын екі жолмен: дроссельдің (қоспаның шамасы) тірек винті мен құрамын (қоспаның сапасын) реттейтін (68, а-сурет) винттері арқылы жасайды. Реттеу үшін дроссельдің тірек винтін двигательдің иінді білігінің мүмкіндігінше ең аз айнымалымен жұмыс істеуіне жеткенше айналдырылады, ол үшін дроссельді өзгертпей, қоспа сапасының винтін оңға, я солға бұрау арқылы иінді біліктің ең көп афналу моментін табу керек. Одан кейін дроссельдің тірек винтін айналдыра отырып, иіндібіліктің мүмкіндігінше ең аз, бірақ тұрақты айналу моментін табады. Реттеу жұмысының дұрыс не бұрыстығын анықтау үшін дроссельді ашып, шұғыл жауып тексергенде двигатель тоқтап қалмау жұмыс істеуін жалғай берсе, нда оның дұрыс реттелгені. Егер двигатель тоқтап қалса, дроссельдің тірек винтін жарты айналымға бұрып, одан кейін қайта тексереді.
К-88А және К-126Б карбюраторларының әрбір камерасының сапа винті болғандыұтан (64, б-сурет) зая жүрістің ең аз айналымын реттеу жолы да басқаша болады. Ол үшін жұмыс істемей тұрған двигательдің қоспа сапаларының винттерінің әр қайсысын алдарындағы тіреулерге шейін бұрап, кейін әр қайсысын 2-3 қайтара кері айналдырады. Бұдан кейін двигательді іске қосып, дроссельдің тірек винтін бұрау арқылы оның ең аз айналымында тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Содан кейін сапа винттерінің бірін әр ретте ¼ айналымға дейін бұрап, қоспаны кедейлендіре отырып, двигатель шашалып үзік-үзік жұмыс істей бастаған кезде сол винтті ½ айналымға кері бұрайды. Осы ретпен қоспаның сапасын өзгертетін екінші винтті де бұрап реттейді.
Қоспаның сапасын реттеп болғаннан кейін дроссельдің тірек винтін двигательдің иінді білігі ең аз айналыммен жұмыс істегенге дейін бұрап, одан соң екі винтпен кезек реттей отырып, қоспа құрамын кедейлендіреді. Әдетте жоғарыда кқрсетілген жолмен 2-3 реттеуден кейін үш винттің де дұрыс орнын табуға болады.
Карбюратордың қатқылы камерасындағы отынның деңгейін тексеру және реттеу жолдары. Қалтқылы каиерадағы отын деңгейінің дәл болуы бүріккіштердің дұрыс жұмысын жасауын қамтамасыз етеді. Қалтқала камерадағы отынның деңгейі жанғыш қоспаның құрамына үлкен әсер етеді, яғни отын деңгейінің шамадан тыс артуы қоспаның баюына әсер етсе, деңгейінің төмен болуы – кедейленуіне әсер етеді.
К-126Г және К-126Б карбюраторларының ішіндегі отынның деңгейін қалтқылы камераның қабырғасына орналасқан әйнек арқылы қарап қөруге болады. Отынның деңгейін көру үшін, автомобиль тегіс жерде тұруы және двигатель кем деенде 5 минуттей ең аз айналыммен зая жүріспен жұмыс істеуі керек. К-126Г карбюраторындағы отынның деңгейі қалтқылы камераның төменгі ажыратылатын жерінен 18,5-20,5 мм аралығында болуы керек. Қ-126Б карбюраторындағы отынның деңгейі карбюратор корпусы мен қалтқылы камерасынаң қақпағының ажыратылатын жерінен 19-21 мм қашықтықта тұруы тиіс.
К-88А карбюраторындағы отынның деңгейі екі түрлі жолмен анықталады. Двигатель аз айналыммен зая жүрісте істеп тұрған кезде тексеретін тығынын ағытып алып, сол тесіктен отынның деңгейін анықтайды (ол үшін қараушының көзі тексеру тесігінің тұсында болу керек). Дұрыс реттелген болса отынның деңгейі тесіктен көрініп тұрады да, бірақ одан ағып кетпеуі керек.
Отынның деңгейін екінші жолмен (65-сурет) анықтау үшін механикалық жетекті экономайзер каналын жауып тұратын тығынды ағытып, оның орнына резиналы және шыны түтікті штуцер кіргізеді де, бензин насосының қолмен әрекетін жасайтын рычагының жәрдемімен қалтқылы камерасына отын толтырады. Шыны түтіктің жоғарғы ұшы карбюратордың қақпағының копусының ажыратылған жерінен жоғары орналастырылады. Түтіктегі отын деңгейі мен карбюратордың ажыратылатын жерінің аралығының қашықтығы шамамен 18-19 мм болу керек.
Егер қалтқылы камерадағы отынның деңгейі белгіленген деңгейден төмен, ия жоғары болса қалтқы рычагының тіреуіш пластинкасын не бір жағына, не екінші жағына майыстыру немесе инелі клапанның ершігінің астындағы төсенішті өзгерту арқылы реттеуге болады.
ОТЫН БЕРУ, АУАНЫ ТАЗАРТУ, ЖАНҒЫШ ҚОСПАНЫ ЖЫЛЫТУ
Отын насосы. Қаралып отырған автомодильдерде отын оның құйылған багінен диафрагмалы насос арқылы карбюраторға беріледі.
Отын насосы (66-сурет) негізінен 3 бөліктен: корпус, қалпақша (жоғары бөлеі) және қақпақтан тұрады. Корпусының ішінде білікке орналасқан қос иінді рычаг болады. Оның кейін қайтармалы серіппесі және қолмен іске қосатын тетігі бар. Корпус пен отын насосының қалпақшасының аралығына бірнеше матадан жасалып, бензин өткізбейтін лак сіңірілген диафрагма бекітілген. Оның екі табақшасы болып, штокке жинастырылған. Қос иінді рычаг текстолиттен істелген тіреуіш шайба арқылы штокқа әсер етеді. Диафрагманың астына айдағыш серіппе орналасқан.
Насостың қалпақшасына енгізу және шығару клапандары орналасқан. Бұл клапандар бағыттаушы стержень, резина, шайба және серіппеден тұрады. Енгізу клапанның жоғарғы бетіне торлы сүзгі қойылған.
ГАЗ-24 двигателінде отын насосы оның бөлгіш білігінің эксцентригі арқылы, ЗИЛ-130 двигателінде штанг арқылы іске қосылады. ЗМЗ –53 двигателінде эксцентрик бөлгіш біліктің алдыңғы басына шпонка арқылы бекітіліп орналастырылған (20, б-сурет).
Эксцентрик не штанг қос иінді рычагтың сыртқы бетімен қөтерілгенде, ішкі (екінші) басы диафрагманы басуынан оның үстінде қысым пайда болады (66, а-сурет). Сол пайда болған қасамның әсерінен отын труба арқылы бактан насостың енгізу тесігінің алдындағы тордан енгізу клапанына келеді де, насостың басқыш серіппесі жиырылады. Эксцентриктің дөңесі қос иінді рычагтың сыртқы ұшына келгенде диафрагма басқыш серіппенің әсерінен жоғары қөтеріледі де, камерада қысым пайда болады. Отын шығару клапаны арқылы өтіп шығару каналына, одан әрі түтік арқылы карбюратордың қалтқылы камерасына (66, б-сурет) құйылады.
Отынның пульсациясы шығару клапанының үстіндегі ауа камерасының әсерінен азайып отырады. насос жұмыс істеп тұрған кезде ауа камерасының ішіндегі қысымның әсерінен отын карбюраторға үздіксіз құйылып отырады.
Қалтқылы камера жанар майға толып, инелі клапан ершіктегі тесікті жапқан кезле насос пен карбюраторды жалғастыратын трубаның ішінде пайда болған қысым диафрагма үстіндегі бос орынға жайылады. Мұндай жағдайда насостың диафрагмасы өзінің төменгі деңгейінде болып, пайда болған қысымға сорғыш серіппенің күші жетпейді де қос иінді рычаг эксцентрик пен кейін тепкіш серіппенің әсерінен бос айналады.
Жұмыс істемей тұрған двигательдің карбюраторының қалтқылы камерасына жанар май құю үшін насос корпусының бір бүйіріне орналасқан қол рычагы қолданылады. Бұл рычаг тегістеп кесілген білікшесі мен кейін тепкіш серіппесі бар. Серіппе жазылған кезде білікшенің тегіс жері (бөлегі) күйентенің үстіне келеді де, бұған әсер ете алмайды. Қол рычагты орнынан қозғаған кезде білікше өзінің жұмырланған сыртымен қос иінді рычагтың ішкі шетін басады да, диафрагманы төмен ысырады.
Насосты қол рычагымен іске қосу үшін қос иінді рычагтың екінші (сыртқы) басы эксцентриктен бос болуы керек. Егер жұмыс істемей тұрған двигательдің насосының диафрагмасы өзінің төменгі жағдайында (орнында) болса, двигательдің иінді білігін іске қосу тұтқасымен бір айналдырып, қос иінді рычагтың басын эксцентриктен босатып алу керек.
Отын сүзгілері мен тұндырғаштары отынды механикалық қоспалар мен су қалдықтарынан тазартуға арналған. Отынның торлы сүзгілері бактың аузына, отын насосы корпусының қақпағына және қалтқылы камераның штуцеріне орналстырылған.
ЗИЛ-130 және ГАЗ-53А жүк автомобильдерінің қоректендіру жүйесіне қосымша екі-екіден сүзгі тұндырғыш орналасқан. Сүзгі-тұндырғыштың біреуі ішінара тазартқыш ретінде жанар май багінің аузына қойылған. Бұл сүзгі (67, а-сурет) корпусымен алынбалы тұндырғыштан тұрады. Тұндырғыштың ішінде тіреуге кигізілен жұқа пластиналардан құрастырылған сүзуші элементтерінің биіктігі 0,05 мм болып, олардың штапталған шығыңқы жерлері болады, сондықтан пластиналар аралығында 0,05 мм саңылау қалып отырады. отын бактан ену тесігі арқылы тұндырғыш сүзгіге кіреді де, тұндырғышты көлемі отын түтігінің қөлемінен үлкен болғандықтан кірген жанар майдың ағу жылдамдығы азайып, механикалық ұсақ қоспалар мен су қалдықтарының тұнып шөгуіне мүмкіндік туады. Отын пластинкалардың арасында саңлаулардан өтіп, ішіндегі механикалық қоспалардан екінші рет тазартылады.
Отынды толық тазарту сүзгісі карбюратордың алдына орналасқан. бұл сүзгінің (67, б-сурет) корпусы, стақан тәрізді тұндырғышы, серіппелі сүзгіш элементтері және гайкалы бекітетін қапсырмасы болады. Сүзуші элементтер керамика, не рулон қылып оралған ұсақ тордан істеледі.
Механикалық қоспалардың бір бөлігі тұндырғыш-стаканның түбіне шөксе, екінші жартысы сүзуші элементтердің бетіне қонып жабысып қалып отырады.
Ауа сүзгіші двигательдің цилиндріне кірген ауаны шаңнан т.б. қоспалардан тазартуға арналған. Егер ауаны тазартпаса 1 сағат жұмыс істеген двигательдің цилиндріне шамамен 20 г шаң кіруі мүмкін. Бұл цилиндрдің қабырғаларына, поршеньдері мен оның сақиналарының үйкеліп істен тез шығуына себепші болады. Автомобильдерде қолданылып жүрген инерциялы-майлы типті ауаны екі сатылы тазарта алатын ауа сүзгісі (68-сурет) май ваннасының корпусынан, сүзуші элементтерден және келте трубалардан тұрады. Май ваннасының корпусына тіреп ұстап тұратын стакан, ал қақпағына ауа кіретін келте труба бекітілген.
Ауа сүзгісін карбюраторға бекіту үшін оның келте трубасы карбюратордың фланецына винтпен бекітілсе, сүзгінің копусы келте трубаға тарту винті мен құлақты гайкамен бекітіледі.
Сүзгінің ішіне ұйтқып кірген шаң араласқан ауа толқыны төмен қарай бағытталып алдындағы май ваннасының бетіне соғылып өзінің бағытын кенет өзгертіп, сүзуші элементтерге қарай бұрады.
Ауаның шығыны аз болса май ваннасы екіге бөліп тұрған ішкі және сыртқы бөліктеріндегі майдың деңейі бірдей болады. Ауа өзінің ағынымен майды бірге ала барып сүзуші элементтердің төменгі бетіне жағып ылғалдайды. Ауа ағыны күшейіп, яғни ауа қөп кірген сайын май ваннасының ішкі бөлігінде пайда болған қысымның әсерінен сүзуші элементтер мен май ваннасының ішкі бөлігін қосатын қабырғаның тесіктерінен май кіреді де сыртқы бөліктегі майдың деңгейі төмендейді (азаяды).
Ауаның шығыны азайған сайын майдың алғашқы деңгейі де өз қалпына келеді. Май қонған шаң бөлшектерін жуып отырады, содан соң бұл бөлшектер өзсалмағымен ваннаның төбіне шөгеді.
Ваннадағы май деңгейінің өзгеріп отыруы двигательдің әр түрлі режимде істеу кезінде сүзуші элементтердің үздіксіз жуылып және кірген ауаның май бетіменәрдайым жанасып отыруын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, тазарған ауа келте труба арқылы карбюраторға, одан цилиндрлерге үздіксіз кіріп отырады.
ЗИЛ-130 двигателінің сүзісіне ауа двигательдің капотындағы ауа каналдары арқылы оларды қосып тұрушы резинадан жасалған келте трубамен беріледі (69-сурет). Ауа каналы арқылы атмосферадағы ауа да (автомобильді жоғары температурада пайдаланған кезде), сондай-ақ капот астындағы ауа да (автомобильді суық кезде пайдаланған кезде) ауа каналына орналасқан жапқыштың жағдайына байланысты кіріп отыруы мүмкін.
Отын багы. Автомобильдің багінде жұмыс істеуіне керекті отын сақталады. Бак жұқа болаттан жасалып, оның мықтылығын арттыру және автомобиль жүріп келе жатқан кезде жанар май кенеттен толықсып отырмауын қамтамасыз ету үшін оның ішіне бірнеше кедергі қабырғалар орнатылған. Бактың жоғарғы жағында жанар май құятын қозғалмалы келте трубасы мен торлы трубасы бар (70-сурет).
Бактың аузы бу мен ауа өткізбейтін клапанды тығынмен жабылады. Мұндай тығын бактан жанар май буының еркін шықпауын қамтамасыз етіп, шығынын азайтса, екіншіден двиательді іске қосуға керекті оның ұшпа бөлігін сақтайды және ішіндегі қысымның бір қалыпта болуын қамтамасыз етеді. Бактың үстіңгі бетіне жанар май жүретін торлы сүзгісі бар труба мен жанар май деңгейін (шамасымен) қөрсетіп отыратын датчик бекітіледі. Бактың түбіндегі тұнба мен бензин қалдығын құйып алуға арналған тығыны бар тесігі болады. ГАЗ-24 «Волга» автомобилі багының сыйымдылығы – 55 л, ГАЗ-53А – 90 л және ЗИЛ-130 – 170 л. Отын бактан насосқа, оданкарбюраторға жез түтік арқылы жанар май трубасы арқылы беріледі. Трубаның шеттері жуандалып ниппельді гайкалармен штуцерге мықты етіліп бекітіледі.
Енгізу трубопроводы. Жанғыш қоспа карбюратордан двигательдің цилиндрлеріне енгізу трубопроводы арқылы беріліп отырады.
ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53 двигательдерінде енгізу трубопроводтары алюминий қорытпасынан құйылып оң және сол қатардағы цилиндрдің қалпақшасына бекітілген. Енгізу трубопроводы күрделі каналдар жүйесінен тұрып, олармен жанғыш қоспа карбюратордың әрбір камерасын оң жақтағы екі және сол жақтағы екі цилиндтге бөлек-бөлек қосады. Егізу трубопроводының енгізу каналдарының аралығында цилиндрдің қалпақшасының салқындату қабымен жалғасқан кеңістік болады.
Енгізу трубопроводы мен цилиндрлер қалпақшасы төсеніш арқылы қосылған.
ГАЗ-24 двигателінің енгізу трубопроводы цилиндрдің жоғарғы қалпақшасының бір бүйіріне бекітіліп, орта шеніне шығару трубопроводымен шпилька арқылы жалғастырылған.
Шығару трубопроводтары ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53 автомобильдері двигательдерінің цилиндрлерінен пайдаланып шыққан газдарды шығаруға арналған. Олар өз алдына жеке жасалып, цилиндрлер қалпақшасының сырт жағына бекітіледі.
Енгізу және шығару трубопроводтарының каналы қысқа, бұрылыстары аз және қарапайым болып жасалуы салдарынан олардан өткен жанғыш қоспа мен пайдаланып шыққан газдар ешбір кедергісіз өтеді.
Шығару трубопроводтарын темір мен асбест қоспасынан жасалған төсеніш салынып тығыздалады да, шпилькалы гайкалармен бекітеді.
Жанғыш қоспаны қыздыру. Жанғыш қоспаны әзірлеу карбюратордың араластырғыш камерасында аяқталып қалмайды, ол енгізу түтігі мен двигатель цилиндрінде де жүргізіледі. Двигательдің жұмыс істеген кезінде отынның жақсы булануы үшін енгізу түтігі қыздырылады. Осылай істеу, әсіресі, автомобильді жылдың салқын кезінде пайдаланған жағдайда және двигательге от алдырғыш шақта аса қажет. Алайда жанғыш қоспаны шамадан тыс қыздырып жіберуге де болмайды, өйткені тым қызып кетсе, қоспаның қөлемі ұлғаяды да, цилиндрде отын азайып қалады.
Сөз етіп отырған жүк автомодильдерінде жанғыш қоспа енгізу түтігінің салқындатқыш қаптамасында айналып ағатын сұйықтың жылуы арқылы қыздырылады. Төменгі температура жағдайында әлгі двигательдергеот алдырғанда енгізу түтігін салқындату системасына ыстық су құю арқылы қыздыруға болады.
ГАЗ-24 двигателінде енгізу түтігінің орта тұсының астыңғы беті шығару түтігі арқылы өтетін пайдаланылған газдармен жылытады (71-сурет). Қыздырылу дәрежесін енгізу түтігінің орта бөлігіне орнатылған жапқыш арқылы қолмен реттеуге болады. Жапқыштың секторын қозғағанда, «қыс» деген таңба тоқтатқыш шпилькаға тура келсе, қоспаны қыздыру күшейеді, ал «жаз» таңбасына сәйкестеенде – азаяды.
Өшіргіш. Пайдаланылған газдың цилиндрден шыққан шағындау қысымы мен қозғалу жылдамдығы үлкен болғандыұтан біршама шуыл естіледі.