- •Автомобильдердің жіктелуі
- •Автомобильдің жалпы құрылысы
- •Двигательдің жалпы құрылысыжәне жұмыс циклі
- •Кривошипті-шатундық механизмі.
- •Газ тарату механизмі
- •Салқындату жүйесі
- •Майлау жүйесі
- •Қоректендіру жүйесі. Жанғыш қоспа
- •Қоректендіру жүйесінің приборлары
- •Карбюратордың құрылысы мен жұмысы
- •Бас мөлшерлеу жүйесі
- •Карбюратордың қосымша тетіктері
- •Карбюраторлар
- •Двигательдің иінді білігінің айналу жиілігінің шектеушісі
- •Карбюраторды реттеу
Двигательдің иінді білігінің айналу жиілігінің шектеушісі
Дроссель толық ашық кезінде двигательдің аз күшпен жұмыс істеп тұрғанмен оның иінді білігінің шамадан артық айналуы салдарынан отынның шығыны қөбейіп және двигательдің детальдарының үлкелуі артады.
Сондықтан жоғарыдағы жағдайларды болдырмау үшін жүк автомобильдерінің карбюраторымен бір конструкциялы біріктірілген иінді білігінің айналуы шамасының шектеушісі болады.К-88А және Қ-126Б карбюраторларының иінді білігінің айналымын басқарып отыратын вакуумды центрден тепкіш типті шектеушілері бар. Шектеуші (62 сурет) бөлгіш шестерняның бекітілген центрден тепкіш датчиктен карбюратордың төменгі келте трубасына бекітілген вакуум камералы диаграфмалық механизмнен тұрады.
Шектеушінің центрден тепкіш датчигі двигательдің бөлгіш білігімен іске қосылып, бір трубасы карбюратордың ауа трубасымен, екінші трубасы – вакуум камералы диаграфмалық механизммен жалғасқан.
Датчик ішіне клапанды ротор орналасқан корпустан серіппеден және реттегіш винттен тұрады. Ротордың осінің ішіндегі канал карбюратордың ауа кіретін келте трубасымен, оның ішіндегі трубопроводтың тесігі арқылы жалғасқан. Вакуум камерасының диафграгмасы штог, рычаг, дроссельдер білігі, аша және жұрырықшалар арқылы дроссельдердің жетегінің рычагі жалғасқан (63 сурет). Диафрагма үстіндегі қуыс карбюратордың ауа кіретін келте трубасының центрден тепкіш датчик арқылы жалғасқан. Двигатель жұмыс істеп тұрған кезде карбюратордың араластырғыш камерасының сұыйылған ұқысым жиклерлер арқылы осы қуысқа берілуі әсерінен карбюратордың а келте трубасынан трубопроводпен датчик арқылы диафграмамының үстінде пайда болған қысым шамасы қөп болмағандықтан дроссельдердің білікшесі дроссель серіппесінің күшінен ашылатын жаққа қарай еркін бұрыла алады.
Центрден тепкіш датчик айналу жиелігі артқанда центрден тепкіш күштерден әсерінен айналған ротор клапаны клапан серіппесінің тарту күшін жеңіп, ротордың тесігін жабу салдарынан карбюратордың ауа кіретін аузын жауып, диафрагманың үстіндегі қуысқа ауа кіргізбейді. Осы сәтте пайда болған қысым карбюратордың араластырғыш камерасының жиклері арқылы диафрагманың үстіндегі қуысқа кіріп, серіппенің тартылу күшін жеңіп, диафрагманы жоғары қөтеріп, рычаг пен шток арқылы дроссельді жабады. Мұның салдарынан двигательдердің цилиндрлеріне жанғыш қоспаның келуі азайып, ақыры двигательдің иінді білігінің айналымын белгіленген шамадан арттыруына мүмкіндік бермейді.
Дроссельдің білігі педаль жетегімен аша және жұдырықша арқылы жалғасқан (63 сурет). Басқару педалін босатқанда дроссельдердің муфтасының жұдырықшасы серіппені созып білікшенің шығыңқы бүйірін басып, дроссельді жабады. Басқару педалін басқанда дроссельдердің жұдырықшасы кейін шегініп тартылу серіппенің күшімен дроссельдер ашылады.
Карбюраторларды теңгеруші. Қаралған карбюраторлардың бәрі де теңгергіш типті болады. Бұл карбюратордың қалтқылы камерасы атмосферамен тікелей жалғаспайды, ауа жапқышының үстіндегі ауа келте трубасына шығарылған каналмен жалғасқан. Мұндай жағдай ауа сүзгісінің қарсылығы артқан жағдайда жанғыш қоспаның шамадан тыс байытылмауы үшін керек.
Теңгерілмеген карбюратордың араластырғыш камерасына тазартылмаған лас сүзгі арқылы ауа кіргенде оның ішіндегі ауаның қысымы өсіп, отынның кіруі артады да, жанғыш қоспа байиды, бұл отынның шығынын арттырады. Ал теңгерілген карбюратордың жиклерлері диффузор мен қалтқылы камераның қысымдарының айырмашылығының әсерінде болғандықтан, оған ауа сүзгілеріндегі қарсылықтың өзгеруі әсерін тигізбейді.
