- •Автомобильдердің жіктелуі
- •Автомобильдің жалпы құрылысы
- •Двигательдің жалпы құрылысыжәне жұмыс циклі
- •Кривошипті-шатундық механизмі.
- •Газ тарату механизмі
- •Салқындату жүйесі
- •Майлау жүйесі
- •Қоректендіру жүйесі. Жанғыш қоспа
- •Қоректендіру жүйесінің приборлары
- •Карбюратордың құрылысы мен жұмысы
- •Бас мөлшерлеу жүйесі
- •Карбюратордың қосымша тетіктері
- •Карбюраторлар
- •Двигательдің иінді білігінің айналу жиілігінің шектеушісі
- •Карбюраторды реттеу
Карбюраторлар
Қ-126Г карбюраторы – қос камералы құламалы ағынды, дроссельдері біртіндеп ашылады. Оны ГАЗ-24 двигателіне орнатады. Ол үш бөлшектен тұрады: қалтқылы камерасының қақпағы болып табылатын үстіңгі бөлігі, ауа жапқышы бар ауа келте трубасы (оның осі ауа келте трубасымен салыстырғанда ығыстырылған); орта бөлігі–екі диффузоры бар араластырғыш камерасы мен қалтқылы корпус: төменші бөлігі – дроссельді келте труба. Карбюратордың отынды пневматикалық тежейтін бас мөлшерлеуші жүйесі, экономайзер және онымен ортақ механикалық жетекті тездеткіш-насосы бар. Зая жүріс жүйесі, тездеткіш-насос және салқын двигательді іске қосқыш тек осы карбюратордың бірінші камерасында ғана болады. Отын жетек штуцерінің келте трубасындағы торлы сүзгі арқылы қалтқылы камерасына құйылады. Қалтқы тірек осіне ілінген. Ол қалтқылы камераның корпусының саңылауына бекітіліп, оған қақпақпен қысылып қойылған. Отын деңгейін тексеру үшін қалтқылы камера қабырғасында май шамасының жоғары және төмен деңгейін қөрсететін белгісі бар дөңгелек қарау тесігі болады. Қ-126Г карбюраторының бірінші камерасы барлық режимдерде же жұмыс жасайды. Екінші камера үлкен күшпен істеген кезде екінші араластырғыш камераның дросселінің жетегімен іске қосылады (шамамен бірінші камераның дросселі өзінің жолының 2/3 өткенде).
Зая ж.ріс кезінде сұйылған отынның қысымымен компенсациялық құдықшадан бүйірінде тесігі бар тығын тәрізді жанар отын жиклері арқылы отын тік каналға келеді, мұнда зая жүріс жүйесінің ауа жиклерінен кірген ауа араласады. Сонымен бірге ауа дроссельдің үстіндегі тесік арқылы араласады. Эмульсияның мөлшері зая жүрістің винтімен реттеледі.
Двигатель о р т а қ ү ш п е н і с т е г е н қ е з д е құрамы кедейленген жанғыш қоспаны отынды пневматикалық тежейтін бас мөлшерлеуші қамтамасыз етеді. Дроссель ашылғанда араластырғыш камерадағы қысым қөбейеді де отын қалтқылы камерадан бас жиклер арқылы компенсациялық құдықшаға, одан бүріккіш арқылы кіші диффузорға беріледі. Компенсациялық құдықшаға ауа жиклері арқылы ауа өтіп, ол бас мөлшерлеуші жүйесінен отынның өтуін тежейді. Двигатель орта, тіпті толық күшпен жұмыс істеген уақыттарда жа зая жүріс жүйесі өзінің жұмыс тоқтатпайды, бірақ одан өтетін отынның мөлшері азаяды. Орта күшпен жұмыс істеуде жанғыш қоспаның құрамы бас мөлшерлеуші жүйе мен зая жүріс жүйесінің бірге істеуімен қамтамасыз етіліп отырады.
Т о л ы қ қ ү ш п е н ж ұ м ы с і с т е у байытылған қоспаның құрамы екінші камераның бас мөлшерлеуші жүйесі мен экономайзердің қосылып жұмыс істеулерінің нәтижесі. Зая жүріс кезінде және орта күшпен жұмыс істеген кезде экономайзердің клапаны серіппенің күшімен жабық болады. Дроссельдің ашылуынан экономайзердің штогі төмен түседі. Дроссель толық ашылуға таянғанда экономайзердің штогі клапанды ашып, отын қалтқылы камерадан араластырғыш камерадағы бүріккішке беріледі.
Д р о с с е л ь д і ж е д е л а ш қ а н д а тездеткіш-насостың поршені төмен түседі. Отынның қысымымен кері клапан жабылып, айдағыш клапан ашылады да, отын тездеткіш-насостың бүріккіші арқылы араластырғыш камераға бүркіледі. Тездеткіш-насостың клапаны двигательдің білігі үлкен жылдамдықпен айналып тұрақты режиммен жұмыс істеп тұрған кезде тездеткіш-насостың бүріккішімен ауа кірмеуін қамтамасыз етеді.
Қ-88А карбюраторы қоспасы өздігінен ағатын араластырғыш екі камерасы (ЗИЛ-130 двигательдеріне қойылады) бір-бірінсіз өз алдына істеп әрқайсысы төрт цилиндрге жанғыш қоспа дайындайды. Карбюратор негізінен үш бөліктен: қалтқылы камераның қақпағы мен ауа кіргізетін келте труба, корпус және дроссельді төменгі екі келте трубадан тұрады. Ауа кіретін келте трубаның ішіне автоматты клапаны бар ауа жапқышы, ал қалтқылы камера қақпағының ішіне-тордан істелген сүзгі мен инелі клапан орналасқан. Карбюратор корпусында қалтқылы камера және екі араластырғыш камера, механикалық жетегі бар экономайзер, тездеткіш-насос пен жиклерлер орналастырылған.
Төменгі келте трубаға ортақ осі бар екі дроссель орналасып, олар айналу жиілігін тежеушінің датчигімен жалғасқан.
С а л қ ы н д в и г а т е л ь д і і с қ е қ о с қ а н д а ауа жапқышы жабық, бірақ онымен тартқыш арқылы жалғастырылған дроссельдер сәл ғана ашық. Араластырғыш камерадағы үлкен қысым дроссельдердің астынан бас мөлшерлеушілер жүйесі мен зая жүріс жүйесінің жиклерінен отынның еркін ағуын қамтамасыз етіп двигательді іске қосуға керекті байытылған қоспа дайындалады.
Отын қалтқылы камерадан бас жиклер арқылы толық қуат беретін жиклерге өтіп, одан ауа жиклерінен енетін ауаның кедергісі әсер ететін эмульсия каналына кіреді. Бас жиклерден өткен отынның бір бөлегі зая жүрістің жиклеріне кіріп ондағы ауамен араласады да эмульсияға айналып, араластырғыш камераның тесігі арқылы дроссельдің астына өтеді.
Ж а й а й н а л ы с т а ғ ы з а я ж ү р і с к е з і н д е дроссельдер сәл ғана жабылып, олардың астындағы сұйылу қысымы әсерінен араластырғыш камерасының қабырғасындағы тесіктен өтіп зая жүрістің каналына кіреді. Карбюратордың қалтқылы камерасынан отын бас жиклер арқылы зая жүрістің жиклерілеріне өтеді. Зая жүрістің жиклерінің және дроссельдердің тесіктерінен кірген ауа отынмен араласып пайда болған эмульсия зая жүріс винтімен реттелетін тесік арқылы хзая жүріс каналы мен дроссель астындағы араластырғыш камераға кіреді де, онда ауаның негізгі ағымына араласады.
Д в и г а т е л ь о р т а ш а к ү ш п е н ж ұ м ы с і с т е г е н к е з д е кедейленген жанғыш қоспа құрама отынның пневматикалық тежегіш бар мөлшерлеуші жүйемен дайындалады. Дроссельдердің ашы луы артқан сайын кіші диффузордағы сұйылтылу қысымы карбюратордың қалтқылы камерасынан бас және толық қуат беруші жиклерлер арқылы, одан әрі кіші диффузорлардың дөңгелек саңылауындағы эмульсия кналдарымен отынның тез өтуіне себеп болады. Отын эмульсия каналдарынан өткенде бұған ауа жиклерлер мен бос зая жүріс жүәелерінен кірген ауамен араласынан эмульсия пайда болады. Бұл кезде толық қуат беретін жиклерлерде сұйытылу қысымының кемуінен двигательдің орта күшпен жұмыс істеуі үшін керекті қоспаның кедейленген құрамы пайда болады.
Д в и г а т е л ь д і ң т о л ы қ қ ү ш п е н ж ұ м ы с і с т е у і үшін байытылған қоспаның құрамы жиклерлерге толық қуат беретін экономайзермен қосымша отын беру арқылы қамтамасыз етіледі. Аз және орташа күштермен істеген кезде механикалық жетегі бар экономайзердің клапаны жабық болады.
Толық қуат беретін жиклерлердің қимасы үлкен болғандықтан, отын негізінен бас жиклерлермен мөлшерленеді. Дроссельдер толыққа жақын ашылған кезде тартқышпен жалғасқан тездеткіш-насосының планкасы итергішті төмен басып, экономайзердің клапаны ашады. Сөйтіп отын қимасы қоспаның байытылған құрамын дайындауға лайықты істелген каналдармен толық қуат беруші жиклерге беріледі.
Д р о с с е л ь д і ш ұ ғ ы л а ш қ а н к е з д е қоспаның байытылуын жетегі дроссельдің рычагы мен шығыршық пен тартқышпен жалғасқан тездеткіш-насосы атқарады. Поршень мен штоктың бірден төмен қарай шұғыл жылжуы отын қысымын жасайды, сондықтан кері шарикті клапан жабылып, отын айдағыш клапанды аша отырып, канал арқылы тездеткіш насосының бүріккішіне кіреді. Отынның бүркілген ағыстары кіші диффузордың қабырғаларына ұрылып, ұсақ бөлшектерге бөлініп шашырап, қоспаны байытып двигательдің тиімділік қабілетін арттырады.
Қ-126Б карбюраторы (61 сурет) ЗМЗ-53 двигательдеріне орнатылады. Оның құрылысы мен жұмыс принциптері Қ-88А карбюраторына ұқсас.
