Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Avtomobil_lektsia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
370.69 Кб
Скачать

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ

№1-Дәріс

  1. Жалпы мәліметтер

2. Автомобильдердің жіктелуі

3. Автомобильдің жалпы құрылысы

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.

Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Совет өкіметі жылдарында елімізде қуатты автомобиль өндірісі құрылды, ол халық шаруашылығын осы заманғы түрлі маркалы және конструкциялы автомобильдермен қамтамасыз етеді. Осы күнгі - Москваның Лихачев атындағы, Горький, Ульяновск, Кременчук, Минск, Кутаиси, Волжск, Ирбитск автомобиль заводтары мен Москваның шағын литражды және Запорожьенің микролитражды автомобильдер шығаратын заводтары; Ликинск, Львов, Павловск автобус заводтары, Риганың автобус қораптарын жасайтын тәжірібе заводымен қатар жаңадан автомобиль заводтары салынып, ескеріле қайта құрылуда.

Халық шаруашылығының өрендетудің 1976-1980 жылдарға арналған негізгі бағыттарында өткен бесжылдықтай автомобильдің түрлі маркаларын шығаруды арттыру көзделді.

Совет автомобиль жасушылары автомобильдердің конструкциясын жақсарту жөнінде зор жұмыстар жүргізуде. Осындай мақсатпен автомобиль двигательдерін жасайтын мамандырылған Заволжье мен Ярославль мотор заводтары, сондай-ақ қоректендіру және электр жабдықтары жүйелерінің приборларын, резина-техникалық бүйымдардың және жекелеген тораптар мен агрегаттар шығаратын кәсіпорындар салынды.

Автомобильдердің жіктелуі

Автомобильдер өздерінің пайдалыну мақсаттарына сәйкес транспорттық және арнаулы болып екіге бөлінеді: транспорттық автомобильдер жүк және жолаушылар тасуға арналған, қолданылуына қарай автомобильдің бұл тобына жолушы таситындары жатады.

Жүк автомобильдері жүк көтенгіштігі мен кузовының түріне қарай бір-бірінен өзгеше болады.

Жолаушы автомобильдері конструкциясы мен кузовының сыйымдылығына қарай автобус және жеңіл автомобиль болып екі топқа бөлінеді.

Автобустар жақын қашықтыққа жолаушылар таситын қалалық; жолаушыларды алыс қашықтыққа тасу үшін жабдықталған қала аралық және туристік деп аталатын үш үлгімен шығарылады.

Автобустар кузовының сыйымдылығына қарай сыйымдылығы кіші, орташа және үлкен деп түрге бөлінелі.

Арнаулы автомобильдер белгілі бір жұмысты орындай алатын тетіктермен және механизмдермен жабдықталады. Бұған санитарлық, өрт сөндіретін, суаратын, қоқыс жинайтын автомобильдер, автокрандар мен автошеберханалар және т.б. жатады.

Автомобильдің жалпы құрылысы

Автомобиль негізгі үш бөліктен – кузовтан, двигательден және шассиден тұрады.

Кузов. Автомобильдің қолданылуына қарай оның кузовының құрылылсы да әртүрлі болады. Жүк автомобилінің кузовына оның платформасы мен жүргізүшінің кабинасы кіреді. Жеңіл автомобильдер мен автобустардың кузовы жолаушылардың жайлы отыруына ынғайластырылып жаслады. Сондай–ақ кузовқа оның қанаттары, қаптауы, капот және тосқауыл жатады.

Двигатель цилиндрде отының жануынан пайда болатын жылу энергиясын айналысқа, яғни механикалық жұмысқа айналдырады. Автомобильдің шассиі трансмиссиядан, жүріс бөлігінен және басқарушы механизмдерден тұрады. Шасси двигательден жетекші дөнгелектерге және автомобильдің қозғалуы мен оны басқаруға айналдыру моментін беруге арналған.

Т р а н с м и с с и я. Автомобильдің қозғалысқа келтіру үшін оның жетекші дөңгелектеріне айнымалы қозғалыс беру қажет. Бұл жәй айнымалы қозғалысты двигательден трансмиссия арқылы іске асырылады. Ол іліністен, берілістер, қорабынан, кардан және бас берілістен, дифференциалдан, жарты осьтерден тұрады.

Ілініс двигатель мен берілістер қорабын жайлап қосып, уақытша ажыратып отыруға арналған.

Беріліс қорабы двигательден жетекші дөңгелектерге берілетін айналдырушы моментінің шамасын өзгертіп, автомобильдің кейін қарай жүруін байланыстыруға, сондай-ақ ұзақ уақыт трансмиссия мен двигательді ажыратуға арналған.

Карданды беріліс бас беріліс пен беріліс қорабының аралық буыны ретінде қолданылады. Оның негізгі міндеті - автмобильдің қозғалысы кезінде беріліс қорбынан моментін беріп тұру.

Бас беріліс автомобильдің жетекші дөңгелектерінің айналдырушы моментін үлғайтып, оны тік бұрышпен жарты осьтерге беру үшін керек.

Дифференциал жетекші дөңгелектердің автомобиль кедір - бұдыр жолмен жүріп келе жатқандай және бұлылыс кезінде әр түрлі жылдамдықпен айналуларын қамтасыз етеді.

Жартылай осьтер автомобильдің жүргізуші дөңгелектеріне айналдырушы моментін беріп отыру үшінкерек.

Ж ү р і с б ө л і г і - рамадан тұрады да бұған автомобильдің барлық агрегаттары мен мехнизмдері, алдынғы және артқы осьтері, рессорлары, амортизаторлары мен пневматикалық шиналы дөңгелектері бекітіледі. Рамасыз автомобильдерде раманы кузовы алмастырады.

Б а с қ а р у м е х а н и з м д е р і н е басқару рулі мен тежеуіш жүйесі кіреді. Басқару рулі автомобильдің жүру бағытын өзгерту үшін керек болса тежеүіш жүйесі оның жүрісін баяулату, не мүлдем тоқтату үшін керек.

Отандық өнеркәсіпте шығарылатын негізгі автомобильдер мен автобустардың улгілері мыналар: ЗИЛ-130, ГАЗ-53А, ГАЗ-24 «Волга», КрАЗ-257, МАЗ-500, БелАЗ-540, Урал-377, КАЗ-608, «Москвич-412», ЗАЗ-966, ЛиАЗ-677, ЛАЗ-695Н және ПАЗ-672.

Базалық үлгілерге негізделіп автомобильдердің жетілдірілген түрлері шығарылады.

Москваның Лихачев атындағы заводы – жүк көтергіштігі 12,4 тонналық ЗИЛ-130ВІ жүк автомобилін; базасы үлкейтілген ЗИЛ-130Г автомобилін; құрылыста қолданылатын ЗИЛ-ММЗ-555 автомобиль – самосвалын; жүрдектігі жоғары ЗИЛ-131 автомобильдерін шығарады.

Горький автомобиль заводы - жүк көтергіштігі 2 тонналық жүрдектігі жоғары ГАЗ-66 автомобилін; экранды электр жабдықтары бар ГАЗ-66-04 автомобилін; лебедкалы ГАЗ-66-02 автомобилін шығарады. Бұл автомобильдердің барлығы да шиналарына ауа толтырудың орталықтандырылған жүйесімен жабдықталған.

Кременчуг заводы - жүк көтергіштігі 11 тонналық КрАЗ-256Б автомобиль-самосвалын шығарады.

Минск заводы - жүк көтергіштігі 7 тонналық темір кузовты МАЗ-503Б-автомобиль-самосвалын; жүк көтергіштігі 17,45 тонналық МАЗ-504 жүк тартқыш автомобилін; базасы ұзын МАЗ-500Г; солтүстіктегі жағдайда жұмыс істеуге арналған МАЗ-512; оңтүстіктегі жағдайда жұмыс істеуге арналған МАЗ-513 автомобильдерімен жүрдектігі жоғары ағаш таситын МАЗ-509 автомобильдарін шығарады. Белорус заводы бір осьті БелАЗ-531 тартқыш автомобилін; жүк көтергіштігі 40 тонна БелАЗ-548А автомобилін шығарады.

Урал заводы жүрдектігі жоғары және жоғарылатылған Урал–377 автомобилінің екі түрін шығарады.

Кутаиси заводы жүк көтергіштігі 11,5 тонна, платформасын оң жағына аударып төңкеретін КАЗ-717 автомобиль-самосвалдарын шығарады. Мұндай автосамосвалдар тайланбаған мақта тасуға арналған.

Москваның Ленин комсомолы атындағы автомобиль заводы «Москвич-426»,» Москвич-427», «Москвич-433» және «Москвич-434» автомобильдерін шығарады.

Львов заводы ЛАЗ-695Н және ЛАЗ-697Н «Турист» және ЛАЗ-698 автобустарын шығарады.

Танысқалы отырған автомобильдердің қысқаша техникалық сипаттамалары 1-таблицада келтірілген.

1 – т а б л и ц а

Негізгі

мәліметтер

Автомобильдердің маркалары

ЗИЛ-130

ГАЗ-53А

ГАЗ-24 «Влога»

Автомобильдердің типтері

Жүк автомобилі

Жеңіл автомобиль

Двигательдің типтері

төрт такттілі карбюраторлы

Жүк көтергіштігі,т:

жолаушы орны

5

-

4

-

-

5-6

Ең жоғарғы жылдамдығы, км/сағ

90

80-86

145

№2-Дәріс

  1. Двигательдің жалпы құрылысы және жұмыс циклы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]