Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гормоны каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.97 Кб
Скачать

Эталон жауап № 1

Ауруда гипер гликемия және глюкозурия,гиперлактацидемия,гиперкетонемия және кетонемия,НЭЖК мөлшерінің көбеюі,мочевина және қанда бикарбонаттың мөлшері төмен болуы,полиурия,зәрдегі салыстырмалы тығыздықтың жоғарлауы және ондағы глюкоза мөлшерінің көбеюі байқалады. Гипергликемия байқалатын жағдайлар:

а) глюкоза үшін клетка мембранасының өткізгіштігінің бұзылуы,яғни олардың клеткаға өтіп кетүі.

б) гексокиназа ферментінің активтілігінің төмендеүі нәтижесінен глюкозаның фосфорлауының бұзылуы.

в) глюкозаның тотығып ыдырауының төмендеуі және ыдырау өнімдері – майлар мен аминқышқылдарына айналуының өтмендеуі.

г) глюкозаның ақырғы өнімдерінің және олардың глюконеогенздің күшеюі,глюкоза - 6 фосфотаза ферментінің активтілігінің күшеюінен бауырдың қанға өтүінің жоғарлауы.

Глюкозаның қандағы концентрациясының көбеюінен глюкоза зәр арқылы шыға бастайды. Инсулин, глюкоген,адреналин,контргормондар әрекеті әсерінен глюкозаның утилизациясының бұзылуынан қандағы НЭЖК мөлшері көбейеді.

Бауырдағы НЭЖК ыдырауының күшеюі,Кребс цикліндегі түзілген кетон денелерінің ыдырауының азаюы және олардың май қышқылына айналуы гиперкетонемия және кетонурияға әкеліп соғады.Ацетил КоА және ацетилсірке қышқылының мөлшерінің көбеюі холестерин синтезін күшейтеді,бұл гиперхолестеринемияны түсіндіреді.

Қант диабеті кезіндегі көмірсулардың анаэробты ыдырауы гиперлактадицемияға әкеліп соқтырады.

Эталон жауап № 2

Бұл құбылыстар қантты емес диабеті кезінде байқалады.Ауруда гематокриттің көбеуі байқалады және гемоглобин мен белок мөлшерінің көбеюі,қан сары суында,сонымен қатар мочевина мөлшерінің өсүі,гипернатриемия,біршама полиурия,зәрдегі мочевина мөлшері мен салыстырмалы тығыздық азаюы білінеді.

Қандағы глюкоза мөлшері қалыпты жағдайда,ал зәрде глюкоза жоқ.Антидиуретикалық гормондардың биологиялық эффектісінің болмауы қант емес диабетте бүйректің каналшаларында судың реабсорбциясының азаюына әкеліп соғады,яғни диурездің көбеюіне(полиурия).

Сусыздандыру кезінде қанның концентрациялануы, гематокриттің өсуі қан сары суындағы белок пен гемоглобин мөлшерінің өсүі,әлсіз көрінген уремия,гипернатриемия дамиды.

Полиурияның әсерінен зәрдің салыстырмалы тығыздығы осмоляльдығы және мочевинаның мөлшері төмендейді.

Эталон жауап № 3

Бұл құбылыстар гипертиреоз кезінде байқалды және тиреоидты гормондардың биологиялық эффектісімен байланысты.Тиреоидты гормондардың артық әсері белок катаболизмінің күшеюіне көмірсулардың майға айналуының тежелүіне,май мобилизацисының күшеюіне, аурудың арықтауына әкеліп соғады.

Тиреоидты гормондардың артық мөлшері және олардың метаболизмінің өнімі тканьдік тыныс алу процессін және тотығу фосфорильдеуін ажыратады,бұл АТФ-тің жетіспеушілігіне,бұлшық еттің әлсіреуіне,субфибриллетке әкеліп соғады.

АТФ-тің жетіспеушілігінің және жүрек тканінің катехоламиндерге сезімталдығының күшеюі нәтижесінде тахикардия, ентігу,жүрек бұлшық етінің дегенеративті зақымдануы байқалады.Экзофтальмикалық әсер тиреостимуляциялық қасиетінен айрылған тиреотропты гормондардың дериват молекуласының әсеріне байланысты.