
Есеп № 1
60 жастағы ауру аузының құрғатылуына,денесінің ыстықтауына,мөлшерден тыс зәр шығаруына, тамаққа зауқының жоғарылауына, әлсіздікке,арықтауына,терісінің қышуына,ұйқысының бұзылуына,қабілетінің төмендеүіне арыз айтады.
Қан анализі:
Глюкоза мөлшері – 20 ммоль/л
Сүт қышқылының мөлшері – 1,8 ммоль/л
Этерифицирленнбеген май қышқылының мөлшері – 1000 мкмоль/л
Кетон денелерінің мөлшнрі – 12 ммоль/л
Холестериннің мөлшері – 9,0 ммоль/л
Мочевинаның мөлшері – 9 ммоль/л
Бикарбонаттардың мөлшері – 15 ммоль/л
Зәр анализі:
Тәүлік диурезі – 5 л
Зәр түсі – ашық сары
Ортаның реакциясы – қышқыл
Салыстырмалы тығыздығы – 1,045
Глюкозаның мөлшері – 1
Ацетон денелері – табылады
Қандай ауруда осыған тән арыздар,қан мен зәрдің өзгерістері байқалады? Осы өзгерістерді атап, олардың пайда болуын түсіндіріңіз.
Есеп № 2
20 ауру адам қайта-қайта шөлдейтіндігіне(полидипсия),көп мөлшерде зәр шығаруына,(полиурия) және жиі-жиі зәр шығаруына,тамаққа зауқымының төмендеуіне,әлсіздікке,басының ауыратындығына, ұйқысыздыққа,нәжістің шықпай бітеліп қалғандығына шағымданады.
Қан анализі:
Гематокриттік мөлшер эритроциттердің жалпы көлемі – 55
Қан сары суындағы белок мөлшері – 95 г/л
Гемоглобин мөлшері – 174 г/л
Қан сары суындағы глюкозаның мөлшері – 3,9 ммоль/л
Қан плазмасындағы натрий мөлшері – 170ммоль/л
Қан сары суындағы мочевинаның мөлшері – 9 ммоль/л
Зәр анализі:
Тәүліктік диурез – 30 л.
Зәр – түссіз
Ортаның реакциясы – әлсіз қышқылды
Зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,003
Мочевинаның мөлшері – 220 ммоль/л(тәүлік)
Осы құбылыстар қандай ауру кезінде байқалады? Осы құбылыстарды атаңыз және аурудың пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
Есеп № 3
40 жастағы ауру бұлшық етінің әлсірегеніне,тез шаршайтынын,тердің көп бөлінүіне,жылуды көтере алмайтынына,субфибрильді температура пайда болуына,жүрек соғысының жиілеүіне(120соғ/мин),аяқ-қолының дірілдеүіне,арықтауына арыз айтады.Осы ауруда көзінің бақыраюы(экзофтальм)байқалады,офтальмометриясы – 17+0, мойынының алдыңғы бөлігінің қалыңдауы(жуан мойын)және ентігү байқалады.
Қандай ауруда осындай құбылыстар байқалады? Осының пайдй болу механизмін түсіндіріңдер.
Есеп № 4
60 жастағы ауру үнемі шаршап жүретініне, ұйқышылдығына,көңіл-күй жоқтығына,қимылының шабандығына,суыққа сезімталдығына,есте сақтау қасиетінің нашарлауына,іш қатуына,аяқ-қол сырқырауына арыз айтты.
Беті ісінген,қабақтарының астында қалта тәрізді ісік,ерін,жағы ісіген,көз қиықтары тар. Негізгі алмасу төмен. Қандай патологияда осындай құбылыс байқалуы мүмкін? Пайда болу механизмін түсіндіріңіздер.
Есеп № 5
4 жасарлық жас баланың бойының өсүінің тоқталуы, физикалық және санасының өсуінің кемуі байқалады. Сүйек жүйесінің өсүі бұзылған.Түтікше сүйектер кеңейген,қысқа. Тістері аз. Іші үлкен, кіндікті грыжамен. Еңбегі ашық.Бала нашар жүреді, сөйлеуі жетілмеген. Мұндай белгілер қандай патологияда байқалады? Пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
Есеп № 6
40 жастағы аурудың арыздары мынандай: шөлдеу(полидипсия),зәрдің көп бөлінүі(полиурия),әлсіздік,жүдеү,сүйектерінің ауруы, тістерінің босап түсүі,спонтанды қайталанып отыратын,ұзақ жазылатын сынулар. Ауру екі жағына теңселіп жүреді (үйрек тәрізді),жүргенде шалыныса береді.
Қан анализі(қан сары суы)
Кальций мөлшері – 3,3 ммоль/л
Неорганикалық фосфордың мөлшері – 0,5 ммоль/л
Зәрдің анализі:
Тәүліктік диурез – 10л.
Ортаның реакциясы – сілтілік
Салыстырмалы тығыздық – 1,005
Фосфаттың мөлшері – 33 ммоль/л тәүлік
Қан мен зәр анализіндегі өзгерістер мен осындай жағдайлар қандай патологияда болуы мүмкін? Осы құбылыстар мен өзгерістерді атаңыз және олардың шығу механизмдерін түсіндіріңіз.