Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kkolontitul_kaz_OSPE_son5y_1kurs.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
951.81 Кб
Скачать

2 Қадам- Ішкі әйелдер жыныс ағзаларына:

1) аналық бездер- жұмыртқа жасушасы түзіліп, жетілетін(овогенез) және аналық жыныс гормондарының түзілетін орны(эстрогендер және прогестерондар)

2) фаллопиев (жатырлық) түтігі- аналық без бен жатырды жалғайды, жұмыртқа жасушасын жатырға жылжытады, жұмыртқа жасушасының ұрықтану орны.

3) жатыр-ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жабысатын орны, жүктілік кезінде ұрықтану дамуы және босануда бұлшық ет жиырылуының бсаталатын орны.

4) қынап- бұл мениструалды қанның ағуына арналған канал, босану жолдарының төменгі бөлімі және копулятивті ағза.

12

1 қадам- Аталық жыныс бездері, ұрық шығаратын өзек, шәует көпіршіктері, қуық асты безі, бульбоуретальды бездер, жыныс мүшесі, ұма.

2 Қадам- Еркектердің ішкі жыныс ағзаларына:

1) ұрыққап немесе шәует шылбыры- сперматозойдтардың, жыныс гормондарының пайда болатын, дамйтын жері.

2) аталық без қосымшалары (эпидидимис)- ұрықтың дамуы және сақталу орны.

3) ұрық шығаратын өзек- бірнеше ай көлемінде ұрықты жинап, сақтайды. Содан кейін перистальтика арқылы ұрық шығару үшін зәр шығару өзегіне айдайды.

4) қуық түбі безі- қынаптағы қышқылдық ортаны бейтараптау үшін сілтілі сұйықтық бөледі.

5) ұрық қапшығы- ұрықтың тіршілігіне және қозғалысына қажетті фруктозаға бай кілегей сілтілі сұйықтық бөледі.

6) бульбоуретральды (Куперова) безі- қынаптың қышқылдығын бейтараптайтын сұйықтық шығарады және кілегей бөледі.

13

1 қадам- Құрсақ сабауы, жоғарғы шажырқай артериясы, төменгі шажырқай артериясы.

2 Қадам- Жүрек оралымының кезеңдері.

Орта есеппен жүректің жиырылу жиілігі 75 рет мин. болғанда, жүрек оралымының ұзақтығы систола, диастола және үзіліс-0,8с тең. Жүрек жиырылуы жүрекше систоласынан басталады, ұзақтығы 0,33с. Ол 2 кезеңнен тұрады- кернеулік кезеңі және қанды айдау кезеңі. Қарынша систоласынан кейін диастола алмасады, ұзақтығы 0,47с, ол 4 кезеңнен тұрады: протодиастолалық, изометриялық босаңсудан, қан толуы және пресистолалық. Жүректің жалпы үзілісі 0,37с.

14

1 қадам- Көкбауыр венасы, жоғарғы шажырқай венасы, төменгі шажырқай венасы.

2 қадам– Тамақтану нормасы –ол қоректік заттардың тәуліктік мөлшері, тамақ рационындағы белоктар, майлар және көмірсулар, сонымен бірге витаминдер, минералды заттардың құрамын көрсетеді.

Тамақтану нормасы жынысына, жасына оймен жұмыс жасайтындарға және басқа да факторларға байланысты анықталады. Аз физикалық күш жұмсаған ересек адамдарда тәулігіне тағамнан алу керек: ақуыз 80-100 гр,майлар 70-100 гр, көмірсу 400-500 гр. Осы жағдайдағы энергия шығыны тәулігіне 1 кг-ға шаққанда 50-60 ккал тең болады.

Тамақтану режимі-бұл еңбек ету, дем алудың тәуліктік ритміне, тағамды қабылдау реттілігіне байланысты. Тәулігіне белгілі уақытта 4-5 сағаттық интервалмен 4 рет тамақтану рационы тиімді. Кешкі тамақтану кезінде жеңіл сіңірілетін тамақ қолданылады және ұйқыға дейін 3 сағат алдын тамақтану қажет.

Қалыпты жағдайда төрт мезгіл тамақтану қажет:

I таңертеңгілік ас – 25%

II таңертеңгілік ас – 15%

Түскі ас – 35%

Кешкі ас – 25%

15

1 қадам- Оң және сол жақ бел лимфалық сабаулары, сол жақ бронх көкірекаралық лимфалық сабау, сол жақ бұғана асты лимфалық сабау, сол жақ мойындырық лимфалық сабау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]