- •1. Биосфераға антропогенді әсерлердің негізгі түрлері. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме
- •2. Қоршаған ортаның ауыл шаруашылығымен ластануы және онымен күрес
- •3. Төтенше жағдайлар
- •4. Соғыс және әлемдік мәселелер. Ядролық қару
- •5. Шаңмен ластану мәселесі
- •6. Физикалық ластану мәселесі
- •7. Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
- •8. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы
5. Шаңмен ластану мәселесі
Бізге қолайлы сөздіктерде бұл термин немесе «шаңмен ластану» түсінігі жоқ. Және де бұл заңды, өйткені дәстүрлі экологияда бұл мәселе үйлеспейді (ал сөздіктерде, заң бойынша, биологтарға арналған). Сонымен қатар, бұл неоэкологияны ерекшелеуді қажет етеді. Өйткені, көптеген мәселелер экологтардың назарынан тыс қалады. Бұл ластану түрін «аэрозольдармен ластануға» жатқызуға болады, өйткені бұл ауаның ұсақдисперсті сұйық және қатты заттармен ластануы арқылы анықталады. Әрине, бұл мәселені толық қамти алмайды. Сонымен қоса, шаңмен ластанудың қатарына физикалық, химиялық және басқа ба ластанулар кіреді. Сондықтан біз бұны ластанудың дербес түрі деп санаймыз. Шаңмен ластану – табиғатты және адам организмін кешенді көпкомпонентті ластауы, толық айтқанда улы емес және өте улы элементтерді қоса алғандағы зиянды элементтермен ластану. Бұл ластану түрінің маңыздылыға жөнінде себеп бола алады, мысалы, шахтерлардағы кәсіпшілік ауруының болуы. Шаң өзімен бірге бактериалды және басқа да ластауларды алып келеді. Табиғатқа келетін болсақ, бұл жерде де шаңмен ластанудың көптеген мысалдары белгілі. Мысалы, ормандардың қалыптасқан территорияларында алыс жақта орналасқан территориялардағы шаңның жинақталғаны байалған. Еске ала кетсек, планетамыздың климатының өзгеруіне әкеп соққан, вулканмен шығарылған шаңның ролі мол және т.б. Экологиялық паспорттарда шаңның жеке көздерімен ластануы тіркелген, кей кезде ол тек негізгі ластаушы болып келеді. «Пәтер ішілік ластану», пәтер ішінде қажетсіз физикалық, химиялық және биологиялық агенттердің пайда болуы, терминінің бар екенін айтпағанда. Бірақ бұл тек пәтерге ғана тиесілі емес, сонымен қатар қоныстандырылған пунктер, үлкен территориялырға да қатысы бар. Осылайша, шаң бұл өте кең тараған және қауіпті ластаушыларға жатады. Қысқаша қарастыратын болсақ.
Шаң – бұл ауада өлшеулі зат ретінде болатын, өте ұсақ қатты және сұйық бөлшектер. Шаң әртүрлі болады және келесі белгілерге топтауға жатады:
Заттың түрі бойынша;
Ұсату дәрежесі бойынша (дисперстілі);
Тірі организмге зияндылық дәрежесі және жарылу қаупі бойынша;
Шаң бөлшектерінің өлшемі бойынша үш топқа бөлінеді:
Шаң (бөлшектердің өлшемі 10-3 мм);
Бұлттар (бөлшектер өлшемі 10-5 мм);
Жағдайына байланысты:
өлшеулі түрде ауады (аэрозоль);
шөгіп қалған
Шаң түйіршіктерінің мөлшері кіші болған сайын, шаңның қауіптілігі жоғары болады, өйткені мұндай шаң аэрозоль ретінде ауада көп сақталады және өкпе тыныс жолдарына тереңірек енеді.
Шығу тегіне қарай шаң үш топқа бөлінеді:
органикалық (көмір, ағаш және т.б.);
неорганикалық – бұл металл шаңы (шойын, болат, мыс);
минералды (құмды, әкты, цементті);
Аралас шаңның құрамына екінші және үшінші топтағы компоненттер кіреді (мысалы, аспаптарды қайраудан пайда болған шаң).
Зияндылық дәрежесіне қарай өндірістік шаң төмендегідей бөлінеді:
тітіркендіретін;
токсинды (сынап, мышьякк, қорғасын шаңдары);
Физикалық құрамы жағынан:
қаттылығы бойынша;
ерігіштігі бойынша;
салыстырмалы массасы бойынша;
тұтанғыштығы және т.б.
Шаңның биологиялық активтілігі оның химиялық құрамына байланысты. Шаң өкпе мен лимфалық бездерге өтіп, онда ауру туғызады. Токсинді шаң (сынап шаңы және т.б.) биологиялық ортада еріп, у тәрізді әсерімен организмнің улануына әкеледі. Шаң ауадан кейбір улы газдарды соруға қабілетті, нәтижесінде улы емес шаң өте улы шаңға айналады. Мысалы, көмір шаңы және күйе көміртегі оксидін сорып алады. Адам шаңмен ұзақ уақыт бойына тыныс алса, өкпе, асқазан, тері ауруларына және т.б шалдығуы мүмкін.
Ауадағы барлық шаң бөлшектерінде электр заряды болуы мүмкін. Тыныс жолдарында бұндай шаңның сақталу пайызы бейтарапқа қарағанда 2-3 есе үлкен.
Адам организміне зиянды әсері тыныс алғандағы шаңнаң мөлшеріне, дисперстілік дәрежесі, олардың формасы мен химиялық құрамына байланысты.
Тыныс алғандағы шаңның мөлшері бөлменің шаңдануына байланысты. Осы ретте, бөлмедегі шаңның ШРК-сын қадағалау қажеттігі көрінеді. Кремний қостотығы бар органикалық шаң үшін мынадый ШРК: егерде сонғылары 10% онда ШРК – 2 мг/м3, 2-ден 10% дейін – 4 мг/м3, 2% - 6 мг/м3.
Ауа сапасын анықтаудыі бірнеше әдістері бар: таразылы, есептік, фотометриялық, радиометриялық.
БҰҰ мәліметтері бойынша жыл сайын біздің планетамыздың атмосферасына бүгінгі күні 2,5 млрд. тонн шаң шығарылады. Швецияда 1 га 500 кг шаң түседі, Бельгияда – 6000 кг. Кейбір авторлар шаңмен байланысты химиялық ластануды ерекше бөліп көрсетеді. Мысал ретінде қорғасынның шанмен адам организміне түсуін келдіруге болады. Қорғасынның мөлшерінің қанда ұлғаюы ақыл-ойдың дамуының нашарлауына әкеп соғады. Мумияларда қанша қорғасын болғанын талдаған кезде, бүгінгі күнгі адамдарда оның мөлшері 100-1000 есе көп екені дәлелденді.
Бүгінгі жастар мен балалар-осы ортада өсіп жатқан ұрпақтың бойына химикаттар мен шаң көп мөлшерде сіңген.
