Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.38 Кб
Скачать

3. Төтенше жағдайлар

Төтенше жағдайлар (ТЖ) деп адам өлімі көп болған авария, катастрофаларды, адамдардың өмір сүру жағдайларының бұзылуы немесе экологиялық жағдайының нашарлауын айтады. Өндіріс күштерінің өнімінің өсуіне байланысты адамзаттың техникалық сферасының кеңеюі техногенді авариялар саны мен онда зардап шеккендердің санының көбеюіне әкеп соғады. Жаңа қауіптердің пайда болуы өркениеттің дамуымен байланысты. Мысал ретінде төменде келтірілген ХХ ғасырдағы химиялық қауіптердің пайда болу хронологиясы келтірілген:

Жылы

Қауіп түрі және апат болған орны

1915

Химиялық қаруды пайдалану (хлор) (ИПР, Бельгия)

1917

Хлордың өндірістік шығарындысы (Вайндотт, США)

1921

Нитрат аммонийдің атылуы (Оппау, Германия)

1935

Ракетаны шұғыл ұшыру кезіндегі отты шар (Германия)

1943

Отты штурм (Гамбург, Германия)

Булы бұлттың жарылуы (Людвигсхафен, Германия)

1945

Ядролық қаруларды қолдану (Хиросима, Нагасаки, Япония)

Бактериялық қаруды қолдану (Маньчжурия)

1957

Плутоний өндірісі кезінде ядролық авария (Уиндскейл, Великобритания)

1968

Аммиактын төгілуі (Лион, Франция)

1976

Қиын кететін токсинді ластану (Севезо, Италия)

1985

Метилизоцианатпен ластану (Бхопал, Индия)

1986

Ядролық авария Чернобль АЭС (СССР)

1985

Рейн өзенінің ластануы (Батыс Еуропа)

ХХ ғасырдың 900 жылдары саяси және экономикалық жағымсыз орта өндірістік техникалық паркі және транспорттық мекемелердің моральды түрде ғана емес, физикалық түрде тозуына әкелді, бұл қоршаған ортаға қайтымсыз зиян тигізетін, төтенше жағдайлардың санының өсуіне әсер етті.

Сонғы 20 жылда әскери қажеттіліктерге шығындар 17 млрд.дол. құрады, яғни, 1,6 млн. дол. минутына. Әскери қажеттіліктерге 6% әлемдік мұнай өнімдері кетеді және алюминий, мыс, никель, платина, яғни бұл Африка, Азия және Латино Американы қоса алғанда барлық мемлекеттердің тұтынуымен тең. Бұнда 60 млн. адам, сонымен қоса 3 млн. ғалымдар мен инженерлер жұмылдырылған.

4. Соғыс және әлемдік мәселелер. Ядролық қару

Қоршаған ортаға ядролық соққының әсері біріншіден, зарядтың күштілігіне және соққы тиген объектіге байланысты. Ядролық жарылыс кезінде атмосфераға радиоактивті заттар шығарылып, соққы толқыны, жарықтық сәулелену қалыптасады, өрт басталады, нәтижесінде ауаға көп мөлшерде ыс, шаң және көміртегі диоксиді шығарылады. Ыс пен шаң жер бетіне түсетін күн сәулесін жауып қалады. Есептеу орталығының АН СССР 1983 жылы академик Н.Н.Моисеевтың басқаруымен атқарылған есебі бойынша, жер бетінде және атмосфераның төменгі қабаттарында температура төмендеп, «Ядролық қыс» қалыптасады, кейін жер шарының климаты өзгереді деп болжанған. Ядролық соққы нәтижесінде биосфера бүгінгі күнгідей түрі жойылады, бірақ бастысы жана биосферада адамға орын табылама белгісіз.

Әскери соқтығыстар әр кезде биосфераға теріс әсерін тигізеді. Өркениеттің даму барысында бұл нәтижелер локальдыдан глобальдыға айналды. Мынадай сұрақ туады, қанша рет осы немесе басқа держава өзінің ядролық қаруларымен жер шарын жойып жібере алады. Жер шары біреу және оны бір рет қана жойып жіберуге болады.

Мысалы, ядролық үлгіде бір қанатты ракетаның зарядының күштілігі «Томогавк» 200 Кт Американдықтармен Хиросима мен Нагасакиға тасталған атом бомбасына қарағанда 16 есе үлкен. Бір стратегиялық бомбардировщиктың В-1В бомбалық жүктемесі 61000 кг, сонымен қоса 12 қанатты ракета, ал бомбардировщик В-52 «Стратофорес» әскери жүктемесі 30000 кг.

2001 жылдың аяғындағы Ауғанстандағы контртеррористік операцияның бірінші этапында ғана 50 қанатты ракетадан басқа Америкалық әскер жер асты коммуникацияны бұзу үшін 50 қанатты ракета мен авиабомбаны көп мөлшерде пайдаланды. ВВС США авиабомбалардың салмағы 6800 кг, ал ең күштісі 9980 кг. Осындай күшті қаруларды қолдануда тау шатқалдары картон жәшік сияқты «жиналады». Ракето-ядролық техника ғасырында әлемдік соғыс жіберілмейді немесе жер бетіндегі барлық тірі заттың жойылуына әкелмесе де, адамға қолайсыз орта жағдайын туғызады.

Бірақ та ядролық емес даулардың өзі биосфераға орны толмайтын зиянын тигізеді. 60-70 жылдардағы Вьетнам соғысы кезінде АҚШ әскері напалмды пайдаланған, партизандар тығылған ормандарды өртеген. Осы жағдайда табиғатқа тиген зияндылықтың орны толмайды, экожүйелер қайтымсыз өзгеріске ұшыраған. 1970-1990 жылдары Вьетнамдағы соғыс орман, дала, адамдар мен жануарлардың өлімін ескертті. Кувейтта әскери іс-әрекет кезінде көп мөлшерде мұнай өнімі төгілген, 613 скважиналар өртелген. Күнделікті 4-тен 8 млн. бареллға дейін мұнай жанған. Бұлттар күнді жауып тұрған. Перциялық бұғаздың сол түстігінде ауаның температурасы төмендеп кетті.

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген жарылмаған снарядтар қалған және т.б., бұлар әлі күнге дейін қауіпті болып келе жатыр.

1990 жылы 1818 ядролық сынақ тексерілген - 489 атмосферадағы жарылыс және 1329 жерасты, бұл планетамызға әсер етпей қойған жоқ. Өкінішке орай 1998 жылы жаңа сынақтар жүргізілген. Айта кететін жай, бүгінгі күні бейбітшілік мақсаттарда әскери өндірісті пайдалануды бастады. Қытайда әскери өндірісі азаматтар үшін 20% өнімін шығарды, ал жүз жылдықтың соңына қарай бұл өнім 50% құрайды. Сонымен қоса бейбітшілік және әскери қажеттіліктердің шығынының арасында сәйкессіздік бар. ЮНЕП-тың сонғы 10 жылда қоршаған ортаға бөлген қаржы соммасы, әлемдік әскери мақсатта 15 күнде жұмсалатын соммаға тең. Ал Перция бұғазындағы бір күндік соғыстағы ақша, 5 жылдық бүкіл әлемдегі алты түрлі өте қауіпті ауруларға қарсы балаларды иммундау бағдарламасына жетуші еді, бұл жыл сайын 1 млн баланың өмірін сақтап қалуға көмегін тигізуші еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]