
- •1. Биосфераға антропогенді әсерлердің негізгі түрлері. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме
- •2. Қоршаған ортаның ауыл шаруашылығымен ластануы және онымен күрес
- •3. Төтенше жағдайлар
- •4. Соғыс және әлемдік мәселелер. Ядролық қару
- •5. Шаңмен ластану мәселесі
- •6. Физикалық ластану мәселесі
- •7. Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
- •8. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы
Дәріс № 11
Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері
Жоспары:
Биосфераға антропогенді әсерлердің негізгі түрлері. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме
Қоршаған ортаның ауыл шаруашылығымен ластануы және онымен күрес
Төтенше жағдайлар
Соғыс және әлемдік мәселелер. Ядролық қару
Шаңмен ластану
Физикалық ластану
Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы
1. Биосфераға антропогенді әсерлердің негізгі түрлері. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме
Биосфера, өте динамикалық планетарлық экожүйе, барлық дәуірде өзінің эволюциялық дамуы барысында әр түрлі табиғи процесстердің әсері астында тұрақты өзгерген. Ұзақ эволюция барысында биосфера өзін өзі реттеу және жағымсыз әсерлерді бейтараптау қабілеттеріне ие болды. Бұған заттар айналымының күрделі механизмі нәтижесінде қол жеткізген.
Биосфера эволюциясының маңызды жаңалығы болып организмдердің өзгерген сыртқы жағдайларға түрішілік ақпаратты өзгерту арқылы бейімделуі саналады. Миллиардтаған жыл бойы биосфераның динамикалық тұрақтылығының кепілі қажетті көлемдегі бірлестіктер мен экожүйелер түріндегі табиғи биота болып табылады. Табиғи факторлардың әсер етуіне бейімделген планетарлық экожүйе жаңа технологиялардың пайда болу, жетілу және таралуына (аң аулау-егіншілік-өнеркәсіп революциясы) қарай бұған дейін болмаған жаңа күшті, қуатты және алуан түрлі әсерлердің ықпалына ұшырай бастады. Олар адамның іс әрекеті нәтижесінде пайда болғандықтан антропогенді деп аталады. Қоршаған табиғи ортада физикалық, химиялық, биологиялық және басқа да өзгерістер тудыратын адамның экономикалық, әскери, рекреациялық, мәдени және басқа да мақсат-мүдделерін жүзеге асырумен байланысты іс әрекеттерді антропогенді әсер деп атайды.
Атақты эколог Б.Коммонер (1974) адамның экологиялық процестерге араласуының бес негізгі түрін атап көрсетті:
Экожүйелердің қарапайымдалуы және биологиялық циклдердің бұзылуы;
Жылулық ластану түріндегі энергия концентрациясы;
Химиялық өндірістің улы қалдықтар санының артуы;
Экожүйелерге жаңа түрлерді енгізу;
Жануарлардың және өсімдіктердің организмдерінде генетикалық өзгерістердің пайда болуы.
Антропогенді әсерлердің басым бөлігі белгілі бір мақсатқа бағытталған, яғни нақты мақсаттарға жету үшін адаммен саналы түрде орындалады. Кейін әсер ету салдары болатын антропогенді әсерлердің стихиялы және еріксіз түрлері болады (Котлов, 1978). Мысалы, әсер етудің бұл категорияларына құрылыстан кейін пайда болатын территориялардың су басу процестері жатады.
Биосфераның тіршілікті қамтамасыз ететін негізгі жүйелерінің бұзылуы негізінен бағытталған антропогенді әсерлерге байланысты. Жер маңы ғарыштық кеңістігінің ластануына байланысты проблемалар да өзінің таралуының табиғатына, тереңдігіне және ауданына, әсер ету уақытына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Кез келген организмдердің популяцияларына қауіпті болатын антропогенді ластаушы көздерге өндіріс өнеркәсіптері(химиялық, металлургиялық, целлюза-қағаздық, құрылыс материалдары, т.б.), жылу энергетикасы, транспорт, ауыл шаруашылық және басқа да технологиялар жатады. Урбанизацияның әсерінен көп мөлшерде ірі қалалар мен өнеркәсіп агломерациялары ластанаған. Шаңды борандар, жанартау күлдері, сел ағындары табиғи ластаушылар саналады.
Ластанудың физикалық, химиялық және биологиялық түрлерін бөліп қарастырады. Масштабы мен таралуына байланысты ластану локальды, аймақтық және ғаламдық болады.
Әлемде ластайтын заттардың саны көп және олардың саны жаңа технологиялық процестердің дамуына қарай артады.
Ғалымдар локальды және ғаламдық масштабта келесі ластаушы заттардың басымдылығын мойындайды :
күкірт диоксиді(атмосферадан күкірт диоксиді жуып тазалауы күшті әсерлер және тиюлер, сернамен құрылушы қышқылдар және өсімдікке сульфаттар, топырақ есепке ала суаттарға);
ауыр металдар: қорғасынға, кадмийге және әсіресе сынапқа (оның миграциясының тізбектеріне және жоғары токсикалы метилсынапқа айналуына байланысты);
кейбір канцерогендік заттар, соның ішінде бензапирен;
теңіздер мен мұхиттардағы мұнай мен мұнай өнімдері;
хлороорганикалық пестицидтер (ауылдық жерлерде);
көміртек оксиді және азот оксиді (қалаларда).
Бұл тізім адам популяциясы мен экожүйелерге жағымсыз әсері Хиросима мен Нагасакидағы атомдық бомбалаудан және Чернобыль АЭС-дағы авариядан кейін байқалған радионуклидтармен және басқа радиоактивті заттармен толықтырылуы тиіс.
Диоксиндер хлоркөмірсутектер класының ішіндегі қауіпті ластаушы зат екенін айтып кеткен жөн.
2001 жылдың 23 мамырында Стокгольмде берік органикалық ластағыштарды жою мәселесі бойынша 110 Конвенция қабылданған болатын. Бұл конвенциялардың негізгі міндеті берік канцерогендік және улы ластағыштардың 12 түрін жоюға міндеттенеді, атап айтқанда: алдрин, гептахлор, ДДТ, диэлдрин, эндрин, хлордан, мирекс, токсафен, гексахлорбензол, полихлорланған бифенелдер, диоксиндер, инфурандар. Әлемнің 100 елі ол конвенцияларға қол қойды.
Ластануларға сонымен қатар экожүйеге жағымсыз антропогенді өзгерістер жатады:
ингредиенттік (минералды және органикалық) заттардың, табиғи биогеоценоздар бөгде заттардың (мысалы, тұрмыстық қалдықтар, улы химикаттар, жану өнімдері т.б.);
параметрлік ластану қоршаған орта параметрлерінің өзгеруіне әкеп соғатын (жылулық, шулық, радиациялық, электр-магниттік) ластану;
биоценоздық ластану, табиғи биожүйелердің құрамын жасанды жолмен өзгерту (бағытталған интродукция және түрлердің жерсіндіруі т.б.);
стациональды-деструкционалдық ластану (деструкция – қирату), табиғатты қолдану барысында экожүйелерді өзгерту (су құбырларын жүргізу, урбанизация, орман кесу және т.б.).
Өркениет дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға антропогенді жүктеме шамасы да артады. Антропогенді жүктеме – адамдардың және олардың шаруашылығының тұтас табиғатқа немесе оның жеке экологиялық құрамдас бөліктері мен элементтеріне тікелей және жанама әсер дәрежесі. Антропогенді жүктемеге экожүйеге кіретін түр популяциясының ресурстарын пайдалану, мал жаю, рекреациялық әсер ету, ластану т.б. жатады. Егер антропогенді жүктеме жылдан-жылға өзгеріп отырса, онда экожүйе флюктуациясына, ал экожүйеге тұрақты әсер етсе сукцессияға себеп болады. Антропогенді жүктеме экологиялық нормалау көмегімен қауіпсіз деңгейге дейін реттеліп отырады. Экологиялық нормалау нормативтермен бекітіледі. Экологиялық нормативтер дегеніміз – адамның өзін қоршаған табиғи ортаға рұқсат етілген шекті әсер етуінің ғылыми негізделіп, заңнамалық тұрғыда белгіленген шамасы. Ластанудың барлық түрлері мен көздері үшін белгіленген нормативтерден асқан жағдайда шаруашылық немес басқа да қызмет түрлері белгілі бір мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттеледі немесе мүлде жабылады.