
- •1.Табиғи ресурстар және оларды топтау.
- •2.Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
- •3. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
- •4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.
- •Еңбек өнімділігін төмендетуден туындайтын проблемалар.
- •Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.
Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы өзарабайланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақталған, бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам туралы диалектикалық-материализм дамығанда ғана пайда болды.
Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді.
Табиғатты тиімді пайдалану және қорғау тәжірибесінде табиғи процестерді және оларды адамзат қоғамы мүддесіне пайдалануды басқаратын заңдылықтарды ескеру қажет. Осындай негіз табиғатты қорғаудың методологиялық принципі болып табылады. Табиғат қорғаудың жаратылыстану-тарихи негіздері болған, бірақ жаратылыстану мен табиғаттағы нақты өзара байланыстар, табиғи кешендер іс жүзінде ұзақ уақыт ашылмаған. Тек ХІХ ғасырдың соңында К.Маркс пен Ф.Энгельстің идеялары негізінде жаратылыстану ғылымының үлкен жетістіктері мен өндірістік күштердің дамуы арқасында табиғаттың жеке құраушылары арасындағы байланыстарды зерттеу, географиялық орта туралы жаңа кешенді ғылымды жасау бірінші реттік міндет болып қойылды. Бұл ғылымның теориялық негізін салған ірі орыс жаратылыстану зерттеушісі В.В.Докучаев болды. Әсіресе табиғат қорғау теориясына үлкен үлес қосқан атақты орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский. Жаратылыстанудың тарихи тәжірибесіне және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, ол ХХ ғасырдың басында Жер биосферасының жалпы шынайы синтетикалық концепциясын қалыптастырды.
Табиғатты қорғау ісі үшін маңызы бар, қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан бірнеше ережелер шығады:
барлық табиғат құбылыстарының көптеген өзара әсерлері бар;
рационалдық ереже (тиімді пайдалану ережесі);
жанамалық қорғау, біреуін басқасы арқылы қорғау ережесі, кешенді міндет.