
- •Оқу бағдарламасы бойынша практика «үзіліссіз психологиялық практика»
- •Үзіліссіз психологиялық практиканың мақсаты:
- •Міндеттері:
- •Үзіліссіз психологиялық практиканы басқару:
- •Үзіліссіз психологиялық практиканың топтық жетекшісінің міндеттері:
- •Студент-практиканттың міндеттері
- •Практиканың топ міңгерушісінің міндеті
- •Үзіліссіз психологиялық практиканың мазмұны: «Оқушының танымдық сферасын зерттеу»
- •Зерттеудің психологилық картасы:
- •Үзіліссіз психологиялық практиканың қорытынды есеп беру құжаттамасы
- •Үзіліссіз психологиялық практика нәтижесін бағалау критериялары.
- •Рейтингтік бақылау бойынша оқу практикасының бағасы.
- •Практиканың нәтижесі бойынша ұпайларды бөлу:
- •Жеке жұмыс жоспары
- •Үзіліссіз психологиялық практика бойынша есеп беру сызбанұсқасы есеп беру
- •Практикадан өту графигі
ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Оқу бағдарламасы бойынша практика «үзіліссіз психологиялық практика»
ҚОСТАНАЙ
2011
КІРІСПЕ
Қазіргі заманда болып жатқан жаңару үрдістері барлық салада, соның ішінде білім беру жүйесінде жаңа типтегі мамандар даярлау қажеттігін арттырып отыр.
ҚР Конституциясында «білім беру туралы» және «жоғары білім беру» Заңдарында, «Білім беру саласының мемлекеттік саясаты» концепциясында Қазақстандық білім беру модернизациясының негізгі бағыттары баяндалған.
Білім беру саясатын өзгерту бұрын қалыптасқан педагогикалық қызмет стереотиптері мен тәсілдерін қайта бағалауды ұсынады.
ЖОО-ы түлектерінде аналитикалық қабілеттерді қазіргі технология жағдайындағы практикалық дағдылармен бірлестіруге мүмкіндік беретін «көп ептілікті» қалыптастыру қажет.
Психологиялық практика студенттердің мектептегі педагогикалық практикасының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол студенттерде психологиялық ойлуды, байқағыштықты, әрбір жеке оқушы, сыныпты кәсіби қабылдауды қалыптастырады. Студенттерге мұғалім қызметінің әлеуметтік маңыздылығын және оның оқушы жеке басының қалыптасуына ықпал ететіндігін ұғындырады.
Үзіліссіз психологиялық практиканың мақсаты:
Педагогты даярлауда теоретикалық білімдердің практикамен байланысын орнату, педагогикалық үдерістің психологиялық негізімен және оқушылардың өзара қарым-қатынасы мен «мұғалім-оқушы» жүйемен танысу.
Міндеттері:
Студенттердің мамандыққа деген махаббаты мен тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу.
Студенттердің кәсіби бағдарын, олардың педагог мамандығына деген қызығушылықтары мен өзіндік анықтауын жетілдіру.
Адамдардың өмірлік іс-әрекетінде өзінің болашақ мамандығының маңыздылығын терең түсіну.
Процесте психологиялық білімдерді бекіту мен тереңдету оларды тұтас педагогикалық процесте қолдану.
Болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Үзіліссіз психологиялық практиканы басқару:
Оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық басқару психология кафедрасының мұғалімдерімен практика базасының басқарушыларымен бірге жүзеге асырылады. Үзіліссіз психологиялық практиканың мазмұнын жүзеге асыру үшін студенттерді бөліп оларды практикалық орындаумен қамтамасыз етеді.
Практика бойынша топ жетекшілері студенттердің практикадағы жұмыстарын тексереді және бекітеді, есеп беру құжаттамаларын тексереді, бағаларын қойып үзілісіз психологиялық практиканың нәтижесін ұсынады. Үзіліссіз психологиялық практиканың соңында студент комиссияға кафедра меңгерушісінің тағайындауы бойынша практикадан есеп беруді қорғау түрінде тапсырады. Комиссия құрамына кіреді: Үзіліссіз психологиялық практиканың топ жетекшілері – психологияны жүргізетін мұғалімдер, институт практикасының басшылары, практика базасының басшылары.
Үзіліссіз психологиялық практиканың бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс сипаттама алған немесе нашар баға алған студент оқу жоспарын орындамаған деп есептеледі және жоғары оқу орнынан шығарылады..