Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз белеты.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.5 Кб
Скачать

1-билет.

  • Қазақ отбасы туралы әңгімелеңіз.

Қазақ отбасында әкенің де, ананың да орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері ата-анасын сыйлайды және оларды тыңдайды. Әке мен шеше үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қызды айрықша құрметтеген.

2. «Қазақстан-менің Отаным» тақырыбына диалог құрастыр.

- Коля, Қазақстан туралы не білесің?

  • Қазақстан туралы көп білемін. Оның жері үлкен,өте бай ел ғой.

  • Ол қай жерде орналасқан? Неше мемлекетпен шектеседі?

  • Ол Еуразияда орналасқан. Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі.

  • Қандай байлықтары бар?

  • Қазақстан жерінде көмір,мұнай,темір,алтын,мыс мол.

  • Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

  • Елімізде жүз отыз ұлт өкілдері тұрады.

  • Олар қалай тұрады?

  • Олар өте тату тұрады.

2-б.

1.Шоқан Уәлиханов( 1835-1865) туралы әңгімелеңіз.

Шоқан Қостанай обласының Құсмұрын бекетінде туды. Оның шын аты- Мұхамедханафия. Ауыл мектебінен мұсылманша оқиды. Ол Омбыдағы кадет корпусында өте жақсы оқиды. Мұғалімдер оны 15 жасында болашақ ғалым деп атаған. Шоқанның тамаша еңбектері «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл сапары» деген шығармалары. Ол 35 жасында дүние салады.

2.«Менің бос уақытым» диалог.

- Вася сен бос уақытыңды қалай өткізесің?

  • Иван мен бос уақытыңда компьютерде ойнаймын. Ал сен ше?

  • Мен музыка тыңдаймын,интернетте отырамын.Ал сен ше?

  • Мен войлейбол секциясына қатысамын.

  • Сен қандай музыка тыңдайсың?

  • Мен рэп,рокты тыңдаймын.

3-б.

1.«Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

1.Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптың бірі- «Құдатғу білік» («Основа богатства – знания»). Бұл кітаптың авторы - Жүсіп Баласағұн, ол оны 1069 (мың алпыс тоғызыншы жылы) жазған. Ол бұл кітапты Боғра ханға сыйлаған. Кітаптың араб алфавитімен жазылған екі нұсқасы Каир мен Ташкент қалаларында сақталған. Екінші кітап «Диуани луғат ат-түрік» (Словарь тюркских языков) 1072-1074 (мың жетпіс екі – мың жетпіс төртінші) жылдары араб тілінде жазылған. Кітаптың авторы ұлы ғалым Махмуд Қашғари. Араб алфавиті Қазақстанда 900 (тоғыз жүз) жыл қолданылды.

2. «Менің сүйікті кітабым» диалог

  • Сен бос уақытыңда не істейсің?

  • Мен кітап оқимын.

  • Сенің сүйікті жазушың кім?

  • Менің сүйікті жазушыларым: Н.В.Гоголь, М.Әуезов.

  • Қазір қандай кітап оқып жатырсың?

  • Мен Н.В Гогольдің «Өлі жандар» кітабын оқып жатырмын.

  • Саған кітап ұнады ма?

  • Иә,өте қызық кітап екен.

4-б.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы әңгімелеңіз.

Рәміздер елдiң тәуелсiздiгiн бiлдiредi. Рәміздерге: ту, елтаңба, гимн жатады. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерi 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Елтаңбаның авторлары Ж. Мәлібеков, Шота Уалиханов. Тудың авторы - Ш.Ниязбеков. Жаңа гимн 2006 жылы( 7-қаңтарда) қабылданды.Авторлары: Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев(сөзін жазған); Ш.Қалдаякқов(музыкасын жазған).

2. «Тәрбие – отбасынан басталады» диалог құрастыру.

- Тәрбие неден басталады?

- Тәрбие отбасынан басталады.

- Неліктен отбасынан басталады?

- Себебі отбасың жақсы болса, жақсы тәрбие аласың.

- Әке-шешең неге үйретеді?

- Әке-шешем өтірік айтпа, ұрлама, үлкенді сыйла деп үйретеді.

5-б.

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеңіз.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері: шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу. Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.Қырқынан шығару – баланың туған күніне қырық күн толғанда, ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Шашын, тырнағын алады. Бесікке салу. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Баланы бесікке сыйлы адам бөлейді. Тұсау кесу- сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, аяғын ала жіппен тұсап, сыйлы адамға тұсауын кестіреді. Ала жіппен байлау себебі, ешкімді алдама, жақсы адам бол деген сөз. Келген қонақтарға сыйлық беріледі.

2. «Қазақстан Туы» диалог.

- Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды?

  • ҚР-ның рәміздері 1992 ж. 4-маусымда қабылданды.

  • Ал мемлекеттік Тудың түсі қандай?

  • Тудың түсі- көк.

  • Туда нелер бейнеленген?

  • Туда күн,қыран құс,ою-өрнек бейнеленген.

  • Қыран құс нені білдіреді?

  • Қыран құс еркіндікті білдіреді.

  • Тудың авторы кім?

  • Тудың авторы- Ш. Ниязбеков.