
- •5 Жасар балаға Ацикловирді ұзақ қолданғандығы айқындалды. Қандай зертханалық көрсеткішті бақылау керек?//
- •15 Жасар ұл балаға қақпақшалық протез қолданумен кардиохирургиялық коррекция жүргізілген. Бірнеше уақыттан кейін науқаста жұқпалы эндокардиттің клиникасы дамып кетті. Бұл жағдайда қажетті ем://
- •4 Жасар балада энурез. 1 жасында жрви, 2 жасында желшешекпен ауырған. Клиникалық лабораториялық ауытқушылық жоқ. Баланың түнгі зәрін ұстамауының себебі неде?//
- •1 Жасқа дейінгі балаға в жоспары бойынша диарея, ауыр сусызданудың емі://
- •1 Жастан асқан балаға в жоспары бойынша диарея, ауыр сусызданудың емі://
- •24 Күндік нәрестеңің жасына сәйкес?//
- •16 Және 30 жүктіліктін аптасында//
- •1 Жасқа дейінгі балалардың пароксизмальді тахикардиясының белгілері://
- •39 С градустан жоғары температура//
- •12 Жасар қыз бала қант диабетімен ауырады. Диагнозды нақтылау симптомы://
- •1 Жасқа дейінгі баланы жиі ауратын балалар тобына жатқызамыз, егер://
- •10 Жасар бала қыжылдау, кекіру, эпигастрий аймағының және төс артының ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну диетаны сақтамағанда күшейеді. Осы балаға қандай зерттеу жүргізу қажет?//
- •7 Жастағы балада созылмалы гломерулонефриттің нефротикалық түрі ауырған. Антикоагулянт қабылдаған. Сондықтан мына көрсеткішті бақылау керек? //
- •1,5 Жасар ұл балада анемияның клиникалық белгілері анықталды. Сүйек пунктатында – қан түзудің мегалобластық түрі. Қан түзудің мүндай түрі анемияның қай түріне тән?//
- •1 Жасқа дейінгі сәбилерге жүйелі түрде қарау //
1 Жасқа дейінгі баланы жиі ауратын балалар тобына жатқызамыз, егер://
жылына 2 және одан көп ауырса//
жылына 3 және одан көп ауырса
+жылына 4 және одан көп ауырса//
жылына 5 және одан көп ауырса//
жылына 6 және одан көп ауырса
***
Ұл бала, уақытында 3250г.салмақпен туған.Айғайы бірден. Омырауға бірінші тәулікте салынған, емуі жақсы, белсенді. 5 тәулікте: тері жабындысы және шырышты қабаттары таза, қызғылт,. Екі жақ омырау безінің ұлғаюы байқалады. Бездің үстіндегі терінің түсі өзгермеген. Лимфа түйіндері ұлғаймаған.Нәжісі сұйық, сары түсті аппақ іртіктермен, жасыл араласқан шырыш бар. Іші аздап керілген, пальпация кезінде шұрылдайды. Ұма ісінген, көлемі ұлғайған. өтпелі жағдайлар://
мастит, транзиторлы ішек катары //
+транзиторлы ішек катары, жыныстық криз//
гормоналды криз, физиологиялық эритема//
дисбактериоз, мастопатия//
дисбактериоз, ұма шемені
***
Нәрестенің анасы химико-металлургиялық комбинатта жұмыс істеген, ІІІ жүктіліктен, гестация мерзімі 38 апта. Туғандағы салмағы 2300г., бойы–45см. Қарау кезінде көптеген дизэмбриогенез стигмалары анықталды: бетінің майда сызықтары, бойының кішілігі, кішкентай төменгі жақ, құлақ қалқанының төмен орналасуы, мойнының қанат тәрізділігі, туа біткен жүрек ақауы. Диагнозды нақтылау үшін біріншіден қандай мамандардың кеңесі қажет?//
хирургтың//
каридиологтың//
ортопедтің//
+генетиктің//
невропатолог
***
Нәресте І жүктіліктен, қалыпты босанудан жетіліп туған. Салмағы 2900г. Бойы – 49см. Анасының қаны – А(ІІ), Rһ+, нәрестенің қаны АВ (ІV), Rһ-; 3 тәулікте нәрестенің тері жабындысында сарғаю пайда болған. Қөңіл күйі бұзылмаған. Белсенді емеді, лоқсымайды. Туа пайда болған автоматизм рефлекстері белсенді шақырылады. Биохимиялық қан анализінде жалпы билирубин 90 мкмоль/л, трансаминазалар қалыпты. Қойылған диагноз: Физиологиялық сарғаю. Қай шара тиімді?//
+емізуді жалғастыру//
емізуді тоқтату//
адсорбент беру//
фототерапия//
хофитол
***
Нәресте 12 күндік, салмағы 3800г, мерзімінде қалыпты босанудан туған. Шағымдары: кіндік жарасынан іріңді бөліністер, субфебрилитет. Объективті: нәресте әлсіз, лоқсиды, нашар емеді, кіндік сақинасында ісік және гиперемия, кіндік айналасындағы тері шел майдың инфильтрациясы, терісі ыстық, іштің алдыңғы қабырғасында қантамырлары кеңейген. Қандай диагноз байқалады?//
кіндік жарығы//
кіндіктің гангренасы//
кіндік тамырларының қабынуы//
+омфалит
суланған кіндік
***
Жаңа туған нәрестелерде қандай қоздырғыш мына симптомдарды шақырады: конъюнктивит, ринит, ылғалды жөтел, өкпеде құрғақ жене ылғалды сырылдар?//
РС-вирус//
+аденовирус//
энтеровирус//
тұмау вирусы//
герпестік инфекция
***
2 апталық нәресте, емуі нашар, лоқсиды, дәреті тұрақсыз. Терісі қызарған, қабыршақтанады, бастың шашты бөлігінде себореялы қабыршақтар анықталады. Қолтық асты мен шап аймағында терісі қызарған, баздану анықталады. Төмендегі болжам диагноздарының дұрысы?//
ихтиоз//
адипонекроз//
+себореялы дерматит//
стафилодермия//
стрептодермия
***
Нәресте туғаннан кейін 4 сағат өткен соң басының төбе және шүйде аймағында жұмсақ тіннің жайылған ісінуі байқалады. Жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Сіздің диагнозыңыз?//
шашты бөлігінің флегмонасы//
+босану ісігі//
кефалогематома//
бас сүйектің сынуы//
төбе аймақтың жарақаты
***
Нәресте 5- тәуліктік, ЖҚА-де НВ - 186 г/л, Эр - 5,6 х 012/л, ТК. - 0,94, Лейк- 19,9х l09/л. т/я - 5%, с/я- 42%, э - 1%, лимф - 45%, м - 7%, СОЭ - 2 мм/час. ЖҚА анализін бағалаңыз://
+физиологиялық лейкоцитоз//
физиологиялық нейтрофилез//
физиологиялық лимфоцитоз//
физиологиялық эозинофилия//
физиологиялық полиглобулия
***
Нәресте 8 тәулікке толған. Асқынусыз өткен жүктілік пен қалыпты босанудан мерзімінде туған. Ана сүтімен тамақтанады. Анасы баспамен ауырып, улкен дозада антибактериалды ем қабылдаған. Нәресте терісінің сарғаюы байқалады, бірақ жалпы жағдайы бұзылмаған. Көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?//
+дәрілік сарғаю //
ана сүтінен сарғаю//
Ариес-Люцей сарғаюы//
физиологиялық сарғаю//
Жильбер синдромындағы сарғаю
***
Нәресте 3ші жүктіліктен, гестациялық мерзімі 41 апта, салмағы 4300 г. Туған кезінде бұғана үсті және бұғана асты шұңқырларының, балтыры мен табандарының ісінуі байқалған. Тілі үлкен, дауысы қарлыққан, кеңсірігі кең. Нашар емеді. Өмірінің үшінші күні байқалған терісінің орташа сарғаюы 2 апта бойы сақталып келеді. Қан анализінде Эр.3,8х1012 г/л, Нв-148 г/л. Диагнозды анықтау үшін бірінші кезекте қандай зерттеу тағайындау керек?//
қандағы қант мөлшерін анықтау//
+қандағы тиреоидты гормондарды анықтау//
кариотипті зерттеу//
жалпы билирубинді анықтау//
ақуыз бен оның фракцияларын анықтау
***
Нәресте жамбаспен келген, туғандағы салмағы 4500 г. Алғашқы қарау кезінде нәрестенің қолы кеудесінің бойында, қолы иық буынында ішке ротацияланған, қолы алақанды флексия жағдайында. Қандай диагноз жайында ойладыңыз://
сүйек жүйесінің ақаулықтары//
Дюшен-Эрба салдануы//
остемиелит//
+бұғананның сынуы//
төс -бұғана-емізікше бұлшық етінің зақымы
***
Нәресте 3-ші жүктіліктен, гестациялық мерзімі 41 апта, салмағы 4300 г. Туған кезінде бұғана үсті және бұғана асты шұңқырларының, балтыры мен табандарының ісінуі байқалған. Тілі үлкен, дауысы қарлыққан, кеңсірігі кең. Нашар емеді. Өмірінің үшінші күні байқалған терісінің орташа сарғаюы 2 апта бойы сақталып келеді. Қан анализінде Эр.3,8х1012 г/л, Нв-148 г/л. Диагнозды анықтау үшін бірінші кезекте қандай зерттеу тағайындау керек?//
қандағы қант мөлшерін анықтау//
+қандағы тиреоидты гормондарды анықтау//
кариотипті зерттеу//
жалпы билирубинді анықтау//
ақуыз бен оның фракцияларын анықтау
***
Нәресте жамбаспен келген, туғандағы салмағы 4500 г. Алғашқы қарау кезінде нәрестенің қолы кеудесінің бойында, қолы иық буынында ішке ротацияланған, қолы алақанды флексия жағдайында. Қандай диагноз жайында ойладыңыз://
сүйек жүйесінің ақаулықтары//
Дюшен-Эрба салдануы//
остемиелит//
+бұғананның сынуы//
төс -бұғана-емізікше бұлшық етінің зақымы
***
***
2 айлық балаға паротитке қарсы вакцинация жасағаннан кейін дене қызуы 39,0 С дейін көтеріліп, тамаққа байланыссыз екі рет құсу болған, кезеңді түрде мазасыздық болады. Объективті: араны таза. Менингеалды симптомдар оң. Болжам диагноз қандай?//
ішек токсикозы//
+поствакцинальды менингит//
ЖРВИ (нейротоксикоз)///
жедел тамақпен улану
***
4 жасар балаға үйге шақыру түсті. Қарағанда дене қызуы 37,5°С. Рінің түсі өзгермеген, бірақ көптеген, кей жерлерде бір-бірімен қосылған, майда нүктелі бөртпелер көрінеді. Шүйде лимфа түйіндері ұлғайған. Болжам диагноз қандай?//
аллергиялық бөртпе//
жәншәу//
қызылша//
+қызамық//
желшешек
***
Өмірінің алғашқы күндерінен бастап 26 күндік балада, көк жөтел тәрізді тұрақты жөтел байқалады. Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Өкпенің жоғарғы жағында перкуторлы дыбыс, кей бөлімдерде қысқарған, кей жерлерде тұйықталған. Аускультацияда – әр түрлі ылғалды және құрғақ сырылдар екі жағынан да естіледі. Нәжісі көп мөлшерде, иісі өткір сасық, тұтқыр, жылтырап тұрады, тәулігіне 9 ретке дейін. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://
+муковисцидоз//
обструктивті бронхит//
жедел жай бронхит//
ошақты пневмония//
рецидивті бронхит.
***
Емханаға анасымен 9 жастағы қыз бала, дене қызуының 37,3 С-қа жоғарылауына және үш ай бойы кіндік маңындағы ауырсынуға шағымданады. Мазасыз, түнде тістерін сықырлатады. 2,5 ай бұрын жөтел пайда болған, жиірек түнде жөтеледі. 2 аптадан соң тыйылған. Тәбеті әлсіз, тері жабындылары құрғақ, ауыз бұрышында ауыздық бар. Катаральды көріністер жоқ. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсыну бар. ЖҚА НВ 109г/л, Эр3,0 х1012, лейк 7,5 х109, п/я 2%, таяқша ядросы-2%; Сегмент ядросы 55%; э-8%, лимф -25%, м 10%, СОЭ11мм/ч. Нәжісті құртқа тексергенде-гельминт жұмыртқалары табылған. Қандай глистік инвазия дәлірек://
энтеробиоз//
трихоцефаллез//
дифилоботриоз//
+аскаридоз//
Опистархоз
***
Анасы 5 жасар баламен жалпы тәжірибелік дәрігерге келіп, 2 аптаға созылған жөтелге, қатты жөтелгенде кеудесінің ауырсынуына шағымданды. Тәбеті мен ұйқысы бұзылмаған. Анасы бір рет бала бетінде аздаған бөртпелерді байқаған, бірақ емді қажет етпеген. Балабақшаға барады. Жиі ауыратын балалар тобына жатпайды. Ойыншықтарды және т.б. заттарды аузына салу әдеті бар. Басқа ағзаларда өзгерістер жоқ. Емдеу барысындағы таңдаулы дәрі болып табылады://
+пирантел//
празиквантель//
мебендазол//
трихопол//
фуразалидон
***
ОЖЖ перинаталды зақымдалуымен неврологта диспансерлік бақылауда тұрған, бала қай денсаулық тобына жатады?//
I//
II a//
+II б//
III//
IV
***
Қандай балаларға АбКДС вакцинациясына мед.қарсылық беріледі://
+афебрильды тырысулар//
муковисцидоз//
гемофилия//
анемия//
қант диабеті
***
Жіті пневмониясы бар балаларға диспансерлік бақылау жүрігізеді://
3 ай//
6 ай//
+1 жыл//
2 жыл//
3 жыл
***
Туа біткен жүрек ақауы бойынша диспансерлік есепте түрған балаларға кардиотропты дәрілермен емдеу курсының жиілігі қандай?//
жылына 1 рет//
+Жылына 2 рет//
Жылына 3 рет//
Жылына 4 рет//
Қажет емес
***
Үй жағдайында 1 баланы қарауға дәрігер-педиатрға берілетін уақыт://
15 минут//
+30 минут//
45 минут//
55 минут//
60 минут
***
Инфекциялық ауру, улану, екпеге реакция болған кезде СЭС-ке жедел хабарландыру формасы?//
№112/у//
+№058/у//
№063/у//
№50/у//
№076/у
***
ЖРВИ-мен ауыратын емшек жасындағы балаларды учаскелік педиатр бақылайды://
күнделікті//
2 күнде1 рет//
+3 күнде 1 рет//
4 күнде1 рет//
5күнде 1 рет
***
3 айлық қыз балада, тершеңдік, үйқысынан шошып ояну. Қарау кезінде: басы дүрыс пішінді, шүйдесі таз, үлкен еңбегі 2×2 см, шеттері аздап жүмсарған. Бүлшықет тонусы қанағаттанарлық. Ішкі ағзалары – өзгеріссіз. Балада қандай диагноз болуы мүмкін?//
дені сау//
+рахит 1, бастапқы кезең//
рахит 1, өршу, жедел ағым//
энцефалопатия//
Д гипервитаминозы
***
Ақуыз – энергиялық жеткіліксіздікке тән://
+дене салмағының үзындыққа қарағанда төмендеуі//
дене үзындығының салмаққа қарағанда төмендеуі//
дене үзындығының жоғарылап салмақтың төмендеуі//
дененің жеке бөліктерінің дамуының артта қалуы//
дене үзындығы мен салмақтың жоғарылауы
***
Лимфалы – гипопластикалық диатезбен балаларды профилактикалық қарау жиілігі://
+3 жыл, жылына 2 рет//
3 жыл, жылына 1 рет//
2 жыл, жылына 2 рет//
2 жыл, жылына 1 рет//
1 жыл, жылына 2 рет//
1 жыл, жылына 1 рет
***
Ревматизмге қауіп тобындағы балаларды, созылмалы инфекция ошағына санациялаған соң, бақылау аяқталады://
3 айда//
6 айда//
1 жылда//
1,5 жылда//
+2 жылда
***
3 айлық баланы қарау барысында дәрігер балада жоғары тершеңдіктің, шүйде аймағының таздануын, үлкен еңбек аймағындағы қаңқа сүйектерінің жұмсаруын байқады. Төменде көрсетілген емнің ең тиімдісін атаңыз?//
+тәулігіне 500-1000 МЕ дозасында D витаминін тағайындау//
тәулігіне 1500-2000 МЕ дозасында D витаминін тағайындау//
тәулігіне 2500-3000 МЕ дозасында D витаминін тағайындау//
тәулігіне 3500-4000 МЕ дозасында D витаминін тағайындау//
тәулігіне 4500-5000 МЕ дозасында D витаминін тағайындау//
***
Балаларда жүре пайда болған жүрек ақауының жиі себебі://
фиброэластоз//
жүйелі қызыл жегі//
+ревматизм//
инфекционды эндокардит//
ревматоидты артрит
***
Кыз бала 5 жаста. ЖРВИ кейін, 1 аптадан соң әлсіздік, инспираторлы ентігу байқалды. Тыныс жиілігі минутына 36 рет. Пульсі минутына 120 рет. АҚ 80/50 мм.сын.бағ. Сирақтарында ісіну бар. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы алдыңғы аксилярлы сызық бойынша. I тон жүрек ұшында тұйықталған, функционалды тембрде систолиялық шу бар. Бауыры + 1,5 см. ЭКГ-де аритмия, тісше вольтаждарының төмендеуі. ЭхоКГ- сол жақ қарыншаның жиырылу қабілетінің төмендеуі. Сіздің диагнозыңыз?//
эндокардиалды фиброэластоз//
гипертрофиялық кардиомиопатия//
миокардиодистрофия//
ревматизм, белсенділіг фазасы, біріншілікті ревмокардит, жедел ағымы//
+жүре пайда болған ревматикалық емес кардит, вирусты этиологиялы, жедел ағымы,орташа ауырлықта
***
759. 10 жастағы ұл балада тізе және тобық буынның ісінуі және ауырсынуы, дене қызуының 38,7С көтерілуі байқалады. Жүректің сол жақ шекарасы 2 см ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған.1 апта бұрын бала баспамен ауырған. Сіздің болжам диагнозыңыз?//
инфекциядан кейінгі миокардит//
+жедел ревматикалық қызба//
ревматоидты артрит//
септикалық кардит//
реактивті артрит
***
Бала 5 жаста. Ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ. 3-ші тәулікте науқаста ентігу, күрт әлсіздік, әлсіз пульс, жиі жөтел, ауызға қақырықтың толуы байқалады. Аускультация кезінде екі жақты өкпенің төмен аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпенің альвеолярлы ісігі, ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның насосты қызметі төмендеген. Қандай асқынудың дамуы жайлы ойлауға болады?//
Ревматикалық емес кардит//
жедел тыныс алу жетіспеушілігі//
+жедел сол жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі//
жедел оң жақты қарыншалық жүрек жетіспеушілігі//
тоталды жүрек жетіспеушілігі
***
Бала 6 жаста, қорқыныш сезімі, мазасыздық, күрт әлсіздік, суық тер мазалайды. Жағдайы ауыр, бозғылт, бет тамырларының пульсациясы байқалады. ЖСЖ 180; пульсінің толықтығы әлсіз, жүрек тондары қатты, жиі. Жүрек, бауыр шекаралары қалыпты. Ісінулер жоқ. Сіздің диагнозыңыз://
кардит//
синусты тахикардия//
+пароксизмалды тахикардия//
симпатикотониялық коллапс//
артериалды гипертензия
12 жасар бала ЖРВИ-мен ауырған. Аурудың 5-ші тәуілігінде брадикардия, экстрасистола пайда болған. Баланы ЭКГ, ФКГ, қан және зәр анализіне бағыттаған. 8-ші тәуілігінде балада физикалық жүктемеден кейін демікпе, ерекше әлсіздік, жіп-тәрізді пульс, көпіршікті қақырықты жиі жөтел пайда болған. Өкпесін тыңдағанда өкпесінің төменгі екі жағынан ылғалды сырылдар естіледі. Бұл науқаста қандай асқыну дамыған?//
перикардит//
жедел тыныс алу жетіспеушілігі//
+жедел сол қарыншалық жетіспушілік//
жедел оң қарыншалық жетіспушілік//
жедел бронхиолит
***
14 жасар балада Ревматизмнің, белсенді сатысы, аралас митральды қақпақша ақауы диагнозымен емделіп жатыр. Тамақтанғаннан кейін ойнағанда, бала жағдайы нашарлап, демікпе күшейіп, минутына 120-ға дейін аритмиялық пульс пайда болады, сол кезде жүрек жиырылуы минутына 150 жетеді. Көбікті қақырықпен аяқталатын жиі жөтел пайда болды. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?//
оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігі//
+сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі//
жедел пнвмония//
септикалық эндокрдит//
тромбоэмболия
***
5 жасар бала ЖРВИ-мен ауырған. Сауыққаннан 6 күннен кейін жағдайы нашарлады. Әлсіздік, ұйқысыздық, тәбетінің нашарлауы, демікпе, жүрек шектері көлденеңінен кеңейген. Пульсі минутына 120, Қан қысымы-80/40 мм.сын.бағ. ЭКГ-де тісшелер вольтажының төмендеуі, тыныс аритмиясы. ЭхоКГ-да миокардтың жиырылу қызметі төмендеген. Ревматикалық емес кардит диагнозы қойылып, емделді. Көңіл-күйі жақсарған, бірақ жүрек шектері және ЭКГ, ЭхоКГ-дағы өзгерістер қалып қойған. Бала ауруханада 5 ай жатқан. Бұл сырқаттың ағымы қандай?//
жедел//
+жеделдеу//
созылмалы қайталамалы//
өте жедел//
сауығу
***
Ревматикалық емес кардиттің ЭКГ көрінісіне тән емес://
экстрасистолия, ST сегментінің изолиниядан төмен орналасуы, Т тісшесі қалындаған, екі фазалы, теріс//
вольтаждың төмен болуы жүрекше қарыншалық өткізгіштіктің ұлғайуы//
ST сегментінің изолиниядан төмен ығысуы//
жүректің сол жақ бөлімінің гипертрофия белгілері//
+жүректің оң жақ бөлімінің гипертрофия белгілері
***
Миокард қабынуыда биохимиялық қөрсеткіштердің қайсысы жоғарлайды?//
АЛТ, амилаза//
АЛТ, негіздік фосфатаза//
+КФК, ЛДГ жоғарлауы//
СРБ, амилаза//
АСТ, ЛДГ
***
Жүректің сол жақ бөліміне күш түсу белгілері://
тахикардия, брадипноэ, өкпенің ісінуі//
брадикардия, брадипноэ, өкпенің ісінуі//
гепатомегалия, асцит, өкпенің ісінуі //
+тахикардия, тахипноэ, өкпенің ісінуі//
брадикардия, тахипноэ, өкпенің ісінуі//
***
Балалардағы аритмия қандай емді қажет етеді?//
лидокаин//
индометацин//
делагил//
+изоптин//
кальций препараттары
***
Ревматикалық емес кардитті диспансерлік бақылау://
+3 жыл//
4 жыл//
5 жыл//
6 жыл//
өмір бойы
***
Қыз бала 13 жаста, созылмалы тонзилитпен ауырады. Тонзилиттен кейін 2 апта өткесін аяқ-қолдың дірілдеуі, жүріс- тұрысы бұзылған, тез ашулану сияқты эмоциялық беріксіздік пайда болған. Тексеру кезінде қозғалыс координациясының бузылуы мен бұлшық ет гипотониясы анықталды. Болжамды диагнозыңыз://
шектен тыс қимыл неврозы//
+кіші хорея//
мишық ісігі//
невростения//
энцефалит
***
2 жастағы бала іріңді баспамен ауырған. 2 аптадан соң буынында, жүрек маңында ауырсыну байқалып, дене қызуы 37,4 С жоғарлаған. Зерттеу кезінде митралды клапанның зақымдану көрінісі анықталды. Осыған дейін дені сау болды. Алғашқы диагноз://
бактериалды эндокардит//
+ревмокардит//
ревматикалық емес кардит//
миокардиодистрофия//
жүре болған жүрек ақауы//
митралды клапанның жетіспеушілігі
***
Қабылдау барысында 4 жасар қыз баланың шағымдары: салмақ қоспау, өсудің баяулауы, бас ауруы, аяқтарының ауруы, іші үрленіп, жиі көп мөлшерлі дәретке отыру, құсу. Анамнезінен: 8 айынан мазасыздық жиі байқалады. Аталған симптомдар 1жас 7айынанбайқала бастаған. Нәжісі майлы. Қандай болжамды диагноз қоясыз?//
панкреатит//
тума гипотиреоз//
+целиакия//
тітіркенген ішек синдромы//
муковисцидоз
***
8 жасар қыз балада майлы тамақтан кейін жүрек айнуы, оң қабырға доғасы астында тұйық ауыру сезімі анықталды. Ерте жасынан іш қатумен зардап шегеді. УДЗ–өт қабының көлемі ұлғайған, Одди сфинктерінің жиырылуы бұзылған. Өтте тұнба белгілері бар. Болжамды диагнозыңыз://
+ӨЖД, гиперкинетикалық формасы//
ӨЖД, гипотониялық формасы//
жедел холецистит//
вирустық гепатит//
дисбактериоз
***
10 жасар бала сол жаурын және белге берілетін төс асты аймағы ауруына, жүрек айну, құсу, шөлдеу, іш кебуге шағымданады. Жағдайының нашарлағаны диета бұзғаннан кейін болды. Ауырғанына 2 жыл. Ауру тарихынан 6 жасында эпидемиялық паротитпен ауырған. Дене қызуы 38,8 градус. Эпигастрий, сол қабырға астындағы ауырсыну, Кача, Мейо-Робсон, Керте, Воскресенский симптомдары – оң. Қан зерттеуінде: Нв-120г/л, эр-3,95*1012 /л, л-11,0*10 9/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Қандағы қант – 6,0ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз://
+созылмалы панкреатит//
созылмалы энтероколит//
созылмалы холецистит//
созылмалы гастродуоденит//
жедел аппендицит
***
8 жасар бала сол жаурын және белге берілетін төс асты аймағы ауруына, жүрек айну, құсу, шөлдеу, іш кебуге шағымданады. Диетаны жиі бұзады. Ауырғанына 1 жыл болды. Дене қызуы фебрилбді. Эпигастрий, сол қабырға астындағы ауырсыну, Кача, Мейо-Робсон, Керте, Воскресенский симптомдары – оң. Қан зерттеуінде: Нв-120г/л, эр-3,95*1012 /л, л-11,0*10 9/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәрдегі диастаза – 132 бірлік. Қандағы қант – 6,1ммоль/л. Диетасы://
+№ 1//
№ 5//
№ 7//
№ 9//
№ 10
***
Баланы аса шаршағыштық, майлы тамақтан кейін ұстама-тәрізді, өткір қысқа мерзімді іштегі ауырсыну мазалайды. Қарағанда тері жамылғысы қызғылт, таза. Мерфи, Кера симптомдары - оң. Қан зерттеуінде: Нв-126г/л, эр-3,96*1012 /л, л-5,0*10 9/л, ЭТЖ-4 мм/сағ, э/4, с/67, л/29. Дуоденалдық зондтау кезінде: өт порциясының бөліну уақыты – 10 минут, Одди сфинктерінің жабылу уақыты – 9 мин, қайтадан тітіркендіргеннен кейін қаралтым өт бөлінді. Сіздің диагнозыңыз://
жедел гастродуоденит//
дуоденопанкреати//
өт шығару жолдары дискинезиясының гипомоторлық түрі//
+өт шығару жолдары дискинезиясының гипермоторлық түрі//
жедел гастрит
***
10 жасар қыз бала жедел жәрдем машинасымен қабылдау бөліміне келіп түсті. Ішінің жоғарғы бөлігінде ұстама-тәрізді ауырсыну, жүрек айну, құсу бар. Жағдайы ауыр, беті бозғылт жер түсіне ұқсас, зардап шеккен кейіпте, дене қызуы 38градус. Пульсі жиі, әлсіз минутына 120. Сипағанда ішіндегі ауырсыну жайылмалы, кіндік үстіндегі көлденең бұлшықет резистентілігі (Керте симптомы), Воскресенский, Мейо-Робсон симптомдары – оң. ЖҚА: Нв-120г/л, эр-3,95*1012 /л, л-12,0*10 9/л, ЭТЖ-18мм/сағ, э/4, б/2, с/66, м/8, л/20. Зәрдегі диастаза – 64 бірлік. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://
жедел аппендицит//
+жедел панкреатит//
жедел холецистит//
асқазан және ұлтабар жаралы ауруы//
инфекциялық энтероколит
***
11 айлық бала 8 айлығында емшектен айырғаннан кейін дене салмағын нашар қосады, ал тәбеті жоғарылаған, нәжісі жиілеген, көп мөлшерде, сасық иісті. Ең бірінші кезекте диагнозды жоққа шығару керек://
+целиакия//
муковисцидоз//
біріншілік лактазалық жетіспеушілік//
екіншілік лактазалық жетіспеушілік//
сиыр сүті белогын көтере алмаушылық
***
5 жасар ұл балада ішінде анда-санда ұстама тәрізді ауыру сезімі, аздаған улану белгілері бар. Ішін пальпациялағанда ауырсыну байқалмайды. Қан сынағында–эозинофилия 7%. Диагнозы://
функционалдық диспепсия//
ішек тітіркену синдромы//
+глисттік инвазия//
өт жолдарының дискинезиясы//
ішек дисбактериозы
***
10 жастағы ер бала, оң жақ қабырға астында орналасқан, оң жақ жауырын мен бел аймағына тарайтын ішінің өткір ауруына, жүрек айну мен қабылдаған тамағын қайта құсуына шағымданады. Іш қуысындағы ауырсыну таңертеңгі нан мен май, жұмыртқа, кофеден тұратын астан кейін 15минуттан кейін басталған. Осыған ұқсас ұстама 7 ай бұрын көрінген. Нәжісі ретті түссізденген. Бұл белгілер қандай ауруға тән://
он екі елі ішектің жара ауруы//
+өт тас ауруы//
панкреатит//
гепатит//
созылмалы гастрит
***
3 жасар бала анда-санда ішінің ауруы, қан және шырыш қосылған үлкен дәретінің 3-5 рет болуына шағымданады. Бірнеше рет жұқпалы ауруханада емделген, бірақ энтеропатогенді қоздырғыштар табылмаған. Антибиотиктер қабылдаудан жағдайы жақсармаған. Қарағанда: азғын, іші кепкен, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады. Анусы жабық. Сіздің диагнозыңыз://
жедел дизентерия//
созылмалы гепатит//
+арнайы емес жаралы колит//
инфекциялық энтероколит//
бауыр циррозы
***
Бала 11 жаста, ішінің сыздап ауырсынуына, жүрек айнуына, бір рет құсуына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті: тері жабындылары бозғылт түсті, көз астының көлеңкеленуі байқалады, тілі сары жабындымен жабылған. Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң. Бауыры +2см, пальпацияда ауырсынады. Қан анализінде: Нв-130 г/л, Эр.-4,5х1012/л, Л-12х109/л, ЭТЖ-12 мм/сағ., э-3%, б-1%, м-7%, т/я-26%, с/я-63%. Науқастың диагнозы://
жедел панкреатит//
+жедел холецистит//
жедел дуоденопанкреатит//
спецификалық емес жаралы колит//
асқазан және 12-елі ішектің ойық жара ауруы
***
13 жастағы қыз бала мектепке барғанда басының ауруына, әлсіздікке, тамақ қабылдаумен байланыссыз эпигастрий аймағында ішінің ауырсынуына шағымданды. Жоғарыда айтылған шағымдар 6 ай уақытында баланы мазасыздандырады. Бұл балаға біріншіден қандай зерттеу жүргізу қажет?//
асқазан рентгенографиясы//
дуоденальді зондтау//
+фиброгастродуоденоскопия//
асқазанның РН-метриясы//
электрогастрографияны
***
14 жасар қыз тамақ ішкеннен кейін күшейетін эпигастрий аймағында тұрақты сыздап ауруына шағымданады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Сипағанда іштің ортаңғы сызығы бойымен эпигастрийде ауру байқалады. Диспансерлік бақылауда асқазан-ішек жолдары ауруларымен 2,5 жыл бақылауда тұрады. Асқазанның базалды секреция деңгейі жоғарлаған. Қай ауру туралы ойлауға болады?//
+жоғары секрециялы созылмалы гастрит//
төмен секрециялы созылмалы гастрит//
жайылмалы гастрит//
асқазан жаралы ауруы//
12 елі ішек жаралы ауруы
***
14 жастағы қыз бала тамақ ішкеннен кейін іштің ауыруына, кекіруге, лоқсуға, эпигастр аймағының қыжылдауына, іштің қатуына шағымданады. Осы шағымдар бірнеше жыл бойы байқалады, тексерілмеген. Болжамды диагноздардың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?//
12 елі ішектің жара ауруы//
+созылмалы гастродуоденит//
созылмалы холецистит//
созылмалы гастрит//
энтероколит
***
2 жастағы ұл бала муковисцидоздың ішектік түрімен қаралады. Ферменттерді үнемі қабылдайды. Қазіргі кезде дәреті қалыпты. Аталған емдеу жолдарының қайсысы ең тиімді болып келеді?//
ферменттердің мөлшерін жоғарлату//
ферменттердің мөлшерін төмендету//
ферменттерді қолдануын тоқтату//
+ферменттерді сол мөлшерде қабылдау//
Ферменттерді анда-санда қабылдау
***
Қыз бала эпигастр аймағының ауру сезіміне, тамақтан кейінгі қыжылдауға шағымданады. Осы жағдайда ең тиімді дәрмек болып табылады://
но-шпа //
атpопин//
цеpукал//
+алмагель//
креон
15 жасар қыз, бірнеше сағат бұрын омыртқа және белді айнала ауыратын, эпигастрий аймағының қатты ауруы пайда болды. Жеңілдік әкелмейтін бірнеше құсу болды. Терісі бозғылт, тілі ақ жабынмен жабылған, дене қызуы 37,8 градус, іші кепкен. Ортнер симпомы күмәнды. Мейо-Робсон нүктесінде ауырсыну бар. Лейкоцитоз – 12,8 *10 9/л. Үлкен дәреті тазарту клизмасынан кейін шықты, тығыз майлы. Сіздің болжамды диагнозыңыз://
жедел гастрит//
жедел гастродуоденит//
+жедел панкреатит//
жедел дуоденит//
жедел холецистит
***
Қыз бала 12 жаста, тамақтан кейін ауызда қышқыл сезімінің пайда болуына шағымданады. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде холестаз белгілері анықталды. Дәрілердің қайсысын қолдану ең тиімді?//
креон//
но-шпа//
+аллохол//
мезим-форте//
де-нол
***
8 айлық баланың физикалық дамуын бағалау кезінде гипотрофия анықталды. 4 айға дейін ана сүтін емген, кейін бейімделген қоспаға ауыстырылған. 5,5 айдан бастап бір қосымша тамақ енгізілді, сүтті ботқа түрінде, 6,5 айдан бастап көкеніс ботқасы. 5 айға дейін дамуы жасына сәйкес, кейінен дене салмағына 80-100 гр ғана қосылды. Нәжіс күніне 7 ретке жетеді. Төмендегі диагноздардың қайсысы дұрыс?//
муковисцидоз//
+целиакия//
галактоземия//
лактазды жеткіліксіздік//
сахаразалы жеткіліксіздік
***
Науқаста майлы тағамды қолданғаннан кейін, пайда болған сол жақ қабырға асты ауырсыну, арқасына да беріледі. Пальпация кезінде Шоффар, Мейо-Робсон аймағы ауырады, қан аралас іш өту, әлсіздік, аздаған нейтральды лейкоцитоз, солға ығысуы айқын емес, амилазурия. Диагноздың қайсысы болуы мүмкін?//
+созылмалы панкреатит асқынуы//
жедел некрозды панкреатит//
жедел инфильтративті панкретит//
жедел холецистит//
асқазан жара ауруы асқыну фазасында
***
Бала 15 жаста, 12 елі ішек ойық жарасымен ауырады. Ауруханаға «кофе» тұнбасы тәрізді құсуға, іш ауырсуына, қышқылмен кекіруге шағымданып түсті. Әлсіздік, құлағының шуылдауы, бас айналу, бозғылтық анықталды. ЖСЖ - 100 рет мин, АҚ 80/40 мм.сын/бағ. Нв-80 г/л. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?//
перфорация//
пенентрация//
+қан кету//
малигнизация//
12 елі ішектің шығу бөлімінің стенозы
***
13 жастағы қыз бала. Созылмалы гастритпен 2 жыл ауырады. Тұйық ауырсыну, тамақтан соң эпигастрийде ауырсыну, кекірік, құсық, ауыздан жағымсыз иіс мазалайды. Метеоризм, іш өтеді. Склераның бозғылт, субиктериялық болуы, «тілі жылтыраған», кейде тілдің ашуы болады. Аяқ-қолдарда жыбырлау сезімі. ЖҚА- гиперхромды, макроцитарлы анемия. Созылмалы гастриттің төмендегі эндоскопиялық суреті осы клиникаға тән?//
+атрофиялы түрі//
эрозиялы түрі//
гипертрофиялы түрі//
беткейлік түрі//
аралас түрі
***
13 жастағы бала, 3 жыл бойы эпигастрий аймағының ауыратына шағымданады, тамақтан соң 30-40 мин, кейде таңертен, кейде кешке ауырсынады. Кіндіктің үстіңгі сол жағында белсенді бұлшықет қорғанысы. ФГДЭС-те 12 елі ішекте жұлдызша тәрізді тыртық бар. Дуоденум және асқазаның кілегейі қызарған, ісінген. Осы аталған диагноздардың қайсысы науқаста болуы мүмкін?//
созылмалы панкреатит//
функциональды диспепсия//
жедел панкреатит//
+жедел гастрит//
12 елі ішектің ойық жарасы
***
10 жастағы бала, 2 жыл бойы созылмалы гастродуоденитпен ауырады. Эпигастральді аймағында тұйық сыздау, кейде тамақтан соң лоқсу, тамақ аралас құсу жеңілдік әкеледі. Анамнезінде: тамақтану тәртібі бұзылғын, тәбеті төмендеген, эпигастральды және пилородуоденальды аймағында ауырсыну бар, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған, нәжісі жиі қатады. Негізгі жабдықты зерттеу қадамы-ол?//
+эзофагогастродуоденоскопия//
рентгенологиялық зерттеу//
асқазан мен 12 елі ішектің УДЗ//
дуоденалді зондтау//
копрограмма
***
10 жастағы бала, 2 жыл бойы «Д» бақылауда тұрады. Эпигастральды аймағында тамақтан соң, кейде таңертең немесе кешке ауырсыну байқалады. Пальпацияда пилородуоденальді аймағы ауырады, үстінгі сол жақ кіндіктің белсенді бұлшықет қорғанысы. ФГДЭС-те 12 елі ішекте жұлдызша тәрізді тыртық бар. Дуоденум және асқазаның кілегейі қызарған, ісінген. Терапияны неден бастайсыз://
антибиотиктер//
+висмут дәрілері//
антисекреторлы дәрілер//
ферменттер//
гармондар
***
Нәресте 3400 салмақпен туған. Емшек сүтімен тамақтанғаннан кейін бірінші күннен көп реттік құсу, іш өту анықталды, дене қызуы мен улану белгілері жоқ. Копрограммада нәжісі PН-5,5-ке дейін төмендеген, майлы, қышқылы++. Клинико- зертханалық белгілері қандай ауруға сәйкес?//
сахароза жеткіліксіздігі//
дисбактериоз//
+лактозды жетіспеушілік//
целиакия//
муковисцидоздың ішектік түрі
***
Эрадикационды терапия жүйесіне кірмейтін прерарат://
кларитромицин//
макмирор//
фуразолидон//
+алмагель//
Омепразол
Қандай гастриттің себебі Helicobacter pylori?//
аутоиммунды//
+бактериалды//
аралас//
реактивті//
лимфоцитарлы
***
Асқазан-дуоденалды қан кетуді қандай әдіс анықтайды?//
асқазан-ішек жолдарының барий рентгеноскопиясы//
іш қуысының жалпы рентгені//
іш қуысының ультрадыбысты зерттеуі//
+эзофагогастродуоденоскопия//
ректороманоскопия
***
Бала 13 жаста, қуырылған саңырауқұлақты жеуіне байланысты ішінің ауыру сезіміне, быжыған көп мөлшерде үлкен дәреттің болуына байланысты шағымдарымен қаралды. Гастроэнтерологта 2 жыл тіркеуде тұр, диетаны бұзуына байланысты ішінің ауыру сезімі болып тұрады, спазмолитиктерді қолданғанда қояды. Ауыру уақыты 2-3 күнге созылады. Жанұяда әкесінде созылмалы панкреатит. Тексергенде: баланың тамақтануы төмен, Мейо – Робсен симптомдары оң. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін? //
асқазанның жара ауруы//
гастрит//
+созылмалы панкреатит//
дуоденит//
холецистит
***
Қыз 14 жаста экзогенді конституционалды семіздіктің ІІ дәрежесімен ауырады, жүгіріп, секіргеннен кейін, балмұздақ жегенде іштің оң жақ қабырға астында ауыру сезімінің пайда болуына шағымданады. Ауыру субфебрилитетпен, жүрек айнумен, құсумен жүреді. Қарап тексергенде: көзінің склерасы сарғайған, Шоффар аймағында ауырсыну бар. УДЗ: өт қапшығының үлкеюі, фокальдық түзіліс бар. Осы жағдай гепатобилиарлы жүйенің қандай ауруына тән?//
созылмалы холецистит//
созылмалы панкреатит//
бауыр циррозы//
+өт тас ауруы//
өт шығарғыш жолдарының дискинезиясы
***
Гастродуоденитпен ауыратын науқастың еміне қолданылатын қандай препарат протон насостың ингибиторы болып табылады?//
фамотидин//
де-нол//
метранидозол//
+омепразол//
алмагель
***
Созылмалы гастродуоденит пен асқазан және 12-елі ішектің ойық жара аурулары дамуының себебі болып табылатын қоздырғышты атаңыз://
гарднерелла//
стафиллококк//
стрептококк//
+хеликобактер пилори//
ішек таяқшасы
***
12 жасар бала, бірден әлсіздік пен жүрек айнуына шағымданып ауруханаға түсті. Кеше кешке және бүгін таңертең балада қою қара май тәрізді нәжіс болды. Жалпы қарағанда: тері жамылғысы мен көзге көрінетін шырышты қабаттары айқын бозғылттанған, мұздай тер бөлінеді, пульсі минутына 120 рет, АҚ 80/40 мм сын.бағ. Гемоглобині-40 г/л. Сәйкес болатын диагнозды атаңыз://
мальабсорбция синдромы //
анус жырығы //
жаралы колит //
холестаз синдромы //
+асқазан ішектен қан кету
***
Бала 10 жаста, ішінің тұйық, сыздап ауырсынуына, жүрек айнуына, бір рет құсуына шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті қарағанда: тері жабындылары бозғылт түсті, көз астының көлеңкеленуі байқалады, тілі сары жабындымен жабылған. Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң. Бауыры +2см, пальпацияда ауырсынады. Қан анализінде: Нв-130 г/л, Эр.-4,5х1012/л, Л-12х109/л, ЭТЖ-12 мм/сағ., э-3%, б-1%, м-7%, т/я-26%, с/я-63%. Алдын ала болжам диагноздың ең ықтималы?//
жедел панкреатит//
+жедел холецистит //
жедел дуоденопанкреатит//
спецификалық емес жаралы колит//
асқазан және 12-елі ішектің ойық жара ауруы
***
Қыз бала 11 жаста. Бойы 130см, дене салмағы 25кг. Стационарға салмақ қоспауына, өсуінің төмендеуіне, бас ауруына, аяқтарының ауырсынуына, ішінің кебуіне, нәжісінің жиі, көп болуына, құсуына шағымданып түседі. Анамнезінде: 6 айлығынан бастап дәнді даөыл ботқалар бергеннен ішінің кебуі және мазасыздық байқалған. 1,5 жасынан бері ішінің ауырсынуы, көлемінің ұлғаюы, кебуі, нәжісі жиі көп мөлшерде болуы, құсу байқалады. Копрология: стеаторея. ЭФГДС кезінде субатрофиялық дуоденит анықталған. Осы науқасқа қандай диета ең тиімді?//
стол № 5//
стол № 4//
лактозаны шектеу диетасы//
+глютенді шектеу диетасы //
стол № 1
***