Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
загружено (7).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
924.11 Кб
Скачать

4 Жасар балада энурез. 1 жасында жрви, 2 жасында желшешекпен ауырған. Клиникалық лабораториялық ауытқушылық жоқ. Баланың түнгі зәрін ұстамауының себебі неде?//

жедел зәр инфекциясы//

цистоуретит//

цистопиелонефрит//

созылмалы пиелонефрит//

+қуықтың нейрогенді дисфункциясы

***

Бала 3 жаста. Ауруханаға бетінің, балтырларының ісігіне және асцитке шағымданып бірінші рет түсті. АҚ 100/60 сынап бағ, несепте белоктың мөлшері 3,0 г/л, эритроциттер саны 3-5 к/а, лейкоциттер 2 к/а., түйіршікті цилиндрлер 5-6 к/а., қанда жалпы белок 50 г/л, холестерин 9 ммоль/л. Қандай ауру болуы мүмкін?//

пиелонефрит//

несептас ауруы//

жедел гломерулонефрит, нефритті синдромы//

+жедел гломерулонефрит, нефротикалы синдромы//

интерстициальды нефрит

***

Наташа 9 жаста. 7 жыл бойы нефрологта созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бойынша «Д» есепте тұр. Соңғы 6 ай анализдерде азотемия. Шағымы: тез шаршау, тәбетінің төмендеуі, шөл, полиурия. Обьективті: физикалық дамуы тежелген, дене терісі боз, құрғақ, ауыз жиегі тілінген, «О»-тәрізді аяқтың қисаюы. Жалпы қан анализінде нормохромды анемия 2 дәрежелі. Биохимиялық қан анализінде креатинин-130 мкмоль/л, мочевина-16,8 ммоль/л, натрий-105 ммоль/л, қант-5,6 ммоль/л. Зәр тығыздығы 1007-1012. Тәуліктік глюкозурия-0,08г. Сіздің диагнозыңыз://

қант диабеті, 1 түрі//

бүйректік глюкозурия//

қантты емес диабет//

жедел бүйрек жетіспеушілігі//

+созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

***

10 айлық сәбиде пневмониямен асқынған жедел вирусты инфекция фонында зәр бөлінбей қалды. Қан анализінде: ЭТЖ 45 мм/ч, эритроцит 3,3 х 10¹² /л, гемоглобин 90 г/л, мочевина 19 ммоль/л, билирубин 14 мкмоль/л, шумақтық фильтрация жылдамдығы 10мл/мин. Бүйректі ультрадыбысты тексеруде: бүйрек өлшемі үлкейген, тостаған астау жүйесі тарылған. Алдын ала қандай диагноз қоюға болады?//

жедел пиелонефрит//

зәр бөлудің жедел тоқтауы//

+жедел бүйрек жетіспеушілігі//

гемолитико-уремиялық синдром//

созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

***

14 жастағы «В вирусты гепатиті» бар қызда протеинурия 1г/тәу, микрогематурия, шумақтық фильтрация жылдамдығы 80 мл/мин анықталды. «Вирусты гепатит В, ассоциаланған мембранозды нефропатия» диагнозы қойылды. Ең тиімді препарат://

кортикостероидтар//

АПФ ингибиторлары//

жүйелі цитостатиктер//

+вирусқа қарсы препараттар//

селективті иммуносупрессорлар

***

1,5 жастағы балада айқын сүйектік мешелдің өзгерістері байқалады. Анамнезінде табиғи қоректенген, күтімі жақсы, рахитқа қарсы Д витаминімен алдын-алу жүргізілген. Бүйректің УДЗ – оның айқын патологиялары анықталған жоқ. Несеп анализі қалыпты. Бүйрек функциясы сақталған. Қан биохимиясында: Р-0,6ммоль/л, Са–2,5ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз://

жедел гломерулонефрит/

хондродистрофия//

+витамин Д резистентті рахит (фасфат-диабет)//

Д витамині тапшы рахиттің қалдықтары//

Д витамині тапшы рахит, оның қалдықтары

***

8 айлық балада фебрилді температура, айқын улану белгілері, тісі көріне бастаған, зәр шығаруы сиреген. ҚЖТ – лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы, ЭТЖ – 25мм/сағат; ЗЖТ – лейкоцитурия, бактериурия. Сіздің алдын–ала қойған диагнозыңыз қандай?//

жедел цистит//

+жедел пиелонефрит//

жедел гломерунефрит//

тіске байланысты реакция//

жедел пневмония

***

12 жастағы ұлға қойылған диагноз «Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі? Терминалды кезеңі? Шумақтық фильтрация жылдамдығы 10 мл/мин». Бұл жағдайға тұқым қуатын нефрит жеткізген. Науқастың өмірін ұзарту үшін қандай терапия әдісі қолайлы?//

гемодиализ//

ультрафильтрация//

перитонеалды диализ//

+бүйректің трансплантациясы//

ультрафильтрациялы гемодиализ

***

7 жастағы ұл бала. Себептен себепсіз анасарка пайда болады. АҚ 95/65 с.б.б. Зәр анализінде: белок 3г/тәу, эритроцит 0-1 к/а, лейкоцит 5-6 к/а. Қан анализінде: ЭТЖ 45 мм/сағ; жалпы белок 40г/л, альбумин 18%, холестерин 8,9ммоль/л. Шумақтық фильтрация жылдамдығы 90мл/мин. Осы жағдайда ісікті кетіру үшін қандай препарат тиімді?//

фуросемид + гемодез//

гипотиазид + реополиглюкин//

диакарб + рефортан//

+10% альбумин ерітіндісі; лазикс + реополиглюкин//

10% альбумин ерітіндісі; диакарб+ реополиглюкин

***

5 жастағы қыз балада жедел нефритті синдром. Бұл жағдайда берілген диеталардың қайсысы дұрыс?//

+тұзды шектеу//

белокты шектеу//

сұйықтықты шектеу//

белок пен тұзды шектеу//

белокты, сұйықтықты, тұзды шектеу

***

15 жастағы қыз балада терминалды бүйрек жетіспеушілігі геморрагиялық синдроммен байланысты. Геморрагиялық синдромның себебін таңдаңыз://

гиперкалиемия//

+тромбоцитопатия//

тромбоцитопения//

протромбин төмендеуі//

IV фактор, тромбоциттер төмендеуі

***

2 жастағы ұл балаға «жедел пиелонефрит» диагнозы қойылды. Рентгенурологиялық тексеруді ремиссияға жеткеннен кейін қандай уақытта жасау керек?//

ремиссияға жеткен соң бірден//

бір жылдан кейін//

2 жылдан соң//

+2 айдан кейін//

6 айдан соң

***

Ангиотензин ІІ синтезінің ингибиторы болып табылады://

дибазол//

апрессин//

эуфиллин//

каптоприл//

+анаприлин

***

11 айлық сәбиде пневмониямен асқынған жедел вирусты инфекция фонында зәр бөлінбей қалды. Ең алдымен қайсы тексеруді жасау керек?//

+креатининді анықтау//

Ли-Уайт бойынша қанның ұюы//

вирустарға иммуноферменттік анализ//

қанның қышқылды-сілтілік жағдайы//

ақуыз және оның фракцияларын анықтау

***

Нефротикалық синдромының белсенді фазасы бар 14 жастағы ұл балада бел аймағында ауру сезімі, сол жақтық варикоцеле, гематурия, протеинурияның жоғарлауы мен бүйрек қызметінің бұзылуы пайда болды. Науқас жағдайының нашарлауына қандай себептер әсер етуі мүмкін?//

+тез дамитын гломерулонефрит//

зәр жолдарының обструкциясы//

гемолитико-уремиялық синдром//

бүйрек көк тамырларының тромбозы//

тамыр ішілік шашыранды қан ұю синдромы

***

5 жастағы қыз бала анамнезінде жиі дизурия, 38°дейін температура, іштің ауыруы және жиіленген аурусыз зәр шығаруы пайда болды. Қанда: лейкоциттер – 8,9х109 /л, ЭТЖ 33 мм/сағ. Зәрде: лейкоциттер 18-22 көз/а, эритроциттер 8-10 көз/а, ақуыз – 0,08г/л. Бүйректің УДЗ – оң жақ түбегінің кеңеюі. Осы науқасқа ең тиімді тактика қандай?//

зәрді бактерияларға себу, фурациллинмен қуықты инстилляциялау//

зәрді бактерияларға себу, урография//

зәрді бактерияларға себу, цистография//

+зәрді бактерияларға себу, уназин//

уназин

***

9 айлық сәбиде пневмониямен асқынған жедел вирусты инфекция фонында зәр бөлінбей қалды. Қан анализінде: ЭТЖ 45 мм/с, эритроцит 3,3 х 10¹² /л, гемоглобин 90г/л, мочевина 19ммоль/л, билирубин 14мкмоль/л, шумақтық фильтрация жылдамдығы 10мл/мин. Бүйректі УДЗ: бүйрек өлшемі үлкейген, тостаған астау жүйесі тарылған. Шаралардың ең алдымен тағайындалатыны?//

гемодиализ//

ультрафильтрация//

+перитонеалды диализ//

бүйректің трансплантациясы//

ультрафильтрациямен гемодиализ

***

Қандағы зәр қышқылының қалыпты көрсеткіші?//

2,5-3,5 ммоль/л//

+3,3-5,5 ммоль/л//

5,5-7,5 ммоль/л//

7,5-9,5 ммоль/л//

9,5-11,5 ммоль/л

***

5 жастағы бала жиі ауырсынатын дәретке шағымданады. Бұл шағым суықтануға байланысты және 2 күн бойы мазалапты. Жағдайы орташа аурлықта, дизуриялық көрініске байланысты. Перифериялық ісінулер жоқ, интоксикация айқын емес. Зерттеу нәтижесінде лейкоцитурия анықталды. Төмендегі диагноздың қайсысы науқасқа тән?//

+жедел цистит//

жедел пиелонефрит//

жедел гломерулонефрит//

созылмалы пиелонефрит//

тубулопатия

***

8 айлық балада фебрилитет, айқын интоксикация, көз астында көлеңке, тісі шығып келеді, дәретке сирек отырады. ЖҚА- лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ- 25 мм/с, ЖЗА- лейкоцитурия, бактериурия. Төменде көрсетілеген диагноздың қайсысы науқасқа тән?//

жедел цистит//

+жедел пиелонефрит//

жедел гломерулонефрит//

тіс шығуына «реакция»//

жедел пневмония

***

Ұл бала 14 жаста, ауырғанына 4 жыл болды. Нефрологта «Д» тіркеуде тұр. Диета сақтамайды. Қарау кезінде әлсіздікке, айқын бозаруға шағымданады. Есі анық. АД 180/100 мм.сын.бағ. Тексергенде: ЖҚА- Нв- 56 г/л, ЭТЖ-60 мм/с; б/х қанда мочевина-58ммоль/л, қандық азот-111ммоль/л, креатинин 870 ммоль/л. Науқасты әрі қарай жүргізуде сіздің тактикаңыз://

антибактериальді терапия, преднизолон//

преднизолон, цитостатиктер//

+гипотензивті терапия, гемодиализ//

соматикалық бөлімінде терапияны жалғастыру//

диуретикалық терапия, преднизолон

***

Бала 10 жаста, бетінде, аяғында айқын ісіну, асцит, олигурия. ЖҚА- протеинурия- 6г/л, б/х қан анализінде - гипопротеинемия, гиперлипидемия. Қай зат патогенетикалық емнің негізгісі болып табылады?//

антибиотиктер//

диуретиктер//

сульфаниламидтер//

жүрек гликозиттері//

+кортикостероидтар

***

Қанда жоғарлауы бұйрек қызметінің бұзылысын сипаттайды?//

натрий//

альбумин//

холестерин//

+креатинин//

калий

***

Зимницкий сынамасы бұйректің қандай қызметін анықтайды?//

секрециялық//

фильтрациялық//

реабсорбциялық//

+концентрациялық//

азот шығарушы

***

8 жастағы баланың шағымдары: ісіну, бастың ауыруы, зәр түсінің өзгеруі. Қарап тексергенде: аяқтың, беттің ісінуі, АҚ 140/90мм.сын.бағ., ЖЗА: ақуыз 2,5г/л, эритроциттер бұкіл к/а. Қандай патология туралы ойлауға болады?//

пиелонефрит//

интерстициалды нефрит//

+гломерулонефрит//

бұйрек туберкулезі//

несеп-тас ауруы

***

Жедел гломерулонефриттің клиникасына қандай симптомдар тән?//

бактериурия, АҚ жоғары болуы, оксалатурия, гематурия //

лейкоцитурия, оксалатурия, АҚ жоғары болуы, гематурия //

дизурия, лейкоцитурия, АҚ жоғары болуы, гематурия //

+ісіктер, АҚ жоғары болуы, протеинурия, гематурия//

лейкоцитурия, АҚ жоғары болуы, ісіктер, гематурия//

***

Қуықтың шырышты қабатындағы қабынулық өзгерістерді анықтау үшін қандай зерттеу жұргізіледі?//

қуықтың УДЗ//

+цистоскопия//

экскреторлы урография//

микционды цистография//

радиоизотопты цистография

***

Бұйректің созылмалы ауруында нефропротективті терапияда «алтын стандарт» ретінде қолданылатын дәрілік заттар://

антибиотиктер//

ферменттер//

витаминдер//

+глюкокортикоидтар//

Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары

***

4 жасар бала ауруханаға көбінесе оң жақтық сегізкөз аймағындағы ауру сезіміне, Т – 37,5 С, зәрінің лайлы болуына шағымданып келіп тұсті. Анамнезінде 2 апта бұрын ішек инфекциясымен ауырған. Қарап тексергенде аздап улану симптомы бар, ісік жоқ. Пальпация кезінде оң жақ бұйрек проекциясында ауру сезім, АҚ 90/60 мм с/б. ЖҚА: лейкоциттер 16*10 9/л, ЭТЖ 35 мм/сағ, ЖЗА: белок 0,66г/л, лейкоциттер көп, эритроциттер 3-4 к/а, гиалин цилиндрлері бірлі-жарым. Қандай диагноз бүл науқасқа сай келеді?//

нефроптоз//

зәр тас ауруы//

+жедел пиелонефрит//

созылмалы пиелонефрит//

жедел гломерулонефрит

***

9 жасар ұл бала, айқын ісінуге, асцитке, сирек зәр шығуына, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Анамнезінде суық тигеннен жедел ауырған, АҚ 110/70 мм с/б, Зәрі- ашық түсті. ЖЗА: белок 6,8 г/л, лейкоциттер 1-2 к/а, эритроциттер жоқ, тұнықтығы 1025. ЖҚА: лейкоциттер 16*10 9/л, Hb-110 г/л, ТК – 0,9, ЭТЖ – 55 мм/сағ, б/х қан анализі- жалпы белок -48г/л. Науқасқа қандай диагноз сәйкес келуі мүмкін?//

зәр шығару жолының инфекциясы//

жедел пиелонефрит//

жедел цистит//

нефриттік синдром//

+нефротикалық синдром

***

Клиникаға 12 жасар бала мазасының кетуіне, көңлінің айнуына, басының ауыруына, беті мен балтырының аздап ісінуіне, зәрінің түсі өзгергендігіне шағымданып ауруханаға түсті. Объективті қарағанда: терісі боз. Беті көлкілдеп тұр. Жүрек тондары тұйықталған, артериялық қан қысымы 140/90мм с.б. Жалпы зәр анализінде: түсі еттің жуындысындай, тығыздығы-1008, белок-0,66г/л, көру аймағында жаппай эритроциттер, лейкоциттер-2 к/а. Мұндай жағдайда қай диагноз болжамды?//

+жедел ГН, нефритикалық синдром//

жедел ГН, нефротикалық синдром//

жедел ГН, жекешеленген зәр синдромы//

жедел ГН, аралас формалы//

жедел пиелонефрит

***

1,5 жасар балада айқын рахиттік сүйек өзгерістері байқалады. Анамнезінде: ана сүтімен тамақтанған, күтімі жақсы, Д витаминімен профилактика жүргізілген. Бұйректің УДЗ-де бұйректің тума ақаулары жоқ. Зәр анализдері өзгеріссіз. Бүйректің қызметі сақталған. Қанның биохимиясында: Р-0,6ммоль/л, Са-2,5ммоль/л. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?//

витамин Д – дефицитті рахит//

+витамин Д – резистентті рахит (фосфат-диабет)//

ренальды остеопатия//

жедел гломерулонефрит//

хондродистрофия

***

1жас 11айлық баланың дене қызуы жоғары, интоксикация, беймаздық. Қанында лейкоцитоз, ЭТЖ-жоғары, Зәрінде-лейкоцитурия, бактериурия. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?//

жедел цистит//

+жедел пиелонефрит//

жедел гломерулнефрит//

жедел пневмония//

жедел гастродуоденит

***

11 жасар бала 3 жылдан бері ауырады. Алғашқыда кездейсоқ гематурия анықталған. Сонан соң протеинурия қосылған. Соңғы госпитализацияда нефротикалық синдром+гематурия деп қойылды. Сіздің диагностикалық тактикаңыз және еміңіз қандай?

ингибиторлар АПФ, симптоматикалық ем//

стероидты ем, гормондар//

цитостатикті ем, плазмаферез//

+цитостатиктер, гормондар//

Плазмаферез, цитостатиктер

***

Емхананың нефрологында бүйректің түрлі созылмалы ауруларымен ауратын 10 ауру қадағаланады. Аурудың болжамын және ауруды амбулаториялық жағдайда жүргізудің тактикасын анықтау үшін, мына тәсіл қажет?//

+қанның сары суында креатинин://

компьютерлік томография//

экскреторлы урография//

цистография//

қанның сары суында ферритин

***

12 жасар балаға функциональді бүйректік сынама жасау керек, ол://

Амбурже сынамасы//

+Зимницкий сынамасы//

Нечипоренко сынамасы//

Аддис-Каковский сынамасы//

ортостатикалық протеинурияға сынама

***

Науқас 10 жаста. Үш күн бұрын баспамен ауырды, кейін, 380–ге дейін дене қызуының жоғарлауы, көңіл күйінің бұзылуы, бастың ауруы, беттің ісінуі, зәр мөлдірлігінің өзгеруі шағымдарымен ауруханаға түсті. Объективті: тері жабындылары бозғылт, беті ісінген, АД 115/70мм. с.б.. ЖҚА: ЭТЖ - 34 мм/сағ, лейкоциттер – 13,0 х 109/л, с/я - 84%. ЖЗА: мөлдірлігі – мөлдір емес, салыстырмалы тығыздығы – 1008, ақуыз – 0,66 г/л, эритроциттер – 10-ға дейін к.а., лейкоциттер – 25-38-45 к.а. Уроцистограммада: сегментоядролы лейкоциттер –84%, лимфоцитарлы – 16%. Сіздің диагнозыныз?//

тубулоинтерстициалды нефрит//

жедел нефритикалық синдром//

нефротикалық синдром//

токсикалық нефропатия//

+жедел пиелонефрит

***

Науқас 13 жаста. Ұл бала 10 күн бұрын жедел фарингитпен ауырған. Кейін бетінде ісіну пайда болды. Бала бас ауруына шағымданды. Күнара зәрінің түсі «ет жуындысы» тәрізді өзгереді. Жалпы жағдайы ауыр. Есі анық емес. Клонико-тоникалық тырысулар байқалады. АД 160/100 мм.с.б. Тамыр соғуы-120 рет минутына. Тағайындау қажет емес://

+преднизолон//

нифедипин//

фуросемид//

гипотиазид//

фраксипарин

***

Жедел нефритикалық синдромға тән://

анасарка//

+артериальді гипертензия//

жоғары протеинурия//

гипоальбуминемия//

гиперхолестеринемия

***

Бала 8 айда жедел ауырды. 390С-қа дейін дене қызуының жоғарлауы, көп реттік құсуға, шөлдеу, төрт ретке дейін сұйық нәжіс байқалды. Анасы жағынан әжесінде- гидронефроз. Объективті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ, 500 граммға дейін дене салмағын жоғалтқан. АД -80/50 мм. с.б. Іші кепкен. Бауыры оң жақ қабырға доғасынан 2,5см шығыңқы. ЖҚА: ЭТЖ - 34 мм/сағ, лейкоциттер – 18 х 109/л, п/я - 14%, с/я - 44%. ЖЗА: зәрдің мөлдірлігі бұзылған, салыстырмалы тығыздығы - 1009, белок - 0,066 г/л, эритроциттер - 4 к.а, лейкоциттер – 30-45 к.а. Зәрде бактериялар: 1 мл-де 180000 (E.coli). Копрограммада: шырыш аздаған мөлшерде, лейкоциттер - 4 к.а. Сіздің диагнозыныз?//

тағамдық токсикоинфекция //

токсикалық нефропатия//

+жедел пиелонефрит//

дизентерия//

сепсис

***

Пиелонефритте бүйректің қай бөлігі зақымдалады?//

нефрондар//

шумақтар//

юкстагломерулярлы аппарат//

түтікшелер//

+тостағаншалар

***

Жедел гломерулонефриттің жекеленген зәрлік синдромы сипатталады://

+протеинуриямен//

лейкоцитуриямен//

азотемиямен//

олигоуриямен//

гипертониямен

***

Қыз бала, 11 жаста тәуліктік зәрі азайған, зәрі жуылған еттің түсіне ұқсайды. Гломерулонефритпен 10 жасында ем алған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 37,7°С, терісі боз, қабақтары ісінген. АҚ-110\55мм.сын.бағ. Қан талдауы: Нв-100г/л, Эр-3,3x1012/л, Л-7,6x109/л, т/я-2%, с/я-60%, э-5%, лф-31%, м-2%, ЭТЖ-21мм/сағ; Зәр талдауы: түсі қоңыр, реакциясы сілтілі, салыстырмалы тығыздығы-1025, белок-1,6%о, лейкоциттер 2-3, эритроциттер 70-80 көру аймағында. Диагнозы қандай?//

+созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма//

созылмалы гломерулонефрит, нефритикалық синдром//

созылмалы гломерулонефрит, аралас форма//

созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма//

екіншілік пиелонефрит, созылмалы ағым

***

Ер бала, 10 жаста ауруханаға әлсіздікке, дәреттенуінің азайғанына, зәр түсінің өзгергеніне, дене қызуының 39,5°С-ға дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Екі апта бұрын жедел вирусты респираторлы инфекциясымен ауырған. Жалпы қарағанда: терісі бозғылт мраморлы, қабақтары мен балтырлары ісіңкі. Қан қысымы 130/95 мм.сын.бағ. Тәулігіне 300 мл зәр бөлінген. Қан талдауында: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған. Зәр талдауында: протеинурия, гематурия. Диагнозы қандай?//

+жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром//

жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром//

созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі//

созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

Бала 5 жаста тәбеті жоқ, қабақтарында, бетінде, жыныс ағзаларында, бел аймағында дамып келе жатқан ісінулердің артуына шағымданды. Бала әлсіз, терісі бозғылт, құрғақ, полигиповитаминоздың белгілері, асцит, гидроторакс, гепатомегалия байқалады. ЖҚА: белок-40 г/л, альбуминдер-10 г/л, холестерин-7,0 ммоль/л, қалдықты азот-65 ммоль/л. Зәр талдауында: протеинурия -3,5г/тәулігіне, олигурия, салыстырмалы салмағы 1026-1030. Диагнозы: нефротиккалық синдром, белсенді сатысы, ауыр, жедел ағымды, жедел бүйрек жетімсіздігі. Жедел бүйрек жетімсіздігіне тән басты белгілер қайсы?//

олигоанурия//

ісінулер//

протеинурия//

гипертония//

+азотемия

***

Қыз бала 4 жаста, анасы баланың кіші дәретін ұстай алмайтын эпизодтарына шағымданды. Бала Ш триместрі пиелонефритпен өткен анасының П-ші жүктілігінен туылған. Атопиялық дерматитпен ауырады. Зәрдің жалпы талдауында: белок-0,06%о, лейкоциттер 10-15, эритроциттер 1-2 көру аймағында, бактериялар, аздаған сілемейлер. Бүйрек УДЗ: екі жақ бүйректе де тостағанша-астаушалар аздап кеңейген, сол жағында көбірек, қуық қабырғалары қалыңдаған, қалдық зәр бар. Болжам диагнозы қандай?//

созылмалы гломерулонефрит//

жедел пиелонефрит//

қуық-несепағар рефлюксы//

+зәр шығару жолдары жүйесінің инфекциясы//

жедел гломерулонефрит

***

Бала, 5 жаста клиникаға баспамен ауырғасын 2 аптадан кейін келіп түсті. Бала шаршағыш, тәбеті төмен, дәреттенуі азайған. Жиі суықтайды, жылына 1-2 рет баспамен ауырады. Жалпы қарағанда: бала әлсіз, терісі бозғылт, дене температурасы 38,3оС, қан қысымы -125/80мм.с.б., асцит, беті, белі ісіңкі, соңғы 6 сағат бойы дәреттенген жоқ. Зәр талдауында: белок-16,5%, лейкоциттер 3-5, эритроциттер 1-2, гиалинді цилиндрлер 0-2 көру алаңында. Болжам диагнозы қандай?//

пиелонефрит//

гломерулонефрит//

зәр шығару жолдарының инфекциясы//

тұқымқуалаушылық нефрит//

+нефротикалық синдром

***

Ер бала 5 жаста ішінің ауыруына шағымданады. Бір жастан бері түндік энурезбен ауырады. Жедел респираторлы вирусты инфекциямен жиі аурады, Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t – 38,2°С, іші жұмсақ, терең пальпацияда, оң жағындағы жоғарғы және төменгі несепағар нүктелерінде ауырсыну бар. Қаққылау симптомы оң жағында - оң. Зәр талдауында: реакция - сілтілік, белок-0,09%о, лейкоциттер 50-100 көру алаңында, ішек таяқшаларының өсуі. Цистографияда: қуықтың көлемі үлкейген, латералды контурлары шығыңқы және түбі салбыраған, 2см-ге дейін кеңіген, контрасты заттардың түсуі, суреттердің барлық серияларында оң жақ бүйректің тостағанша-асаушалар жүйелерінің дилатациялары анықталады, диагнозы қандай?//

бүйрек аномалиялары фонындағы екіншілік созылмалы пиелонефрит//

қуық-несепағар рефлюксы фонындағы созылмалы пиелонефрит//

созылмалы бүйрек жетімсіздігі, П дәрежелі//

жекеленген зәр синдромды жедел гломерулонефрит//

+созылмалы гломерулонефрит, нефритті синдром

***

Бала 5 жаста эксикозды ішек инфекциясы фонында тәулігіне 70мл. зәр бөлінген, олигоанурия, тырысулар, құсу, ОЖЖ тежелуі байқалды. Қан талдауында азотемия. Диагнозы: Жедел бүйрек жетімсіздігі. Міндетті түрде диуретик қолдану керектігін дәлелдейтін симптомға не жатады?//

олигоанурия//

ісінулер//

протеинурия/

гипертония//

+азотемия

***

Қыз бала 9 жаста, геморрагиялық васкулиттің бүйрек синдромымен үш рет ауырған. Ісінумен, транзиторлы гипертензиямен, протеинуриямен жүретін созылмалы гломерулонефрит дамыды. Ауырғанына 7 жылға жуық болған. Таңдауда орынды қандай антибиотик?//

тетрациклин//

левомицетин//

гентамицин//

стрептомицин//

+пенициллин

***

Бала 5 жаста, тәбеті нашар, қабақтарында, бетінде, жыныс ағзаларында, бел аймағында ісінулердің артуына шағымданды. Әлсіз, терісі бозғылт, құрғақ, шаштары сынғыш, күңгірттенген, аздаған асцит, гепатомегалия бар. Қан талдауында: жалпы белок-40г/л, альбуминдер-10г/л, холестерин - 7,0ммоль/л, қалдықты азот - 65ммоль/л. Зәр талдауында: протеинурия - 3,5г/тәулігіне, олигурия, салыстырмалы салмағы 1026-1030. Диагнозы: нефротиккалық синдром, белсенді сатысы, ауыр, жедел ағымды, жедел бүйрек жетімсіздігі. Диуретиктердің қайсысын қолданған пайдалы?//

верошпирон//

+лазикс//

урегит//

триампур//

гипотиазид

***

Қыз бала 3 жаста стрептококты инфекциямен ауырғаннан 2 аптадан кейін қабағында, аяғының басында ісінулер, бас ауруы, олигоурия, гематурия, тәулігіне 1г/л–ге дейін протеинурия пайда болды. Жедел гломерулонефриттің нефритикалық синдромы, көрінудің бастапқы кезеңі диагнозы қойылды. Базисты терапияның қайсысын пайдаланған жөн?//

+гипотензивті препараттар//

антиагреганттар//

антикоагулянттар//

гормондар//

антибиотиктер

***

Бүйрек функциясын тексеру үшін қолданбайды://

Реберг сынағы//

Фольгард сынағы//

Зимницкий сынағы//

фуросемидпен жүктемелі сынақ//

+ортостатикалық протеинурияға сынақ

***

Гипертензиялық синдром келесі ауруларға тән емес://

бүйрек тамырлары құрылысының ақауларына//

бүйрек дисплазиясына//

гломерулонефритке//

+циститке//

қолқа коартациясына

***

Көрсетілген белгілердің қайсысы нефротикалық синдромға аса тән://

Гематурия//

+протеинурия//

Лейкоцитурия//

Цилиндурия//

Гиперхолестеринемия

***

Келесі урологиялық ауру гематурияның себебіне жатпайды://

уролитиаз//

қатерлі ісік//

гидронефроз//

+несеп жолының қосарлануы//

бөгде дене

***

Жедел нефритті синдромына бәрі тән, біреуінен басқа://

шамалы айқын ісіктер//

макрогематурия//

протеинурия//

+бактериурия//

артериалды гипертензия

***

Қайталанбалы дизурия кезінде ,комплексті тексеруге жатпайды://

қуықтың және бүйректің УДЗ//

микционды цистография//

экскреторлы урография//

цистоскопия//

+амин қышқылдарының экскрециялық көрсеткішін анықтау

***

Экскреторлы урография өткізуге көрсеткіш, біреуінен басқа://

іштегі ырғақсыз ауырсыну//

іштегі ісіктер//

нефролитиаз//

+азотемия//

жыныс мүшелерінің даму ақаулары

***

Қазіргі кезде пиелонефритті емдеуде көрсетілген антибактериалды препараттың бәрі қолданылады, біреуінен басқа://

Аугментин//

Цефобид//

+левомицитин//

Гарамицин//

Невиграмон

***

Балалардағы жедел пиелонефритке барлық симптомдар тән, біреуінен басқа://

Интоксикация//

іштің ауырсынуы//

+АҚ-ның жоғарлауы//

Поллакиурия//

зәр ұстамау

***

Балаларда экскреторлы урографияны жүргізу үшін барлығы көрсеткіш, біреуінен басқа://

қайталанатын жедел пиелонефрит//

тұрақты ошақты зәр синдромы//

+қайталанатын түсініксіз іштің ауруы//

жедел бүйрек жетіспеушілігі//

везикалды-уретралы рефлюкс

***

Жедел циститке барлық белгілер тән, біреуінен басқа://

шап үстінде ауырсыну//

дизурия//

лейкоцитурия//

бактериурия//

+артериалды гипертензия

***

Созылмалы гломерулонефриттің мембранозды түрінде келесі зерттеу жүргізу арқылы диагноз қойылады://

экскреторлы урография//

бүйрек ангиографиясы//

бүйректі сканерлеу//

+бүйрек биопсиясы//

бүйрек УДЗ-і

***

Сәби кезеңіндегі балаларда пиелонефриттің клиникасына тән емес: //

Қызба//

Диарея//

Эксикоз//

Ацидоз//

+белдің ауыруы

***

Миксционды цистоуретрография өткізуге көрсеткіш, біреуінен басқа://

Энурез//

зәр жолдары инфекциясы//

дизуриялық көріністер//

сыртқы жыныс мүшелерінің аномалиясы//

+қуықтың және уретраның жедел қабыну аурулары

***

Екіншілік пиелонефрит жиі дамиды?//

ЖРВИ//

Цистит//

Вульвовагинит//

Гломерулонефрит//

+нейрогенді қуық

***

Қуықтың кілегейлі қабатының қабынуында жүргізу қажет?//

экскреторлы урография//

миксционды цистография//

+цистоскопия//

радиоизотопты цистография//

қуық қабының УДЗ

***

Бүйрек текті ісікте келесі диуретиктер қолданылады, біреуінен басқа://

Лазикс//

Урегит//

Триампур//

Вирошпирон//

+диакарб

***

Балаларда нефролитиаз белгісіне жатпайды?//

іштегі анық емес аурулар//

гематурия//

дизурия//

лейкоцитурия//

+гепатолиеналды синдром

***

Қуық-несепағар рефлюксінің дамуына барлық аталған факторлар әкеледі, біреуінен басқа://

қуық-несепағар сегмент аномалиялары//

қуықтың нейрогенді дисфункциясы//

зәр шығару инфекциясы//

интравезикалды обструкция//

+Гис шоғырының блокадасы

***

Балаларда экскреторлы урография жүргізуге негізгі көрсеткіш емес://

пиелонефрит//

тұрақты оқшауланған зәр синдромы//

артериалды гипертензия//

+жедел бүйрек жетіспеушілігі//

іштегі рецидивті белгісіз ауырсынулар

***

Минималды өзгерістері бар орташа дәрежелі нефротикалық синдром емінде қолданылмайды://

белокты шектеу//

тұзды шектеу//

протеинурия болмаса диетаны кеңейту//

өткен тәулікте шығарған сұйықтыққа байланысты сұйықтықты шектеу//

+қатаң төсектік тәртіп

***

«Поллакиурия» термині түсіндіреді:

зәр шығарудың ауырсынумен болуы//

+зәр шығарудың жиі болуы//

зәр шығарудың үздіксіз болуы//

зәр шығарудың жалған шақыруын //

түнгі зәрдің күндізгіден басым болуын

***

Нефротикалық синдром кезінде морфологиялық тұрғыдан аса жиі көрінетін://

+минималды өзгерістер//

жарғақшалы өзгерістер//

жарғақшалы-пролиферативті өзгерістер//

мезангиопролиферативті өзгерістер//

фибропластикалық өзгерістер

***

Нефротикалық синдромды емдеуде дұрыс емес://

преднизолонмен емдеуді ісіктер азайған соң бастау қажет//

лазикстің алдында осмодиуретик енгізген жөн//

+маннитолды жиі енгізу көрсетілген//

альбуминді бір рет енгізуге болады//

балаға тәртіпті қысқа мерзімге шектейді

***

Таза нефротикалық синдромға барлығы тән, біреуінен басқа://

айқын гипоальбуминемия//

айқын протеинурия//

+гипохолестеринемия//

қалыпты АҚ//

асцит

***

Нефротикалық синдромдарды глюкокортикостероидтармен емдегенде кері әсерлер байқалады, біреуінен басқа://

остеопороз//

АҚ жоғарлау//

асқазан ойық жарасы//

гипогликемия//

+глюкозурия

***

Қуықты функционалды зерттеу әдісіне жатпайды://

урофлоуметрия//

электромиография//

ретроградты цистометрия//

+бүйректің сцинтиграфиясы//

уретралы қысымды тіркеу

***

Көрсетілген белгілердің қайсысы арнайы емес жаралы колитке күдіктендіреді://

іштегі ауырсынулар//

жалпы жағдайдың бұзылуы//

дене қызуының көтерілуі//

+нәжісте қанның болуы//

нәжістің жиілеуі

***

Екі жасар балада 7 тәулік бойы диарея байқалады. Нәжісінде қан жоқ. Обьективті қарау барысында: бала беймаз, жылауық, көзі кіртейген. Шөлдеп суды көп ішеді. Тері қатпарлары баяу жазылады. Баланың жағдайын БЖАИЕ боынша жіктеңіз://

ауыр сусыздану//

+жеңіл сусыздану//

сусыздану жоқ//

ауыр созылыңқы диарея//

созылыңқы диарея

***

Баланың жеңіл сусыздануын БЖАИЕ бойынша есептеңіз://

+4 сағатқа 75мл/кг//

4 сағатқа 65мл/кг//

4 сағатқа 55мл/кг//

4 сағатқа 45мл/кг//

4 сағатқа 35мл/кг

***

БЖАИЕ бойынша (А жоспары) диареяны үйде емдеудің 4 ережесі://

суды көп ішкізу, тамақтандыру, магний препараттарын беру, қашан жылдам келу керектігін білу//

суды көп ішкізу, тамақтандырмау, магний препараттарын беру, қашан жылдам келу керектігін білу//

+суды көп ішкізу, тамақтандыру, цинк препараттарын беру, қашан жылдам келу керектігін білу//

суды көп ішкізу, тамақтандырмау, цинк препараттарын беру, қашан жылдам келу керектігін білу//

суды көп ішкізу, тамақтандыру, кальций препараттарын беру, қашан жылдам келу керектігін білу

***

А жоспары бойынша 2 жастан асқан балаға қажетті сұйықтықтар және мөлшері://

регидрон, тағамдағы сұйықтық, жәй суды жиі беру және әрбір сұйық нәжістен кейін 50-100мл тағы сұйықтық беру//

+регидрон, тағамдағы сұйықтық, жәй суды жиі беру және әрбір сұйық нәжістен кейін 100-200мл тағы сұйықтық беру//

регидрон, тағамдағы сұйықтық, жәй суды жиі беру және әрбір сұйық нәжістен кейін 200-300мл тағы сұйықтық беру//

регидрон, тағамдағы сұйықтық, жәй суды жиі беру және әрбір сұйық нәжістен кейін 300-400мл тағы сұйықтық беру//

регидрон, тағамдағы сұйықтық, жәй суды жиі беру және әрбір сұйық нәжістен кейін 400-500мл тағы сұйықтық беру

***

Шұғыл жәрдем қажет ететін, ауыр сусыздануды дұрыс анықтау://

Көзі кіртейген, тері қатпары баяу жазылады, суды қызғана ішеді//

Көзі кіртейген, тері қатпары өте баяу жазылады, суды нашар ішеді//

Көзі кіртейген, тері қатпары өте баяу жазылады, суды іше алмайды//

+летаргия, көзі кіртейген, тері қатпары өте баяу жазылады, суды іше алмайды//

летаргия, көзі кіртейген, тері қатпары баяу жазылады, суды іше алмайды

***

Диареяның БЖАИЕ бойынша жіктелуі://

жіті немесе созылған диарея, дизентерия, сусыздану//

жіті немесе созылған диарея, дизентерия, сусыздану: жоқ, ауыр//

жіті немесе созылған диарея, дизентерия, сусыздану: жоқ, жеңіл//

жіті немесе созылған диарея, дизентерия, сусыздану: жеңіл, ауыр//

+жіті немесе созылған диарея, дизентерия, сусыздану: жоқ, жеңіл, ауыр

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]