
- •5В071200 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бағдарламасының мақсаттары:
- •1. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
- •Тәрбие жұмысы
- •2. Студенттің анықтамалық-жолсілтегішінде пайдаланылатын терминдер
- •3. Оқу процессін ұйымдастыру
- •4. Ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Университетте білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
- •Студенттердің мінез-құлық ережелері және этикалық нормалары
- •Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі
- •5.1 Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •5.2. Білім алушының білім беру траекториясын таңдау процедурасы
- •6. Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау, білімді бағалаудың аппиляция процедурасы
- •6.1 Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау
- •6.1 Аппеляция процедурасы
- •7. Білім алушыны көшіру, қайта алу және оқудан шығару тәртібі
- •Білім алушыларды ауыстыру және қайта алу
- •Жәңгір хан атындағы бқату шығару ережелері
- •5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының академиялық күнтүзбесі
- •9. Материалдық және ақпараттық қормен пайдалану ережелері
- •10. Ақылы қызмет түрлерінің тізбесі
- •Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу
- •12. Оқуға төлем жасау тәртібі
- •Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі шкаласына ауысқан балдық-рейтингті әріптік бағалау жүйесі
6. Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау, білімді бағалаудың аппиляция процедурасы
6.1 Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау
Студенттердің үлгерімін ағымдағы бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және оған аудиторияларда және аудиториялардан тыс сабақтардағы білімді бақылау кіреді. Ағымдағы бақылауды бағалау аудиториялық сабақтардағы ағымдағы бақылау бағаларынан және аралық бақылау бағаларынан (аудиториядан тыс) жиналады.
Ағымдағы бақылауды білім алушылардың оқу жетістіктерінің үлгерімдері әрбір орындалған тапсырмалары 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және ағымдағы бақылау үлгерімдерінің соңғы нәтижелері академиялық период бойына алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық есептері бойынша шығарылады. Күндізгі формадағы студенттердің ағымдағы бақылауы белгіленген сызба бойынша оқу сабақтарына сәйкес жүргізіледі (кесте 1).
1– кесте - Үлгерімді ағымдық бақылау сызбасы
Кредиттер саны |
Сабақ түрлері бойынша кесте |
||
1 жұма |
2 жұма |
3 жұма |
|
1 кредит |
|
1 сағ.зертхана 2 сағ.БАӨЖ |
1 сағ.практ. 2 сағ.БАӨЖ |
2 кредит |
1 зертхана
|
1 практ. 4 сағ.БАӨЖ |
1 практ. 1 зертхана 4 сағ.БАӨЖ |
3 кредит |
1 зертхана 1 практ. 4 сағ.СӨЖ |
1 зертхана 1 практ. 4 сағ. БАӨЖ |
1 зертхана 1 практ. 4 сағ. БАӨЖ |
Ескерту:* Сабақ түрлері пәннің оқу бағдарламасымен анықталады. Сабақтың қандай да түрі болмаған жағдайда олардың академиялық сағаттары бар жұмыс түрлеріне ауысады
Оқу сабақтарының кестесі әрбір 3 апта сайын қайталанады. 15 апталық академиялық мерзімде барлығы 5 айналым болады. Бір академиялық мерзімде 4 кредит болса, онда 2 кредиттік сызбаны қолдану ұсынылады.
Пәннің оқу бағдарламасымен студенттердің білімін ағымдық бағалаудың келесідей түрлері анықталынады: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, аралас бақылау, үй тапсырмаларын қорғау және презентациялау, пікір-талас, тренингтер, дөңгелек үстел, кейс-стадтар, тест, курстық жұмыс/жоба және т.б.
Үлгерімді ағымдық бақылауды сабақ беретін оқытушы жүргізеді және келесі ағымдық бағаларды кірістіреді: семинарлық және практикалық сабақтарда алынған бағалар; орындалған зертханалық жұмыстар мен өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін бағалар. Студенттің өзіндік жұмысының орындалуын бақылау кафедралардағы СӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі және балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес бағаланады.
Ағымдық бақылау кезінде тапсырмаларды семестр ағымына сабақ түрлері бойынша тең бөлістірген өте маңызды. Студент жұмысының еңбек сиымдылығы қандай ма бір жұмыс түрін орындағаны үшін жұмсалған жұмыстың жалпы шығынына байланысты бағаланады (2-кесте).
2-кесте – Жұмыс уақытының жалпы шығынына байланысты
студенттердің білімін бағалау өлшемдері
Жұмыс (сабақ) түрі |
Бағаның пайыздық құрамы |
Максимальды балл |
||
1 кр. |
2 кр. |
3 кр. |
||
Зертханалық жұмысты орындау* |
30% |
1сағ. = 6 |
1сағ. = 3 |
1сағ. = 2 |
Практикалық және семинарлық сабақтарға белсенді қатысу* |
30% |
1сағ. = 6 |
1сағ. = 3 |
1сағ. = 2 |
СӨЖ орындауы |
90% |
2 сағ. = 9 |
4 сағ. = 9 |
4 сағ. = 6 |
Ағымдық бақылау бойынша барлығы |
150 |
150 |
150 |
150 |
Ескерту:* Сабақ түрлері пәннің оқу бағдарламасымен анықталынады. Егерде пән бойынша сабақтардың қандай ма бір түрі болмаса, онда оның балдары бар сабақ түріне ауысады
Жоғарыда көрсетілген оқу үлгерімін ағымдық бақылау мен студенттердің білімін бағалау өлшемдерінің сызбасына сәйкес, пәнді меңгеруге кеткен кредит санына байланысты сабақ журналына балдар қойылады (3-кесте).
Әр жұма сайын студенттердің ағымдағы үлгерімдері қорытындыланады (сабақ журналы – 2-бөлім) және жиналған балл туралы мәліметті оқытушы білім алушыларға хабарлайды.
Егерде семестр ағымында студенттің үлгерімі сабақтарды себепті (тиісті құжатпен расталған жағдайда) жіберуіне байланысты төмендеп кетсе, онда ол жіберілген сабақтарды қайта тапсыруына және ағымдық рейтингті көтеруіне құқылы.
Кесте 3 – Сабақ түрі және СӨЖ бойынша сабақтардың санына байланысты балл қою үлгісі
1 кредит |
|||||||||||||||||
Жұмыс (сабақ) түрі |
Жұма |
||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
барлығы |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
барлығы |
|
Практикалық |
|||||||||||||||||
Тапсырма саны |
- |
1 |
- |
- |
1 |
- |
- |
1 |
3 |
- |
- |
1 |
- |
- |
1 |
- |
2 |
Балл |
- |
100 |
- |
- |
100 |
- |
- |
100 |
300 |
- |
- |
100 |
- |
- |
100 |
- |
200 |
Зертханалық |
|||||||||||||||||
Тапсырма саны |
- |
- |
1 |
- |
- |
1 |
- |
- |
2 |
1 |
- |
- |
1 |
- |
- |
1 |
3 |
Балл |
- |
- |
100 |
- |
- |
100 |
- |
- |
200 |
100 |
- |
- |
100 |
- |
- |
100 |
300 |
Студенттердің өзіндік жұмысы |
|||||||||||||||||
Тапсырма саны |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
8 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
7 |
Балл |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
800 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
700 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1300/13=100 |
|
|
|
|
|
|
|
1200/12=100 |
2 кредита |
|||||||||||||||||
Жұмыс (сабақ) түрі |
Жұма |
||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
барлығы |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
барлығы |
|
Практикалық |
|||||||||||||||||
Тапсырма саны |
- |
- |
2 |
- |
- |
2 |
- |
- |
4 |
2 |
- |
- |
2 |
- |
- |
2 |
6 |
Балл |
- |
- |
200 |
- |
- |
200 |
- |
- |
400 |
200 |
- |
- |
200 |
- |
- |
200 |
600 |
Зертханалық |
|||||||||||||||||
Тапсырма саны |
- |
- |
1 |
- |
- |
1 |
- |
- |
2 |
1 |
- |
- |
1 |
- |
- |
1 |
3 |
Балл |
- |
- |
100 |
- |
- |
100 |
- |
- |
200 |
100 |
- |
- |
100 |
- |
- |
100 |
300 |
Студенттердің өзіндік жұмысы |
|||||||||||||||||
Тапсырма саны |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
16 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
14 |
Балл |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
1600 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
1400 |
Средний балл |
|
|
|
|
|
|
|
|
2600/26=100 |
|
|
|
|
|
|
|
2400/24=100 |
3 кредит |
|||||||||||||||||
Жұмыс (сабақ) түрі |
Жұма |
||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
барлығы |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
барлығы |
|
Практикалық |
|||||||||||||||||
Тапсырма саны |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
8 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
7 |
Балл |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
800 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
700 |
Зертханалық |
|||||||||||||||||
Тапсырма саны |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
8 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
7 |
Балл |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
800 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
700 |
Студенттердің өзіндік жұмысы |
|||||||||||||||||
Тапсырма саны |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
24 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
21 |
Балл |
300 |
300 |
300 |
300 |
300 |
300 |
300 |
300 |
2400 |
300 |
300 |
300 |
300 |
300 |
300 |
300 |
2100 |
Орташа балл |
|
|
|
|
|
|
|
|
4000/40=100 |
|
|
|
|
|
|
|
3500/35=100 |
Ескерту:* СӨЖ (бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттарды, есептерді даярлау және т.б.) бекітілген балл шегінде оны орындауға кеткен жұмыс уақытының жалпы шығынына байланысты жұмаларды біріктіру арқылы бағалауға болады.
Аралық бақылау – пәннің мазмұнының бір бөлігін меңгеру сапасын бағалау мақсатында бірнеше тақырыптар, бөлімдер (модульдер) бойынша материалдарды оқыған соң жүзеге асырылатын бақылау.
Аралық бақылау 8 және 15 рейтингтік апталарда өткізіледі (егерде пән 2 семестр бойы оқылатын болса, онда рейтинг-балл 15 және 30 апталарда қойылады).
Оқытушы аралық бақылауды өткізу түрін өзі таңдайды.
Әрбір аралық бақылаудан кейін бірінші және екінші рейтингтің қорытындысы жасалады. Осылайша бірінші ағымдағы және аралық бақылау бірінші рейтинг қорытындысын анықтайды, ал екінші ағымдағы және аралық бақылау екінші рейтинг қорытындысын анықтайды. Студенттің әрбір рейтингті бағасы ағымдағы және аралық бақылаудың бағасынан жинақталады және ағымдағы және аралық бақылаудың орташа арифметикалық қосындысы ретінде анықталады:
РК1 = |
Тк1 + Рк1 |
РК2 = |
Тк2 + Рк2 |
2 |
2 |
мұндағы: РК 1 – 1-ші рейтингті бақылау;
РК 2 – 2- ші рейтингті бақылау;
Тк 1/2 – 1-ші/2-ші ағымдық бақылау;
Рк 1/2 – 1-ші/2- ші аралық бақылау;
Бірінші және екінші рейтингтердің қосындысын рейтингті аптадан кейін рейтингті ведомостқа енгізеді.
Рейтинг рұқсат екі рейтингтің орташа арифметикалық қосындысы ретінде анықталады және проценттік мөлшерде келесі формула бойынша анықталады:
Рорт = |
РК1 + РК2 |
2 |
мұндағы: Рорт – орташа рейтингтік баға;
РК 1/2 – 1-ші/2- ші рейтингтік бақылау;
Білім алушыларды аралық аттестаттау емтихандар мен дифференциалды сынақтар формасында жүргізіледі. Әрбір оқу пәндері бойынша емтихан тапсыру реті және формасы университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен академиялық кезеңнің басынан айлық мерзімде құрылады.
Қорытынды бақылауға пререквизиттері бойынша академиялық қарызы жоқ және орташа рейтингтік бағасы 50% кем емес студенттер жіберіледі.
Қорытынды баға тек білім алушы рейтинг рұқсат (рейтинг рұқсат бағасының 50% және одан жоғары) бойынша, сонымен қатар қорытынды бақылау (қорытынды бағадан 50% және одан жоғары) бойынша оң баға алған жағдайда ғана есептелінеді.
Үлгерімді ағымдағы бақылау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 70% құрайды және емтиханның бағасы пән бойынша қорытынды бағалаудың 30% құрайды.
ҚБаға = |
Рорт *0,7 + ҚБақылау*0,3 |
|
мұнда: ҚБаға – қорытынды баға
Рорт – орташа рейтингтік баға
ҚБақылау – қорытынды бақылау
Студент рұқсат алу рейтингілік бағасының және/немесе қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген жағдайда рейтингті қою және/немесе емтиханның өту күнінен бір күн ішінде шағымдана алады. Шағымдану комиссиясы отырысының нәтижелері хаттамамен безендіріледі.
Қорытынды бақылаудың қанағаттанарлықсыз бағасы мен оң бағасын (жоғарылату мақсатында) қайта тапсыруларға рұқсат етілмейді.
Пәндер бойынша дифференциалдық сынақтар балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және курстан курсқа көшу балын есептеген кезде есепке алынады.
Курстық жобалар/жұмыстар емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалынуы керек және сол пән бойынша емтиханға рұқсат алу нысаны болып табылады (жұмысқа оң, яғни 50%-дан жоғары баға берілген жағдайда).
Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрылымы оны орындау бойынша әдістемелік ұсыныстармен анықталынуы керек және баға оны қорғап отырған студенттің көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.
Оқу үдерісінде студенттер кәсіби практикалардың көптеген түрлерін өтеді: оқу-таныстыру, оқу, педагогикалық, өндірістік және т.б. Кәсіби практика кафедраның жетекші оқытушыларымен жасалынған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Практикалардың қорытындысы бойынша (оқу-таныстыру, оқу, педагогикалық, өндірістік және т.б.) студенттер есеп береді. Есепті практика жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісі бекіткен комиссия мүшелері алдында қорғалады. Диплом алды практиканың қорытындысы дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғау кезінде шығарылады
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оқу процесінің бекітілген кестесіне сәйкес аралық аттестаттау кезінде өткізіледі. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша МЕ қабылдау үшін күнтізбелік жылға құрамында төрағасы мен мүшелері бар Мемлекеттік емтихан комиссиясы құрылады. Отырыс әр студентке жеке хаттамамен безендіріледі. МЕ нәтижесі балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша бағаланады және сәйкесінше ведомостарға түсіріледі.
Білім алушылардың кредиттік модуль бойынша білімдерін бағалау.
Модуль бойынша кредит алу жағдайлары дегеніміз модульда қарастырылған барлық жұмыс түрлерінің орындалуы және қорытынды бақылау бағасы болып табылады.
Егер модуль бір ғана пәннен тұрса, онда модуль бойынша қорытынды баға сол пәннің жалпы қорытынды бақылау нәтижесі болып табылады. Қорытынды бағаға пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған барлық жұмыс түрлері (практикалық, зертханалық, есептік-графиктік, курстық) кіреді. Осылайша барлық жұмыс түрлерінің бағалары әр тапсырмаға 100 балл деп қарастырылып есептеледі.:
-
МҚБ1 =
РБ1 + РБ2 + КЖ/Ж
х 0,7 + ҚБ х 0,3
3
мұндағы: МҚБ1 – 1 пәннен тұратын модульдың қорытынды бағасы
РБ 1/2 – 1- /2- рейтингті бақылау;
КЖ/Ж – курстық жұмыс бағасы (жоба);
3 – 2 рейтингті бақылау + 1 курстық жұмыс (жоба);
ҚБ – қорытынды бақылау.
Егер модул бірнеше пәннен құралса, онда жалпы кредит санын құрайтын әрбір құраушы компоненттің үлесімен анықталады.
Модуль бойынша кредит алу жағдайлары құралған компоненттер бойынша барлық талаптарды орындау болып табылады. Осы арқылы негізгі және құраушы компоненттері анықталады және әрқайсысына ағымдық, қорытынды бақылаулар жүргізіледі. Негізгі компонент бойынша қорытынды бақылау түрі емтихан болып табылады, ал басқа компоненттер үшін реферат, эссе, жобалық немесе курстық жұмыстар болып келеді.
Бірнеше компоненттен тұратын модуль бойынша орташа бағасы келесідей есептеледі:
-
МҚБ2 =
НК(ИО100 х 3) + ҚК(ИО100 х 3) + ҚК(ИО100 х 3)
9
мұндағы: ИОМ2 – 2 немесе одан көп пәннен тұратын модульдің қорытынды бағасы;
НК – негізгі компонент (емтихан);
ҚК – құраушы компонент (курстық жұмыс/ реферат, эссе, жобалық жұмыс); ҚБ100 – әрбір пәннен қорытынды баға;
3 – әрбір пән бойынша кредит саны;
9 – барлық кредит сандары.
Оқытудың кредиттік технологиясы ережесі бойынша модульдер құралады:
1) көлемі бойынша үлкен (3 немесе одан да көп Казахстан Республикасының немесе 5 және одан да көп ECTS кредиттерінен) және уақыты мен мазмұны бойынша аяқталған пәндерден;
2) шағын көлемдегі және бірін-бірі өзара толықтыратын пәндерден;
3) бірнеше туыстық, аралас пәндерден.
Егер модуль тек міндетті компоненттерден тұрса, қорытынды баға әрқайсысы бойынша жеке қойылады.
Егер модуль міндетті және таңдау компненттерінен құралса, онда міндетті негізгі болып, ал таңдау - құраушы болып табылады. Қажет болған жағдайда кафедраның шешімімен таңдау компоненті бойынша қорытынды баға өздігінен қойылуы мүмкін.
Қорытынды аттестаттау студенттердің сәйкес мамандықтарын игеру үдерісінде иемденген білімдерін, ілімі мен құзыреттіліктерін тексеруге бағытталған.
Қорытынды аттестаттауды өткізу үшін мелекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады. МАК барлық отырыстарында хаттама толтырылады. МАК отырысы оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде өз күшін сақтайды.
Қорытынды аттестаттаудың бағасы мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің ойын ескере отырып және көрсетілген білімдеріне сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша қойылады. Қорытынды аттестаттаудың әрбір формасы бойынша жеке баға қойылады.
Мемлекеттік емтихан үшін баға емтиханның комиссия мүшелерінің ой алмастыруынан кейін қойылады. Баға дауыс беру нәтижесі бойынша көпшіліктің ойын ескеру арқылы анықталынады:
- «өте жақсы» бағасы бағдарламалық материалды және қосымша әдебиеттерді толық және жан-жақты игерген, материалдарды түсінуде, түсіндіруде және практикалық қолдануда шығармашылық мүмкіндігін көрсеткен түлектерге қойылады. «Өте жақсы» деген бағалауға А, 4,00 сандық баламасы бар, пайыздық мөлшері 95-100% және А-/3,67/90-94% сәйкес келеді;
- «жақсы» бағасы бағдарламалық материалды толық игерген, негізгі ұсынылған әдебиеттерді меңгерген, материалдарды түсінуде, түсіндіруде және практикалық қолдануда шығармашылық мүмкіндігін көрсеткен түлекке қойылады. «Жақсы» бағасына В+/3,33/85-89%, В/3,0/80-84% және В- /2,67/75-79% бағалары сәйкес келеді;
- «қанағаттанарлық» бағасы негізгі бағдарламалық материалды практикалық қызметке қажетті деңгейде меңгерген, негзгі ұсынылған әдебиеттермен танысқан, емтиханға жауап беру кезінде қателіктер жіберген, бірақта негізгі ескертулер мен елеулі қателіктер студенттің өздігімен түзетілген жағдайда қойылады. «Қанағаттанарлық» бағасына С+ /2,33/ 70-74%, С/2,0/65-69%, С-/1,67/60-64%, D+/1,33/55-59% және D/1,0/50-54% бағалары сәйкес келеді;
- «қанағаттанарлықсыз» бағасы бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды игеруде кемшіліктер білінген, теориялық білімді қолдану кезінде елеулі қателіктер жіберген және қосымша қайта оқусыз практикалық қызметке жіберілмейтін түлектерге қойылады. Бұл бағаға F/0/0-49% бағасы сәйкес.
Дипломдық жұмысты (жоба) қорғау бойынша баға ғылыми жетекшінің пікірін, рецензенттың бағасын, алдын-ала қорғауды және қорытынды қорғаудан алған бағасын ескеру арқылы қойылады.
Дипломдық жұмысты (жоба) ғылыми жетекшісінің берген пікірінде «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген қорытынды сөз жазылуы керек.
"Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом қайта қорғауға қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді және академиялық анықтама бере отырып ректордың бұйрығымен жоғары оқу орнынан шығарылады.
Диплом жұмысын қорғаған және мемлекеттік емтихан тапсырған білім алушыға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен алған мамандығына сәйкес біліктілік немес академиялық дәреже тағайындалады.
Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің тиісті кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген білім алушыға мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.
Емтихандар мен дифференциялдық сынақтарды "өте жақсы" және «жақсы» деген бағаға тапсырған, үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5 кем емес, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандар мен бітіру жұмысын «өте жақсыға» қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі.
Білім алу барысында емтихандарды жазғы семестрде немесе келесі академиялық кезеңде қайта тапсырған білім алушы жоғарыдағы талаптарға сәйкес келгендігіне қарамастан үздік диплом ала алмайды.