Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TMO-kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
420.86 Кб
Скачать

Студенттердің мінез-құлық ережелері және этикалық нормалары

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ білім алушының басты миссиясы болып келесілер табылады:

- сұраныстағы маман болу;

- Республиканың саяси, мәдени, қоғамдық және экономикалық өміріне белсене қатысу.

Білім алушы Университеттің беделін сақтауға және жоғарылатуға міндетті.

Білім алушы сыпайылық ережесін сақтауы және профессор-оқытушы құрамын, қызметкерлерді және басқаларды құрметтеуі тиіс.

Оқу процесінің тәртібін сақтауы тиіс. Міндетті оқу сабақтарынан қалмау, бекітілген уақытта оқу жоспарында және оқу бағдарламасында қарастырылған барлық тапсырма түрлерін орындауы қажет. Білім алушы оқуда жетістікке жету үшін қолынан келетіннің барлығын жасау керек.

Білім алушы тәртіпті болуы тиіс, спорттық және сыртқы киіммен аудиторияға және коридорға кіруге болмайды. Біреудің затын ұрлауға, университетте мас күйінде жүруге, спирттік ішімдіктер ішуге, оқу ғимараттарына кіре берісте темекі шегуге болмайды. Оқу корпустарында оқу процесіне кедергі келтіріп айқайлап шулауға болмайды. Білім алушы оқу сабақтары арасындағы үзілісте арнайы орындарда дем алады. Сабақ кезінде және кітапханада ұялы телефонмен сөйлесуге болмайды. Сабақ басталғаннан кейін үзіліске дейін аудиторияға кіруге болмайды. Оқу сабақтары кезінде рұқсатсыз аудиториядан шығуға және кіруге болмайды.

Білім алушы университеттің оқу, қоғамдық және спорттық өміріне белсене қатысуы керек.

Материалдық меншікке мұқият қарауы керек: мекемеге, жиһазға және оқу корпусының, зертханалардың, жатақханалардың басқа қондырғыларына зиян келтірмеуі керек және үстелдерге, басқа заттарға жазбау керек; білім алушы Университеттің кітапхана қорына мұқият қарау керек.

Білім алушылардың арасындағы қатынас сенім, түсіністік және көмек негізінде құралады.

Білім алушы басқа білім алушыларға қатысты елгезек және өнегелі болуы керек, әңгімелесу кезінде басқа білім алушыларды кәсіби немесе адами қасиетін жариялап сынауға болмайды. Университет басшылығы студенттерге тәртіп бұзғаны үшін келесі шараларды қолдана алады:

1) ескерту;

3) сөгіс;

4) қатаң сөгіс беріледі, ол жеке іс-қағазына енгізіледі;

5) университеттен шығару.

  1. Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі

5.1 Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Бакалавриат білім беру бағдарламасы 4 жыл бойына жүргізіледі. Оқу процесін аяқтаудың міндетті шарты білім алушының міндетті және таңдау компоненттері бойынша бекітілген барлық кредиттерді толықтай меңгеруі болып табылады. Жоғарғы оқу орындары дайындау бағытына байланысты және сапалы білім беру қызметін ұйымдастыру мақсатында қосымша элективті пәндерді өз бетінше таңдайды.

Барлық оқу мерзімінде студент 129-ден кем емес кредиттерді меңгеруі тиіс. Тәжірибелердің барлық түрлері жалпы кредит көлеміне кіреді.

Академиялық таңдау еріктілігі – бұл білім берудің кредиттік жүйесінің негізгі артықшылықтарының бірі; білім алушы оқытушыларды таңдаумен қатар өзінің білім алу траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Осыған байланысты студенттер өз эдвайзерлерінің көмегімен білім беру процесінің мазмұнын және ұйымдастырылуын айқындайтын білім алушының жеке оқу жоспарын толтырады.

Эдвайзер (Advizor) – білім алушының мамандығы бойынша академиялық тәлімгер қызметін атқаратын оқытушы. Эдвайзер білім алу траекториясын қалыптастыруға (жеке оқу жоспарын құруға) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын меңгеруге атсалысады. Эдвайзерлер білім алушының академиялық мүддесін көрсетеді және оқу процесін ұйымдастырудың ақпараттық материалдарын дайындау мәселелерін шешуге қатысады. (Жеке оқу жоспары, элективті пәндер каталогы, ақпар-кітапша және т.б.)

Тьютор (Tutor) – оқытылатын оқу пәнін меңгеруге көмектесетін тұлға.

Тьютор ретінде сабақтарды жүргізетін, міндетті компоненттегі пәндермен қатар таңдау пәндерін меңгеруге көмек көрсететін оқытушылар бола алады.

Тьютор әрбір білім алушының курсты меңгеру процесін бақылап, жеке орындалған тапсырмаларды және семинар жұмыстарын бағалап отырады, қажет болған жағдайда білім алушыларға көмек көрсетеді және кеңес береді. Сонымен қатар тьютор нақты курсты меңгеру кезіндегі жағдайға жалпы сараптама жүргізеді.

Бірінші курс студенттері үшін алғашқы оқу жылының басында ұйымдастыру аптасы жүргізіледі. Бұл кезеңде бірінші курс студенттері факультетпен, факультет деканатымен, кафедра құрамымен, топ эдвайзерлерімен, кітапхана және университет мұражайымен танысады. Осы кезеңде кафедралар таңдау бойынша пәндердің, тьюторлар мен дәріс оқитын оқытушылар презентациясын жүргізеді. Пәндердің презентациясы студенттерге аталған мамандық бойынша оқу траекториясын дұрыс таңдауға және өзінің жеке оқу жоспарын құрастыруға көмектеседі. Жүргізілген презентациялар қорытындысы бойынша студенттер университеттегі барлық оқу кезеңіне элективтік пәндерді және берілген оқу жылына барлық пәндер бойынша оқытушыларды таңдайды. Пәндерге тіркелу университеттің тіркеу бөлімімен жүргізіледі.

Кредиттік технология бойынша білім берудің еркін траекториясын қалыптастыру, сонымен қатар оқу жоспарының икемділігін қамтамасыз ету мақсатында университетте тьютор кеңесшілер мен эдвайзерлердің академиялық қызметі ұйымдастырылған. Осы арқылы білім алушылар мемлекеттік жалпы білім беру стандартында анықталған кәсіби компетенцияларды меңгеруге толықтай мүмкіндікке ие бола алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]