
- •5В071200 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бағдарламасының мақсаттары:
- •1. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
- •Тәрбие жұмысы
- •2. Студенттің анықтамалық-жолсілтегішінде пайдаланылатын терминдер
- •3. Оқу процессін ұйымдастыру
- •4. Ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Университетте білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
- •Студенттердің мінез-құлық ережелері және этикалық нормалары
- •Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі
- •5.1 Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •5.2. Білім алушының білім беру траекториясын таңдау процедурасы
- •6. Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау, білімді бағалаудың аппиляция процедурасы
- •6.1 Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау
- •6.1 Аппеляция процедурасы
- •7. Білім алушыны көшіру, қайта алу және оқудан шығару тәртібі
- •Білім алушыларды ауыстыру және қайта алу
- •Жәңгір хан атындағы бқату шығару ережелері
- •5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының академиялық күнтүзбесі
- •9. Материалдық және ақпараттық қормен пайдалану ережелері
- •10. Ақылы қызмет түрлерінің тізбесі
- •Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу
- •12. Оқуға төлем жасау тәртібі
- •Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі шкаласына ауысқан балдық-рейтингті әріптік бағалау жүйесі
4. Ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Университетте білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
Құқықтары:
білім берудегі жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарына сəйкес сапалы білім алуға;
университет əкімшілігінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;
өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
келісім шарт бойынша қосымша білім беру қызметтерін алуға;
қайта қабылдануға жəне бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-əдістемелік кешендермен жəне оқу-əдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
университеттің кітапханасын, ақпараттық қорын, оқу, ғылыми жəне басқа бөлімдердің қызметтерін ақысыз қолдануға;
спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
оқытудың сапасы мен əдістемесі туралы ой-пікірлерін білдіруге жəне оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беруге;
өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
оқудағы, ғылыми жəне шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге жəне сыйақы алуға;
оқудан бос уақытты жұмыспен ұштастыруға;
медициналық айғақтар бойынша жəне өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға академиялық демалыс алуға;
еңбек кітапшасы болған жағдайда оған күндізгі бөлімде оқығаны туралы мəліметті жаздыруға (Жеке құжаттарды мұрағатқа дейін сақтау бөлімі толтырады жəне университеттен шығарылған себебі көрсетілмейді);
мемлекеттік білім гранты негізінде күндізгі оқу нысанында оқитын даярлық бөлімнің студенттеріне, магистранттарына, тыңдаушыларына мемлекеттік степендия төлеуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.
Міндеттері:
білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сəйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тəртіп ережелерін сақтауға, университеттің жарғысында көзделген талаптарды орындауға;
білім алушылар өздерінің денсаулығы үшін рухани жəне тəн саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға;
білім ұйымдарында қалыптасқан киім кию үлгісін сақтауға;
білім алушылар педагогикалық қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дəстүрлерін құрметтеуге міндетті.
Оқу тəртібін, ішкі тəртіп Ережесін жəне жатақханада тұрудың қабылданған ережелерін бұзғаны үшін білім алушылар Қазақстан Республикасының Заң шегінде жауапкершілікке тартылады.