
- •5В071200 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бағдарламасының мақсаттары:
- •1. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
- •Тәрбие жұмысы
- •2. Студенттің анықтамалық-жолсілтегішінде пайдаланылатын терминдер
- •3. Оқу процессін ұйымдастыру
- •4. Ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Университетте білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
- •Студенттердің мінез-құлық ережелері және этикалық нормалары
- •Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі
- •5.1 Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •5.2. Білім алушының білім беру траекториясын таңдау процедурасы
- •6. Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау, білімді бағалаудың аппиляция процедурасы
- •6.1 Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау
- •6.1 Аппеляция процедурасы
- •7. Білім алушыны көшіру, қайта алу және оқудан шығару тәртібі
- •Білім алушыларды ауыстыру және қайта алу
- •Жәңгір хан атындағы бқату шығару ережелері
- •5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының академиялық күнтүзбесі
- •9. Материалдық және ақпараттық қормен пайдалану ережелері
- •10. Ақылы қызмет түрлерінің тізбесі
- •Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу
- •12. Оқуға төлем жасау тәртібі
- •Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі шкаласына ауысқан балдық-рейтингті әріптік бағалау жүйесі
3. Оқу процессін ұйымдастыру
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жоғары кәсіби бағдарлама, кредиттік технология бойынша мамандар (бакалавриат, жоғар арнайы білім беру, магистратура, докторантура) дайындауды жүзеге асырады, негізгі міндеттері білім алушыларда өздігінен ұйымдастыруды, өздігінен білім алуды дамыту. Кәсіби білім беру бағдарламаларының жүзеге асуы мамандықтың оқу-әдістемелік кешені және пәннің оқу-әдістемелік кешені негізінде жүзеге асады.
Мамандықтың оқу-әдістемелік кешені (МОӘК) – мамандарды дайындау концепциясы бойынша, ұйымдастыру, жоспарлау, мамандық бойынша оқу процестерін жүргізуін, сонымен қатар мақсатын, мазмұнын, оқыту әдістерін анықтайтын міндетті нормативті және оқу-әдістемелік құжат.
МОӘК әзірлеуге мамандар шығаратын кафедралардың меңгерушілері жауапты. Мамандықтың оқу әдістемелік кешенін оқу жылының басында университеттің ОӘК төрағасы бекітеді.
Оқу жоспарларын, мамандықтардың ЭПК-тарды жасауға мамандар шығаратын кафедралардың меңгерушілері жауапты. Оқу жоспарлары, ЭПК шығаратын кафедралардың отырыстарында, факультеттердің ОӘБ-да, Университет ОӘК-де қаралады және Университеттің Оқу кеңесінің шешімі негізінде ректормен бекітіледі.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК)- бұл ұйымдастыруды, жоспарлауды анықтайтын және болашақ маманды сапалы дайындауды қамтамассыз ететін басқа пәндермен органикалық байланыста берілген пәндер бойынша оқу процесін жүргізуде оқу-әдістемелік құжаттардың бірдей оптималды жүйесі. ПОӘК сонымен қатар студенттердің білім алу мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін және білім алушылардың пәнді игеру процесі кезінде алған білімін, біліктілігін, дағдысын және құзыреттілігін анықтайды.
ПОӘК пәнді жүргізетін оқытушы жасайды, кафедра отырысында қаралады және университеттің ОӘК төрағасымен бекітіледі.
Силлабустарды пәнді жүргізетін оқытушы жасайды, кафедра отырысында қаралады және факультет декандарымен бекітіледі.
Мамандарды жалпы білім беретін дайындық жалпы білім беруді және әлеуметтік құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған.
Мамандарды кәсіби дайындау жалпы кәсіби және арнайы құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасына кіреді:
жалпы білім беру, базалық және биіндік пәндердің циклдерін үйрету кіретін теоретиялық білім беру;
білім берудің қосымша түрлері - кәсіби тәжірибенің, дене шынықтырудың, әскери дайындықтың және т.б. әр түрлері;
аралық және қорытынды аттестациялар.
Әрбір цикл міндетті компоненттің және таңдау бойынша компоненттің пәндерінен тұрады.
Білім беру бағдарламасының міндетті компоненті - жалпы мәдени, жалпы мемлекеттік мәндері бар фундаментальды базалық ядро және елімізде бірдей білім беру кеңістігін қамтамассыз ететін мамандықтарды толығымен қамтиды.
Таңдау бойынша компонент әлеуметтік-экономикалық дамудың мамандануын және нақты аймақтың қажеттілігін және де білім алушылардың өзінің жеке қызығушылығын ескеретін білім алушылардың жеке дайындығын көрсетеді.
Білім беру-кәсіби бағдарлама негізінде білім алушылардың жеке оқу жоспарлары және мамандықтардың жұмыстық оқу жоспары, жұмыстық оқу бағдарламалары және пән бойынша силлабустар құрастырылады.
Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі әрбір оқу пәндері бойынша оқу жылы ішінде игерілген кредиттермен өлшенеді. Оқу пәндерінің саны оқу жоспарларында көрсетіледі.
Оқу жылы академиялық кезеңнен, аралық аттестация/қорытынды бақылаудан, демалыстан және тағылымдамадан тұрады. Академиялық кезең курсқа тәуелді және 10-15 аптадан тұрады, оған аралық бақылау аптасын қосқанда. Бір оқу жылы 30 аптаны құрайды, олардың 30-теориялық білім беру (2 семестрдің), 6 - 8 – қорытынды бақылау. Ұзақтығы 6 аптадан көп емес жазғы семестр кіреді.
Демалыс білім алушыларға әрбір академиялық кезеңнен кейін беріледі. Оқу жылында жалпы демалыстың ұзақтығы 7 аптадан кем емес болу керек. Білім беру процесінің аяқталуының негізгі критериі білім алушыға қажетті оқу жоспары бойынша кредит сандарын игеру болып табылады.
Келесі жылға көшірілген білім алушы академиялық қарызы болған жағдайда қайтадан ақылы негізде сәйкес пәнді оқуы қажет.
Жоғары оқу орындарында оқу жұмыстарының келесідей түрлері болады:
- дәрістер;
- семинарлар;
- практикалық сабақтар;
- зертханалық жұмыстар;
- қосымша сабақтар;
- студенттің өзіндік жұмысы;
- оқытушымен студенттің өзіндік жұмысы;
- кәсіби тағылымдама (оқу, оқу-таныстыру, педагогикалық, өндірістік, дипломалды және т.б.);
- курстық жоба (жұмыс);
- дипломдық жоба (жұмыс).
Дәрістер жоғары оқу орнында оқу-тәрбиелік процесте маңызды орын алады. Дәрістің негізгі мақсаты – студентке оқыған пәні бойынша жүйелік түсінік және ғылыми-тәжірибелік аймақтарға сәйкес заңдылықтар қалыптастыру.
Семинарлардың мейлінше көп тараған формалары болып:
- ашық әңгіме;
- семинарлық баяндамалар жүйесі;
- рефераттарды талқылау;
- семинар диспут және т.б.
Семинар сабақтарының бұл түрлері сондай немесе басқа жағдайларда өтуі мүмкін. Семинар формасына және мазмұнына байланысты семинар сабақтарына бөлінетін уақыттар бастапқы көздерді оқуға, тапсырмалар мен есептерді шешуге, бақылау жұмыстарын жазуға, студенттерден бағдарламалық жауап алуға кетуі мүмкін. Практикалық сабақтардың басты мақсаты студенттердің теориялық білімін тереңдету және бекіту және оларды практикада қолдану дағдысын қалыптастыру.
Зертханалық жұмыстар-оқу процесінің бірдей, бір-бірімен логикалық байланысты маңызды бір бөлімі. Зертханалық жұмыстардың міндеті-студенттерден оқу пәндерін оқу кезінде алған теорияны практикада қолдану дағдысын алу және эксперимент жүргізуде және қоюда элементарлық дағды алу. Студенттің өзіндік жұмысы алған білімінің тереңдігін және оларды практикалық қызметте творчествалық қолдану біліктілігін анықтайтын оқу процесінің маңызды факторы болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысы екі бөлікке бөлінеді: білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы (БАОӨЖ) және екіншісі толығымен өздігінен орындалады (БАӨЖ).
БАОӨЖ-ға оқу бағдарламасымен үй жұмыстарын, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік жұмыстарды бақылау, есептер және БАӨЖ тапсырмаларының басқа түрлерін орындауда күрделі сұрақтарға қатысты қосымша сабақтар кіреді.
Мамандық бойынша оқу процесінде қолданылатын барлық оқу әдебиеттері, оқу-әдістемелік әдебиеттер және де заңнамалық және нормативті құқықтық актілер университеттің кітапхана қорында бар.