
- •5В071200 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бағдарламасының мақсаттары:
- •1. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
- •Тәрбие жұмысы
- •2. Студенттің анықтамалық-жолсілтегішінде пайдаланылатын терминдер
- •3. Оқу процессін ұйымдастыру
- •4. Ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Университетте білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
- •Студенттердің мінез-құлық ережелері және этикалық нормалары
- •Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі
- •5.1 Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •5.2. Білім алушының білім беру траекториясын таңдау процедурасы
- •6. Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау, білімді бағалаудың аппиляция процедурасы
- •6.1 Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау
- •6.1 Аппеляция процедурасы
- •7. Білім алушыны көшіру, қайта алу және оқудан шығару тәртібі
- •Білім алушыларды ауыстыру және қайта алу
- •Жәңгір хан атындағы бқату шығару ережелері
- •5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының академиялық күнтүзбесі
- •9. Материалдық және ақпараттық қормен пайдалану ережелері
- •10. Ақылы қызмет түрлерінің тізбесі
- •Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу
- •12. Оқуға төлем жасау тәртібі
- •Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі шкаласына ауысқан балдық-рейтингті әріптік бағалау жүйесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша студенттердің
анықтамалық-жолсілтегіші
Орал - 2013 жыл
Кіріспе
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Қазақ ССР Министрлігі Кеңесінің қаулысымен 1963 жылы ауыл шаруашылығы институты болып құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің құрамына кіріп, ал 2002 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті болып қайта құрылды. Қазір Университет қазақ халқының ұлы ағартушысы Жәңгір ханның есімімен аталады.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – жоғары кәсіптік білім берудің 35 мамандығы бойынша (бакалавриат), жоғары арнайы білім берудің 2 мамандығы және 30 ғылыми мамандығы бойынша – магистратура (24), докторантура (6) білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын аймақтағы жалғыз және жетекші, көп профильді аграрлық техникалық оқу орындарының бірі.
БҚАТУ миссиясы – аймақтың қажеттілігін жаңа тұрпатты кадрлық және ғылыми ресурстармен қамтамасыз ете отырып, Батыс Қазақстанның инновациялық экономикасының қозғаушы күші болу.
Мақсаттарымыз:
әлемдік білім беру қызметі нарығына шығаратын инновациялық оқу ғылыми кешенің қалыптастыру арқылы еліміздің жоғары аграрлық-техникалық білім беру жүйесінде көшбасшы болуға қол жеткізу;
тұтынушылармен өзгеде мүдделі тараптардың білім беру стандарттары деңгейінде сапалы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қоятын талаптарын қанағаттандыру деңгейін арттыру;
дамыта оқытудың интерактивті технологияларын қолдануды кеңейту арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін ішкі инновациялық білім беру және бәсекелестік ортаны дамыту;
қызметкерлер мен білім алушылардың бойында корпоративтік мәдениет пен этиканы сондай-ақ көшбасшылық, ынталандыру, ортақ іске тарту, ынтымақтастық, сенім, толеранттылық, командамен жұмыс істеу принцптері бойынша жұмыс істеудің саналы қажеттілігін қалыптастыру;
экологиялық аспектілер мен өндірістік үрдістердің салдарына мониторинг жүргізу;
апатты жағдайларды болдырмау үшін, операцияларды басқару және табиғатты қорғау қызметін жетілдіру;
оқу-әдістемелік, ғылыми және ақпараттық инфрақұрылымды қазіргі күнгі білім беру стандарттарына сәйкестендіре жаңарту.
5В071200 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бағдарламасының мақсаттары:
Жалпы білім беру пәндері циклының мақсаты – қазақ (орыс), шетел тілдерін ауызекі сөйлеу деңгейінде меңгеру, ойлау мәдениеті мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларын және дамудың жоғары жалпы зиялы деңгейін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Базалық пәндер циклының мақсаты – кәсіби дағдырларды меңгеру, шығармашылық әлеуетті, жаңашылдық қасиеттерін дамыту, білімін жоғары кәсіптік білімнің келесі сатыларында жалғастыру үшін қажет жағдайлармен қамтамасыз ету.
Кәсіптендіру пәндер циклының мақсаты еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру, бұл мамандық бойынша максималды тез жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен кәсіби өсуін, студенттердің білім беру аймағында жеке бағдарламаларды және кәсіби біліктілікті таңдауын қамтамасыз ету болып табылады.
Басты міндеті – интенсивті ғылыми қызметпен біріккен инновациялық білім беру негізде мамандардың дайындық деңгейін арттыру және еңбек нарығында университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
1. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
Біртұтас оқу–ғылыми–өндірістік кешен ретінде қызмет ететін жоғары оқу орнының құрамына оқу, ғылыми, өндірістік және басқа да құрылымдық бөлімшелер кіреді.
Жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімдері өздерінің іс-қызметтерін жоғары кәсіби білімнің білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын Ережелер мен жоғары оқу орнының жарғысы негізінде жүзеге асырады.
Факультет жоғары оқу орнының негізгі оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымды бөлімі болып табылады, мұнда бір немесе бірнеше бір-біріне жақын мамандықтар бойынша білім беру жүзеге асырылады, сонымен қатар факультет мамандықтарына қатысты зертханалар мен кафедралардың ғылыми-зерттеу қызметі басқарылады.
Оқу-әдістемелік жұмысы
Бүгінде машина жасау факультетінде бакалавриаттың 8 мамандығы бойынша студенттер және магистратураның 5 мамандығы бойынша жетекші дайындық жүргізетін 4 кафедра қызмет етеді.
Бүгінгі күні машина жасау факультетінде 1000-нан аса адам оқиды.
Машина жасау факультетін техникалық ғылымдар кандидаты Шакешев Бекболат Темержанович басқарып келеді. Машина жасау факультеті мамандарды сапалы дайындау үшін жоғары білікті, жоғары ғылыми өтілі бар оқытушы-профессорлар құрамымен толыққан. Олар терең білім беріп, Республикамыздың тез дамып келе жатырған өнеркәсібіне жоғары технологиялық өндірістің инженерлік-техникалық кадрларын даярлауға қызмет етеді.
Білім беру қызметтері нарығындағы факультет имиджінің қалыптасуы, оның түлектерінің дайындығының жоғары деңгейі, сондай-ақ бұл мамандықтардың аймақтық және аймақаралық нарықтарда қажеттілігімен негізделетін студенттер саны жыл санап өсіп келеді. Бұған қаладағы барлық жоғары оқу орындарының техникалық, қызмет көрсету саласы, өмір тіршілік саласы бағыттағы мамандар дайындайтындығына қарамастан қол жеткізіліп отыр.
Мекен-жайымыз: Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51-ші үй (Машина жасау факультетінің корпусы, деканат). Телефон: 8(7112) 51-61-33
Жыл сайын 4-5 студент КПО б.в. білім беру гранттарының иегері және 3-4 студент Президенттік шәкіртақысының иегері болып табылады.