Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лс Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
654.85 Кб
Скачать

3.6 Индукциялық әдіс. Кабель іздеушімен кабель трассасын іздеу

Кабельдің орналасу трассасын анықтау үшін әрекет ету принциптері бірдей болып келетін көптеген құрылғылар қолданылады. Оло құрылғылар негізінен кабель бойымен ауыспалы ток өткен кездегі туындайтын төмен жиілікті өрістер кернеулерін өлшеуге негізделген. Бұл әдісті индукциялық әдіс деп атайды. кабель мұнда ауыспалы ток генераторына қосылады. Электрлік (күштік кабель) кабель генераторсыз табылуы (трассалануы) мүмкін, және мұнда өзінің бойымен өтетін ток күші пайдаланылады.

Мұндай құрылғылардың негізгі көрсету құралдары антенна-катушка, әдетте ол басқа басқару органдарынан бірнеше қашықтықта орналасады. Меншікті түрде осы катушканы манипуляциялай отырып кабель трасасы күзетіледі.

Кабель іздеушілерінің кейбірлері ауыстырып қосқыштар массасымен, реттегіштермен жабдықталады және бағдаршалы индикаторға (КИ4-П, «Іздеу» және т.б.) ие, мұндай бұл тетіктердің кейбірі мүмкіндігінше қарапайым жасалған.

Кабельдің орналасу тереңдігіндегі трасса жолын анықтаудың ең қарапайым түрі сигналдар максимумы бойынша жүргізіледі. Кабель іздеушінің антенна-катушкасы көлденең қойылып және шамаланып отырған трассаны іздеу жүргізіледі. Қай жерде сигнал жоғары болатын болса, сол жерде трасса орналасқан болады. мұнда трасса бағытын катушканы көлденең бағытта жылжыта отырып анықтауға болады: мұндағы максимум сигнал антенна кабельге перпендикуляр болған кезде орын алады.

Бұл әдіс күшті кедергілер шартында жақсы және әсіресе жоғары дәлдік қажет емес болғанда, шамаланып бағдар алу үшін іздеуге қолайлы. Мұнда индикатор 20-40 см ендікте көпшілік жағдайда бірдей мән көрсетеді және мұнда трассаның аздаған ауытқулар осы арқылы анықтау мүмкін емес.

Кабельдің орналасу орнын анағұрлым дәл анықтау үшін катушканы тік түрде аздап бұрып және трассаны сигнал минимумы бойынша іздеген дұрыс.

Минимум бойынша бағдарлана отырып трассаны 5 см дейінгі дәлдікпен анықтауға болады және тіпті кабельдің азғана бұрылуын да байқай аламыз. Бұл тәсілдің көмегімен кабельдегі муфтаны немесе топырақ астындағы орамды анықтауға болады, мұндай орындарда сигнал өшпейді, тек тіркеліп отырады.

3.4 – сурет Сигнал максимумы бойынша кабель трассасын іздеу

3.5 – сурет сигнал минимумы бойынша кабель трассасын іздеу

Шамамен дәл осылай орамдағы немесе құдықтағы бірнеше кабельдер ішінен қажеттісін таңдап алуға болады. Генератор сигналы егер катушка осі іздеп жатқан кабельмен бағыттас болса жоғалады. Мұнда кабель егер түзу жатқан болса, онда сигнал мүлде жоғалуы қажет. Дәл осы қасиетке кабельдің орналасу тереңдігін анықтау да негізделген. Бұл жағдайда бастапқыда максималды дәлдікпен дәл трассаны анықтайды. Одан ары катушканы жер бетіне қатысты 450 бұрышқа иіп және минимум сигнал арқылы іздейді (мұнда трассаның екі жағынан да іздеу жүргізуге болады). Мұнда меншікті тереңдік бірінші белгіден екінші белгіге дейінгі қашықтыққа тең болады.

3.6 – сурет Кабельдің орналасу тереңдігін анықтау

Мұнда осының барлығы кіші кедергілер шартында жұмыс істейтінгін айта кеткен жөн. Егер жанында электр кабелі, газ құбыры немесе жылу құбырлары өтетін болса, онда минимум сигнал бойынша іздеу әдісі жұмыс істемейді барлығы бөгде шу әсерінен «толығып» кетеді. Ал максимум бойынша іздеу керісінше кедергілерге сезімтал келеді.

Күшті кедергіде іздеудің аздаған қулықтары бар.

3.7 – Сурет Кабель трассасын күшті кедергілер шартында іздеу

1. Іздейміз және кедергі көзімен анықтау жүргіземіз.

2. Генератордың максимум сигналымен іздеуді катушканы торцасымен кедергі көзіне бағыттай отырып жүргіземіз. Сол арқылы кедергілер шамасын минимумға дейін төмендетуге болады. 

3. Кабель трассасын катушка еңістігіне шамалап түзетулер жасай отырып анықтаймыз, орналасу тереңдігін анықтау үшін кейбір анағұрлым күрделі құрылғыларда көлденең катушкадагы сигнал деңгейі бойынша күзету мүмкіндігі қарастырылған. Егер сізге кабель тереңдігін жиі күзету қажет болатын болса, онда ондай мүмкіндік анағұрлым қолайлы және басқа қымбат тұратын құрылғыды сатып алудың қажет болмайды.