Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лс Каз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
654.85 Кб
Скачать

3.4 Оптиталшықты тізбектерді оптикалық рефрактометрлер арқылы өлшеу

Екінші түрі – оптикалық рефрактометрлермен өлшеу.

3.1 – Сурет Оптикалық рефлектометрмен бейнеленген оптиталшық рефлектограммалық өлшеулері

Мысты кабельде жүргізілетін өлшеулерден ерекшелігі оптиталық талшықтарда жүргізілетін рефлектограмма әдемі және түснікті. Құрылғы тізбек басында не қабылдаса соны өз белгілеп қояды, сонымен қатар соңғы және басқа да бірқалыпсыздықтарды (суретте төменгі жағындағы сәйкес түртпелер) тіркейді. Жағдайлар кестесі деп аталатын бірқалыпсыздықтар кестесін өзі құратырады. Осы кестеге барлық орын алатын қашықтықтарды, сөну шамаларын енгізеді, яғни кестеге барлық жағдайлар тіркеледі. Қағида бойынша қателеспейді немесе елеусіз ғана қателік жібереді. Кейде сөну дәредесі 0,05 дБ болғанда жақсы пісіріліп қосылған орындардағы сөну шамасын өткізіп жібереді. Бұл жағдйда жағдайларды қолмен енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

с

3.1– Кесте Автоматты түрде толтырылатын рефлектометр ПО

Мұндағы анағұрлым маңызды параметрлер келесілер болып табылады:

1. Толқын ұзындығы, мөлдірліктің сәйкес таңдалған терезесі үшн сәйкес келеді. бір модты үшін 1550 және 1310 нм, көп модты үшін 1300 және 850 нм.

2. Сыну коэффициенті. Мысты кабельді өлшеу кезіндегі қысқару коэффициентіне көп жағынан ұқсас келеді. Қашықтықтарды өлшеу дәлдігіне әсер етеді. Монтаждауда және қабылдау өткізу үшін арналған өлшеулерде барабан құжатынан алынады, ал жоспарлы өлшеуде трассадағы мәні алынады. Қағида бойынша оптиталшықтар бойынша барлық құжаттамалар мұқият жүргізіледі және «қателіктер» сирек кездеседі.

Оптикалық рефлектометрлер тұтас құрылғы ретінде, яғни барлығы өзімен бірге етіп дайындалуы және компьютермен жұпта жұмыс істейтін етіп дайындалуы мүмкін. Барлығы өзінде етіп дайындалған рефлектометрлер жұмыс істеу үшін қолайлы және компактілі, бірақ бағасы қымбат тұрады. Бірақ компьютермен бірге жұп болып жұмыс істейтін рефлектометрлермен жұмыс істеу көңілдірек (яғни толық компьютер жаныңда болады). Қазіргі уақытта кейбір модельдерін қалтаға салу да ыңғайлы. Барлық оптикалық рефлектометрлер жазба және мәліметтерді цифрлық тасымалдағыштарға беру үшін мүмкіндікке ие. Мұнда сонымен қатар оптиталшықты кабельде жоғарыда аталғандарға қосымша оқшаулағыш қабыршағы да өлшенетіндігін ескеру қажет. Оптиталшық өз кезегінде судан қорқады, суда шыны мөлдірсізденіп және өзінің оптикалық қасиеттерін жоғалтады (рефлектометрде суда ұзақ уақыт болған бөліктері ншар қосылған түйісу орындары сияқты көрінеді). Сондықтан қорғағыш ретіндегі полиэтиленді қаптама тұтастығы қарапайым мегомметрмен өлшенеді. Қабыршақтардың зақымдалған орнын ісзеу әдістері мысты кабельдегі сияқты жүргізіледі. Бірақ қосымша жүргізілетін жіптердің оптикалық кабельде жоқ болуына байланысты көбінесе төмендегі 3 әдіс қолданылады:

1. Генератор кабель іздегішті қосу;

2. Индукциялық әдіс. Кабель іздеушімен трассаны іздеу;

3. Контактілі әдіс. Кабельдің зақымдалған орындарын штырлермен немесе ИМПИЗ арқылы іздеу.

3.5 Генератор кабель іздеушіні қосу

Осы класс құрылғыларының жұмыс істеу принциптері өте ұқсас және ауыспалы токтың 800 немесе 1000 Гц көзіне қосу арқылы жүзеге асырылады. (Соңғы инновациялар екі басқа жиіліктерді бір мезгілде пайдалануға арналған). Одан басқа, мұндай құрылғылардың шығыстық каскады жеткілікті қуатты және қағида бойынша қандай да бір индикаторға ие болып табылады. Генераторлар кейде бірнеше клеммаларға ие болады, олардың ішінде практикалық қолданысқа екі түрі ие болған: «жермен байланыстыру» және «тізбек» түрінде. «Жаңарғандық» жоспарында алып қарастырсақ өз уақытында ИМПИ-3 комплектісінен алынатын УМ ГИС бірнеше таңқалдырған жайы бар. Ал басқа барлық генераторлар өте ұқсас және көпшілік жағдайда әртүрлі комплектілер үшін бір бірін алмастыра алады. Мұнда қосылу жеткілікті қарапайым болып табылады: «жер» жерге, «тізбек» тізбекке. «Тізбекті» негізінен «жердегі» сымға қосу жақсы болады. Кабель іздеушінің іздеу катушкасы үшін кабеь бойынша жүретін токтың максималды болғаны маңызды болып табылады. Ал егер тізбектің екінші ұшы оқшаулануда болатын болса, іздеуші кабельдегі ток әлсіз болады және катушка индикатор бірнеше метрден кейін ақ «тыныш» күйде болады. мұнда ұзын тізбек сыйымдылығы арқасында генератор үшін жеткілікті күштеуді тудыруы мүмкін және трассаны кабель іздеуші іздей алады. Мұнда ең оңтайлы нұсқа кабель экранын пайдалану болып табылады. Әрине ол жермен байланыстырудан ажыратылған және екінші ұшымен жермен байланыстырылған болады. Немесе жермен байланыстыру толық алынған болса, зақымдануды іздеу жүзеге асырылады.

Қысқаша айтқанда қалай болғанда да ток генератор – жер – генератор суретте 3.2 көрсетілгендей қосылуы қажет.

3.2 – сурет Кабель іздеуші генераторын трассаны анықтау және кабельдің орналасқан тереңдігін білу үшін қосу түрі

Зақымдануды іздеу үшін генератордың қосылу сұлбасы басқаша болады:

3.3 – Сурет Генераторды трассаны анықтау, зақымдануды анықтау үшін қосу түрі