
«Бағдарламалау технологиясы» пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
«Ақпараттық жүйе»- 050703, «Есептеу техникасы»-050704
мамандықтарына арналған
(1-курс, 2-семестр)
№1 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Компоненттер және олардың қасиеттері. Қарапайым программа.
Программаны орындап, “Hello” батырмасын шерткенде “Hello, мир Windows and Delphi!“ сөйлемі шығатындай етіп программа құрыңдар (1-сурет). Содан кейін “Выход” батырмасын басу арқылы программаны аяқтау керек.
1-сурет
1. Жаңа жоба ашамыз.
2. Формаға Label белгісін және екі Button батырмасын орналастырамыз. (2-сурет)
2
-сурет
3. Button2 батырмасын белгілеп, Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінің «Қасиет» (Propeties) бетіне өтеміз. Caption қасиетінен «Button2» сөзін «Выход» сөзімен ауыстырамыз.
4. Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінің Events (оқиға) бетіне өтіп, OnClick оқиғасын табамыз, оның оң жағына тышқанмен екі рет шертеміз. Программалар кодында пайда болған Button2 батырмасының процедурасына тек қана Close; командасын жазсақ жеткілікті, Close кейін міндетті түрде «;» қойылады.
5. Жобаны сақтаймыз: hel.pas және hello.dpr
6. Программаны орындап, «Выход» батырмасы арқылы одан шығамыз.
7. Форманы белгілеп, Объектілер инспекторына өтіп, Caption қасиетіндегі «Form1» сөзін «Моя первая программа» сөзіне алмастырамыз. Бұл программа тақырыбы болады.
8. Button1 батырмасын белгілеп, Объектілер инспекторы терезесінің Caption қасиетіне «Button1» сөзінің орнына «Hello» сөзін алмастырамыз.
9. Объектілер инспекторы терезесіндегі Оқиға (Events) бетінің OnClick оқиғасын екі рет басамыз. Программалар кодында пайда болған Button1 батырмасының процедурасына төмендегідей жазамыз:
Label1.Caption:=‘Hello, мир Windows and Delphi’;
10. Жобаны сақтап, оны тексеріп көреміз.
Жаттығу. Жобаны жетілдіру.
1. : «Hello, мир Windows and Delphi!» сөйлемінің орнына кез келген басқа сөйлем жазамыз. Hello батырмасын екі рет басу арқылы.
2. Енгізілген сөйлемнің шрифін, түсін, өлшемін Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесіндегі Font қасиеті арқылы өзгерт.
3. Выход батырмасын Additional бетінің BitBtn батырмасымен алмастыр. Содан кейін Kind қасиеті арқылы түрін өзгерт.
Hello программасының листингі
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
label1.Caption:='Hello, мир Windows and Delphi! ';
end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);
begin
close;
end;
№2 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Сызықтық программалау.
Өлшемі “м/сек-н” берілген жел жылдамдығын “км/сағ.” өлшеміне ауыстыратын программа құру керек. Форма түрі 1 суретте көрсетілген.
1 Сурет.
Шешуі: Бұл есепті шығару үшін бізге үш жақты жұмыс жасау керек: 1) Жобаның графикалық сырт пішінін келтіру; 2) Құраушылардың қасиеттерін анықтау; 3) Объектілердің (құрауыштардың) әдістерін анықтап олардың өңдеушісін жазу (программалық кодты енгізу); Формаға Standard қалташасында орналасқан, төмендегі аталған құраушыларды белгілі бір ретпен орналастыру керек: Label1, Label2, Edit1, Button1, Label3.
Осы форманы 1 суреттегідей түрге келтіру үшін құраушылардың қасиеттерімен жұмыс жасау керек. Ол үшін құраушыны ерекшелеп Объектілер инпекторы терезесін пайдалану арқылы әр құраушының қасиеттеріне келесі мәндерді беру керек:
-
Құраушы
Құраушы қасиеті
Қасиет мәні
Label1 (Белгі 1)
AutoSize
False – осы мәнді бергенде Белгінің шеңбері (граница) автоматты түрде көлемін өзгертуді қояды.
WordWrap
True – Енгізілген мәтін симай жатқанда оны келесі жолға тасымалдауға мүмкіндік береді.
Caption
Программа пересчитает скорость из «м/с» в «км/час». Введите скорость (целое число) и щелкните на кнопке Пересчет.
Label2 (Белгі 2)
Caption
Скорость (м/сек)
Edit1
(Мәтіндік өріс)
Text
“Edit1” мәтінін өшіріп өрісті таза қалдыру керек
Button1 (Түйме)
Caption
Пересчет
Label3 (Белгі 3)
AutoSize
False – осы мәнді бергенде Белгінің шеңбері (граница) автоматты түрде көлемін өзгертуді қояды.
Caption
Label3 мәтінін өшіріп өрісті таза қалдыру керек
WordWrap
True – Енгізілген мәтін симай жатқанда оны келесі жолға тасымалдауға мүмкіндік береді.
Form1
Caption
Скрость ветра
// “Пересчет” түймесін шерту
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var
ms: integer; // жылдамдық м/с
kmh: real; // жылдамдық - км/сағ
begin
ms := StrToInt(Edit1.Text); // бастапқы мәліметтерді енгізу
kmh := ms * 3.6; // есептеу
// жауабын шығару
Label3.Caption :=
IntToStr(ms) + ' м/с - это ' + FloatToStr(kmh) + ' км/час'
end;
Өлшемі “м/сек-н” берілген желдің жылдамдығын “км/сағ.” өлшеміне ауыстыратын программа құру керек. Программаны - “Скорость” мәтіндік өрісіне тек бүтін, оң сандарды енгізуге болатындай етіп және есептеу “Пересчет” түймесін немесе <Enter> түймешелігін басқанда жүзеге асатындай жобалау керек. Форма түрі 1 суретте көрсетілген.
// м/сек өлшемін км/сағ. өлшеміне ауыстыратын процедура
procedure WindSpeed;
var
ms: integer; // жылдамдық - м/с
kmh: real; // жылдамдық - км/час
begin
if Length(Form1.Edit1.Text) = 0 then
begin
ShowMessage('Надо ввести скорость');
exit;
end;
ms := StrToInt(Form1.Edit1.Text);
kmh := ms * 3.6;
Form1.Label3.Caption :=
IntToStr(ms) + ' м/с - это ' + FloatToStr(kmh) + ' км/час'
end;
// “Пересчет” түймешелігін шерту
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
WindSpeed; // жылдамдықты есептейтін процедураны шақыру
end;
// Edit1 өрісінде түймешелерді басу
procedure TForm1.Edit1KeyPress(Sender: TObject; var Key: Char);
begin
// #13 - <Enter> түймешелігі
case Key of
'0'..'9',#8: ;
#13: WindSpeed;
else Key := Chr(0);
end;
end;
№3 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы:
Жүгіруші арақашықты жүгіріп өткен жылдамдықты (км/сағ) есептейтін программаны құру керек. Форма түрі 3 суретте көрсетілген. Минут көрсеткіші бүтін санмен, секунд – нақты санмен берілуі керек.