
- •Техника қауіпсіздігі мен жұмыс орнын ұйымдастыру
- •Тест Компьютер сыныбында жұмыс жасау ережелері мен техника қауіпсіздігін сақтау тәртібі
- •Т ақырыбы: Презентация. Мультимедиалық презентациялар Конструкторы. Программаның интерфейсімен танысу.
- •Т Ақырыбы: мәтінді құру, кестені, бейнені, дыбысты және суреттерді енгізу.
- •Тақырыбы: презентацияны құру және жасау. Шаблонды безендіру
- •Т ақырыбы: анимациЯ эффектІлерін баптау. Презентацияларды көрсету.
- •Таңдалған тақырыптың біреуіне презентация құр:
- •Тақырыбы: компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ғаламдық ақпараттық желілер.
- •Тақырыбы: интернет, интернеттен ақпаратты іздеу, электрондық пошта.
- •Мазмұны
Оқушының жұмыс дәптері
ИНФОРМАТИКА
6 сынып
ЖҰМЫС
ДӘПТЕРІ
Шартты белгілері
Жұмыс дәптерінде жылдам бағдар беруге көмектесетін шартты белгілерге назар аударыңыз!
Білімі мен түсіну деңгейі
Қолдану деңгейі
Шығармашылық деңгейі
Техника қауіпсіздігі мен жұмыс орнын ұйымдастыру
Б ерілген тапсырмада оқушы қандай техника қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғандығын атап көрсетіңіз:
Жақсы оқитын оқушы карточка бойынша тапсырманы мұқият орындап болған соң оны монитор экранына жапсырма қағазды жапсырып қойды. Ол қандай техника қауіпсіздігі ережесін бұзды?
Компьютердің алдында асығыс жұмыс істеп отырған екі оқушы шынтақтарымен бір-біріне кедергі жасады. Олар қандай техника қауіпсіздігі ережесін бұзды?
Мақтаншақ оқушы сыныптасына өзінің білімді екенін көрсеткісі келіп, бұзылып тұрған компьютердің пернетақтасы мен мониторын ажыратып тастайды. Ол техника қауіпсіздігі ережесін бұзды ма? Егер бұзса, онда қандай ережені бұзғанын анықта?
Асыққан оқушы информатика кабинетіне келе салып өзінің және көршісінің компьютерін іске қосып, сабақта немен шұғылданатынын білмей пернетақтаның барлығын басып шықты. Ол техника қауіпсіздігі ережесін бұзды ма? Егер бұзса, онда қандай ережені бұзғанын анықта?
Зерек оқушы компьютердегі барлық тапсырмаларды орындап, монитордың экранындағы мәтінді саусағымен қатты басады. Ол техника қауіпсіздігі ережесін бұзды ма? Егер бұзса, онда қандай ережені бұзғанын анықта?
Тест сұрақтарына жауап беріңіз:
Тест Компьютер сыныбында жұмыс жасау ережелері мен техника қауіпсіздігін сақтау тәртібі
Дербес компьютермен жұмыс істегенде экран мен көздің ара қашықтығы қанша болу керек?
2030 см;
40 50 см;
60 70 см;
70 80 см.
1113 жастағы оқушылар үшін сабақта компьютермен жұмыс жасау ұзақтығы күніне қанша минуттан аспау керек
20 минут;
30минут;
1 сағат;
2 сағат.
Токқа қосылған сымға және жерге тұйықталған сымға жақындауға бола ма?
қуат көзіне қосылмаған кезде болады;
кез келген уақытта болады;
болмайды;
егер мен қуат көзін тексергім келсе, онда болады.
Құлаққап (наушник), колонкалар, түрлі ақпарат тасымалдаушылар типтерін(флэш-карталар, мобильді қатты дискілер) және басқа да жеке құрылғыларды компьютерге қосуға бола ма?
әрине болады;
болады, бірақ мұғалімнің рұқсатымен ғана;
мүлде болмайды;
қуат көзіне қосылып тұрғанда болады.
Егер компьютерден қандай да бір күйген иісті сезсең, немесе құрылғылардың бүлінген жерін көрсең немесе компьютерден оғаш дыбыс естісең не істейсің?
мұғалімге хабарлаймын;
компьютерді қайтадан жүктеймін;
компьютерде пайда болған бүлінген жерді өздігімнен жөндеймін;
назар аудармай жұмыс жасай беремін.
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан қанша уақытта өтіп тұру қажет?
жарты жылдан кейін;
бір жылдан кейін;
әр сабақ сайын;
әр тоқсан сайын.
Егер оқушы бірнеше рет техника қауіпсіздігі ережесін бұзған жағдайда, онда:
ата-анасымен бірге техника қауіпсіздігі бойынша кеңеске шақыру;
жоспардан тыс техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізу;
оны кабинетке кіргізбеу;
«2» бағасын қою қажет.
Егер компьютер іске қосылмаған жағдайда, онда:
өздігінен қуат көзін тексеру;
өздігінен қосылғыштарды тексеру;
мұғалімге хабарлау;
қуат көзіне қосу қажет.
Мониторға саусағыңды тигізуге , қаламмен немесе қарындашпен сурет салуға, жазуға бола ма?
болады, егер қуат көзіне қосылмаған жағдайда және мұғалім рұқсат берсе;
әрине болады;
болмайды;
қуат көзіне қосылмаған жағдайда болады.
Аппараттар жанған кезде қандай өрт сөндіргішті қолдануға болады?
ұнтақты және көмірқышқылды өртсөндіргішпен;
әуе-кілегейлі өртсөндіргішпен;
әуе-көмірқышқылды өртсөндіргішпен;
ұнтақ-кілегейлі өртсөндіргішпен.
Мониторға қалай қараған дұрыс?
жолақтың сызығы 1520 градус бұрышпен төменнен жоғары қарай бағытталуы керек;
қалай айқын көрінсе;
жанынан;
жолақтың сызығы 1520 градус бұрышпен жоғарыдан төмен қарай бағытталуы керек.
Жүйелік блокқа, пернетақтаға, мониторға кітап, дәптер, дискілерді қоюға бола ма?
қуат көзіне қосылмаған жағдайда;
мүлдем болмайды;
болады;
болады, егер қуат көзіне қосылмаған жағдайда және мұғалім рұқсат берсе.
Пернетақта немесе тінтуір жұмыс істемей қалған жағдайда не істеуге болады?
компьютерді қайта жүктеу;
мұғалімге хабарлау;
сымдарды айналдырып түзету керек сонда қосылуы мүмкін;
компьютерге құрылғылардың қосылғандығын өздігінен тексеру.
Компьютерлік сынып кабинеттеріне қай кезде кіруге болады?
мұғалім рұқсат бергенде;
кіргім келген уақытта;
сабақ басталған уақытта;
алдыңғы сабақ аяқталған соң.