Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гылыми.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

2.4 Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістері

1. Энергияны сақтау шамдарын пайдаланыңыз.

Энергияны сақтау шамдары дəстүрлі қыздырғыш шамдарға қарағанда қуатты шамамен 80 пайызға кем тұтынады, 8 – 10 есеге ұзағырақ қызмет етеді:

• шамның пайдалануы əрқашан нақты қажеттілікке сай келуі керек;

• бірнеше нашар қуатты шамнан гөрі бір қуатты шамды пайдаланған жақсы;

• шағылысқан жарық көзінен қашыңыз;

• əрдайым күндізгі жарыққа бейімделіп жəне оны қолданып,оған сай жұмыс орнын жабдықтаңыз;

• шам-шырақты функциясына сай орналасу орнын таңданыз

(шамды шын мəнінде оқитын жерге қою жəне т.б).

Қыздырғыш шамдарды қазіргі заманғы шамдарға ауыстыруы орташа санағанда, пəтердегі электр қуатын тұтынуды едəуір азайту мүмкіншілігі бар. Қазіргі заманғы электр үнемді шамдары шамамен он мың сағатқа дейін қызмет етеді, ал қыздырғыш шамдар болса, орташа санағанда 1,5 мың сағат жұмыс істеп, 6-7 есе аз қызмет етеді. Бірақ бұған қарамастан құны шамамен 2-3 есе қымбат. 11 Вт қуатты люминисценттік шамдар 60Вт қуатты қыздырғыш шамдармен ауыстыруға болады. Шығындарыңыз бір жыл ішінде ақталады, ал ол 3-4 жыл қызмет етеді. Табиғи жарықты ескермеуге болмайды. Ашық түсті перделер, түсқағаздар жəне төбе, таза терезелер, терезе алдындағы гүлдердін аса көп болмауы пəтердің, кеңсенің жарықталғандығын үлкейтіп, шырақтарды қолдануды қысқартады. Тозаңды (шаң) терезелер табиғи жарықталғандықты 30 пайызға азайтатындығын ескеру керек.

2. Ең үнемді тұрмыстық құралдарды пайдаланыңыз.

Қазіргі тұрмыстық құралдар оның негізін салушыларға қарағанда аз мөлшерде қуатты қолдануды қажет етеді. Жабдықты «stand by» (күту режимі) режимінде қалдырмаңыз – «қосу/сөндіру» батырмаларын қолданып немесе тоқтан өшіріңіз. Мысалы: пайдаланылмайтын құралдарды желіден өшіру (теледидар, видеомагнитофон, музыкалық орталық) жылына орташа 300 кВТ/с дейін электр қуатын тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді.

  • 20-21 дюйм диагональді - орташа экранды теледидар – күту режимінде 75 мА (миллиАмпер) тұтынады, желі кернеуі 220В, демек тұтыну қуаты Р=I*U (вольт қуаты, ампер тоғы жəне вольт кернеуі), біздің ұйықтайтын теледидарымыз: Р = 0,075 х 220 = 16,5Вт тең. Егер сіз күніне алты сағат теледидар қарасаңыз, яғни күту режимінде электр тұтыну тəулігіне 297 Вт/с, айына 8910, ол дегеніміз 9 квт/с. Музыкалық орталыққа да ұқсас есеп беруге болады: айына шашамен 8 квт/с, видеомагнитофон айына шамамен 4 квт/с. Қорыта келе, тек үш құралды қолданғаннан – айына шамамен 21 квт/с жұмсаймыз. Теледидарды жарық тең түсетін жерге қойыңыз, бұл теледидар көрсететін бейнелерді реттеу режимін біршама төмен деңгейге орнатуға мүмкіндік береді. Бұл компьютердің мониторына да қатысты. Бұл шара электр қуатын 5 % дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

  • Шаңсорғышты пайдаланғанда жиын үшін қаптың үшінші бөлігі толы болғаны, шаң соруды 40 % нашарлатады, сəйкесінше бұнда электроэнергияны жұмсауы 40% ұлғаяды. Жүйелі түрде шаңсорғыш қапың жəне жүк сауытың электр энергияны айтарлықтай тұтынуды қысқартады.

  • Кір жуғыш машиналарды қолданудағы басты шарт, іш киімді барынша жүктеп нормаға сай асырмай кір жуғыш машинаның толық емес жүктелуін де болдырмаған жөн, бұл жағдайда электр қуатты 10-15 % дейін артық шығындайсыз. Кір жуу кезінде кір машинасына әрқашан кірді толық жүктеу керек, тек кір өте лас болғанда ғана өте жоғары температураны (онша лас емес кір 40 градуста жуылады) қоймаңыз, үнемдеу бағдарламасын пайдаланыңыз: 90 градустың орнына 60 градус, алдын ала жуу міндетті емес.

  • Киімді үтіктеу кезінде алдын ала үтікті сөндіріп, кір қалдығын ол суығанша қалдық қызумен үтіктеңіз, жылуды қайтаратын үтіктеу тақтасын пайдаланыңыз. Егер киімді үтіктегенде аз болса да энергияны үнемдегіңіз келсе, оны кеуіп қалған қалпында үтіктемеген жөн.

  • Электр пешті де қолданар алдында оған сəйкес ыдысты да таңдау қажет, дұрыс таңдалмаған ыдыспен 5-10 % энергияны шығындайсыз. Түбі қисық ыдыспен қолданғанда электрқуатты 40-60 % артық шығындайсыз.

  • Тоңазытқышты да ас бөлменің ең салқын бөлігіне қою қажет, мүмкіндігінше сыртқы жардың жаныңда тұрғаны жөн. Егер сіз тоңазытқышты 30̊С температуралы бөлмеге қойсаңыз, электрқуатты тұтыну екі есе өседі. Суықтың сыртқа кетпеуі үшін тоңазытқышты мүмкіндігінше қажетсіз ашпаған жөн. Тоңазытқышқа жылы асты салар алдында, оны бөлме температурасына дейін суытып алу қажет. Тоңазытқышта мұздың қалыптасуында міндетті түрде оны жібіту керек. Көп қабатты мұздың қалыптасуы азық-түліктің суықтауын төмендетеді жəне электрқуатты артық тұтынуға əкеледі.

  • Ұялы телефонның электрқуатымен тотығу құралын тоққа қосып қойғанда да ол қызып кетеді. Бұндай жағдай құралдың тоққа қосылып тұрғанынан болады, сонда 95 % электрқуаты қажетсіз шығындалады.

  • Электр аспаптарының күту режимінен ажырату пәтердегі энергияны үнемдеу үшін маңызы зор. Қазіргі заманғы теледидарла мен басқа да аспаптарда күту режимі бар. Электр аспаптарын күту режимінде қалдырмаңыздар, олар жұмыс істеп болғаннан кейін желіден ажыратыңыздар.    

3.Тамақты əзірлегенде электроқуатты үнемдеу жөніндегі кеңестерге құлақ асыңыз.

- кастрюльдің қақпағын жабыңыз. Су тез буланып шыққанда тағам әзірлеу уақытын 20-30% арттырады да, сәйкесінше ас әзірлеу үшін электр энергиясы соншалықты көбірек шығындалады.

- ас әзірлеуге арналған ыдыстарды таңдағанда ол электр плитасының комфоркаларының өлшемдеріне сәйкес келмейді де, 5-10% энергия жоғалтады. Электр плиталарды қолданғанда электр энергиясын үнемдеу үшін комфорканың диаметріне тең немесе үлкен, түбі қисық емес ыдыстарды қолданыңыз.

- жылуды дұрыс пайдалану үшін табақ пен конфорканың түбінің диаметрі бірдей болу керек;

- тегіс, жуан түбі бар табақ жəне қатты жабылатын қақпақтардың көмегімен электроэнергияны артық шығындауды тоқтатыңыз;

- астың пісуіне 10 минут қалғанда электр пешті сөндіріңіз;

- асты пісіргенде аз мөлшерде суды жəне жабық қақпақпен пісіріңіз, өйткені судың бітуі асты пісіру уақытын 20-30% көбейтіп, энергияны, суды, уақытты үнемдеп, ол дəмді жəне пайдалы. Астың қайнаған кезіңде төмен температуралы режимге көшу қажет.

- көп уақытты қажет ететін асты даярлауда тез пісіргіш құралды пайдаланған жөн;

- уақытылы ең жоғарғы режимнен қайнауға дейін жеткізетін режимге ауыстырған жөн.

Егер сізде газды пеш болса, жалынның қарқындауын кішірейтіңіз;

- алдын ала пешті жылытып алудан бас тартыңыз, тағамдардың көбісі бұны қажет етпейді;

- пеште ауаны мəжбүрлі айналым режимін қолданыңыз,өйткені бұл бір мезгілде əр түрлі деңгейде пісіруге мүмкіндік беріп, сонымен қатар жылу жақсы үлестіріледі.

Мұның арқасында төмен температураны қолданып толық мəзірді де əзірлеуге болады. Бір уақытта пеште жемісті, гарнирді жəне етті даярлап, соның өзінде электроэнергия қолайлы шығындалады;

- пеш есігін міндет еткен кезде ғана ашыңыз;

- пеште 1 кг. астам салмақты етті пісірген жөн, одан аз салмақты болған кезде конфоркада пісірген үнемдірек;

- кофені кофе қайнатқыш машинасында қайнатқан үнемдірек. Сонымен қатар арнаулы құралдар, мысалы: жұмыртқа пісіргіш немесе тостер электр энергияны үнемдейді. [2]

Сонымен қатар электр энергиясын үнемдеуге мектептен бастап баулу керек. Жалпы, отбасында балалықтан бастаған жөн дер едім. Тәуелсіздік кезеңіндегі ұрпақты үнемшілдікке тәрбиелеу оңайырақ деп ойлаймын. Ал Кеңес үкіметінде өмір сүріп қалған буынды электр энергиясын үнемдеуге үйрету қиындау болар. Себебі ол кезде электр энергиясы су тегін болғандықтан, оның қадірін де біле бермеді. Электр энергиясын үнемдеуге қатысты идеология жүргізсек те артық болмайды. Мәселен, Кеңес үкіметі кезіндегі идеологияның күштілігі сонша, тіпті қанға сіңіп қалды. Үнемшілдікке де байланысты осындай идеология болса, нәтижесін көрер едік. Бұл – ысырапшылдық проблемасынан шығудың бір жолы Тағы бір жолы – әр үйге электр қуатын есептеуіш құралдарын орнату.    Қазір ескі үйлердің көбінде есептегіш құралдары жоқ. Ондай пәтерлерде ысырап тіптен көп болады. Себебі есептеуіш құралы жоқ адамдар үйіне су, жарық тегін келіп тұрғандай көреді. Сол себептен де, суды есепсіз жұмсайтындар бар. Туған-туысқандары бүкіл кір-қоңын сол үйге апарып жуатындарды да кездестіреміз. Ал есептеуіш құралы бар кейбір үйлер өзіне керекті суды тамшылатып қою арқылы да жинап алатынын көріп жатамыз. Міне, олар судың да сұрауы бар екенін білетіндер. Ысыраптан аузы күйгендер. Коммуналдық қызметке ай сайын он мыңдап ақша төлеп тұратын болса, кімнің артық шомылғысы келе береді дейсің. Сондықтан да, ол міндетті түрде электр энергиясын үнемдейтін болады. Әрине, мемлекеттің электр қуаты таусылып жатыр ғой деп емес, өзінің қалтасы жұқарып жатқанын көріп үнемдейді. Міне, осылайша, халық үнемшілдікке де үйренеді. 

Қазіргі жаңадан салынған үйлерде жылу реттегіш құралы бар. Мұндай құрал негізінен, әр үйде тұруы тиіс. Бұл да – энергияны сақтауды, үнемдеудің тиімді жолы. Сыртқы температураға қарап, пә­тер­лердің ішкі температурасын реттеп оты­рушы құрал ғой бұл. Мұндай құралдың жоқ­тығынан халық терезелерін ашып тас­тап отырады. Үйлерді жылытамыз деп жақ­қан көмірдің бәрі терезеден шығып ке­те­ді. Ал көптеген азаматтар үйлеріне кон­ди­ционер сатып алады. Былай қарасаң, ол да электр энергиясын шығындауға әкеп со­ғады. Сондықтан да халыққа жаппай тү­сін­діру жұмыстарын жүргізуді қолға алу керек.. – Кейбіреулер электр энергиясының тарифін көтеру арқылы халықты үнемшілдікке тәрбиелейміз деп ойлайды. Мұндай ұғымды дұрыс деп санамаймын. Себебі біз бұл арқы­лы халықты күнделікті өміріне қажет техно­ло­гияларды пайдаланудан шектейміз. Бұл арқы­лы біз енді-енді аяғынан тұрып келе жат­қан, жаңадан ғана үйіне кір жуатын машина, ком­пьютер, кондиционер алам дейтін ауыл тұр­ғындарының қолын байлауымыз мүмкін. Менің ойымша, үнемшілдікті халықтан емес, мемлекеттің өзінен бастауымыз керек.  Соңғы ақпарат бойынша, кейбір үлкен ком­паниялардың электр жүйелерінде 25 пайызға дейін электр энергиясын жоғалту бар екен. Осыншама электр энергиясын жоғалту жағдайы бола тұра азаматтарға «үнемде» деп айту, еш қисынға сәйкес келмейді.

Сонымен бірге электр энергиясын үнемдеуді Үкімет өз тарапынан халыққа көрсету керек деп есептеймін. Біріншіден, инвестициялар тарту арқылы, қуат жоғалтуды азайту керек. Екіншіден, қаладағы электр жүйелері жаңа техноло­гиялармен қамтамасыз етілуі қажет. Мәселен, көшелердегі, офистердегі электр шамдары көбіне күндіз де жанып тұрады. Автоматты түрде жарықтарды өшіретін технологиялар қолданбаған. Осындай мемлекетке қатысты шараларды Үкімет қолға ала бастаса, жөн болар еді.  Сонымен қатар мемлекет тарапынан салынып жатқан мектептерде, ауруханалар­да Қытайдың сапасы төмен, жылу ұстамайтын терезелері орнатылған. Электр шам­дары да – қуатты үнемдемейтін тех­нологиялар. Сол сияқты мемлекеттік бағ­дарламамен салынған үйлерді салғанда да қаржы үнемдейміз деп, сапасыз технологияларды пайдаланып жібереміз. Сөйте тұра, біз тұрғындарға үнемшілдікті үйретеміз дейміз. Мәселен, Ресей қазір жаппай электр энергиясын үнемдейтін электр шамдарын қолдануға кірісті. Тұр­ғындарын да осындай шамдарға көшуге шақыруда. Ал бізде ондай шамдардың бағасы өте қымбат тұрады. Мемлекет, ең құрығанда солардың бағасын арзанда­тудың жолын қарастыруы керек. Елімізде зауыт салынып, соған мемлекет тарапынан көмек көрсетілсе, өзімізде өндірілген электр шамдары арзан болар ма еді? Біз қазір Қытайдың мың теңге шамасында тұ­ратын шамдарын сатып аламыз, ал ол көп­ке шыдамайды. 

Тағы бір мәселе, Қытайда үкімет мем­лекет тарапынан жағдайы төмен халыққа салынатын үйлердің үстіне күн сәулесінен қуат бөлетін батареялар орнатып береді. Олар қыруар қаржы бөліп, электр желісін тартып әуре болмайды. Қытай елі қашанда үнемдеуге бейім тұрады. [8]