- •Мазмұны
- •Аннотация
- •Annotation
- •2 . Энергия және жылу жүйелерінде шығындар үлесін азайту.
- •3 . Халық арасында энергия үнемдеуді кең көлемде насихаттау.
- •1.1 Мемлекет аралық электр энергиясын үнемдеудің салыстырмалы көрсеткіші.
- •1.2 Энергия қорларын үнемдеу шаралары
- •1.3 «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы
- •Ағымдағы ахуалды талдау
- •2.1 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді талдау
- •Бюджеттік сала
- •Тұрғын үй секторы
- •2.2 Облыстар бойынша халықтың электр және жылу энергияларын тұтынуы
- •2.3 Энергия тиімділігін арттыруды дамытудың алғышарттары
- •2.4 Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
2.3 Энергия тиімділігін арттыруды дамытудың алғышарттары
«Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеуге біздің кәсіпорындарымыз бен азаматтарымыз әлі кірісе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиіспіз. Аз төлегіміз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркімнің өз қамы болуы қажет» деп Елбасы 2008 жылғы Жолдауында айтқан. Содан бері энергетика қорларын орынды қолдану еліміз үшін стратегиялық міндетке айналуда.Бүкіл әлем энергияны үнемдеуге бет алған тұста бідің елімізде де бұл мәселелер оңтайлы шешімін табуда. Елімізде «Энергоүнемдеу және энерготиімділік туралы» Заң бар. Бұл заң энергоүнемдеу мен энерготиімділікті арттырудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтап берді. Заңда меншік иесінің формасына қарамастан, энергоүнемдеуде жауапкершілік барлығына бірдей белгіленген. Үнемдеу және энергия қорларын орынды пайдалануды өз үйімізден бастауымыз керек. Себебі, біздің әрқайсымыздың электр қуатын, жылуды және өзге де қуат көздерін тұтынуға деген қатынасымыз елімізде тұтынылатын энергияның жалпы көрінісін береді. Энергия үнемдеудің бір шешімі - энергоүнемдеу шамдарын қолдану. Бүгінде елімізде қызу шамдарын шығаруға тыйым салына бастады. Олардың орнына энергоүнемдеу шамдарын қолдану қажеттігі туындап отыр. Ал, энергоүнемдегіш шам қандай болады? Алдымен осыған тоқталайық.
Заман талабына сай шығарылып жатқан энергоүнемдеу шамдары қалай жасалған, оның пайдасы мен зияны қандай? Электр энергиясын үнемдеуде қалай қызмет етеді? Бұл шамдардың қызу шамдарынан қандай айырмашылығы бар? Және де энергоүнемдеу шамдарды таңдағанда тұтынушы тек электроқуат экономиясына ғана назар аудара ма? Жалпы энергоүнемдеу шамдары кәдімгі шамдармен салыстырғында, электроқуатты 80 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, энергоүнемдеу шамдары бұрынғы электро лампадай қатты қызып кетпейді. Қалай үнемдейді дейсіз бе? Мысалы: сіз пайдалынып жүрген қызу шамдарының бағасы 40-50 теңге. Ол бөлмеңізге 60 вт жарық түсіруі үшін 60 вт энергиямен қуаттанады. Ал, энергоүнемдеу шамдары 7-35 вт аралығында. Бұл шамдар аз қуат алып бес есе жоғары жарытандырады. Бір шам 8 мың сағат жұмыс жасайды. Менің каламдағы «Мир Света» дүкенінде бұл шамдардың бағасы 450 теңгеден - 2600 теңгеге дейін. Дүкен сөрелерінде үйге керек энергоүнемдегіш шамдар толып тұр. Әсіресе, халықтың сұранысына ие болып отырған түрлі -түсті шамдар. Бұл шамдардың кәдімгі лампалардан тағы бір қызық айырмашылығы түрлі-түсті температуралы болуында. Оны шамның түсі белгілейді. Жылы түсті шам жатын бөлмесі мен балалар бөлмесіне қоюға қолайлы. Салқын ақ түсті шам қонақ бөлмесіне арналған. Күндізгі түсті шам кеңселерге қолайлы болмақ. Бұл тұтынушыға бөлмесін түрлі-түсті реңктерімен жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Энергоүнемдеу шамдарының тағы бір басымдылығы бар. Оның жарығы қызу шамдарына қарағанда жұмсақтау және тегіс таратылады. Бұл люминесценттік шамның үстіңгі ауқымы қызу шиыршығының үстінгі ауқымынан әлдеқайда үлкен болғандықтан адамның көзін шаршатпайды. [10]
Менің айтатыным энергия үнемдеуді үйден яғни, өз шамдарыңыздан бастаған жөн. Үнемдегіш шам алып тұтынған соң бағасын, сапасын әр тұтынушы өзі берер. Біздің мақсатымыз энергия үнемдеуге тұрғындардың бей-жәй қарамай ысырапшылдықтан алыс болуға шақыру. Бірғана шамның өзі сіздің жарыққа төлейтін ай сайынғы қаржыңызды азайтып, қалтаңызға салмақ салмайтын болады. Үнемдеуден соң тиімді ұтым барын естен шығармайық.
Кез келген энергиялық ресурстарды үнемдеу оның жалпы пайдалануын төмендетеді. Сондықтан, электр қуатын, суды немесе жылуды үнемдегенде, ақшаңы сақтаумен қатар, бүкіл планетаға ресурстарды үнемдеуге қатысамын. Тұтынушылардың үнемсіз пайдалануынан электр қуатының 20 %-ы ысырап болады екен. Мұндай жағдай бос бөлмеде жарық жанып тұрғанда, теледидарды ешкім көрмесе де, қосып қойғанда орын алады. Бұзылған шүмектен ағып тұратын суық су тамшылары қосыла келе, үлкен тасқынға айналып, ішуге жарамды судың 20 %-ы босқа канализацияға ағады! Шүмектен үнемі ақырын ыстық су ағып тұрса, бұл бір пәтерді 2 ай бойы жылытуға кететін жылулық жоғалуын соқтырады.
Жылудың қашу амалдарын қарап көрейік:
Терезе мен есік ойықтары арқылы – 50 %;
Терезе әйнектері арқылы – 15 %;
Сыртқы қабырғалар арқылы – 15%;
Жертөле мен шатырдың жабындысы арқылы – 20 %. [11]
Бір жамбылдық тұрғынға айына 80 киловатт сағат белгіленген. Бір киловаттың бағасы 10 теңге 35 тиын. Мөлшерден асса 12 теңге 71 тиыннан төлеуге тура келеді. Нәтижесінде биыл 2 миллион киловатт сағат немесе 66 миллион теңге үнемделді.
Жарық реттегіш: шам жарығының ашықтығын реттейтін құрылғы. Мысалы, егер сіз теледидар көріп отырсаңыз, сізге бөлмедегі ашық жарықтың қажеті жоқ. Ендеше сіз жарық реттегіштің тұтқасын бұрап, жарықты өшіресіз. Үй жағдайында бұл үшін қарапайым жарық реттегіш жеткілікті.
Жалпы үй жарығына уақыт релесін қою жақсы тәжірибеге енді. Бұл ПИК персоналы бағдарлайтын аспап тәуліктің белгілі бір уақытында жарықты автоматты түрде қосады және ажыратады. Бұл құрылғы салыстырмалы түрде қымбат емес, ал тиімділігі – сезілімді.
Электр аспаптарының күту режимінен ажырату пәтердегі энергияны үнемдеу үшін маңызы зор. Қазіргі заманғы теледидарла мен басқа да аспаптарда күту режимі бар. Электр аспаптарын күту режимінде қалдырмаңыздар, олар жұмыс істеп болғаннан кейін желіден ажыратыңыздар.[7]
