
- •Мазмұны
- •Аннотация
- •Annotation
- •2 . Энергия және жылу жүйелерінде шығындар үлесін азайту.
- •3 . Халық арасында энергия үнемдеуді кең көлемде насихаттау.
- •1.1 Мемлекет аралық электр энергиясын үнемдеудің салыстырмалы көрсеткіші.
- •1.2 Энергия қорларын үнемдеу шаралары
- •1.3 «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы
- •Ағымдағы ахуалды талдау
- •2.1 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді талдау
- •Бюджеттік сала
- •Тұрғын үй секторы
- •2.2 Облыстар бойынша халықтың электр және жылу энергияларын тұтынуы
- •2.3 Энергия тиімділігін арттыруды дамытудың алғышарттары
- •2.4 Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Мазмұны
Аннотация............................................................................................................3
Кіріспе...............................................................................................................4-5
Негізгі бөлім
Мемлекет аралық электр энергиясын үнемдеудің салыстырмалы көрсеткіші………………………………………………………….6-7
Энергия қорларын үнемдеу шаралары…………………………..7-10
«Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы………………………10-11
2.1 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді талдау…….11 14
2.2 Облыстар бойынша халықтың электр және жылу энергияларын тұтынуы……………………………………………………………………….14-15
2.3 Энергия тиімділігін арттыруды дамытудың алғышарттары…….15-18
2.4 Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістері..............................18-23
Қорытынды.............................................................................................................24
Пікір..........................................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................26
Ғылыми зерттеу күнделігі...............................................................................27-29
Аннотация
«Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін тұрмыс тіршілікте арттыру».
Жұмыстың мақсаты: Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілдікке шақыру.
Жұмыстың міндеті: 1. Энергия тиімділігін арттыру.
2. Энергия және жылу жүйелерінде шығындар үлесін азайту.
3. Халық арасында энергия үнемдеуді кең көлемде насихаттау.
Жұмыстың жаңашылдығы мен әдістері: Электр энергиясын мемлекет, қала, күнделікті тұрмыс-тіршілік деңгейінде қолдана отырып, энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жетілдіру жолдарына мүмкіндік береді. Экономика саласына тиімділігін арттыру алдағы мақсаттың бірі болып отыр. Жаңашыл ой мен технологиялардың дамуына мүмкіндігі бар.
Annotation
"Energy saves and efficiency of energy way of life in life to increase".
Aim of work: energy of Electricity ready methods economy between by people to propagandize, to the economy country to invite.
Duty of work: 1. Efficiency of energy to increase.
2. Energy and systems of heat to diminish deposit of charges.
3. Between by people energy saves in spacious volume to propagandize.
Work methods of innovation: Electricity allows energy the state, city, applying on daily level of way-life, to the lines improvement power necessity providing. Efficiency to industry of Economy to increase your being ahead of aim first be. Go development of technologies innovator idea possibility.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет. Міне сондықтан да, әрбір азамат, барлық мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар энергияны үнемдеудегі жауапкершілікті түсініп, оған өз үлестерін қосуы тиіс, бұл еліміздің экономикасын тиімді дамытуға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға әсерін тигізеді. Өйткені, электр, жылу және су құбырлары желісін тұтынушылардың өздері пайдаланады. Мамандардың айтуынша біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30%-дан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз деген сөз.Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны үнемдеу мәселелері жоғары қарқынмен шешілу үстінде. Соңғы ширек ғасырдың ішінде энергия үнемдейтін мақсатты саясатты іске асыру есебінен осы Евпорпалық дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің энергияны пайдалану көрсеткішін 30%-ға дейін азайтуға қол жеткізілді. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында электр қуатын үнемдеуге ерекше назар аударатын кездің келгенін айтып өтті. Энергияның тапшылығы экономикалық өсімді тежейтін факторлардың бірі болуы ықтимал. Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, электр энергиясының сараланған тарифтерін енгізу, энергия таратушылардың тұтыну және есепке алу жүйесін дамыту бағытында заңнамалық актілер қабылданды. Әрине, мемлекет еліміздің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Отандық өнеркәсіптің қалыпты жұмыс жасауын, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаралар алатыны, жаңа электр қуатын өндіретін станциялар салуға басымдылық беретіні сөзсіз. Дегенмен бұның барлығы, қомақты қаражатты, жылу, атом электр станцияларын салу экологиялық жағдайға әсер ететіні белгілі. Қолда барды үнемдеп пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеу бүгінгі күннің талабы. Сондықтан, барлық мемлекеттік, коммерциялық құрылымдар, жеке тұрғындар энергияны үнемдеп пайдалануға өз үлестерін қосады, мемлекеттік тұрғыдан маңызды мәселеге түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз.
Жұмыстың мақсаты: Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілдікке шақыру.
Жұмыстың міндеті: 1 . Энергия тиімділігін арттыру.