Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сақтандыру қызметі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Ііі бөлім. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметтерін жетілдіру

3.1 Республикадағы сақтандыру қызметтерінің кемшіліктері және оларды жою жолдары

Сақтандыру қорынын тарихи түрде анықталған ұйымдастырушылық формасы сияқты кез келген сақтандыру компаниясының кызметі ылғи экономикалық ортамен тығыз байланыста болады. Берілген экономикалық ортада функционалданатын сақтандыру компанияларының жиынтығы сақтандыру жүйесін кұрайды. Нарықтық типтің экономикасында сақтандыру жүйесінің негізгі мақсаты компаниялар мен фирмаларға белгілі бір кепілдіктерді қамтамасыз ететін сақтандыру және консультациялық қызметтер комплексін көрсету; жеке клиенттерге – күнделікті және сенімді сақтандыру қызметін көрсету, ұзақ мерзімді жеке мақсаттарға жету.

Сақтандыру компанияларымен кездестірілетін проблемалары арасында келесілерді белгілеуге болады:

- сақтандыру бизнесінің интернационализациясы;

- ірі сақтандыру топтарының пайда болуы;

- бағалы қағаздарға инвестициялар;

- каржылық алаяқтылық;

- көптеген мемлекеттердегі саяси жағдайларының күрт өзгеруі;

- персоналдың балансталмаған жастық кұрылымы;

- жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы;

- сақтандырушы жұмысшыларының жеке кауіпсізділігін қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде бірқатар факторлар сақтандыру бизнесінің дамуын қиындатады:

  • Қазақстанның ұлттық сақтандыру заңдылығының толық жүйесінің болмауы, сақтандыру нарығының реттеу жүйесін істеп бітпеуі;

  • өндірістің өрлеуі, ұлттық экономиканың қаржылық дағдарысы.

Көптеген дамушы елдер сияқты Қазақстан Республикасында да майда сақтандыру компанияларының саны көп. Бұл өз кезегінде ұлттық сақтандыру нарығының тұрақсыздығын күшейтеді және оны Ресей мен халықаралық сақтандыру нарықтарына тәуелді кылады. Сонымен қатар тағы бір күрделі мәселе болып сақтандырушылар үшін уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялык саясатқа эффективті орналастыруға мүмкіншіліктің болмауы болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық программалары үшін қаржылық кұралдар жиынтығы шектелген. Дамушы елдермен колданылатын валюталық шектемелер ұлттық сақтандыру нарықтарының дамуын тоқтатады, ұлттық сақтандыру компанияларына батыс сақтандырушылармен ойдағыдай бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.

Нарықтық экономикалық ақшалай – қаржылы жүйесі ең күрделі жүйені ұсынады, онда оның әр түрлі сегменттері бірлесіп әрекет етеді. Мысалы, мемлекеттік қаржы секілді, бір жағынан нарықтық мәні бар қаржылық институттар. Глобализация жағдайында мемлекет экономикасы үшін ақшалай – қаржы жүйесін құру өте маңызды болып табылады. Ақшалай – қаржы жүйесінің дамуындағы қайшылықтарды экономикалық талдау негізделуі керек, академик У. Баймұратовтың пікірі бойынша казіргі экономикадағы ақша жүйесінің дамуы барысындағы қиыншылықтарды ескеру қажет.

Берілген жүйенің қасиеттері ұлттық сақтандыру нарығы үшін де, қаржылық жүйенің маңызды сегменті ретінде өте қажет. Сондықтан бұл жағдайлар бізге сақтандыру нарығын күрделі, өздігінен дамитын ұлттық экономиканың секторларын бағалау үшін де мүмкіндік береді.

Өндіргіш экономикалық жұмыстың бүкіл қатысушыларының объективті қажеттіліктері қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда қазіргі сақтандыруға талап қойып отыр. Шаруашылық өндіргіш жұмыстағы субъектілері арасындағы қайшылықтар тұрақты сақтандырудың дамуына объективті негізі болып табылады.

Зерттеулерде сақтандырудың мәні сақтандыру жұмысына қатысқан қатысушылар арасындағы байланыс қажеттілігінен туындайды. Бұл байланыстар таза қаржылық қатынастармен шектелмейді, үлкен немесе кіші дәрежеде өндіргіш экономикалық бүкіл жүйенің қатынасында қамтиды.

Елдегі сақтандыру бизнесінің тұрақты дамуының негізгі принциптері мыналар болып табылады:

- сақтандыру нарығын реттеуші мекеме, мемлекеттік реттеу мен өздік реттеудің қатынасы;

- сақтандыру капитал жиынтығының капиталға айналу принципі;

- сақтандыру қызметтерінің нарықтық рационалды құрылымы, әмбебап және мамандандырылған сақтандыру бизнесінің қатынасы;

- сақтандыру нарығының құрылымдық құрылудың принципі, ерікті және міндетті сақтандыру қатынасы;

- алғашқы нарықтық сақтандыру қызметтері арасындағы қатынас және екіншілік нарықпен сақтандыру;

- инвестициялық саясаттың принципі;

- жеке сақтандыру мекемесінің қаржылық тұрақтылығын көрсететін қатынастар мынаны көрсетеді:

1) меншікті және уставты капиталдың минималды өлшемдері;

2) активтер құны мен олардың диверсификациясының дәрежесі;

3) сақтандыру резервтерінің өлшемдері және өзге міндеттемелер;

4) төлеу қабілетінің көрсеткіштері;

5) сақтандыру және қауіпсіздендіру міндеттерінің қатынасы;

6) сақтандыру қызметтерінің көрсетілуінің рентабельділігі [13, 17-19 б.].

Ақшаға айналдыру механизмнің Қазақстандағы сақтандыру қызметінің нарықтық дамуы.

Қазақстанның экономикасы нақты айтқанда қаржылық, сонымен қатар жұмыстағы сақтандыру өрісі маңызды жаңа қаржылық – экономикалық жүйені құруда қайта өңдеуді бастан кешіреді. Сондықтан мемлекет отандық және әлемдік экономика жүйесінде маңызды рөл атқаратын, құрамына сақтандыруды дамытатын макроэкономикалық процестер енетін стратегиялық бағыттарды өңдеп шығарады.

Кесте 10

Сақтандыру нарығының даму приоритеттері

Ұлттық деңгейде

Халықаралық деңгейде

- сақтандыру аймағында мемлекеттік саясатты анықтау;

- Қазақстанда көп векторлы

сақтандыру нарығын ұйымдастыру;

- мемлекеттік қолдау жүйесін әр түрлі сақтандыру түрлерін құру, ең алдымен міндеттемелерді;

- инфрақұрылымды сақтандыруды құру, моноторинг бойынша және әр түрлі өндірілген тәуекел бойынша.

- сақтандыру нарығының

либерализациясы;

- түзу инвестицияларға жағдай жасау;

- интеллектуалды меншікті қорғау;

- сақтандырудың халықаралық интеграциясы.

*Көзі: [14, 13 б.]

Қазақстан БСҰ-ға (Бүкіләлемдік сауда ұйымына) аяқ басқалы тұр, бұл халықаралық стандарттар және күшті сақтандырудың активизациясы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанның сақтандыру нарығының БСҰ-ға кіруге әлі дайын еместігі қарастырылуда. Ең алдымен, бұл сақтандыру заңдылығының әлі жеткіліксіз еңбек еткендігінен шығып отыр.

Мысалы, көптеген Еуропалық одақтар тәжірибесі мынаны көрсетеді, нарықтың өте жоғары дамуына қарамастан өмірді сақтандыру механизмінің дамуы заңды дәрежеде орналасқан.

Еуропалық елдер қатарында келесі шығындар түрі шығарылады:

- жұмыс берушінің келісімімен жұмысшылар пайдасына шешілген келісім бойынша сақтандыру төлемін төлеу;

- бақытсыз жағдайларға байланысты жеке келісім бойынша төлем төлеу, денсаулық сақтандыру, егер сақтандырушылардың жылдық табысы анықталған құнды құрса;

- жеке өмірді сақтандыру келісім бойынша төлеу, денсаулықты сақтандыру, бақытсыз жағдайда сақтандыру.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қорытынды жасауға болады. Сақтандырудың нарықтық механизмдерінің классификациялық белгілеріне жүйелілік ойлап табушылық және мақсаттылық тән. Белгілерді зерттеу байланыс түрлерімен сәйкес келетін механизмдерді жүйелендіруге мүмкіндік берді.