Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сақтандыру қызметі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Іі бөлім. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің тәжірибесі

2.1 «Сентрас Иншуранс» ск» ақ сақтандыру түрлері және оларды тәжірибеде қолданудың алғышарттары

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ 1997 жылы Қазақстанда құрылған. Құрылған кезде атауы «Терра» СК» АҚ деп аталған. 2005 жылы 12 сәуірден бастап Сентрас тобының құрамындағы компания Сақтандыру компаниясының негізгі акционері болды. Акционерлердің ауысуына байланысты өзгерістер компанияға бұрынғы клиенттерді сақтап қана қоймай, сонымен бірге жаңа клиенттердің сеніміне ие болды. 2005 жылы «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ үшін үлкен бір жетістіктер жылы болды, алға жылжу жылы. Үлкен бәсекелестерге қарамастан. Компания экономикалық көрсеткіштердің өсуіне ие болды. Мұндай нәтижелер компанияның әмбебабтылығының арқасы. Яғни қазіргі сақтандыру өнімдерінің таңдамалығы және жаңа технологияны қолдануына байланысты.

Бүгінде Сақтандыру компаниясында бизнесті дамыту жолында айтарлықтай тың өзгерістер болуда. Ал бұл біздің болашаққа деген сенімімізді одан әрі нығайта түспек. Филиалдар желісі тез қарқынмен даму үстінде, сақтандыру қызметтерінің жиынтығы молайып, тұтынушыларға қажетті сақтандыру өнімдерінің қатары көбейіп келеді. Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемдеріне кепіл болу қорының мүшесі болып табылады. Компания Қазақстанда сақтандырудың әр алуан түрлері бойынша клиенттердің сұраныстарын толыққанды қанағаттандыру үшін лицензиялар алуға белсене іс-әрекет жасауда.

Компанияның миссиясы: Қазақстан нарығына батыстың ең үздік дәстүрлеріне негізделген сапалы сақтандыру өнімдерін енгізу.

Компанияның мақсаты: 2009 жылы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялардың ондығына кіру.

Компанияның 2008-2009 жылдардағы стратегиясы:

  • Қазақстанның сақтандыру нарығындағы көшбасшылар ондығының қатарына қосылу;

  • Халықтың және тұтынушылардың арасында ұнамды имидж жасау;

  • Қазақстан Республикасының барлық ірі қалаларында филиалдар ашу;

  • Агенттік желіні арттыру арқылы еліміздің барлық аймақтарында халыққа жекелеп сатуды дамыту [9, www.centrasinsure.kz].

Компания қағидалары: Алға қойылған мақсаттарға жету үшін және компанияның ішкі құрылымына байланысты клиенттермен және нарықтағы басқа қатысушылармен жоғары деңгейлі іскерлік этиканы қамтамасыз ету үшін. Компания келесі қағидаларды ұстанады:

  • Сақтандыру компаниясының барлық қызметкерлерін жоғары кәсіби даярлықтан өткізу және біліктіліктерін арттыру;

  • Елімізде сақтандыру мәдениетінің деңгейін көтеру;

  • Жаңа сату жүйелерін қалыптастыру және филиал мен агенттіктің тармақталған желісін дамыту;

  • Халықтың сақтандыру мәдениетін жоғарлату;

  • Клиенттермен ұзақ уақытқа өзара тиімді қарым-қатынас орнатуды көздеу;

  • Жаңа ақпараттық және басқару технологиясын жедел қарқынмен енгізу;

  • Жасалған сақтандыру келісімдерінің сенімділігін, заңдылығын және тиімділігін қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық құрылымы: Сақтандыру үзіліссіз және сапалы жұмысты, бизнес-үрдістің барлық кезеңдерінде, сақтандыру полисті сатудан бастап, оларды жүргізу, қайтасақтандыру және залалдар реттеуді, қамтамасыз ететін тиімді инфрақұрылымсыз толық дамуы мүмкін емес. Компанияның казіргі кезде штатты жұмысшыларының саны 74 адам.

Директор кеңесі

Ішкі аудит

Басқару

Актуарий

Сурет 1. Компанияның ұйымдастырушылық құрылымы

*Көзі: Интернет желісіндегі ресурстар – www.centrasinsure.kz мәліметі бойынша

Әлеуметтік және кадрлық саясат. Кадрлық саясаттың негізгі сәттердің бірі жұмысшы орнын сақтау, компаниядағы еңбек жағдайын жақсарту және жүмысшылардың әлеуметтік қорғау нормаларын ұстау. Компанияның негізгі коллективтері сақтандыру нарығында үлкен тәжірибеге ие жоғары квалификацияланған мамандар.

Компанияның негізгі әлеуметтік және кадрлық саясаты төмендегідей:

  • Сақтандыру нарығындағы жоғары квалификацияланған мамандарды тарту;

  • Жас инициативті мамандарды тарту;

  • Профессионалды кадрларды жеңілдік бойынша шетелге оқыту арқылы дайындау;

  • Қазақстанда, Ресейде және шетелдерде болатын семинарларда жұмысшыларды оқыту;

  • Компанияның менеджерлері және агенттері үшін бонустық еңбекақы жүйесі;

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ серіктестіктері

Сентрас Инвестициялық тобы 2004 жылы құрылды. Бүгінгі таңда оның құрамында Қазақстанда және ТМД елдерінде өз қызметін жүзеге асырып жатқан бірнеше компания бар. Атап айтқанда, «Сентрас Секьюритиз» АҚ (Қазақстан), «Центрас Капитал» ЖАҚ (Ресей) және т.б. компаниялар.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ

«Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның қызметі капитал нарығына, активтерді басқаруға, Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі жеке капиталын корпоративтік қаржыландыру мен инвестициялар бөлуге бағытталған.

Компанияның алға қойған стратегиялық мақсаттарының бірі жергілікті нарыққа халықаралық тәжірибені, стандарттар мен инновацияларды ендіру процессін жеделдету. Компания инвестициялық банкинг саласында кең ауқымды қаржы қызметтерін көрсетеді. Оларға брокерлік қызметтер, сенімді басқару, компанияларды біріктіру мен қосу, жобаларды сараптамалық бағалау жөніндегі қызметтер, жергілікті және халықаралық деңгейде қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер жатады.

Атап айтқанда «Сентрас Секьюритиз» Қазақстанда алғаш ашық пай инвестициялық қорын тіркеген компания болып табылады және бүгінгі таңда бизнестің осындай бағытын белсенді дамытып келеді.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ Қазақстанның қаржылық қызметтер нарығында жас компания болып табылады. Алайда, оның командасы халықаралық деңгейде келісімдер жүргізуде мол тәжірибе жинақтаған жоғары білікті мамандардан құралған. Қазақстанның ірі банктерінің, «Deloitte & Touche» компаниясының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тәжірибесі мол, нарықтағы білімі зор, жетекші қаржы институттары мен халықаралық тәжірибе жүйесін жақсы меңгерген бұрынғы басқарушы қызметкерлері «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның негізін салушылар болып табылады.

«Центрас Капитал» ЖАҚ

«Центрас Капитал» Инвестициялық компания 2004 жылы құрылды. Компания Мәскеу Банкаралық Валюта Биржасының (СБВБ) мүшесі әрі Ресей Сауда Жүйесінің (РСЖ) қатысушысы болып табылады.

Компания қызметтеріне МБВБ мен РТС секілді Ресей биржа алаңдарында және «Санкт – Петербург» БҚ-нда брокерлік қызмет көрсету, депозитарлық қызмет көрсету, активтерді басқару жатады.

Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер:

1. Автокөлік:

- Авто – Exclusive;

- Авто – Лимит;

- Авто – Стандарт;

- Авто – Элит.

2. АҚЖ (азаматтық – құқықтық жауапкершілік)

3. МотоКАСКО

4. Мүлік:

- Үй ошағы;

- Үй жайлылығы;

- Менің пәтерім;

- Келеңсіз жағдай.

Заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер:

1. Жұмыс берушінің АЖҚ

2. Мүлік

3. Жүк

4. Мұнай операциялары

5. Құрылыс – монтаждық тәуекелдер

6. Автокөлік:

- Авто – Exclusive;

- Авто – Лимит;

- Авто – Стандарт;

- Авто – Элит.

7. Авто иелерінің АЖҚ

8. Медициналық сақтандыру

Қайта сақтандыру

Компанияның ең басты приоритеттерінің бірі – клиенттердің тәуекелдерін сенімді қайта сақтандыру.

2006 жылдың 1 наурызында «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ қазақстандық сақтандыру компаниялардың ішіндегі ең бірінші шетелдік қайта сақтандыру компанияларымен облигаторлық қайта сақтандыру бойынша мәмілеге отырды. Ол компаниялар: Lloyd’s корпорациясы, SCOR (Франция) компаниясы, Partner Re (Швейцария), Hannover Re (Германия), Transatlantic Re (АҚШ) и CCR (Франция).

Осыдан былай мына сақтандыру түрлері бойынша тәуекелдер: мүліктік сақтандыру, жүк, автокөлік, келеңсіз жағдайлардан сақтау, құрылыс – монтаждық тәуекелдер және басқа тәуекелдер автоматты түрде батыстық қайта сақтандырушыларда қайта сақтандырылады. Бұл жүйе сақтандыру жағдайы болғанда клиентке сақтандыру сыйақысын толығымен және оперативті түрде төлеуді максималды кепілмен қамтамасыз етеді.

Жетекші қайта сақтандыру компаниялары:

- Swiss Re (1st layer), әлемдегі ірі қайта сақтандырушы (Switzerland,

«АА-» S&P)

- Munich Re (2nd layer), әлемдегі екінші қайта сақтандырушы (Germany, «АА-» S&P)

Кесте 1

Қайта сақтандыру бағдарламалары

Бағдарлама

Жауапкершілік лимиті

Мүлік

$ 5,000,000

Құрылыс – монтаждық тәуекелдер

$ 5,000,000

Автокаско

$ 120,000 әр көлік бойынша және $ 80,000 автокөлікке қатысты

Авто иелерінің АҚЖ ерікті сақтандыру

$ 1,000,000 әр көлік бойынша

Жолаушыларды келеңсіз

жағдайдан сақтау

$ 250,000 әр көлік бойынша және $ 50,000 әр адам бойынша

Жүк

$ 3,000,000

Келеңсіз жағдайдан сақтау

$ 1,000,000 әр адамға

*Көзі: Интернет желісіндегі ресурстар – www.centrasinsure.kz мәліметі бойынша

Сентрас Иншуранс серіктестері:

  1. Lloyd’s корпорациясы (Ұлыбритания)

  2. CCR (Caisse Centrale de Reassurance) (Франция)

  3. Partner Re (Швейцария)

  4. Hannover Re (Германия)

  5. SCOR (Франция)

  6. Transatlantic