Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сақтандыру қызметі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

1.2 Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметінің қалыптасуы және дамуы

Қазақстан Республикасының сақтандырудың қызметі туралы заңына сәйкес сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу және лицензиялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, топтарға және түрлерге бөлінеді.

Сақтандыру ұйымының қызметі «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша жүзеге асырылады. «Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті формасында келесі топтарды қамтиды:

1) өмірді сақтандыру;

2) аннуитеттік сақтандыру.

«Жалпы сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті формасында келесі топтарды қамтиды:

1) қайғылы оқиғалардан және аурулардан сақтау;

2) медициналық сақтандыру;

3) автомобиль көлігін сақтандыру;

4) темір жол көлігін сақтандыру;

5) әуе көлігін сақтандыру;

6) су көлігін сақтандыру;

7) жүктерді сақтандыру;

8) мүлікті сақтандыру;

9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;

10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

12) әуе көлігі иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

13) су көлігі иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

14) тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

15) азаматтық – құқықтық жауапкершілікті келісім бойынша сақтандыру;

16) зиян келтіргені үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру [4, 52 б.].

Сақтандыру топтарының төмендегідей мазмұны бар:

1) өмірді сақтандыру – сақтандырылған адамның қайтыс болуы немесе оның сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүру немесе белгілі келісім бойынша оның жасын сақтандыру жағдайларында сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын жеке сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады;

2) аннуитеттік сақтандыру – сақтанушының белгілі жасқа жету, еңбекке деген қабілеттілігінен айыру (жасы бойынша, мүгедектік бойынша, ауруы бойынша), асыраушының қайтыс болуы, жұмыссыздық немесе сақтанушының жеке табыс көздерінің жоғалтуына немесе әлеуметтік басқа да жағдайларда кезеңдік сақтандыру төлемдерін зейнетақы немесе рента түрінде төлеуді қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады;

3) қайғылы оқиғалардан және аурулардан сақтандыру – бұл қайтыс болу (толық немесе жартылай) еңбекке деген қабілеттілігінен (жалпы немесе кәсіптік) айырылу немесе қайғылы оқиға, әлде аурудың нәтижесінде сақтанушының денсаулығына зиян келетін жағдайлардағы сақтанушының қосымша шығындарын толығымен немесе бөліктеп өтеудің тұрақты бекітілген сомада жүзеге асырылатын және сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады;

4) медициналық сақтандыру – сақтандыру бағдарламасында қамтылған сақтанушының медициналық мекемелерге, медициналық қызмет үшін жұмсалған шығындарды толық немесе бөліктеп өтелетін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын жеке сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады;

5) көлік құралдарын сақтандыру – бұл көлік құралдарын жүргізу, билік жүргізу және бұйрық етуімен, оның салдарынан олардың зақымдануы немесе жойылуы, сондай-ақ жоғалып кетуі немесе ұрлануының орын алуымен байланысты тұлғаның мүліктік мүддесіне зиян келтіретін шығынды толығымен немесе бөліктеп өтеуін жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады;

6) жүктерді сақтандыру – жүктерді пайдалану, билік жүргізу және бұйрық етуімен оның салдарынан олардың зақымдану және жойылуы мүддесіне зиян келтіретін шығынды толығымен немесе бөліктеп өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады;

7) мүлікті сақтандыру – мүлікке иелік ету, пайдалану және билік жүргізумен, осының салдарынан оның зақымдалуы немесе жойылуының орнын алуымен байланысты тұлғаның мүліктік мүддесіне зиян келтіретін шығындарды толығымен және бөліктеп өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады;

8) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру – Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 810-бабында қарастырған жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін төлеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады;

9) көлік құралдары иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру – көлік құралдарын пайдалануымен үшінші тұлғалардың шеккен шығындарын өтеу міндетімен байланысты тұлғаның мүліктік мүддесімен зиян келтіретін шығынды толық немесе жартылай өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады;

10) тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру – тасымалдаушы ретінде көлік құралдарын пайдалану үшін тұлғаның шеккен шығындарын өтеу міндетімен байланысты. Тұлғаның мүліктік мүддесіне зиян келтіретін шығынды толығымен немесе бөліктеп өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады;

11) келісім бойынша азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру – Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 812-бабында қарастырған жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Сонымен сақтандырудың ерікті формасында әрбір топтың мазмұны және оны жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар өкілетті органның нормативті құқықтық актілермен белгіленеді;

12) зиян келтірілгені үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру – Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 811-бабында қарастырған жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Осы заңға сай Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандырушы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті, өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және қайта сақтандырушының тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлға;

3) сақтандыру агенті – берілген өкілеттіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

5) актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық – математикалық есептеулерін жүзеге асыру байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға;

6) уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым;

7) өзара сақтандыру қоғамы;

8) сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

9) сақтандыру түрі – бұл сақтандыру келісімі арқылы бір немесе бірнеше сақтандыру топтарының шегінде сақтандыру ұйымы сақтанушыға жасалатын және жеткізілетін сақтандыру ұйымы [5, 6 б.].

Сақтандыру ұйымы сақтанушыға тек қана өкілетті органның бекіткен формасында сақтандыру полисін беруімен және сақтандыру ережесімен келісілгеннен кейін ғана сақтандыру келісімін бекіту бойынша іс-әрекетін жүзеге асыруға құқылы.

Сонымен қатар сақтандыру міндетті және ерікті форма түрінде жүзеге асырылады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы келесіде: міндетті сақтандыру заң талаптарының күшіне сай, ал ерікті сақтандыру сақтандырушы тұлға еркінің күшіне сай жүргізіледі.

Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген топтары болып табылады. Сақтандырудың міндетті формасында әрбір топтың мазмұны және оны жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар осы сақтандырудың сыныптарын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.