Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сақтандыру қызметі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................3

І бөлім. Нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметі

1.1 Сақтандыру қатынастарының теориялық аспектілері.......................................6

1.2 Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметінің қалыптасуы және дамуы..........................................................................................................................11

1.3 Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу........................................................15

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің тәжірибесі

2.1 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру түрлері және оларды тәжірибеде қолданудың алғышарттары.......................................................................................22

2.2 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру ұйымдарындағы сақтандыру қызметінің нәтижесін талдау....................................................................................26

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметтерін жетілдіру

3.1 Республикадағы сақтандыру қызметтерінің кемшіліктері және оларды жою жолдары......................................................................................................................38

3.2 Дамыған шет елдердегі сақтандырудың тәжірибесі........................................40

3.3 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының дағдарыс жағдайындағы шығу жолдары.................................................................................52

Қорытынды.................................................................................................................63

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................65

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың күрделі және тез өзгермелі тұсында барлық экономикалық субъектілер мен жеке тұлғалар өзінің барлық назарын экономиканың аса күрделі мәселелері мен қатаң бәсеке жағдайына аса көңіл аударады. Осы мәселелер тұрғысынан алғанда тәуекелділік пен қатаң бәсекелестікке төтеп беруде және оның алдын алуда елімізде қарқынды дамып келе жатырған сақтандыру қызметі аса маңызды рөл атқаратыны артық айтқандық емес. Сақтандыру қызметі тек жоғарыда айтылған жағдайлар тұрғысынан қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамның инвестициялық қуаттылығын көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік береді.

Сақтандыру – бұл қоғамдық экономикалық қатынастың ерте уақыттан келе жатырған категорияларының бірі және ол өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі болып саналады. Қазіргі жағдайда сақтандыру әрбір жеке адамның тұрақты және қауіпсіз өмір сүруінің маңызды алғышарттарының біріне айналып отыр. Ол экономикасы жақсы дамыған мемлекеттердің ұзақ мерзімді қаржылық ресурстарының негізгі көзіне айналып отыр. Сондықтан, сақтандыру қызметі нарықтық экономикалық қатынастары тұрақты дамып келе жатырған Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады.

Қазіргі уақтытта біздің елімізде сақтандыру, қайта сақтандыру және шетелдік сақтандыру ұйымдарымен бірлескен жоғары білікті компаниялар сақтандыру нарығында тұрақты қызмет орната бастады.

Егемендік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасының жалпы экономикасында, соның ішінде сақтандыру қызметі саласында да көптеген өзгерістер мен реформалар болып жатыр. Атап айтатын болсақ, елімізде 2000 жылдың 18 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы» Заңы және азаматтардың сақтандыру мүдделерін қорғайтын ҚР Азаматтық Кодексінің негізгі құқықтық базалары қабылданды.

Жалпы сақтандыру қызметі қаржы категориясының құрылымдық бөлігі бола отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру қатынастарын қамтиды. Сондықтан, сақтандыру бұл – мүмкін болатын қауіп-қатердің орнын толтыру немесе жанұя табыстарының жоғалтуларын қалпына келтіру үшін арналған мақсатты сақтандыру жарналарының есебінен құрылған қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып саналады.

Сақтандыру қатынастары арқылы қаржылық ресурстар жоспарланады, шоғырландырылады, ұйымдастырылады, реттеледі, бағаланады және бақыланады.

Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңына сәйкес (26.07.07 жылдағы толықтырулар мен өзгертулерді қоса) сақтандыру қызметі дегенiмiз - сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.

Ал сақтандыру қызметі деп – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес уəкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сəйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызмет түрі.

Нарықтық қатынастардың күрделі өзгермелі тұсында меншік иелері өздерінің қаржылық ресурстарын барынша тиімді пайдалануға және ұтымды өндіріс пен айналыс процесіне салуға тырысады. Міне осы мақсат пен міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда сақтандыру нарығының тиімділігі арта түседі. Сақтандыру қаржы және несие жүйесінің маңызды құрамдас бөліктері болып саналғандықтан, қаржының инвестиция түрінде экономикаға және халық шаруашылығына толық қызмет істеуін қамтамасыз етеді. Демек, сақтандыру нарығындағы қаржылық ресурстар белсенді инвестициялық қызметті ынталандыру арқылы экономиканың дамуына ықпал ете алады. Басқа сөзбен айтқанда, сақтандыру нарығында сақтанушылардан келіп түскен пассивті ақша қаражаттары нарық қызметінде активті капиталға, яғни инвестицияға айнала отырып, экономиканың әртүрлі салаларында қызмет істей бастайды. Сондықтан, бүгінгі күні нарқтың өзгермелі жағдайында елімізде сақтандыру қызметтерін нақты тәжірибеде қолдану, оны тәжірибелік және ғылыми жағынан зерттеу және жетілдіру уақыт күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Сонымен қатар, кез-келген елде сақтандыру қызметінің жоғарғы деңгейде дамуы сақтандыру қатынастарына қатысушылардың жоғары біліктілігіне де тікелей байланысты екенін естен шығармаған абзал.

Жалпы отандық және шетелдік ғалым-тәжірибешілердің арасында сақтындыру қызметін зерттеу және жетілдіруге байланысты көптген ғылыми-тәжірибелік еңбектер жүргізілді және жүргізіліп келеді. Дегенмен де, еліміздің экономикасының дамуында өзінің ерекше орны бар сақтандыру қызметін бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қалыпты жағдайда сақтау, оны осы дағдарыстан шығару, сондай-ақ болашақта дамыту сияқты мәселелер маңыздылығы мен өзектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейді. Осы мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға негіз болды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – нарықтық қатынастар жағдайында републикадағы сақтандыру қызметінің теориялық негізіне сипаттама бере отырып, сақтандыру ұйымдарының тәжірибелік қызметтерін талдаудың негізінде, болашақта сақтандыру қызметін жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар беру болып саналады.

Осы мақсаттың негізінде жұмысты орындау барысында шешілуге тиісті міндеттер болып мыналар саналады:

- сақтандыру қызметінің экономикалық мазмұны мен мәнін анықтай отырып, оның қалыптасуына талдау жасау;

- сақтандыру нарығындағы сақтандыру қызметінің құқықтық-мемлекеттік реттелуіне баға беру;

- отандық және шетелдік сақтандыру қызметінің тәжірибесін бағалау;

- сақтандыру нарығындағы негізгі мәселелерді анықтау және сақтандыруды болашақта жетілдіруге байланысты ұсыныстар беру.

Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі болып Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі және Алматы қаласында орналасқан «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру ұйымының нақты іс-тәжірибесі саналады.

Жұмысты орындау кезінде жалпы экономикалық талдау, салыстырмалы салыстыру, көлденең талдау әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, кестелер мен сызбалардан және қосымшадан тұрады.

Жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері және сақтандыру ұйымының мәліметтері қолданылды.