Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты 600 - 3 ОМ (каз.) 20.04.2011 85 стр3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
828.93 Кб
Скачать

Тесты 3 курс ОМ

  1. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқарудың толық анықтамасы:

А Медицина мен денсаулық сақтаудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық проблемалары жөніндегі ғылым

Б+ Медицинаның, халық денсаулығын қорғау және қалпына келтірудің әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, социологиялық және психологиялық сұрақтарының кешенін зерттейтін қоғамдық ғылыми және оқу пәні

В Халық денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік, құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды зерттейтін ғылым

Г Денсаулық сақтаудың тиімді қызмет көрсетуі жөніндегі ғылым

Д Медициналық социологияны зерттейтін ғылым

  1. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқарудың зерттеу негізіне жататындар?

А+ Қоғамдық денсаулық және оны анықтаушы факторлар

Б+ Халық денсаулығын қорғау және қалпына келтіруді қамтамсыз ететін жүйе

В Қоршаған орта факторлары

Г+ Денсаулық сақтаудағы басқару процестері

Д+ Денсаулық сақтаудағы мамандарға қатысты сұрақтары

  1. БДҰ қабылдаған қоғамдық денсаулық анықтамасына не кіреді:

А +Толық рухани және әлеуметтік қолайлы жағдай

Б +Аурудың және физикалық кемістіктердің болмауы

В Мүгедектіктің болмауы

Г Қоршаған ортамен оптимальды тепе-теңдік

Д Медицинаның даму деңгейі

  1. Қоғамдық денсаулықты қайсылары сипаттайды?

А+ Аурушылдық көрсеткіштері

Б+ Демографиялық көрсеткіштер

В Халықтың еңбекке белсенділігінің көрсеткіштері

Г+ Физикалық денсаулық көрсеткіштері

Д+ Мүгедектік көрсеткіштері

  1. Халық денсаулығы жөніндегі ақпараттың негізгі көздеріне жататындар:

А+ Өлім мен туылу жөніндегі ресми мәліметтер

Б Сақтандыру компанияларының мәліметтері

В+ Эпидемиологиялық ақпараттар

Г+ Қоршаған орта және денсаулық жөніндегі мониторинг мәліметтері

Д+ Аурулардың,и қайғылы оқиғалардың және жарақаттанулардың регистрі

  1. халық денсаулығына көбірек әсер ететін негізгі фактор:

А Экологиялық жағдай

Б Медициналық көмекті ұйымдастыру

В+ Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар және халықтың өмір сүру салты

Г Тұқым қуалаушылық

Д Мекен-жайы

7. Халықтың жас құрамы бойынша типін анықтау үшін келесі жас топтарындағы халық санын білу қажет:

А 10 жасқа дейін, 10-29 жас, 30 жас және одан жоғары

Б 20 жасқа дейін, 20-39 жас, 40 жас және одан жоғары

В +0-14 жас, 15-49 жас, 50 жас және одан жоғары

Г 0-20 жас, 20-60 жас, 60 жас және одан жоғары

Д 0-10 жас, 10-20 жас, 20-30 жас, 30-40 жас, 40-50 жас, 50-60 жас, 60 және жоғары

8. перинатальды өлімнің құрылымдық компоненттерін көрсетіңіз:

А +Өлі туушылық

Б +Ерте неонатальды өлім

В Неонатальды өлім

Г Кеш неонатальды өлім

Д Сәбилер өлімі

9. Бала өлімін тіркеу үшін АХАЖ ұйымына денсаулық сақтау мекемелері қандай құжаттар дайындауы қажет:

А +Перинатальды өлім жөніндегі куәлік

Б +Өлім жөніндегі медициналық куәлік

В +Өлім жөніндегі фельдшер анықтамасы

Г Сырқатнама

Д Патологоанатомиялық (соттық-медициналық) зерттеу хаттамасы

10. Экономикалық дамыған елдерде халық өлімі құрылымында жетекші орындарға ие:

А Жұқпалы және паразитарлық аурулар; асқорту жүйесінің аурулары; психикалық аурулар

Б +Қан айналу жүйесінің аурулары; қатерлі ісіктер; жарақаттанулар мен уланулар

В Қатерлі ісктер; жарақаттанулар және уланулар; тыныс алу жүйесінің аурулары

Г Туберкулез; қатерлі ісіктер; қан айналу жүйесінің аурулары

Д Қатерлі ісіктер; жарақаттанулар мен уланулар; тыныс алу жүйесінің аурулары

11. алдағы өмірдің орташа ұзақтығы деген:

А +Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты өлім көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

Б Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында туылу және өлім көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

В Бір жылда өлгендердің орташа жасы

Г Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында туылу көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

Д Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты туу көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

12. Жалпы туылу көрсеткішін есептеуге қажет:

А +Тірі туылғандар саны және орташажылдық халық саны

Б Босанулар саны және әйелдер саны

В Тірі және өлі туылғандар саны және орташажылдық халық саны

Г Өлі туылғандар саны және орташажылдық халық саны

Д Тірі туылғандар саны және әйелдер саны

13. Сәбилер өлімі көрсеткіші деген ­-

А 4 жасқа дейінгі балалар өлімі

Б +1 жасқа дейінгі балалар өлімі

В 1-ші айындағы балалардың өлімі

Г 1-ші аптасындағы балалардың өлімі

Д 1 аптадан 1 айға дейінгі балалар өлімі

14. Туу туралы куәлікті кім береді:

А Емдеу-профилактикалық мекеменің бас дәрігері

Б Босандырған дәрігер

В +АХАЖ қызметкері

Г Босану үйінің әкімшілігі

Д Статистистикалық басқарма

15. Халықтың өсуін мынадай демографиялық көрсеткіштер сипаттайды:

А +Туылу

Б +Өлім

В +Фертильдік (босану мүмкіндігі)

Г +Табиғи өсу

Д Летальдік

16. халық “миграциясы ” түсінігіне кіреді:

А +Науқастың ауылдық учаскелік ауруханадан жолдама бойынша облыстық арнайы мамандандырылған медициналық орталыққа көшуі

Б Науқастың бір мекеме ішіндегі басқа бөлімге ауыстырылуы

В +Басқа елге көшу

Г +Басқа елден көшіп келу

Д Халықтың табиғи қозғалысы

17. өлім жөніндегі Медициналық куәлікті кім береді:

А +Емдеу-профилактикалық мекеме дәрігері

Б Соттық-медициналық сараптау

В Мәйітті ашуды жүргізген патологоанатом

Г ЕПМ бас дәрігері

Д Статистикалық басқарма

18. халықтың табиғи өсуіне әсеР етеді:

А +Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар

Б +Жас-жыныстық құрамы

В +Сәбилер өлімі деңгейі

Г +Халықтың этникалық ерекшеліктері

Д Эмиграциялық процестер

19. Халықтың табиғи өсуі – қандай көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық:

А Туушылық пен еңбекке жарамды жастағы өлім

Б Жас топтары бойынша туушылық пен өлім

В +Бір жылдағы туушылық және өлім

Г Жыл мезгілі бойынша туушылық және өлім

Д Жынысы бойынша туушылық және өлім

20. өлімнің арнайы көрсеткіштеріне:

А +Еңбекке жарамды жастағы өлім

Б +Жас топтары бойынша өлім

В +Жынысы бойынша өлім

Г +Жыл мезгілдері бойынша өлім

Д Бір жылдағы өлім

21. Туушылық көрсеткішін есептегенде берілген жылы қалай туылғандардың саны алынады:

А +Тірі

Б Өлі

В Өлі және тірі

Г Жетіліп туылғандар

Д Жетілмей туылмағандар

22. депопуляция құбылысы елде мынадай типті жас пирамидасы болуымен сипатталады:

А Симметриялық тип

Б +Регрессивті тип

В Прогрессивті тип

Г Ассиметриялық тип

Д Стабильді тип

23. туушылыққа әсер ететін факторларға:

А Халық эмиграциясы

Б +Халықты контрацепциямен қамту

В +Некеге тұру жасы

Г +Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар

Д +Ата-анасының денсаулық жағдайы

24. туушылықтың арнайы көрсеткішіне жатады:

А +Жалпы көбею

Б +Некелік көбею

В +Көбеюдің жасқа байланысты коэфициенттері

Г Туушылық көрсеткіші

Д +Жалпы фертильдік

25. демографиялық статистиканың негізгі бөлімдері?

А Халық саны мен құрамы.

Б +Халық статикасы мен динамикасы.

В Халықтың табиғи және механикалық қозғалысы.

Г Халық құрамы мен миграциясы.

Д Халық статикасы мен табиғи қозғалысы.

26. халық статикасы нені зерттейді?

А Халық саны.

Б Халықтың жасы мен жынысы бойынша құрамы.

В Халық құрамы мен санының геогафиялық ерекшеліктері.

Г Әлеуметтік белгілері бойынша халық құрамы.

Д +Халық саны және жасы, жынысы, басқа да әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша құрамы.

27. халық қозғалысы нені зерттейді?

А Халықтың миграцилық процестері мен туушылығы.

Б Халықтың механикалық қозғалысы мен өлімі.

В Халықтың көбеюі.

Г +Халықтың механикалық және табиғи қозғалысы.

Д Халықтың табиғи қозғалысы және туушылығы.

28. Халықтың табиғи қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер?

А Туушылық, өлім, табиғи өсу, көбею.

Б Табиғи өсу, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы, көбею, өлім.

В Туушылық, неке, ажырасу, сәбилер өлімі, көбею.

Г +Туушылық, өлім, табиғи өсу, неке, ажырасу.

Д Некелік көбею, жалпы өлім, туушылық, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы.

29. Туушылық көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет?

А Берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны, берілген жылы тірі туылғандар саны.

Б Берілген жылы тірі туылғандар саны, өткен жылы тірі туылғандар саны.

В +Берілген жылы тірі туылғандар саны, орташажылдық халық саны.

Г Берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны, орташажылдық халық саны.

Д Берілген жылы орташажылдық халық саны, өткен жылы өткен жылғы орташажылдық халық саны.

30. Туылу жөніндегі мәлімет көзі болып саналатын медициналық құжатты көрстеіңіз?

А Туу тарихы.

Б Стационардан шыққан науқастың статистикалық картасы.

В Нәрестенің даму тарихы.

Г +Туу жөніндегі медициналық куәлік.

Д Жүктілерге, босанғанғандарға, босанатындарға медициналық көмек көрсету жөніндегі есеп беру.

31. халықтың жалпы өлімі көрсеткішін есептеуге қажетті мәліметтер?

А Берілген жылғы орташажылдық халық саны, өткен жылы өткен жылғы орташажылдық халық саны.

Б +Берілген жылы өлгендер саны, орташажылдық халық саны.

В Берілген жылы өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны.

Г Берілген жылы өлгендердің 2/3-і + өткен жылы өлгендердің 1/3-і, халық саны.

Д Берілген жылы өлгендер саны, берілген жылы өлі және тірі туылғандар саны.

32. Халықтың жасқа байланысты өлім көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет?

А Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, берілген жылы өлгендердің жалпы саны.

Б Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны.

В +Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, осы жастағылардың орташажылдық халық саны.

Г Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, орташажылдық халық саны.

Д Берілген жылы өлгендер саны, осы жастағы халық саны.