
- •Бірінші Тақырып. Микроэкономика пәні және оның әдіснамасы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.
- •Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.
- •Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- •Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:
- •Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.Б. Тапсырмаларды орындау:
- •6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Екінші тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе – теңдік
- •Сурет 2.5 а Ұсыныс қисығы Сурет 2.5 ә Ұсыныс функциясы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.
- •Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.
- •Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- •Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:
- •Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.Б. Тапсырмаларды орындау:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Үшінші тақырып. Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Төртінші тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.
- •Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.
- •Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- •Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:
- •Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.Б. Тапсырмаларды орындау:
- •6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Бесінші тақырып. Өндіріс шығындары және пайда
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Алтыншы тақырып. Нарықтық құрылымдар. Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс және пайданы мейлінше арттыру мәселесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Жетінші тақырып. Жетілмеген бәсеке нарықтары. Таза монополия нарығы және монополиялық билік
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.
- •Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.
- •Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- •Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.Б. Тапсырмаларды орындау:
- •6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Сегізінші тақырып. Монополистік бәсеке нарығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Тоғызыншы тақырып. Олигополия нарығы және оның модельдері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Оныншы тақырып. Өндіріс факторларының нарықтары. Еңбек нарығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Он бірінші тақырып. Капитал және жер нарықтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Он екінші тақырып. Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Он үшінші тақырып. Асимметриялық ақпарат нарықтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Он төртінші тақырып. Сыртқы әсерлер теориясы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Он бесінші тақырып. Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау теориясы. Экономикадағы мемлекеттің рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Мазмұны
Соөж және сөж тапсырмалары:
Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.
Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.
Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
Микроэкономиканың пәні және әдіснамалық рөлі.
Маған микроэкономика пәнін не үшін оқу керек? (эссе).
Микроэкономикалық теорияның қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерi.
Микроэкономиканың нарықтық идеологияны қалыптастырудағы рөлi. (эссе).
Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық ой-пікірлердің маңызы.
Неоклассикалық теорияның микроэкономиканы жеке ғылым ретінде қалыптастыруындағы рөлі.
Экономикалық ресурстар және оларды оңтайлы қолданудың мәселелері.
Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:
Mикроэкономикадағы шеңберлі айналым үлгісі және оның түрлері;
Экономикалық жүйелер және олардың типтері.
Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.Б. Тапсырмаларды орындау:
Шағын аралда 5 адам тұрады, олар күнiне әрқайсысы 20 кокос немесе 10 жұмыртқа жинайды. Табу керек:
а) осы арал экономикасының өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығын сызыңыз?
б) аралға техника алып келудiң нәтижесiнде 5 адамның әрқайсысы ендi күнiне 28 кокос жинайтын болды. Бұл жерде өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы қалай өзгередi?
Төмендегі кестеде соғыс уақытындағы А мемлекетінің өндірістік құрылымының өзгеруі туралы мәліметтер берілген.
Кесте 1.1
нұсқалар |
трактор |
миномет |
альтернативтік шығындар |
А |
7 |
0 |
|
В |
6 |
10 |
|
С |
5 |
19 |
|
D |
4 |
27 |
|
Е |
3 |
34 |
|
F |
2 |
40 |
|
G |
1 |
45 |
|
H |
0 |
49 |
|
Табу керек: 1. Осы кестедегі мәліметтерге сәйкес өндірістік мүмкіндіктер қисығын салыңыз (вертикальді оське тракторды, горизонтальді оське минометті)
2. Графиктегі өндірістік мүмкіндіктер қисығының формасы қандай?
3. А мемлекетінің экономикасы өндірістік мүмкіндіктер қисығыны бойында жатуы үшін қандай шарттар орындалуы керек?
4. Кестенің мәліметтері бойынша бір минометті өндірудің альтернативтік шығындарын есептеңіз?
5. Бұл альтернативтік шығындар қалай өзгереді (төмендейді/өседі/өзгермейді)?
Айталық, Дәурен орындық жасауға 1 сағат және үстел жасауға 2 сағат жұмсайды, ал
Болат орындық жасауға 2 сағат және үстел жасауға 1 сағат жұмсайды.
1) 8 сағат ішінде олардың бірдей жұмыс істеуі кезіндегі өндірістік мүмкіндіктер қисығын сызып, қандай сипатта болатынын анықтаңыз.
2) егер Дәурен Болаттың үстел өндірудегі технологиясын игерсе, онда өндірістік мүмкіндіктер қисығы қалай өзгереді?
3) Болаттың технологиясы бойынша дайындалған алғашқы және соңғы үстелдің өндірілуінің альтернативтік құндары қандай?
Белгілі бір технология бойынша 1 адам 1 сағатта 2 орындық және 2 адам 1 сағатта 3 үстел өндіруге мүмкіндік алады.
1) 40 сағаттық жұмыс аптасы шеңберінде 5 адамнан тұратын бригаданың өндірістік мүмкіндіктер қисығы қандай болатынын анықтаңыз.
2) егер орындық өндіруге деген еңбек шығындары 2 есе қысқарса және жұмыс аптасының төрттен бірі қысқарса, онда өндірістік мүмкіндіктер қисығы қалай өзгереді?
3) бірінші жағдайдағы 1 дана орындық өндірудің альтернативтік шығындары қандай және екінші жағдайдағы 1 дана үстел өндірудің альтернативтік шығындары қандай?
Ауылда тұратын зейнеткер картоп өсіріп самогон қайната алады. 1 кг. картоп өсіру үшін ол күніне 5 сағат (0,5 еңбек күнін) және 1 тг. жұмсайды, ал 1 литр самогон қайнату үшін күніне 1 сағат (0,1 еңбек күнін) және 2 тг. жұмсайды.
Оның 1 жылдағы өндірістік мүмкіндіктер қисығын салыңыз. Ол тек картоп өсірумен жылдың 6 айында айналыса алады, ал оның жылдық зейнетақысы 6 мың теңге болып табылады.
Белгілі бір адам белгілі бір үйді жалға алып тұрады және ол жалдауға жылына 20000 доллар төлейді. Қалған ақшасын ол жылына 12 % беретін банкте сақтайды. Үйдің бағасы – 150000 доллар. Егер үйді сатып алу мүмкіндігі туа қалса, онда сол үйді сатып алған дұрыс па?
Бағдарламашы Алмат сағатына 10 доллар табады. Ал оның анасы зейнеткер. 1 кг. сиыр етін 8 доллардан сатып алу үшін дүкенде 1 сағат кезекте тұру керек, ал 1 кг. сиыр еті 12 доллардан тұратын басқа бір дүкенде кезек жоқ. Программист Алмат үшін сиыр етінің қандай көлемін сатып алған тиімді? Ал оның анасы үшін ше?
Фирма екі түрлі теннис доптарын алып сатумен айналысады. Олардың әрқайсысын 3 доллардан және 2 доллардан сатып алады. Доптарды сатып алу үшін фирма 90 доллар шығын жұмсайды. Фирманың өндірістік мүмкіндіктер қисығын сызыңыз.
Белгілі бір адам белгілі бір үйді жалдап тұрады, ол жыл сайын үйге 10000 доллар көлемінде жал ақысын төлейді. Ал қалған ақшасын ол жылына 9 % пайда әкелетін банкте сақтайды. Үйдің бағасы – 140000 доллар. Сол адам үшін үйді сатып алған дұрыс па? Неге?
Робинзон мен Пятница тіршілігі жоқ аралда тұрады. Олардың негізгі міндеттері – кокос жаңғақтарын жинау және балық аулау. Робинзон 1 сағатта 10 жаңғақ немесе 2 балық аулай алады, ал Пятница 1 сағатта 10 балық аулайды немесе 30 жаңғақ жинай алады. Балық аулау мен жаңғақ жинау жұмыстары тиімді болу үшін бұл міндеттерді Робинзон мен Пятница арасында қалай бөлген дұрыс? Егер Робинзон мен Пятница күніне 3 сағаттан жұмыс істейтін болса, онда қанша балық ауланып, қанша жаңғақ жиналады?
Қазақстанда 1 жұмысшы жылына 1 тонна ет немесе 20 центнер бидай өндіре алады, ал Қырғыстанда 1 жұмысшы жылына 2 тонна ет немесе 10 центнер бидай өндіре алады. Қазақстанда бидай мен ет өндіруде барлығы 400 мың адам маманданады, ал Қырғыстанда – 100 мың адам. Екі елдің басшылары нан мен ет өндірудің тиімділігін есепке ала отырып экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасайды. Екі елдің ет пен бидай өндіру бойынша өндірістік мүмкіндіктер қисықтары қандай сипатта болады?
Белгілі бір ресурс немесе тауар белгілі бір уақытта немесе белгілі бір жерде «шектеулі» және сол ресурс немесе тауар басқа бір уақытта немесе басқа бір жерде «шектеусіз» бола ала ма? Өз жауабыңызды дәлелдеу үшін бірнеше мысалдар келтіріңіз.
Белгілі бір әйел үй шаруашылығымен айналысады. Ол көйлек жууға 15 минут және терезе жууға 45 минут уақыт жұмсайды. Ол әйелдің жұмыс күнін 9 сағат алсақ деп алсақ, онда оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы қандай?
Дискуссиялық сұрақ:
Адамның өміріне қауіпті немесе денсаулығына зиянды алкогольдік өнімдерді немесе есірткілік заттарды экономикалық игіліктер ретінде қарастыруға бола ма?
Белгілі бір шеберхана орындықтар мен үстелдер шығарады. Ресурстардың өзгермейтін көлемі кезінде 1 жылдағы жалпы өнім көлемінің (дана) келесідей үйлесімдері көрсетілген:
нұсқалар |
үстелдер |
орындықтар |
А |
25 |
180 |
Б |
30 |
130 |
Үстел жасауды 25 данадан 30 данаға дейін көбейткендегі оның альтернативтік шығындары (орындықпен есептегенде) қандай?
Мына төмендегі берілген тұжырымдамалар дұрыс па? Дұрыс болса «+» белгісін, дұрыс емес болса «-» белгісін қойыңыз:
1) Альтернативтік құндылық мәселесі неоклассикалық бағыттың аса маңызды негізін құрайды.
2) Неоклассикалық теориядағы ұтымдылық принципі адам тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана ойлайды деген қағидаға негізделеді.
3) Шаруашылықты ұтымды жүргізу принципі шығындарды төмендету немесе пайдалылықты жоғарылату мәселелеріне негізделеді.
4) Дәстүрлі экономикалық жүйедегі субъектілердің экономикалық іс-әрекеттері нарықтық экономикалық жүйедегі субъектілердің экономикалық іс-әрекеттерінен едәуір ерекшеленеді.
5) Индустриалдық қоғамнан постиндустриалдық қоғамға көшу мәселесі өндірістегі ресурстар рөлінің өзгеруімен байланысты болып табылады.
6) Экономикалық өсу нақты экономикалық жүйе шеңберінде өндірілетін игіліктер жиынтығын кеңейтуді сипаттайды.
7) Ұтымдылық принципі адам жауапты шешімдер қабылдау кезінде өз ақшалай табысын максималдауға ұмтылады деген тұжырымды сипаттайды.
8) Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нақты экономикалық жүйеде нақты қолда бар ресурстармен өндіруге болатын игіліктердің максималды көлемін көрсетеді.
9) Индустиалдық қоғамда басты өндіріс факторы ақпарат болып табылады.
10) Азық – түлік өнімдері ресурс болып табылмайды.