Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика ОҚУЛЫҚ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.48 Mб
Скачать

Соөж және сөж тапсырмалары:

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Шекті пайдалылық теориясы, оның экономикалық талдаудағы рөлі мен орны;

  • Талғамсыздық қисықтары және оларды талдау;

  • Қазіргі кездегі тұтынушының рөлі мен құқықтары;

  • Тұтыну сұранысы және оның қазіргі түрлері;

  • Пайдалылық және құндылық, оларды арттырудың жолдары;

  • Хикс және Слуцкий бойынша алмастыру және табыс әсерлерін талдау.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

  • Энгель заңдары және Энгель қисықтары. Торнквист қисықтары;

  • Антиигіліктер. Гиффен тауарлары және Гиффен парадоксы;

  • Алмастыру әсері және табыс әсері (Хикс және Слуцкий бойынша).

  1. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

  1. Айталық, сіздің бір апталық табысыңыз 400-ге тең және оны сіз барлық ақшаңызды балмұздақ пен киноға жұмсайсыз.

1 балмұздақтың бағасы 4-ке тең, ал киноның 1 билеті 10-ға тең.

а) Бюджет сызығын салыңыз. Ақшаңызды тек қана киноға жұмсасаңыз, онда қанша рет киноға барар едіңіз? Егер кинодан бас тартсаңыз, онда ақшаңыздың барлығына неше балмұздақ сатып алар едіңіз?

б) Егер сіздің апталық табысыңыз 200-ге дейін қысқарса, онда сіз тұтынатын тауарларыңыздың санына қалай әсер ететінін көрсетіңіз.

в) Егер киноға бару билетінің бағасы 20-ға өссе, онда бұл жағдай графикте қалай өзгереді.

г) Айталық, сіз балмұздақтың бағасынан жеңілдік аласыз. Баға сатып алынатын балмұздақтың санына сәйкес өзгереді. Егер сіз аптасына 20 дана балмұздақ тұтынсаңыз, онда 1 балмұздақтың бағасы 4-ке тең болады, ал егер сіз аптасына балмұздақты 20 данадан көп тұтынатын болсаңыз, онда 1 балмұздақтың бағасы

2-ге тең болады. Осы жағдайды график арқылы сипаттаңыз.

  1. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

Тауарлар саны

Жалпы пайдалылық

Шекті пайдалылық

1

10

2

18

3

25

  1. Кестеде екі тауардың (F тамақ өнімдері және Н – киноға бару) үш жиыны берілген, олардың әрқайсысының пайдалылықтары әртүрлі болып келеді.

Жиын 1

(талғамсыздық қисығы IC2)

Жиын 2

(талғамсыздық қисығы IC2)

Жиын 3

(талғамсыздық қисығы IС3)

Н

F

H

F

H

F

2

40

10

40

12

45

4

34

12

35

14

40

8

26

14

30

16

35

12

21

17

25

18

30

17

16

20

20

21

25

22

12

25

16

27

20

29

9

30

14

33

17

34

7

37

12

38

15

40

5

43

10

44

13

45

4

50

8

50

12

Кестенің мәліметтерін талдаңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

А) үш талғамсыздық қисығын салыңыз;

Б) талғамсыздық қисықтарының қайсысы пайдалылықтың ең жоғарғы деңгейін көрсетеді?

В) талғамсыздық қисықтарының қайсысы пайдалылықтың ең төменгі деңгейін көрсетеді?

Г) тауарлардың мына комбинацияларын қарастырыңыз:

50Н және 8F (1);

45Н және 4F (2);

12Н және 45F (3);

25Н және 16F (4);

21Н және 11F (5).

осы комбинацияларды талғамсыздық қисықтарында көрсетіңіз;

д) осы мәліметтер тұтынушы таңдауының оптималды нүктесін табу үшін қолданылуы мүмкін бе?

  1. Кестеде келтiрiлген мәлiметтер негiзiнде келесi тапсырмаларды орындаңыз:

А) Осы кестедегi мәлiметтерге сәйкес Х,У, Z – тұтынушылардың сұраныс қисықтарын сызыңыз.

Б) Осы тұтынушылардың сұраныс қисығын сызып болғаннан кейiн нарықтық сұраныс қисығын сызыңыз.

В) Х және У тұтынушылардың тарапынан бұл тауарға деген сұраныс екi есе өстi, бiрақ Z тұтынушы тарапынан бұл тауарға деген сұраныс екi есе азайды. Сәйкесiнше, осы тұтынушылардың сұраныс қисықтарын және нарықтық сұраныс қисықтарын өзгертiңiз.

Х-тұтынушы

У-тұтынушы

Z-тұтынушы

Баға,

теңгемен

Сұраныс көлемi, бiрлiк

Баға теңгемен

Сұраныс көлемi, бiрлiк

Баға теңгемен

Сұраныс көлемi, бiрлiк

10

0

10

0

10

0

9

0

9

3

9

1

8

0

8

5

8

5

7

1

7

7

7

8

6

2

6

9

6

11

5

4

5

12

5

12

4

6

4

15

4

15

3

10

3

18

3

18

2

15

2

21

2

20

1

21

1

24

1

23

0

25

0

25

0

25

  1. Х және У тауарын тәуелсіз тұтынудың пайдалылығы сол игіліктердің кез-келген санына сәйкес келеді. Бұл тәуелділік кестеде көрсетілген:

Q

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

TUx

40

76

108

136

160

180

196

208

216

220

TUy

30

57

81

102

120

135

147

156

162

165

Тұтынушының табысы 64-ке тең, Х тауарының және У тауарының бағалары сәйкесінше мынадай: Рх – 8, Ру – 3.

а) берілген табыс деңгейінде максималды пайдалылыққа ие болатын Х игілігінің санын анықтаңыз.

б) берілген табыс деңгейінде максималды пайдалылыққа ие болатын У игілігінің санын анықтаңыз.

  1. Тұтынушы А және В тауарын тұтынуда пайдалылықты максималдады. В тауарының бағасы – 100 бірлік. Егер А тауарының шекті пайдалылығы В тауарының шекті пайдалылығына қарағанда екі есе кіші болса, онда А тауарының бағасы қаншаға тең?

  2. Егер кестеде өнімнің саны мен оның жалпы пайдалылығы берілген болса, онда шекті пайдалылықты анықтаңыз:

Q

1

2

3

4

5

TU

18

30

40

47

50

MU

  1. Егер MUх = 20, MUу = 60; ал Рх = 4, Ру = 12 болса, онда тұтынушы тепе-теңдік жағдайда бола ма?

  1. Кестеде А және В тауарларының талғамсыздық қисықтары (U1 және U2) бойынша мәліметтер берілген:

U1

А

7

5

3

2

1

В

1

2

3

5

7

U2

А

8

6

5

4

2

В

2

3

4

5

8

а) U1 және U2 талғамсыздық қисықтарын салыңыз;

б) қисықтардың қайсысы пайдалылықтың ең жоғарғы деңгейін көрсетеді.

  1. Айталық, тұтынушының табысы 400 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана толығымен жұмсалады. Х тауарының бағасы 40 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 50 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде тұтынушының бюджет сызығын салыңыз.

  1. Айталық, тұтынушының табысы 360 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана жұмсалады. Х тауарының бағасы 40 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 30 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде:

а) тұтынушының бюджет сызығын салыңыз;

б) тұтынушының табысы 480 бірлікке дейін өскенде бюджет сызығы қалай өзгереді.

  1. Айталық, тұтынушының табысы 150 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана жұмсалады. Х тауарының бағасы 15 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 10 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде:

а) тұтынушының бюджет сызығын салыңыз;

б) Х тауарының бағасы 30 бірлікке дейін өскенде бюджет сызығы қалай өзгереді;

в) Х тауарының бағасы 25 бірлікке және У тауарының бағасы 15 бірлікке өзгерді, жаңа бюджет сызығын салыңыз, жағдай қалай өзгерді?

г) егер бір тауардың бағасы өзгерсе, онда бюджет сызығы қалай өзгереді, ал екі тауардың бағасы да өзгерсе ше?

  1. Айталық, тұтынушының табысы 380 бірлікке тең, А тауарының бағасы 20 бірлікке тең, ал В тауарының бағасы 10 бірлікке тең. Мына комбинациялардың қайсысы бюджет сызығының бойында жатады:

а) 10А және 20В;

б) 10А және 18В;

в) 10А және 22В;

г) 6А және 20В.

  1. Айталық, тұтынушының табысы толығымен Х және У тауарын тұтынуға жұмсалады. Х тауарының тауарының бағасы жоғарылады. Үкімет халықтың бағаның өсуі салдарынан шеккен зиянын ақшалай өтеуге шешім қабылдайды:

а) бұл жағдайда тұтынушы өзінің қажеттілігін қанағаттандырудағы бұрынғы деңгейін сақтай ала ма?

б) Х тауарын тұтыну қалай өзгереді?

в) тұтыну сипаты өзгерген жағдайда қандай әсер орын алуы мүмкін?

  1. Кестенің мәліметтеріне сәйкес алманы тұтынудың жалпы пайдалылығын анықтаңыз:

Q

1

2

3

4

5

6

MU

12

23

32

40

46

50

TU

а) MU қисығын салыңыз;

б) TU қисығын салыңыз;

в) MU және TU қисықтарының сипатын түсіндіріңіз.

  1. Айталық, бюджет сызығының формуласы былай берілген:

800 = 4*Рх + 8*Ру

а) Х тауарының бағасы 100-ге тең болса, онда У тауарының бағасын табыңыз;

в) бюджет сызығын салыңыз.

  1. Айталық, бюджет сызығының формуласы былай берілген:

І = 4*Рх + 6*Ру

а) Рх 20 бірлікке тең, ал Ру 40 бірлікке тең, табысты анықтаңыз;

в) бюджет сызығын салыңыз.

  1. Айталық, тұтынушы тек картоп пен етті тұтынады. Қандай жағдайда картоп бағасының өсуі оған деген сұранысты арттыруы мүмкін?

  1. Тұтынушы тәртібінің теориясы тұрғысынан мына жағдайды түсіндіріңіз: 50 мың доллардан артық сома ұтып алған адамдардың ішінен 25 пайызы келесі жылы мүлдем жұмыс істемеген.

  1. Пайыз мөлшерлемесі артқанда табыс эффектісі мен алмастыру эффектісі жинақтауға қалай әсер етеді?

  1. Айталық, импорттық теледидарларға салық енгізудің нәтижесінде оның бағасы 300-ден 400-ге артты. Осының салдарынан сұраныс 8 мыңнан 5 мыңға дейін төмендеді:

а) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) тұтынушылар мен сатушылардың ұтыстарының жоғалуын (ұтылыстарын) көрсетіңіз;

в) үкіметтің табысы қаншаға тең болады?

  1. Айталық, ет өнімдеріне субсидия енгізудің нәтижесінде оның бағасын 4-тен 3-ке төмендетеді. Осының салдарынан сұраныс 4 бірліктен 8 бірлікке дейін өседі:

а) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) тұтынушылар мен сатушылардың ұтыстарын график арқылы көрсетіңіз.

  1. Кестенің мәліметтері негізінде кофені тұтынудың шекті пайдалылығын анықтаңыз:

Q

1

2

3

4

5

6

TU

10

19

26

31

34

35

MU

а) MU қисығын салыңыз;

б) MU қисығының сипатын түсіндіріңіз;

в) MU қисығының формасы сұраныс заңын сипаттай ма?

  1. Болат бір айда 5 рет концертке барады деп ұйғарсақ және оның әр концертке төлей алатын бағасы төмендегідей:

Концерт саны

1

2

3

4

5

Шекті пайдалылық, тг.

20

18

16

13

11

Бір концертке билет алу бағасы 15 теңге. Болат бір айда неше рет концертке бара алады? Оның тұтынушылық ұтымын көрсетіңіз. Болаттың концертке деген сұраныс қисығын сызыңыз.