Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uchebnik_Finansy_kaz_2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.52 Mб
Скачать

3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін:

- бюджет жүйесі;

- салық жүйесі;

- даму институттары;

- сақтандыру секторы;

- зейнетақы секторы арқылы таныстыру көзделеді.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі заңдар (бюджет бойынша, салықтар аясындағы, сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету қаржы институттары және т.б. туралы) негізінде жұмыс істейді. Ғылыми мақалаларды, мерзімді баспасөзді пайдалану қажет.

Тақырыптарды игеру үшін қаржы жүйесін ұйымдастыруды сызба (схема) түрінде беріп отырмыз.

Қаржылар – мазмұны және өзінің көрінуі бойынша бай күрделі экономикалық категория. Қаржылардың өз негізі (мәні), функциясы бар, қаржылардың қажеттілігі және олардың негіздері туралы ілімге ие.

Қаржылар – қондырмамен тығыз байланысты, бизнес категориясы.

Қаржыларды терең методологиялық тұрғыдан зерделеу:

  • Өндірістік қатынастар.

  • Экономикалық қатынастардағы, тұтастай қоғамдық қатынастардағы ақша қатынастары.

  • Ұдайы өндірістің бөлу сатылары.

  • Қоғамдық өнім, құн.

  • Ақша қаражаттарының қорлары сияқты білім мен ұғымдарды білуді талап етеді.

Қаржылар қаржы қатынастарын туғызады. Қаржы қатынастары қаржы жүйесі арқылы өзін көрсетеді.

Қаржылар қаржы қатынастарын туғызады. Қаржы қатынастары қаржы жүйесі арқылы өзін көрсетеді.

Қаржы қатынастары

Ақша саясаты

Қаржылар жүйеде қарастырылады, ал бұл конструкциядағы өзарабайланысты оны құрайтын элементтердің жиынтығы.

Қаржылар жүйесінің құрылымы, төмендегі суреттен көрініп тұрғандай, тұтас кең ауқымды ұғым ретінде қаржылардың толықтығын нақты түрде растайды.

Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар

1. Қаржыларды басқаруды жүзеге асыратын орган:

а) ұлттық банкі;

в) қаржы министрлігі;

с) салық комитеті;

д) коммерциялық банкі;

е) Парламент.

2. Қаржыларды нысаналы бағытта пайдаланудағы мемлекеттің қызметі, бұл:

а) мемлекеттік жоспарлау;

в) мемлекеттік қарыз (борыш);

с) қаржы саясаты;

д) мемлекеттік бюджет;

е) әлеуметтік сақтандыру.

3. Мемлекеттің негізгі қаржы жоспары:

а) мемлекеттік бюджет;

в) бизнес жоспар;

с) смета;

д) баланс;

е) мемлекеттік жоспар.

4.Қаржы жүйесі мыналардан тұрады:

а) қаржы қатынастарының жиынтығынан;

в) ақша қаражаттары қорларының жиынтығынан;

с) қаржылық басқару аппаратынан;

д) А,В жауаптары;

е) А,В,С жауаптары.

5. Қаржыларды басқару кезінде келесі өзарабайланысты элементтер қолданылады:

а) ұйымдастыру, бақылау, ақпарат, кірістер және инфляция;

в) бақылау, басқару, ұйымдастыру, ақпарат және реттеу;

с) ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және бақылау;

д) жоспарлау, бақылау, ұйымдастыру, реттеу және бюджет жасау;

е) жоспарлау, бақылау, ұйымдастыру, епті пайдалану (маневр жасау) және бюджет жасау.

3-ТАҚЫРЫП: «ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ТЕТІГІ»

  1. Қаржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары мен принциптері.

  2. Қаржы тетігі, оның мазмұны мен құрылымы.

  3. Қаржы саясаты мен қаржы тетігінің өзарабайланысы.

  4. Қаржы аппараты, оның құрылымы. Қаржы менеджменті ұғымы.

  5. Нарықтық ортадағы қаржылық жоспарлау және болжау мен жетілдіру бағыттары.

  6. Қаржы құқығы, оны құрайтын элементтер. Мемлекеттің қаржылық қызметі. Қаржылық құқықтық актілер, олардың түрлері.

  7. Қаржылық бақылау ұғымы, қаржылық бақылау принциптері, міндеттері, жіктеуі. Қаржылық бақылау органдары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]