Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uchebnik_Finansy_kaz_2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.52 Mб
Скачать
  1. Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен (бағамен, еңбекақы төлеумен, несиемен) өзарабайланысы. Қаржы ресурстары және олардың көздері

Қаржылар экономикалық қатынастардағы өзінің көрінуінде оқшау түрде жұмыс істемейді, көптеген экономикалық категориялармен өзара байланыста болады.

Қаржылар құндық бөлулерге қатыса отырып, баға, еңбекақы, пайда, несие, сақтандыру сияқты категориялармен де тығыз байланыста жұмыс істейді.

Ұдайы өндіріс процесінің әртүрлі сатыларындағы жекелеген экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес, ал құндық бөлу сатысында жұмыс істейтін экономикалық категориялардың өзарабайланысы, шаруашылық жүргізу тәжірибесінде оларды кешенді пайдалану қажеттілігін туғызады. Бұл ретте қаржылардың, бағаның, пайданың, несиенің, сақтандырудың жұмыс істеу аясының өзі және олардың қолданылу аясының ерекшелігі ескерілуі тиіс.

Барлық аталған категориялардың бөлу және өзге ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде өзінің ерекше алатын орны бар, өзінің функцияларын қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біртұтас процесінде көрсетеді.

Олардың өзара байланысындағы қаржылардың және бағалардың жұмыс істеуі, бағалардың құнды бөлудің қаржылық әдісі болып саналатынын растайды. Баға, сатып алу-сату актілерінің толық циклін орталандыра отырып, құндық бөлудің бастапқы категориясы ретінде қатысады. Егер бөлу процесінде бағаның құннан ауытқуы болатын болса, онда бұл объективті түрде болуы мүмкін, яғни нәтижесінде бір қатысушылардың құны жоғары, ал екіншісінікі төмен болады.

Мұндай жағдайда қайта бөлу процесінде, соның әдістерімен құнның бір бөлігі (акциздер, экспортқа немесе импортқа бөлінетін салықтар, кеден баж салығы) алынатын немесе субсидиялар (жәрдем ақшалар), бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен құнның алынбаған бөлігі берілетін, қаржылар қатысады. Егер мемлекет өзінің араласуымен баға саясатын терең ойластыра отырып жүргізетін болса, онда реттелетін бағалар, әлеуметтік төмен бағалар, монополиялық бағалар қолданылады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарлар мен қызметтер көрсетудің сұранысымен және ұсынысымен реттелетін еркін бағалар басымдыққа ие болады.

Бағалардың өздері ақша қорларының тікелей құрылуын (пайда болуын) туғызбайды, олар құнды ақшамен білдіре отырып, тауар-ақша қатынастарының құралы болып қатысады. Сонымен бірге баға өтеу қорының көлемі мен құрылымына, яғни, пайдаға тұрақты түрде әсерін тигізеді. Бағаның көмегімен өнімдерді өткізуден, қызметтер көрсетуден алған түсім қалыптасады, қаржыны бөлу кезінде олар кейін пайдалану үшін ақша қаражаттарының нысаналы қорларына ажыратылады. Осылайша, баға және қаржылық әдістер өзара байланыста әрекет ете отырып, құнды қалыптастыруға, өнімнің бүкіл құнын бөлуге және қайта бөлуге қатысады.

Қаржылар еңбекақы арқылы қызметкерлердің еңбекақы қорын қалыптастыруы кезінде оның еңбекақымен өзара байланысы көрінеді. Әрбір азамат, өндірістік немесе өндірістік емес процеске қатысушылар, өзінің еңбек үлесіне сәйкес, қоғамнан құндағы өзінің үлесін алуы тиіс. Материалдық өндіріс аясындағы еңбекақы (тұтыну) қоры қаржылардың көмегімен өнімдерді өткізуден алған түсімдерден бөлшектенеді. Еңбекақы төлеу қоры шаруашылық тәжірибесінде тұтастай түрде қол жеткен қаржылық нәтижелерге қатысты болады. Егер кәсіпорын залалды (шығынды) жұмыс жасаса, онда еңбекақы қорының көлемі мен қаржыны бөлу азаяды. Сондай-ақ еңбекақының қаржылармен өзарабайланысы мынадай жағдайда көрінеді: еңбекақы есептелген уақыты бойынша төлеммен сәйкес келмейді, демек, жинақталатын еңбекақы қоры кәсіпорынның, фирманың және т.б. қаржы ресурстарының бөлшектерін қалыптастыру көзі болып қатысады. Әрбір кәсіпорындағы, фирмадағы, ұйымдағы еңбекақы бойынша берешек, белгілі бір уақытта айналымдағы қаржы ресурстарына айналады. Сонымен бірге, еңбекақы бойынша ұзақ уақытқа созылған берешек, оны төлемей негізсіз кешіктіру еңбекақы мен қаржылардың объективті өзарабайланысында қарама қайшылықтар туғызады.

Пайданың, бірмезгілде құнды бөлу құралы, өндіріс процесін қалпына келтіру, өндірісті кеңейту, орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мүмкіндіктерін арттыру үшін қажетті ақша қаражаты қорларын құру көзі болып қатысуынан, пайда мен қаржылардың өзарабайланысы көрінеді. Пайда, бұл, кәсіпорынның жақсы қаржылық қызметінің нәтижесі. Пайда алу қолда бар қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды, негізді баға саясатының жұмыс істеуін растайды. Пайда кәсіпорынның, кез келген шаруашылық субъектісінің жалпы кірісін қаржылай бөлу нәтижесінде құралады. Пайдадан құнның бір бөлігі жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорына (мемлекеттік бюджетке) төленеді. Кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы қаржы ресурстарының жаңа көзі болып қатысады. Осылайша, пайда, қаржылардың құралы ретінде ауқымды функцияны орындайды, ал қаржылар, өзін пайдаларды белсенді пайдалану арқылы көрсетеді.

Қаржылар мен несиенің өзарабайланысы мынадай жағдайлардан көрінеді: осы екі категория да қатынастар категориялары болып саналады, ақшалардың қозғалысына негізделеді, қорлардың айналымы үшін көздер болып қатысады. Және қаржылар мен несие қоғамдық дамудың бүкіл қатысушылары мен жаңадан жасалған құнды қайта бөлу негізінде қалыптасатын «ресурстар» ретінде қатысады.

Қаржылар және несие – бұл, қоғам мүшелерінің қаржыландыру көздеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзарабайланыста, параллель түрде нақты мүдделерді көрсететін, тарихи түрде қалыптасқан экономикалық категория. Қаржылар және несие құн заңымен тығыз байланысты. Ақша қорлары мен жинақтардың бөлу және қайта бөлу сатыларының категориялары болып қатысады. Сонымен бірге аталған екі категориялар да дербес, әрбірінің өзінің маңызы бар. Өздеріне тән функцияларды орындайды, өзін көрсету кезінде мазмұны жағынан бір-бірін қайталамайды. Несие, қайтымдылық, ақылылық арқылы арқылы өзінің маңызын көрсетеді. Несие – бұл, банктер мен өзге де қаржы-несие институттары арқылы несиелеу, қаржыландыру көздері түрінде жұмылдырылатын және пайдаланылатын, уақыт аралығындағы уақытша жұмсалмай жатқан бос ақша қаражаттары, ссудалық капитал қозғалысы. Мұнда, банкте орталықтандырылған ақша (несие) ресурстары құралады. Қаржылар өз кезегінде, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері деңгейінде көптеген ақша қорларын жасаумен (құрумен) байланыста болады.

Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен өзарабайланысынан туындайтын қаржы ресурстарын және олардың қалыптастыру көздерін таныстыру қажет.

Жалпы қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу кезіндегі мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар құратын (қалыптастыратын) ақша жинақтары мен ақша қорлары қаржы ресурстары болып саналады.

Таза табыс (пайда, қосымша құн салығы, акциздер, кедендік төлемдер, әлеуметтік қажеттерге аударымдар түріндегі) пен амортизациялық аударымдар қаржы ресурстарында негізгі орын алады.

Қаржы ресурстары мемлекеттің қаржылық қуатының маңызды көрсеткіші болып саналады. Қоғамдық өндіріс процесінде неғұрлым көп қаржы ресурстары жасалса, ол соғұрлым тиімді болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру мен экономикалық өсу қарқынын жеделдету проблемаларын шешу, отандық қаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты болады.

Мемлекеттік несие жолымен тартылған қаражаттар, сондай-ақ мемлекеттің қаржы ресурстарының көзі болып саналады.

Қаржы ресурстары өсуінің негізгі факторлары болып мыналар саналады:

1. Қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы.

Жалпы қоғамдық өнімді материалдық шығындарды өтеу қорына және өндірілген ұлттық табысқа бөлу пропорциялары.

Ақша жинақтары (пайда, қосылған құнға салынған салық, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен алған кірістер, перспективада қаржы ресурстарының негізгі көздері болып саналады.

Мемлекеттің қаржы ресурстарының көлемі мен құрылымы динамикасының үрдістері, нарықтық қатынастарға көшу бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық өндіріс тиімділігінің түбегейлі артуы қаржы ресурстарын қалыптастыру қарқынын жеделдетуге және оның өсуі интенсивті факторлармен байланыста болатын үлес салмағын ұлғайту бағытындағы олардың құрылымдарын жақсартуға әкелетінін растайды.

Қаржы ресурстары қаржылық қатынастардың материалдық қайнар көздері болып қатысады. Әлеуетті қаржы ресурстары, жаңа құн жасалатын және ескілерін ауыстыру жүзеге асырылатын кездегі өндіріс сатыларында пайда болады, ал ресурстарды нақты қалыптастыру қайта бөлу сатысында ғана басталады. Қаржы ресурстарын пайдалану, негізінен, арнайы мақсаттағы ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылар, олардың категорияға жатушылығын айқындайтын бірқатар өзіндік белгілерге ие:

1. Қаржылар ақша формасына ие. Бұл форма оның шығу экономикалық белгілерімен сипатталады.

2. Қаржылық қатынастар өзінің негізі бойынша бөлуші болып саналады.

3. Ақша қорларының әртүрлі нысаналы бағыттарда қозғалуынан көрінуі, қаржылардың маңызды өзгешелікті белгісі болып саналады.

4. Нақты жұмсауға арналған нысаналы ақшалай-қаржы қорлары, қоғамдық өндіріске қатысушылардың барлығында, ал өндірістік емес салада қаржылық әдістердің көмегімен пайда болады.

5. Ақша қаражаттары, экономикалық өмірде эквиваленттілік негізде, яғни тауар және ақша формасындағы құнның тең бағада қозғалуы негізінде пайдаланылады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде қаржылардың қысқаша анықтамасын келесі түрде тұжырымдауға болады: қаржылар, қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу процесіндегі, олардың алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұдайы өндіріске қатысушылардың, соның нәтижесінде ақша қаражаттары, жинақтары мен қорлары пайда болатын және пайдаланылатын ерекше экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]