Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uchebnik_Finansy_kaz_2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.52 Mб
Скачать

Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар

1. Ұжым қызметінің қандай аясы мен түрі ауыл халқының әлеуметтік мүдделеріне жақын:

а) ұжымдық шаруашылық;

в) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

с) селолық тұтыну кооперативі;

д) сауда фирмасы;

е) минимаркет.

2. Материалдық және материалдық емес өндірістің қаржылық қатынастары жүйесінде жетекші рөл атқарады:

а) мемлекеттік бюджет;

в) кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер қаржылары;

с) мемлекеттік несие;

е) халық қаржысы мен мемлекетік несие.

3. Жекешелендіру жүргізілетін негізгі көздерді атаңыз:

а) азаматтардың жеке жинағы;

в) заңды тұлғалардың меншікті қаражаттары;

с) экономикалық ынталандыру қорларының қаражаттары;

д) банктердің несиелері;

е) заңды және жеке тұлғалардың меншікті қаражаттары.

4. Серіктестіктердің қайсысында барлық қатысушылар өз мүлкімен міндеттемелер бойынша шектеулі ынтымақты жауапкершілік көтереді:

а) аралас серіктестік;

в) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

с) кооператив;

д) аралас серіктестік пен кооператив;в) акционерлік қоғам.

5. Мемлекеттік меншікті қайта құру ..... жолымен жүзеге асырылады:

а) мемлекет иелігінен алу;

в) жекешелендіру;

с) шаруашылық есеп;

д) жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу;

е) шаруашылық есеп және жекешелендіру.

5-ТАҚЫРЫП: «МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР»

  1. Мемлекеттік қаржылардың экономикалық және әлеуметтік қызметі. Мемлекеттік қаржылар ұғымы, қаржы қатынастары жүйесіндегі олардың орны мен рөлі. Мемлекеттік қаржылар және олардың буындарының құрамы.

  2. Мемлекеттік кірістердің құрамы мен құрылымы. Мемлекеттік кірістердің жіктеуі.

  3. Мемлекеттік шығыстар ұғымы, оларды ұйымдастыру принциптері.

  4. Мемлекеттік шығыстар жіктеуі. Қаржы резервтері және ел экономикасы үшін олардың маңызы.

  1. Мемлекеттік қаржылардың экономикалық және әлеуметтік қызметі. Мемлекеттік қаржылар ұғымы, қаржы қатынастары жүйесіндегі олардың орны мен рөлі. Мемлекеттік қаржылар мен олардың буындарының құрамы.

Мемлекет өзінің функцияларын орындай отырып, экономиканы басқаруда экономикалық құрал (инструмент) болып табылатын «қаржы» категорияларымен тығыз жанасатын болады. «Қаржы» және «мемлекеттік қаржылар» ұғымының аражігі ажыратылады.

Мемлекеттік қаржылар мемлекеттік сектордағы алуантүрлі өндірістік және әлеуметтік қатынастарды қамтиды.

Олардың қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастарын білдіруі, мемлекеттік қаржылардың экономикалық мәні болып табылады. Қайта бөлінген құн, мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастыру және алынған қаражатты мемлекет пен мемлекеттік кәсіпорындардың функцияларын орындау үшін пайдаланылады. Мемлекеттік қаржыларда мемлекет функциялары: ресурстарды қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, кірістер мен байлықты қайта бөлу неғұрлым кең түрде көрінеді.

Мемлекеттің белсенділігі өсе түсетін (Вагнер заңы) заң негізінде ҰЖӨ-нің өсуімен салыстырғанда мемлекеттік шығыстар көлемін басып озатын қарқынмен өсуі, мемлекеттік қаржыларға тән болып саналады.

Мемлекеттік қаржылар: бөлу және бақылау екі функциясын орындайды. Бөлу функцияларының көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Бөлу функцияларының арқасында, ақшалай кірістерді қалыптастыру және қоғамдық ұдайы өндіріске қатысушылардың барлығының қаражаттарын жұмсау жолымен, мемлекеттің, еңбек ұжымдарының, жекелеген азаматтардың экономикалық мүдделерін көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Бақылау функциясы қоғамдық өнім құнының ақшалай формасының қозғалысын қаржылық бақылаудан көрінеді. Бақылау функциясы оқшау түрде емес, өзге функциялармен органикалық байланыста жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржыларда мемлекет оның билік және басқару органдарының атынан кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен ақша қатынастарына түседі. Мемлекет кез келген нарықтық жағдайлар кезінде Вагнер заңына сәйкес экономикалық процестерді реттеуді жүзеге асырады, өйткені қоғамның экономикалық өмірінің күрделене түсуі, өндірістегі жаңа технологиялар мен техниканың дамуы, әлеуметтік негіздердің дамуы, мемлекеттілікті сақтау қаржы ресурстарымен тұрақты түрде қамтамасыз етілуі тиіс.

Мемлекеттік қаржылар құрамында мынадай буындар берілген:

  • мемлекеттік бюджет;

  • арнайы мақсаттарға ақша қорлары (бюджеттен тыс қорлар);

  • мемлекеттік несие;

  • мемлекеттік кәсіпорындардың және ұйымдардың қаржылары.

Әрбір аталған буындар өзінің маңызында көрінеді, функцияларды орындайды және нысаналы бағдарларға ие. Мемлекетте мемлекеттік қаржылардың қандай да бір буынын жоққа шығаруға (елемеуге) болмайды, өйткені бұл қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуындағы әртүрлі шығындарды қаржылық қамтамасыз етудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін төмендетуге әкеледі.

Мемлекеттік қаржылар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жолмен қоғамдық қажеттілктерді қаржыландырады. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылары орталықтандырылмаған (орталыққа тәуелділікті жойған) ақша қорлары аясына жатады. Егер елде экономиканың негізгі салаларындағы өндірістік қатынастарда орнықты мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істейтін болса, олардың рөлі өте зор болады.

Орталықтандырылған ақша қорларында бюджет маңызды рөл атқарады. Және мемлекеттік қаржылар құрамында бюджеттердің барлық түрлері маңызды орын алады. Бюджеттерде, негізінен, қоғамдық мақсаттағы орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларының бір бөлігі шоғырландырылады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі, бірінші кезекте, мемлекеттік бюджеттің көмегімен, ұлттық табыстың 30%-ға жуығы және жалпы қоғамдық өнімнің -10-15%-ы бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен айқындалады. Бюджет республикалық және жергіліктіге бөлінеді. Атап айтқанда республикалық бюджет арқылы жалпы мемлекеттік шаралар қаржыландырылады.

  • Мемлекеттік нысаналы бағдарламалар:

  • Қорғаныс, шекараларды қорғау;

  • Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік басқару;

  • Әлеуметтік аяны дамыту;

  • Халықаралық міндеттемелерді орындау.

Республикалық бюджеттің көмегімен экономиканы құрлымдық қайта құру, оны тұрақтандыру міндеттері шешіледі.

Жергілікті бюджеттер өндірістік күштерді орналастыруды, экономикалық процестердін аумақтық инфрақұрлымдарын және әлеуметтік аяларды дамытуды реттейді.

Мемлекеттік несие - бұл мемлекеттік ақша қаражаты қорын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты мемлекет пен қаражаттар заемшысы ретінде және заңды және жеке тұлғалар мен кредиторлар ретінде арада туындайтын ақша қатынастарының аясы. Осы экономикалық форманы пайдалана отырып, мемлекет қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қайтарушылық бастауларында халықтың, кәсіпорындар мен қаржы несие мекемелерінің уақытша жұмсалмай жатқан бос ақша қаражаттарын жұмылдырады. Оларды жұмылдыру мемлекеттің әртүрлі бағалы қағаздарды шығаруы және орналастыруы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік несиені, қаржылардың маңызды бөлігі ретінде, мемлекет дамытады және басқарады. Оның шекаралары мемлекеттің мақсаттарына, орталықтандырылған ақша ресурстарына деген оның қажеттіліктеріне қатысты болады. Облигациялар – мемлекеттік несие құралы (инструменті).

Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің бар болуына негізделеді. Мемлекеттік меншік заңды тұлғалардың мүлкіне және мемлекеттік қазынаға бөлінеді.

Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі – заңды түрде жекеленген болып саналады және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржыларының жұмыс істеуі үшін оның негізін құрайды.

Кәсіпорындардың қаржылары қоғамдық өнім мен ұлттық табыс жасалатын, материалдық өндіріске тікелей қызмет көрсетеді. Материалдық өндіріс аясында кәсіпорындар мен ұйымдардың кірістері қалыптасады. Соның базасында, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің орталық тәуелділігінен толықтай шыққан (толық дербес), сол сияқты орталықтандырылған ақша қаражатының қорлары пайда болады.

Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазынаға бөлінеді.

Республикалық қазынаға мыналар кіреді:

1. республикалық бюджет қаражаты;

2. мемлекеттің алтын валюта ресурстары;

3. мемлекет меншігінің ерекше құқығындағы мүліктер (ғимарат, жер қойнауы, табиғи ресурстар, жануарлар әлемінің байлығы);

4. республикалық меншікке жататын, жекеленбеген мүлік.

Жергілікті қазынаға мыналар кіреді:

1. Жергілікті бюджет қаражаты;

2. Коммуналдық меншікке жататын жекеленбеген мүлік.

Мемлекеттік қаржылар барлық буындардың жиынтығында, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық кезеңдерінде, үкіметтің экономикалық функцияларын орындауға ықпал етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]