
- •1.Қаржы ұғымы: құндық экономикалық категориялар ретінде; қаржылардың қажеттілігі; қаржылардың маңызы; қаржылар туралы ілімдерді дамыту
- •2. Қаржылардың функциялары
- •Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен (бағамен, еңбекақы төлеумен, несиемен) өзарабайланысы. Қаржы ресурстары және олардың көздері
- •Қаржылық қатынастарға қатысушылар және нарық жағдайындағы жаңа қаржылық қатынастардың дамуы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Қаржылардың қысқаша анықтамасы:
- •2. Қаржылар мынадай себеп бойынша туындайтын өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді:
- •3. Қаржылар мен несие арасындағы айырмашылық:
- •4. Қаржылар нені зерделейді:
- •5. Қаржы жүйесіндегі негізгі буын болып саналады:
- •1. «Қаржы жүйесі» ұғымының мазмұны, оның жіктеуінің сипаттамасы
- •2. Қаржы жүйесінің құрылымы және оны құру принциптері
- •3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Қаржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары мен принциптері
- •Қаржы тетігі, оның мазмұны мен құрылымы
- •3. Қаржы саясаты мен қаржы тетігінің өзарабайланысы
- •4. Қаржы аппараты, оның құрылымы. Қаржы менеджменті ұғымы
- •5. Нарықтық ортадағы қаржылық жоспарлау мен болжау және оны жетілдіру бағыттары
- •6. Қаржылық бақылау ұғымы, қаржылық бақылаудың принциптері, міндеттері, жіктеуі. Қаржылық бақылау органдары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Шаруашылық субъектілерінің қаржылары қаржы жүйесінің жетекші буыны ретінде, ұдайы өндіріс процесіндегі олардың рөлі
- •2. Шаруашылық субъектілерінің жіктеуі, белгілері. Материалдық өндіріс аялары мен өндірістік емес аялардың қаржылары
- •3. Әртүрлі меншік нысандарындағы шаруашылық органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері. Шаруашылық субъектілерінің қаржыларын ұйымдастыру принциптері
- •4. Коммерциялық шаруашылық субъектілерінің қаржы қорлары. Өндірістік қорларды қаржыландыру көздері
- •5. Коммерциялық емес қызметке сипаттама, оның түрлері. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздері мен принциптері
- •Мүліктің қалыптасу көздері
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік қаржылардың экономикалық және әлеуметтік қызметі. Мемлекеттік қаржылар ұғымы, қаржы қатынастары жүйесіндегі олардың орны мен рөлі. Мемлекеттік қаржылар мен олардың буындарының құрамы.
- •Мемлекеттік кірістердің құрамы мен құрылымы. Мемлекеттік кірістердің жіктеуі
- •3. Мемлекеттік шығыстар ұғымы, оларды ұйымдастыру принциптері
- •4. Мемлекеттік шығыстар жіктеуі. Қаржы резервтері және ел экономикасы үшін олардың маңызы
- •Өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік қаржылар құрамында келесі буын таныстырылған:
- •Ұйымдастыру»
- •1. Мемлекеттік реттеу құралы ретіндегі салықтардың маңызы және нарықтық қатынастар жағдайларындағы олардың ұғымы
- •2. Салық жүйесі, оны құруға қойылатын талаптар. Қр салық жүйесі. Салық қызметінің жұмысы
- •2.Мемлекеттік баж;
- •3.Алымдар:
- •4. Төлемақылар:
- •Салықтардың жіктеуі және негізгі түрлерінің сипаттамасы. Салық элементтері. Жанама және тікелей салықтар
- •4. Меншікке салынатын салықтар, олардың тағайындалуы және жергілікті бюджеттердің кірістеріндегі рөлі
- •5. Арнаулы салық режимдері.
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
- •2. Мемлекеттік бюджет кірістері, олардың құрамы мен құрылымы
- •3. Нарықтық үлгідегі экономикалық бюджет шығыстарының ерекшеліктері
- •4. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы. Бюджет жүйесін құру принципі және оның құқықтық негіздері
- •Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы
- •5. Бюджет жіктеуі, бюджет процесі, оның кезеңдері. Бюджеттік бағдарламалар
- •6. Жергілікті қаржылардың маңызы, қаржы жүйесі құрамындағы оның орны
- •7. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыру
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктеуі
- •2. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры
- •3. Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар
- •Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және оның экономикадағы алатын рөлі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Мемлекеттік қарыз»
- •1. Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы. Қаржы жүйесіндегі мемлекеттік несие
- •2. Мемлекеттік несиенің түрлері, формалары мен әдістері
- •3. Халықаралық мемлекеттік несие, оның формалары
- •4. Мемлекеттік қарыз ұғымы, оның түрлері. Мемлекеттік қарызды басқару
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Үй шаруашылықтары экономикалық қызмет субъектілері ретінде. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары
- •2. Үй шаруашылықтарының бюджеті. Үй шаруашылықтарының кірістері және олардың жіктеуі
- •3. Халықтың өмір деңгейін мемлекеттік реттеу
- •4. Үй шаруашылықтарының шығыстары, олардың жіктеуі мен құрылымы
- •5. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Кәсіпкерлік қызметтен алған кірісті бөлу
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1.Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
- •2.Сақтандырудың классификациясы
- •Міндетті әлеуметтік сақтандыру
- •Қр сақтандыру нарығының институционалды құрылымы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі
- •2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржылар
- •3. Фискалдық саясат нұсқалары
- •4. Қаржылар – экономикалық реттеу теорияларында
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Қаржы нарығы, экономиканы дамытудағы оның маңызы. Қаржы нарығының функциялары
- •2. Қаржы нарығының құрылымы және оның сегменттері
- •3. Қаржы нарықтарының типтері
- •4. Қаржы делдалдары және негізгі қатысушылары
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Сыртқы экономикалық қызмет түрлері. ҚРсыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктері және оны дамыту перспективалары
- •2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу формалары мен әдістері
- •3. Мемлекеттің, жергілікті билік пен басқару органдарының, шаруашылық субъектілерінің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
- •4. Елдің төлем балансы, оның ерекшеліктері мен динамикасы
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •Инфляцияның мәні және оның қаржылармен өзара байланысы
- •2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •3. Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері және оның қаржылық тұрақтылыққа тигізетін әсері
- •4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты және қаржылық реттеудің рөлі
- •Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
- •1. Инфляция – бұл:
- •2. Инфляцияның қаржыларға әсер ету факторларын атаңдар:
- •3. Қаржылардың инфляцияның өсуіне әсерін тигізетін факторларын атаңдар:
- •4. Инфляцияның келесі типтері бар:
- •5. Сұраныс (тұтынушылар) инфляциясын төмендететін, қаржылық әдістерді атаңдар:
- •Глоссарий
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Негізгі әдебиеттер қазақстан республикасының зандары
- •Қаржы пәнінен оқулықтар және оқу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер мерзімді басылымдар
КІРІСПЕ
«Қаржы» пәні – бұл «Қаржы» мамандығының және «қаржы» пәні ретіндегі өзге экономикалық мамандықтардың теориялық курсы.
Экономикалық теорияға (саяси экономикаға) негізделген қаржылар туралы ғылым қаржылар теориясын зерделеуден басталады. Оқыту процесінде студент қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың маңызы, функциялары, рөлі туралы, барлық кезеңдердегі экономистердің ілімдеріндегі қаржылар теориясын дамыту және қоғамдағы өндірістік қатынастардың бөлігі ретіндегі қаржылық қатынастардың өзі туралы толық түсінік алады.
«Қаржы» пәні іргелі базалық пән болып саналады және қолданбалы сипатқа ие, өйткені қаржы процестерінің өзін, қоғамдық өмірдің ерекшеліктерін түсінусіз қаржы мазмұнының шынайы байлығын ашып көрсету мүмкін емес. Қаржы ғылым саласы ретінде, проблемалардың кең шеңберін қамтиды, қоғамдағы бүкіл микро және макро экономикалық процестер арқылы өтеді. Қаржылардың бірегейлігі ауқымды қаржы қатынастарын дамыту мен оны басқару көзқарасы тұрғысынан сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында барлық пәндер мамандар даярлау кезінде онсыз нарықтық қатынастарға қатысушылар қаржы тетігін (механизмін), қаржы саясатының маңызын, қоғамдағы қаржыларды басқаруды ашып көрсете алмайтын, қаржылар туралы ғылымды түсінумен тығыз байланыста болады.
Қазіргі маман: кәсіпорын басшысы (жоғары менеджер), қаржы менеджері, мемлекеттік қызметші, кәсіпкер үшін, әрбір адам үшін қоғамдағы қаржылардың объективті мүмкіндіктерін, қаржы ресурстарының көздерін, қазіргі кезеңдегі қаржылық қатынастардың сипатын, қаржыларды басқарудағы мемлекеттің ролін, оның қаржы саясатын, салық салу, сақтандыру, қарыз алу тетігін және т.б. терең түсіну маңызды болып саналады.
«Қаржы» пәнінде қоғамдағы қаржылар проблемаларының барлық негізгі теориялық мәселелері сөз болады, мұнда қаржы қатынастары, қаржы ресурстары зерделеу объектісі болып табылады, қаржы жүйесін ұйымдастырудың құрамы, құрылымы, принциптері, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігі қарастырылады.
Оқу құралында қаржының табиғаты, функциялары, оның басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті, шаруашылық өмірде көріну ерекшеліктері қаралады, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс – әрекет механизмі, нарықтық экономиканы реттеуде қаржыны пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Сонымен бірге қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, қаржы жүйесін ұйымдастыру және оның негізгі қағидаттары мен ерекшеліктері, қаржы саясаты мен қаржы механизмі оның ұдайы өндіріске әсері, қаржы жүйесінің жетекші буыны ретіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік табыстары мен шығыстары, салықтар, қорлар, резервтер, сақтандыру, функциялық жүйелер – қаржылық жоспарлау мен болжау қаржылық бақылау, қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету, қаржы нарығы, әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарында және сыртқы экономикалық байланыстар сферасында қаржының іс – әрекетінің өзіндік ерекшелігіне айтарлықтай орын берілген.
1-ТАҚЫРЫП: «ҚОҒАМДЫҚ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТЕГІ ҚАРЖЫЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН РӨЛІ»
Қаржы ұғымы: құндық экономикалық категориялар ретінде; қаржылардың қажеттілігі; қаржылардың маңызы; қаржылар туралы ілімдерді дамыту.
Қаржылардың функциялары.
Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен (бағамен, еңбекақы төлеумен, несиемен) өзарабайланысы. Қаржы ресурстары және олардың көздері.
Қаржылық қатынастарға қатысушылар және нарық жағдайында жаңа қаржылық қатынастарды дамыту.
1.Қаржы ұғымы: құндық экономикалық категориялар ретінде; қаржылардың қажеттілігі; қаржылардың маңызы; қаржылар туралы ілімдерді дамыту
Қаржылар – бұл бөлу және қайта бөлу процестері арқылы қоғамдағы ақша қатынастарының маңызды бөлігін қамтитын, тарихи түрде қалыптасқан экономикалық категория.
Экономикалық өмірдегі қаржылардың сыртқы көрінуі қоғамдық өндірістің әртүрлі учаскелеріндегі ақша қозғалысы түрінде жүреді және қолма қол ақшасыз немесе қол ақшамен есеп айырысулар мен төлемдер жасау түрінде ақша сомаларын оның бір иесінен екіншісіне беруді білдіреді. Құн категория ретінде, қаржыларға қатынасы бойынша алғашқы болып саналады. Соңғысы құнның қозғалуын тауар-ақша қатынастарымен ашып көрсетеді.
Латынша «finis» - соңы (финиш), төлемнің аяқталуы, экономикалық қатынастар арасындағы есеп айырысу (бастапқы бетте Ежелгі Римде халық пен мемлекет арасындағы) дегенді білдіретін «қаржылар» термині қызығушылық туғызады. Кейін келе термин, кең мағынасында ақша төлемі ретінде, содан кейін – мемлекеттің және кез келген шаруашылық бірліктерінің, олардың кешендерінің кірістері мен шығыстарының жиынтығы ретінде қолданылған, «financia»-ға трансформацияланды. Берілген анықтамадан көрініп тұрғандай, қаржылар бір қатысушы, мысалы, қоғамда танылған тауар өндіруші тауарды (көрсетілетін қызметтерді) өткізу кезінде ақшалай кіріс алса, яғни құн өткізілген болса, ақша төлемдері арқылы көрінетін болады. Екінші қатысушы, тұтынушы, құнды тани отырып, ақша арқылы тауар нарығындағы әрбір мәмілеге, операцияға төлем жасайды. Мемлекет экономикалық қатынастар субъектісі ретінде сондай-ақ ұлттық табыс түрінде жасалған құнды кейіннен қайта бөлу үшін қоғамдағы құнды сақтауға және молайтуға (үстемелеуге) мүдделік танытады.
Қаржылар ақша операцияларымен байланысты. Сонымен бірге барлық ақша операциялары, мәмілелер қаржы операцияларына жатпайды, өйткені ақша әртүрлі экономикалық категориялардың, бағаның, еңбекақы төлеудің, қаржылардың, несиенің көмегімен жүзеге асырылатын, қоғамдық өнімнің бүкіл құнын, қозғалысын орталандырады.
Қаржылардың ақшалай сипаты оларды жүзеге асыру формасын және олардың құндық экономикалық категорияларға жатушылығын атап көрсетеді. Осыдан келіп, қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты қаржылардың маңызды белгілері болып саналады. Ақша қаржылардың өмір сүруінің міндетті шарты және негізі болып табылады. Ақша жоқ болса – қаржы да жоқ, немесе қаржы ақшаның өмір сүруімен байланысты қоғамдық форма болып саналады.
Қоғамның экономикалық заңдары қаржыларды дамыту үшін база болып табылады. Мысал үшін, құн заңы қоғамдағы қаржылар сипатынан көрінеді және экономикалық категориялар ретінде қаржыларды ой елегінен өткізу кезінде негізгі болып қатысады.
Қаржылардың құндық категория ретінде өз белгілері бар:
экономикалық бизнестің өндірістік қатынастарының ішкі жүйесі ретінде;
жиынтық қоғамдық өнімнің құнын ақшалай формада бөлу және қайта бөлу кезіндегі қатынастардың бір бөлігі ретінде;
ақша қатынастарына қатынасы бойынша қайталама құбылыс ретінде;
мемлекет пен қоғам субъектілері арасында туындайтын ақша қатынастарының жиынтығы ретінде көрінеді; демек, материалдық өндіріс алғашқы, өйткені құн жасалады.
Мақсаттары, бағыттары, каналдары бойынша құндарды бөлу – бұл қаржылар. Қаржылардың өз маңызы (негізі) бар.
Қаржылар – мемлекеттің дамуымен, қажеттіліктерімен байланысты тұрақты тауар-ақша айырбасы жағдайында туындайтын ақша қаражаттары қорларын жасау (құру) және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды көрсететін экономикалық категория. Қаржылар, мемлекеттің экономикалық құрылысымен өзара байланыста өзін көрсететіндігі тарихи түрде дәлелденген. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы өз қолында ірі ақша ресурстарын шоғырландырады, ал, бұл, қоғамның қажеттіліктерімен өзін ақтаған. Бірқатар экономикалық категориялардың арасынан қаржыларды бөліп көрсету үшін, қаржылар құбылысын қарастырудан олардың ішкі мазмұнын тануға көшу маңызды болып саналады. Қаржылар теориясында олардың маңызы өндірістік қатынастар процесімен тығыз байланысты.
Қоғамдық қатынастар иерархиясында ақша қатынастары, өз кезегінде, өндірістік қатынасарға кіретін экономикалық категорияларға жатады.
Ұдайыөндіріс процесі үздіксіз жалғасатын: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну сатыларының өзарабайланысты және өзаратәуелді үйлесуі ретінде жүзеге асырылады.
Ұдайыөндірістің атап көрсетілген төрт сатысы қоғамдық өндіріс процесіне қатысушылар арасындағы тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер, сатып алу-сатуға жататын тауарлар түрінде қатысады: өнім тұтынылғанға дейін ең алдымен ол, айырбас және бөлу сатыларынан өтеді. Бұл ретте, материалдық өндіріске қатысушылардың ғана емес, қоғамдық қатынастарға барлық қатысушылардың қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Өз кезегінде, тауар қатынастарының болуы қоғам мүшелері арасындағы еңбек бөлінісінің қажеттілігінен туындайды, соған байланысты олар мамандандырылған еңбектің, көрсетілетін қызметтердің, олардың сапаларына сәйкес әртүрлі өндірілетін (жасалатын) игіліктердің нәтижелерімен алмасуы тиіс.
Жасалған игіліктер мен құндылықтарды бағалау, кейіннен ақша қорларын қалыптастыра отырып, құн және жалпы бірдей эквивалент ретінде ақшаның көмегімен жүзеге асырылады.
Қаржылардың мағызына қатысты экономикалық әдебиеттерде көптеген терең анықтамалар беріледі. Тұтастай алғанда, қаржылардың маңызы, осы негізде орталықтандырылған және орталықтан ажыратылған ақша қаражаты қорларының құрылуымен және оны пайдаланумен, жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табыс құнының бір бөлігін бөлумен және қайта бөлумен байланысты ерекше экономикалық қатынастар, өндірістік қатынастар формасы ретінде айқындалады.
Қаржылық қатынастар ақша қаражаттарының нақты қозғалысы кезінде туындайды. Өндіріс пен ұдайы өндіріс процесінің тұтыну сатыларында осындай қозғалыстың болмауы, олар қаржылардың пайда болатын орны болып саналмайтынын растайды.
Ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысы қаржылардың туындау (пайда болу) және жұмыс істеу саласы болып саналады, онда нысаналы мақсаты және шаруашылық субъектілері бойынша қоғамдық өнім құнының бөлінуі болады және олардың әрбірі өндірген өнімнен өз үлесін алуы тиіс.
Осыдан келіп, қаржылық қатынастардың бөлушілік сипаты қаржылардың маңызды белгісі болып саналады. Бірақ та, бөлу қатынастарының алуандығы ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысында өзге экономикалық категориялардың: пайданың, несиенің, жалақының, бағаның пайда болуына әкеледі. Қаржылар, құндық бөлу сатыларында жұмыс жасайтын, өзге аталған категориялардан түбегейлі түрде өзгешеленеді. Бұл құн оны құрайтын элементтерге (C, V, M) түсетін және әртүрлі ақшалай кірістер мен жинақтар жасалатын қоғамдық өнім құнының бастапқы бөліну процесі қаржылық қатынастардың туындауының бастапқы аясы болып саналады. Мысалы, бұл – айналым қаражаттарының қорлары, амортизациялық қор, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, еңбекақы төлеу қорлары, пайда.
Одан ары қарай, бөлу нормативтерімен айқындалатын белгіленген пропорцияларға сәйкес айтылған құн элементтерін қайта бөлу процесі жүреді.
Алынған кірістің немесе пайданың бір бөлігі оның орталықтандырылған қорын қалыптастыру үшін мемлекеттің иелік етуіне аударылады, өзге бөлігі өндірушінің өзінде қалып, оның қалауы бойынша пайдаланылады. Содан кейін қалыптасқан ақша қаражатының қорлары қайта бөлуге, бөлшектеуге немесе, керісінше, қаражаттардың нысаналы мақсаттарына, олардың атаулы бағыттарына немесе өндірістік және өндірістік емес қорлардың айналымдылық процесіне пайдаланылуына қатысты ірілендіруге жатады.
Материалдық өндірісте жасалған құнның маңызды бөлігі жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге беріледі және ақшалай формада дербес қозғалысқа ие болып, мемлекеттік кірістер түрінде мемлекеттің қаржылық қатынастар аясына енеді.
Экономиканың бастауыш буындарынан алған кірістерден жасалған аударымдардан өзге, мемлекет халықтың қаражатының бір бөлігін салықтар, ерікті төлемдер, займдар, лотореялар, мемлекеттің қатысуымен банктерде сақталатын жинақтар формасында жұмылдырады.
Қаражаттардың бір бөлігі мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан және халықтан қор және қордағы емес формада әртүрлі төлемдер, аударымдар, алымдар түрінде түседі.
Орталықтандырылған ақша қаражаты қорларын – мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік сақтандыру қорларын, әртүрлі нысаналы бюджеттен тыс қорлар құру (қалыптастыру) арқылы мемлекет деңгейіндегі қаржылық қатынастардың формалары осылай туындайды. Мұнан өзге, ақша қаражаттары мен қорлардың қозғалысы мемлекеттік ұзақмерзімді нысаналы бағдарламаларды орындау - өндірістік күштерді дамыту, экологиялық, әлеуметтік, ғылыми, өңірлік және т.б. бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы орталанған.
Түпкі қорытындысында, ұдай өндіріс процесінің бүкіл сатыларынан өте отырып, қоғамдық өнім үш дербес қорға айналады және жүзеге асырылады. Олар: өтеу қоры, тұтыну қоры және жинақтау қоры. Соның нәтижесінде өнім құнының бір бөлігі жаңа айналымға қатысады, ал бір бөлігі – тұтынылады және одан әрі қозғалыстан шығып қалады. Қаржылар мәнінің мазмұны терең және тауарлар өндіру сатыларын, тауарларды тұтынушыларға жеткізудің бүкіл процесін, құнды тану негізінде ақша қорларын жасау және ақша қорларын одан әрі бөлу және қайта бөлу сатыларын қамтиды. Егер мемлекеттік қатынастардағы бүкіл экономикалық және қоғамдық заңдар объективті түрде танылған болса, онда қаржылардың маңызы толықтай көрінеді.
Қаржылар өз маңызы мен терең мазмұнға ие бола отырып, ұдайы өндіріс процесінде объективті түрде қалыптасатын қатынастар негізінде туындайды. Қаржылардың «қажеттілігі» ұғымын білу қажет. Бұл қорлардың бизнестік категорияларының басты негізі болып саналады.
Қаржылардың объективті қажеттілігі бірқатар негізгі факторлармен: тауар өндірісінің өмір сүруімен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен, құн және игіліктерді бөлу заңдарының өмір сүруімен негізделеді.
Қаржылардың қажеттілігі объективті мән-жағдайлардан – қоғам дамуының қажеттіліктерінен туындайды. Тарихи түрде бастапқы бетте мемлекеттің пайда болуымен байланысты өзіне маңызды қоғамдық функцияларды алған, қаржылық қатынастардың бір бөлігі анықталған болатын. Мемлекеттік билікті ұстап тұру үшін, қоғамның барлық мүшелерінің есебінен қалыптасатын арнайы ақша қаражатының қорлары қажет.
Мемлекет салықтар, мемлекеттік несие, ақша эмиссиясы арқылы, үкімет аппаратын, әскерді ұстап тұру және өз функцияларын орындау үшін қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырады және пайдаланады. Мемлекет әрқашанда қаржылық қатынастардың міндетті субъектісі болып саналады және бұл көптеген ғалымдарға қаржылардың қажеттілігін негіздеуде мемлекеттің рөлін асырып көрсетуге негіз береді.
Қазіргі кезеңде бүкіл дүниежүзінде, қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқықтар мен дербестік берілетін, шаруашылықтар мен өңірлердің төменгі буындарына көбірек екпін жасалады.
Орталық, өңірлер, шаруашылық жүргізудің төменгі буындары арасында ресурстарды ұтымды, ғылыми негізделген түрде бөлудің объективті жағдайы ғана жоғары қайтарым беріп, үлкен мөлшерлерде пайдаланылатын қаражаттарды қалпына келтіре алады. Ресурстарға деген мемлекеттің және шаруашылық субъектілерінің қажеттіліктері қаржылардың пайда болуын туғызатын басты себеп болып табылады.
Дегенмен, қаржылардың қажеттілігін негіздеудегі мемлекеттің рөлі мынада деп түсіну керек: қоғам өз ұйымының мемлекеттік формасын белгілей отырып, объективті түрде қажетті қаржылық қатынастарды айқындайды, ал мемлекет, осы объективтік қажеттілікті ескере отырып, оларды қандай да бір түрде ғана пайдалана алады.
Қаржылық қатынастар өзінің табиғаты бойынша бөлуші болып саналады, әрі құнды бөлу, ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қоғамдық өндірістегі субъектінің рөлі қаржылық қатынастар жіктеуінің бірінші объективті қажетті өлшемі болып табылады. Мақсаттары, бағыттары, каналдары бойынша құнды бөлу – бұл қаржылар. Қаржылардың өз негізі (мәні) бар.
Қаржылар – мемлекеттің дамуымен және ақша ресурстарына деген оның қажеттіліктерімен байланысты тұрақты тауар-ақша айырбасы жағдайында туындайтын ақша қаражаттарының қорларын жасау (құру) және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды көрсететін экономикалық категория. Қаржылар мемлекеттің экономикалық құрылысымен өзара байланыста өзін көрсететіні тарихи түрде дәлелденген. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы өз қолында ірі ақша ресурстарын шоғырландырады, ал бұл қоғамның қажеттілктерімен өзін ақтаған. Бірқатар экономикалық категориялардың ішінен қаржыларды бөліп көрсету үшін, қаржы құбылысын қарастырудан олардың ішкі мазмұнын тануға көшкен маңызды болып саналады. Қаржылар теориясындағы олардың маңызы өндірістік қатынастар процесімен тығыз байланысты. Қоғамдық қатынастар иерархиясында ақша қатынастары, бірінші кезекте өндірістік қатынастарға қосылатын экономикалық категорияларға жатады.
Ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысы қаржылардың туындау (пайда болу) және жұмыс істеу саласы болып саналады және мұнда нысаналы бағыттары және шаруашылық субъектілері бойынша қоғамдық өнім құнын бөлу жүреді, олардың әрбірі өндірген өнімнен өз үлесін алуы тиіс.
Осыдан келіп, қаржылық қатынастардың бөлушілік сипаты қаржылардың маңызды белгісі болып саналады. Бірақ та, бөлу қатынастарының алуандығы ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысында өзге экономикалық категориялардың: пайданың, несиенің, еңбекақының, бағаның туындауына (құралуына) әкеледі.
Қаржылар, құндық бөлу сатыларында жұмыс істейтін өзге аталған категориялардан түбегейлі түрде ерекшеленеді.
Түпкі қорытындысында, ұдайы өндіріс процесінің барлық сатыларынан өте отырып, қоғамдық өнім үш дербес қорға айналады және жүзеге асырылады; олар: өтеу қоры, тұтыну қоры және жинақтау қоры. Нәтижесінде өнім құнының бір бөлігі жаңа айналымға түседі, ал бір бөлігі – тұтынылады және одан әрі қозғалыстан шығып қалады. Қаржылардың негізі терең мазмұнды және тауарлар өндіру сатыларын, тауарларды тұтынушыға жеткізудің бүкіл процесін, құнды тану негізінде ақша қорларын құруды және ақша қорларын одан әрі бөлуді және қайта бөлуді қамтиды. Егер мемлекетте, қатынастардағы бүкіл экономикалық және қоғамдық заңдар объективті түрде танылған болса, қаржылардың маңызы толықтай көрінеді.
Қаржы ғылымы – қоғамдық қатынастар прогресімен тарихи түрде дамитын ежелгі ғылым. Ғалымдардың, экономистердің, жүйеленген көзқарастары, қаржы теориясы қаржыларды түсінудің негізі болып табылады.
Қоғам дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі орталықтандырылған және орталықтан ажыратылған ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастарды зерттейтін қаржы ғылымы экономист – ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің әсерімен қалыптасқан.
Тұжырымдалған қаржы теориялары қоғамның нақты қажеттіліктерімен тексеріліп, ғылымда танылып, мойындалып отырды, егер нақты өмір құбылыстарын көрсетсе, онда мемлекет және халық үшін белгілі бір тәжірибелік ұсынымдарды білдіреді. Осыдан келіп, қаржылар саласындағы ғылыми білімді қалыптастыратын қаржы категорияларының әртүрлі теорияларын (мемлекеттік кірістер мен шығыстарды, салықтарды, несиені, бюджетті) зерттеу маңызды және қажет болып саналады.
Барлық экономикалық теорияларда қаржы тұжырымдамалары маңызды орынға ие. Мысал үшін, «ұдайы өндіріс» және «бөлу тұжырымдамалары» қалыптасты және олар қаржылардың маңызын түсінуде күшті әсерін тигізеді. Ал мемлекеттік қаржылардың басымдықтарын айқындау кезінде, ғалымдар әзірлеген теориялық ережелер оның негізі болып саналады.
Қаржы теорияларының классикалық көзқарастары, мемлекеттік кірістер, мемлекеттік шығыстар сияқты қаржы категорияларына сипаттама берген, капитал жинақтауға және ұлттық табыстың өсуіне олардың ұдайы өндіру және кері әсерлерін ашып көрсеткен А.Смит, одан кейін Д.Рикардо есімдерімен байланысты. Олар тұтастай алғанда, салықтарға теріс сипаттама берді, «салықтар – зұлмат жамандық» деп есептеді. Олар салық салудың төрт негізгі принципін тұжырымдады, кейіннен буржуазиялық мемлекет оларды салық саясатын жүргізу кезінде пайдаланды. Ағылшын экономисі Джеймс Стюарт, «салық қызметін көрсету теориясын» әзірлеп, салықты мемлекеттік шығыстармен байланыстыра отырып, табыстан салық алынбайтын минимумды енгізу жөнінде ұсыныс енгізді. Кейіннен бұл идея, салықтардың өсуі мемлекеттік қызметтер көрсетуге деген қажеттіліктердің өсуімен ілесе жүруі керек деген, американ ғалымы П.Самуэльсон ілімінің негізіне айналды. Сондай-ақ швед экономистері К.Ваксельді, Э.Мендальді, швейцар экономисі Жак Сисмонданы бөліп көрсетуге болады, мемлекеттік шығыстарға екпін жасады, мемлекеттік қаржы саясатын (протекционизмді) сынға алды. Неміс ғалымдары (М.Веберг, А.Вагнер) ілімдерін мемлекетік қаржыларға арнай отырып, салық салу принциптерін (9 принципті) толықтырды. Елдегі байлық пен кірістерді бөлудің әділетті болуына қол жеткізу үшін қаржыларды мемлекет пайдалануы мүмкін деп есептеді.
19 ғасырдың ортасынан бастап соңына дейін қаржы ғылымы К.Маркс пен Ф.Энгельстің есімдерімен байланысты. Мемлекеттік бюджеттердің кландық сипаты, мемлекеттік шығыстардың өнімсіздік сипаты, мемлекеттік займдардың салықтармен байланысы дәлелденді. Қаржы әдістерінің, мемлекеттік кірістердің, мемлекеттік несиенің, алғашқы капитал жинақтаудағы салықтардың рөлі айқындалды. Мемлекет бюджетінің теңгерілімділігі мақсат ретінде қарастырылды және К.Маркс, атап айтқанда бюджет сальдосы (тапшы немесе артық) салық салудың қысқаруын немесе ұлғаюын айқындайды деп есептеді. 20 ғасырдың басы мен ортасында жаңа теория тұжырымдалып, онда мемлекеттік реттеу танылды және ол қаржы саясатын және қаржы тұжырымдамасын әзірлеуге әсерін тигізді.
Ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің (1883-1946) есімімен байланысты қаржы ғылымының бағыты мен негізгі тұжырымдамалары, 40 жыл бойы және 70-ші жылдардың бірінші жартысында барлық капиталистік елдердің мемлекеттік саясатын қалыптастыруда аса зор ықпалын тигізді.
Дж.Кейнстің қаржылық тұжырымдамасы жалпы экономикалық идеяларға негізделеді, капиталистік экономика өздігінен реттеле алмайды деген тұжырым оның басты идеясы болып саналады. Сондықтан да мемлекет алдына теңгерілген экономика міндеті қойылады. Кейнсиан мектебі тұжырымдамасындағы қаржыларды мынадай схема бойынша қарастыруға болады.
1. Тиімді сұраныс теориясы |
1.Тұтыну мен өндіріс, кіріс пен жұмыспен қамтылу арасындағы тепе-теңдікті білдіретін сұраныс |
2. Фискалдық циклге қарсы теория |
2. Мемлекеттік кірістерді, шығыстарды тиісті өзгерту жолымен экономикалық дамудағы тепе-теңдікке жетуге болады |
3. Функционалдық қаржылар теориясы |
3. Лернер теориясы. Эконо-миканы реттеу үшін қаржы бағдарламаларын әзірлеу |
4. Мультипликатор теориясы |
4. Экономикалық дамуды ынталандыру бойынша мемлекеттік іс-шаралар көбейткіш сипатқа ие |
5. Қаржыландыру теориясы |
5. Займдар көмегімен қаржыландырылатын мемлекеттік шығыстардың өсу қажеттілігі |
6.Циклдік теңдестіру теориясы |
6. Экономикалық циклге бюджеттің бейімделушілігі |
7. Бюджеттік тарту арқылы толықтыру және өтемақылық бюджет теориясы |
7. Қазіргі жағдайда бюджет тұрақты созылмалы тапшылыққа ие болуы тиіс |
8.Сауалнамалық бюджеттік тұрақтандырғыш теориясы |
8. Салықтардың «салық тұрақтандырғыштары» ретінде циклдік ауытқуларға әсері белсенді. Бюджеттің көмегімен» экономиканың тұрақтылығына және іс-қимыл жасау қабілеттілігіне қол жетеді. |
9. Қаржы саясаты теориясы |
9. Қаржы саясаты жеке тұлғалар мен фирмалардың өтімділік жағдайына әсерін тигізеді. |
10. «Неоклассикалық синтез» тұжырымдамасы |
10. Ақшалай сипатты ескеретін, толық емес жұмыспен қамту жағдайындағы тепе-теңдік теориясы |
Мысал үшін, Дж.Кейнс теориясының жекелеген түрлеріне келесідей қысқаша сипаттама беруге болады:
Тиімді сұраныс теориясы: Дж.Кейнс пікірі бойынша тиімді сұраныс экономикалық дағдарыстармен және жұмыссыздықпен күресте мемлекеттік саясаттың айқындаушы мақсаты болып саналады.
Фискалдық циклге қарсы теория: кейнсиандықтардың пікірі бойынша мемлекеттік шығыстардың өсуі, ұзақ мерзімді перспективадағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерілімділігі үшін экономикалық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.
Функционалдық қаржылар теориясы: Америкалық ғалым Лернердің пікірі бойынша, өндіріс:
сату (сатып алу) көмегімен;
несие қатынастары арқылы;
бір тұлғаларға субсидия төлеу және өзгелерден салық алу жолымен, жұмыспен қамтылуға әсер етуі мүмкін.
Мультипликатор теориясы: осы теорияға сәйкес экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі мемлекеттік іс-шаралар көбейткіш (мультипликациялық) эффектіге ие.
Зарарлы (дефицитного) қаржыландыру теориясы: мемлекеттік инвестицияларды және ағымдағы мемлекеттік шығыстарды, мемлекет қарыздарының (берешегінің) өсуін қарызға қаржыландыруға болады.
«Тиімді сұраныс» идеясы Дж.Кейнстің қаржы тұжырымдамасының негізі болып қаланған. Ол экономика 1929-1933 жылдары аса ауыр циклдік дағдарысты бастан кешкен кезде, оны өзінің «жұмыспен қамту пайызы мен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде баяндай отырып, өз теориясын тұжырымдаған болатын.
Осы еңбегінде капитал мен еңбекті ортақтастыру (қоғамдастыру) жағдайында мемлекеттің экономикаға араласу қажеттілігі негізделеді. Қаржы категориялары, бірінші кезекте мемлекеттік шығыстар, экономиканың циклдік дамуына осылай араласуының негізгі құралдары болуы тиіс. Оларды қалыптастыру, құрылымы мен өсуі «тиімді сұранысқа» жетудің маңызды факторы болып саналады. Салықтар мен займдар есебінен мемлекеттік шығыстардың өсуі кәсіпкерлік қызметті жандандырып, ұлттық табыстың ұлғаюын қамтамасыз етуі, сондай-ақ жұмыссыздықты жоюы мүмкін. Осы мақсаттарға жету үшін деп есептейді, - автор, - мемлекет өзінің шығыстарының деңгейін көтеріп қана қоймауы керек, сонымен бірге жеке және инвестициялық тұтынуға ықпал ете білуі тиіс.
Дж.Кейнс, соған сәйкес адамдар өзінің тұтынуын ұлғайтуы тиіс, бірақ та кіріс қалай ұлғайды, сондай дәрежеде емес, салықтарға және олардың негізгі «психологиялық заңына» ықпал етуге ерекше маңыз берді. Бұл тауарларға деген сұраныстың кеміп, өндірістің қысқаруына әкеледі. Мемлекет, заңның көрініс беруіне кедергі келтіре отырып, салықтарды ұлғайту, мемлекеттік шығыстарды ұлғайту және инвестицияларды ынталандыру есебінен, жетпейтін сұранысты орындайды. Дж.Кейнс формуласы былайша көрінеді:
жинақтар + салықтар = инвестициялар + мемлекеттік шығыстар
Дж.Кейнстің ізбасарлары 1950-60 жылдары оның теориясына динамикалық элемент енгізді, бұл экономикалық өсу және қаржы тұжырымдамалары теориясын жасауға (А.Ханс, С.Харрис – АҚШ, Р.Харрод – Англия, Ф.Перу – Франция) мүмкіндік берді.
Онда, аталған және көптеген өзге елдердің экономистері әзірлеген қаржы тұжырымдамасы маңызды орын алды. Олар, теңгермелі экономиканы дамыту мақсатында, оның мәні мемлекеттік шығыстарды және мемлекеттік кірістерді өзгертуге саятын фискалдық циклге қарсы теорияны жасауды аяқтады.
Кейнсиандық моделдердің сәтсіздікке ұшырауы батыс экономистерін «құндылықтарға қайта бағалау» жүргізуге, мемлекеттік қаржыны ұйымдастырудың және қаржы саясатының жаңа принциптерін іздеуге итермеледі. Және осындай принциптерді батыс экономикалық ойларының неоклассикалық мектептерінің өкілдері ұсынған болатын. 20 ғасырдың ортасынан бастап Р.Слоу, Дж.Кенрик – АҚШ, А.Раббинс, Дж.Мид – Ұлыбритания мемлекеттік реттеуді шектеу жағдайында еркін кәсіпкерлік идеясын дамыта бастады. Мемлекеттік шығыстардың жалпы көлемін қалыптастыру ұсынылды, бұл ретте мемлекеттік шығыстар құрылымында «білім беруге», «ғылымға», «адам капиталына» арналған шығындар ұлғайды. Олар салық деңгейін төмендету және зарарсыз бюджетке жету үшін күресті.
Неоклассикалық қаржы теориясы, соған сәйкес өнім құны капитал, еңбек және үш негізгі өндірістік факторлармен жасалатын, өндіріс факторларының тұжырымдамасына негізделген.
Шетелдердің қазіргі қаржы ғылымында, әртүрлі мектептер арасында тұрақты пікірталастар мен келіспеушіліктерге қарамастан, конвергенция процесі байқалады. Мәселен, кейнсиандық теория көзқарастары неоклассикалық теорияда, ал неоклассикалық теория көзқарастары кейнсиандық теорияда қолданылады. Бұл ең алдымен, теориялардан басқа бүкілінде қатысатын қаржы несие – ақша тетігіне қатысты. Барлық теориялар елдің шаруашылық өміріне ықпал ету үшін осы құралдарды зерттеу қажеттілігін мойындайды.
Америкалық ғалым А.Лаффердің – салықтың жоғары мөлшерлемелері экономикалық өсуді тежейді деген салық тұжырымдамасын ерекше бөліп көрсетуге болады. Бұл ұсынымдар, 1980 жылдағы салық реформалары кезінде Батыста пайдаланылған болатын.
Пост кейнсиандық бағыт қаржы тетігінің көмегімен мемлекеттің араласуын кеңейту идеясымен байланысты. Қаржы саясаты монаполия қызметін шектеуге, әскери шығыстарды қысқартуға, әлеуметтік қажеттерге кірістерді ұлғайтуға бағытталған болуы тиіс.
Шетел авторларының қаржы тұжырымдамаларын талдау, келесідей бірқатар қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
біріншіден, қаржы саласындағы көзқарастар жүйесі жалпы экономикалық теорияның белгілі бір бөлігі ретінде қатысады, ол қаржы нарығын байытады және дамытады;
екіншіден, тәжірибелік құндылығы бар қаржылық ұсынымдар, елдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды нығайту және тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттің жалпы экономикалық стратегиясына айналады және қаржы саясатын әзірлеу кезінде пайдаланылады;
үшіншіден, батыс ғалымдарының прогрессивтік қаржы жайлы идеялары, экономикалық өсудің жеткілікті түрдегі жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, қоғамға адамдардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі.
Қаржылар проблемалары бойынша экономистердің қазіргі заманғы тұжырымдамаларын бөліп көрсеткен дұрыс.
Әлемдегі, әртүрлі даму деңгейлеріндегі елдердің қалыптасқан қаржылық қатынастарын көрсететін, ғалымдардың қазіргі заманғы тұжырымдамаларының қаржы проблемаларын түсіну неғұрлым өзекті болып саналады. Өзінің бастауын 19 ғасырдан алатын ресей экономистерінің (Н.И.Тургенев, И.Озеров және т.б.) ілімі дербес блокты құрайды. Қаржы ғылымы белгілі батыс экономистерінің негізгі бағыттары мен олардың тұжырымдамаларының, классикалық тәсілдерінің (көзқарастарының) әсерімен дамыды.
Ресейлік қаржы ғылымының өркендеуі 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басына келеді. Осы кезеңде ресей экономистері мен заңгерлерінің – И.Янжуланың, И.Озеровтың, И.Кулитераның, Л.Ходскийдің, В.Лебедевтің, С.Иловайскийдің және т.б. аса белгілі еңбектері жарияланған болатын. Өз еңбектерінде ресейлік қаржыгер-ғалымдар қаржы ғылымының теориялық, сол сияқты тәжірибелік мәселелерін әзірледі.
Революцияға дейінгі ресейлік қаржыгерлердің қаржылық қатынастар тәжірибелерін зерттеуі теориялық түсініктерден туындады. Мемлекеттік қаржыгерлердің зерттеулері осы еңбектердің ішінде негізгі орын алды. Кеңестік қаржы ғылымы өзінің дамуында өз алғышарттары мен негіздеріне және даму кезеңдеріне ие болды. В.Ленин зерттеген қаржы проблемалары, негізінен, мемлекет алдында туындаған тактикалық міндеттермен байланысты еді. Қаржылық бақылау, жаңа қаржы аппаратын құру, мемлекеттің қаржылық жағдайын нығайту, ақша реформасын жүргізу, революциядан кейінгі дамудың әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыру мәселелері әзірленді.
Кеңес кезеңінің аса ірі экономистері В.Дьяченко, К.Плотников, А.Зверев, Э.Вознесенский, А.Александров қоғам дамуының социалистік кезеңі қаржыларының тәжірибелік (практикалық) теориясын жасады. Олардың еңбектері жеткілікті түрде іргелі (фундаменталды) болғаны, тар (қасаң) шеңбердегі субъективтік көзқарастарға негізделмегені, қаржылардың категориялық негіздері, мемлекеттік маңызы еленгендігі атап өтілді. КСРО құлағаннан кейін нарықтық қатынастарға көшумен және жаңа экономикалық қатынастар орнатумен байланысты, қаржы ғылымы аясында пікірлер теориясының дамуы жалғасуда, пайда, қаржы ресурстары, кірістер, мемлекеттік шығыстар, салықтар, баға, мемлекеттік реттеу сияқты категорияларды пайдалану тәсілдері (көзқарастары) қайта ой елегінен өткізілуде. Қазіргі Қазақстан қаржыларының жаңа бағыттары айқындалып, тұжырымдалуда.