Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест сратары Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.86 Кб
Скачать

«Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес қаржылық есеп» пәнінен тест сұрақтары.

Вариант 1

Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп

  1. Қәзіргі кезде бухгалтерлік есеп бойынша:

  1. 20 Қазақстандық стандарт қолданылады;

  2. 29 Қазақстандық стандарт қолданылады;

  3. 30 Қазақстандық стандарт қолданылады;

  4. 31 Қазақстандық стандарт қолданылады;

  5. 32 Қазақстандық стандарт қолданылады;

  1. Есеп саясаты:

  1. Жалпылама қабылданған белгілі бір қағидалар жиынын таңдау;

  2. Нарықтық экономика жагдайында кәсіпкерлікті таңдау;

  3. Ұйымның есептік нұсқасын, нұсқаулар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау;

  4. Кәсіпорын есеп жүйесіндегі принциптерді белгілеу;

  5. Шынайы ақпараттар жүйесін қалыптастыру.

  1. Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде, есептің мынандай принциптерін сақтау керек:

  1. Есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, маңыздылық, мәнділік, растық, бейтараптық, сақтық, аяқталғандық, салыстырмалық , дәйектілік, күмәнсіздік;

  2. Негізділік, дұрыстық, баланстық, тепе-теңдік;

  3. Құжаттылық, бірегейлік, мерзімдік;

  4. Табыстылық, түсініктілік, күмәнділік;

  5. Мерзімділік, дәйектілік, жүйелілік, әдістемелік.

  1. Есеп саясатының қалыптасуына жауапты:

  1. Бас бухгалтер;

  2. Менеджер;

  3. Кәсіпорын басшысы;

  4. Бас бухгалтер және басшы;

  5. Аудитор.

  1. Бұйрықпен ресімделген есеп саясаты:

  1. Заңды күші бар құжат;

  2. Нормативтік құжат;

  3. Директивалық құжат;

  4. Тиісті құжат;

  5. Негізгі құжат.

Бе, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны 20

  1. Жедел есеп дегеніміз:

  1. Шаруашылық құбылыстарын сандық жағынан көрсететін, шаруашылық есептің бір түрі;

  2. Шаруашылық процестері мен құбылыстарын оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасау;

  3. Шаруашылық қызметін жалпылама көрсету;

  4. Уақыты жағынан үздіксіз жургізілетін есеп;

  5. Бақылау жасау мақсатында жүргізілетін есеп.

  1. Статистикалық есеп:

  1. Техникалық жағынан жедел есеп;

  2. Әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге тікелей қатысты есеп;

  3. Экономика, мәдениет, білім беру және т.б. салалардағы көпшілік сипаттағы құбылыстарды зерттейтін есеп;

  4. Ауызша, телефон, телеграф арқылы жүргізілетін есеп;

  5. Біртектес шаруашылық процестер есебі.

  1. Бухгалтерлік есеп:

  1. Шаруашылық құбылыстарын сандық және сапалық жағымен байланыстыра отырып, шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізде және өзара байланысты тіркеу;

  2. Статистикалық есеп пен жедел есепті біріктіретін қорытынды есеп;

  3. Техникасы жағынан қарапайым есеп түрі;

  4. Цех, койма, бөлімше есебі;

  5. Мүліктер мен оның қорлану көзі есебі.

  1. Есепте қолданылатын өлшеуіштерге жататындар:

  1. Адам-сағат;

  2. Тонна-киллометр;

  3. Мың теңге;

  4. Натуралды, еңбек, ақшалай;

  5. Жумыс уақыты, сметалық.

  1. Кәсіпкердің тілі дегеніміз:

  1. Қаржылық есеп;

  2. Салық есебі;

  3. Статистикалық есеп;

  4. Жедел есеп;

  5. Бухгалтерлік есеп.

БЕ пәні мен әдісі. 28

  1. Бухгалтерлік есептің мәні болып табылатыны:

  1. Қалыптасу көзімен өзара байланысқан шаруашылық құралдары мен шаруашылық қызмет процесіндегі олардың айналымы;

  2. Өндіріс, бөлініс, айналіс, тұтыныс;

  3. Қорлар, табыс, банк несиелері;

  4. Шаруашылық операциялары, шаруашылық процестері;

  5. Меншікті капитал және міндеттемелер.

  1. Мыналардың қайсысы шаруашылық операциясы деп аталады:

  1. Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы;

  2. Тауарлы-материалдық құндылықтарды алу;

  3. Шаруашылық құралдарының қозғалысы мен өзгерісінің құжатпен ресімделген фактісі;

  4. Өндірістік қорларды әзірлеу;

  5. Материалдық емес активтерді сатып алу.

  1. Мыналардың қайсысы шаруашылық процесі деп аталады?