Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ 11-12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
704 Кб
Скачать

2. Дамыта және бағдарламалап оқыту

Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс- тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, танып - білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б.

Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептәуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде "Дамыта оқыту" халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді.

Профессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша "дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп - білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқудын педагогикалық не балалық психалогиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру"

Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер - жерлерде ынталы жүргізіп жатыр. Атап айтқанда Мәскеу, Санк-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В. Занковтін дамыта оқыту жүйесі оқу - тәрбие үрдісінде қолданып жүр.

Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім - сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады.Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінін нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірбесін қорытындылауға үйренеді.

Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту. Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін–өзі тексеруге, оқытудан өзін–өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылды. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест–сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.

Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс–әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]