Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Республикасыны- Білім ж-не -ылым министрлігі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
343.04 Кб
Скачать

2.5.1 Түйсік пен қабылдау арақатынасы

Түйсік пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыс тары. Бұлардың екеуі де біздің санамыздан тэелсіз жасап, түйсік мүшелеріміздің әсерленуінен туындайтын объектив шындықтың сезімдік бейнесі. Бұл тараптан түйсік пен қабылдау өзара жақын келеді. Бірақ қабылдау - нақты затты немесе құбылыс ты сезімдік тануға негізделеді, қабылдауда біз көз алдымызға белгілі мағынаға толы адамдар, заттар, құбылыс тар элемін келтіреміз және олардың бәрін де өзара күрделі, әрқилы қатынастарға түскенін байқап білеміз. Осы қатынастар арқасында куэсі мен қатысушысы өзіміз болған мәнді де маңызды жағдайлар (ситуации) түзіледі. Ал түйсік болса - қоршаған орта әсерінен болатын бірақ толық жетілмеген, нақты заттық кейіпке келмеген жеке сезімдік қасиеттердің бейнеленуі. Бұл турғыдан түйсік пен қабылдау сананың екі әр-түрлі формалары немесе заттық дүниеге деген екі бір-біріне ұқсамаған қатынастарын білдіреді. Осыдан, түйсік пен қабылдау өзара бірліктеде сондай-ақ өзіндік ерекшеліктеріне ие. Олар психикалық бейнелеудің сезімдік - кабылдау (сенсорно-перцептивный) деңгейін құрайды Бұл деңгейде әңгіме біздің сезім мүшелерімізге заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінен пайда болатын бейнелер жөнінде болуы мүмкін.

2.5.2 Түйсік түсінігі

Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты ба-ғыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай,тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, керініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.

Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта керендік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектті арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.

2.5.3 Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар

'Ғұйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің нышандарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасыңда адамның даму мүмкіндігі ашылады. Бірақ аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамастан, философия тарихында олар бірнеше рет күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз, - деп топшылаған. Рационализм философиясының негізіне алынған Мұндай көзқарас мәні: психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келеді.

Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д.Юм, Э.Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г.Гельмгольц) "сезім мүшелерінін ерекше энергиясы" деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлақ, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны - сырттан өзінді» процестерді қоздырушы ықпалдарды гана қабылдайды декен пікір жатыр. Бұған идеалистердің қелтіретін дәлелі: көзге қандай да әсер болса, жарқыл туындайтынын, құлаққа механикалық не электірлі әсерден ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің объектив әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерін әрекетін бейнелейтін өзінің субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезім көзі-түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізінде алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды.

Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объектив бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі ретінде объектив болмыстағы материя қозғалысының формаларын қабылдайтын органдардың (рецепторлар), дыбыстық тербелістерге жауап қатушы тері рецепторларынын сондай-ақ белгілі диапазондағы электромагниттік толқындарды бейнелеуші көру рецепторларының қалыптасқаны белгілі болып отыр. Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқа энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді. Ал, құлақ не көзде қандай да әсерден ызың не жарқылдың пайда болуы сол қабылдаушы аппараттың жоғарғы мандандырылғанын", сонымен бірге өздерінің жұмыс атқару сипатына тура келмеген әсерлерге жауап қатпайтынын.

Әртүрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жіктелуі олар негізінде ерекше құрылым — "рецепторлардың" болуынан ғана емес, сондай-ақ шеткі сезім органдары қабылдаган сигналдарды орталық жүйке аппаратына жеткізуші жоғары дәрежеде "маманданып", жетілген нейрондарға да байланысты.